Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың
2011-2015 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Үржар ауылы, 2012 жыл
4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші...79 3
1. Паспорт 3
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 12
2.2.1. Экономикалық даму. 12
2.2.1.3 Шағын және орта кәсіпкерлік 22
22
2.2.1.6. Бәсекелестікті дамыту. 28
2.2.2.1 Білім саласы 35
2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау. 44
2.2.2.4 Мәдениет 48
2.2.2.5 Тілдерді дамыту 49
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп. 55
2.2.2.9 Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту. 58
58
2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен 63
2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс 63
2.2.3.3. Жолдар мен көлік. 65
2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық. 70
Электрмен қамтамасыз ету 70
Аумақтық құрылыс 74
Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету. 76
Шекаралық өңірлер 77
2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі 79
«Е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдастығы 81
2.3 Аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеу қолданыстағы саясатына талдау 83
2.4 Проблемаларға, тәуекелділікке, нақты басымдылыққа және мүмкіндіктерге кешенді сипаттама 83
Әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсетуде халықтын қаңағаттану деңгейі 70 % жеткізу; 88
II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, алға қойылған міндеттерді шешу үшін көзделген іс – шараларды іске асыру. 122
6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстар 122
6.1 Қаржыландыру көздері бойынша 122
4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші...79
6. Қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар............................................................ 108
6.1 Қаржыландыру көздері бойынша......................................................................................... 108
7. Бағдарламаны басқару.............................................................................................................. 108
Паспорт
Атауы
|
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы.
|
|
Әзірлеу үшін негіздеме
Ауданға жалпылай сипаттама :
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі Нақтылы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және 2010 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қолданыстағы өңірлік бағдарламалар;
Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Ауданның алып жатқан жер көлемі – 23,4 мың шаршы шақырым. Халық саны – 82 045 адам, үй саны – 20553. Аудан орталығы Үржар ауылында 18 566 халық тұрады.
Ауданның елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-150 шақырымды құрайды.
Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы – 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясына – 170 шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 27 ауылдық округте 55 елді мекен бар. Аудан шекаралас аудандардың қатарына жатады, Қытай Халық Республикасымен шекаралас. Табиғат - ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау ландшафттары қатар орналасқан. Ауданның көлік кешені байланыстың екі түрін қамтиды: автомобиль және әуе жолдары.
|
|
Әзірлеуші
|
ШҚО Үржар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мүдделі аудандық салалық бөлімдермен бірлесіп
|
|
Стратегиялық бағыттары
|
- Аймақ экономикасын жедел дамыту негізінен өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристтік салада және қоршаған ортада еңбек өнімділігі жоғары инновациялық технологияны енгізу арқылы жүзеге асырылады;
Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылату, сапалы әлеуеметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;
Инфрақұрылым кешенін жаңғырту, сапалы тұрмыстық коммуналдық және автокөлік қызмет түрлерімен қамтамасыз ету;
Аумақтық құрылым;
мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;
бәсекелестікті дамыту;
|
|
Мақсаттары
|
- диверсификация және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы өнеркәсіптің тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз ету;
- өңірдің азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жерлерді ұтымды пайдалану үшін ауданның жер қорын бөлу бойынша өзекті мәліметтерді қалыптастыру;
- Сауда саласын серпінді дамыту;
- Орта және шағын кәсіпкерлікті кешенді және серпінді дамыту;
- бизнес-климатты жақсарту және өңір экономикасына инвестициялар ағымын тарту;
- Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлесті арттыру;
- бәсекеге қабілетті туристтік секторды құру және дамыту және өңірдің имиджін жоғарылату;
-қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту;
- сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету, балалардың құқығын қорғау және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;
- Тұрғындардың денсаулығын жақсарту;
- аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту және сақтау, отандық мәдениетті сақтау, тарату және насихаттау;
- бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту;
- туризмді тұрақты дамыту;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау;
- мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;
- ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;
- мемлекеттік жастар саясатының маңыздылығын арттыру;
- көшелерде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу құқықбұзушылықтардың алдын-алу жүйесін дамыту, сонымен қатар, заңсыз есірткі айналыммен қатысты қылмыстарды анықтау;
- табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ жою шараларын жүзеге асыру барысында адамдарды құтқару жұмыстарын ұйымдастыру;
- электр энергиясымен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету,
-ҚР Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды мәңгілік сақталуына жағдайлар жасау және барлық санаттағы сапалы қызметті тұтынушыларды қанғаттандыру;
- Аудан тұрғындарын сапалы, қолжетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету;
- Құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру;
- Қол жетімді басапанамен қамтамасыз ету;
- автожол саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату;
- аудан тұрғындарын сапалы, қолжетімді автокөлік қызметтерімен камтамасыз ету;
- Аудан азаматтарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету;
- өңір тұрғындарын қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету,
- тұтынушыларды жылумен қамту қызметтерімен қамтамасыз ету;
-өңірдің елді мекендерінде су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету;
- шекаралас елді мекендердің экономикалық әлеуеті мен инженерлік инфрақұрылымын дамыту;
- ауданның елді мекендерінің аумақтарын тиімді дамыту және салу, тұрғын үйдің қол жетімділігімен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және мониторингісін ұйымдастыру;
|
|
Міндеттері
| -
Өңдеу өнеркәсібінің маңызды секторларын дамыту;
-
Өсімдік өнімдерін өндіру көлемін арттыру;
-
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру;
-
Азық-түлік өнімдерінің көлемін арттыру;
-
АӨК еңбек өнімділін арттыру;
-
Сапалы жер көлемі мәліметтерді жинау;
-
Сауда саласын серпінді дамыту;
- Орта және шағын кәсіпкерлікті кешенді және
серпінді дамыту;
-
бизнес-климатты жақсарту және өңір
экономикасына инвестициялар ағымын
тарту;
-
және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету;
-
Мектепке дейінгі мекемелер санын көбейту және қызмет сапасын жақсарту;
-
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру;
-
Азаматтардың денсаулығын жақсарту;
-
Әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерін төмендету;
-
Жұмыстан босаған қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және жұмыссыздық деңгейінің көтерілуіне жол бермеу;
-
аз қамтылған тұрғындардың еңбекке жарамды бөлігін экономикалық белсенділікке ынталандыру;
-
Аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету;
-
Арнайы қызмет түрлерін сапалы заманауи деңгейге жеткізу мақсатында жағдайлар жасау;
-
Дене шынықтыру және спортты насихаттау;
-
Бәсекелестікке қабілетті туристтік өнімді қалыптастыру;
-
Конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтау және нығайту;
-
Автокөлік жолдарындағы авариялар санын және одан келетін ауыртпашылық салдарын азайту;
-
Есірткі қылмысы мен қылмыстарды ашу жедел іздестіру практикасының нәтижелігін арттыру;
-
Қоғамдық тәртіпті күшейту, қылмыстың алдын-алу профилактикалық іс-шараларын арттыру;
-
Техногендік авариялардан, табиғи апаттардан келетін шығындарды азайту мақсатында жағдайлар жасау;
-
Заманауи байланыс қызметтерін енгізу, мониторинг жасау және телефон байланысын жаңғырту;
-
Транспорт инфрақұрылымын қайта қалыпына келтіру және жаңарту;
-
Аудан көлемінде жолаушылар тасымалдау саласын дамыту, жолаушы тасымалдау көлемін арттыру, елді мекендер арасындағы транспорттық қатынаспен қамтамасыз ету;
-
Электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету;
-
Ауылдық елді мекендерде ауызсумен қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамыту;
-
Қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жаңарту;
-
елді мекендерде су бұру жүйесімен қамтамасыз ету қызметінің деңгейін көтеру;
-
ауылда қалыпты өмір сүру жағдайын қалаптастыруға ықпал ету;
-
салалық басқармалардың шекаралас өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру;
-
әлеуметтік-маңызды қызмет түрлерін электронды форматқа ауыстыру, бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу және ақпараттық қәуіпсіздік жүйесін қалыптастыру;
|
|
Іске асыру кезеңдері
|
I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру.
II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, алға қойылған міндеттерді шешу үшін көзделген іс – шараларды іске асыру.
|
Нысаналы индикаторлар
|
- Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексін 104,0 % жеткізу;
- Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнімнің нақты көлем индексін 102,8 % жеткізу;
- ауылшаруашылық өнімінің нақты көлем индесін 103,5 % жеткізу;
- бөлшек сауда айналым көлемінің нақты көлем индексін 106,4 % жеткізу;
- Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің нақты көлем индексін 105,0 % жеткізу;
- Тауарлар, жұмыстар және қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық мазмұндағы үлесті 92,45% жеткізу;
- Сапалы және қолжетімді біліммен қанағаттандырылған халықтың деңгейін 100,0 % жеткізу;
- Мектепке дейінгі тәрбиемен, біліммен қамтылған балалар үлесін 96,0 % жеткізу;
- Тұрғындардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 69 жасқа дейін жеткізу;
- 1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлім көрсеткішін 9,10 жеткізу;
- Жұмыссыздық деңгейін 4,4 % жеткізу;
- күнкөріс деңгейі төмен тұрғындар үлесін 4,2 % жеткізу;
- Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын 97,5 % жеткізу;
- сапалы мәдениет қызметпен қанағаттандырылған тұрғындар деңгейін 72,0 % жеткізу;
- мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 100 % жеткізу;
- дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты 19,5 % жеткізу;
-Туристтік қызметтің жыл сайынғы өсімін кем дегенде10,0 % жеткізу;
- мемлекеттік пен азаматтық қоғамдық институттың арақатынасын оңды бағалаушы тұрғындар санын 58,0 % жеткізу;
- Тұрғындардың ішкі істер органдарына деген сенімнің болжамды деңгейі 2015 жылы 55,0 % төмен емес деңгейге жеткізу;
- төтенше жағдайдан адами және материалдық шығындарды 1,4 % дейін төмендету;
- жақын, алыс мемлекеттер азаматтарының әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын қанағаттандыру анықтамаларының санын 2000 дана жеткізу;
- коммуникация және байланыс қызметімен қанағаттандырылған тұрғындар үлесін 100,0 % жеткізу;
- құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 107 % жеткізу;
- тұрғын үйлерді іске қосу деңгейін 27400 шаршы метрге дейін жеткізу;
- Жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 82,8 % жеткізу;
- жүк айналымын 1247,1 мың тоннаға жеткізу;
- жолаушы тасымалдау айналымын 855,4689 млн. жолаушы шақырымға жеткізу;
- коммуналдық қызметпен қанағаттандырылған тұтынушылар деңгейін 63,0 % жеткізу;
- орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етумен АЕМ үлесін 68,5 % жеткізу;
- жылу жүйесі қызметімен қамтылу деңгейін 10,5 % жеткізу;
- су бөгеу қызметімен қамтылған тұрғындар мөлшерін 27,4 % жеткізу;
- әлеуеттік дамуы жоғары елді мекендердің санын 2 бірлікке жеткізу;
- шекаралас аудандарда тұрғындар санын 100,1 % жеткізу;
-әлеуеттік маңызы бар қызмет түрлерімен қанағаттану деңгейін 70,0 % жеткізу;
|
Қаржыландыру көздері және көлемі
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер, шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты, берешек қаражат.
Қаржыландыру көлемі:
барлығы – 32 371,3 млн. теңге
соның ішінде:
2011ж. – 5 460,9 млн. теңге
2012ж. – 5 561,3 млн. теңге
2013ж. – 6 726,7 млн. теңге
2014ж. – 6 692,1 млн. теңге
2015ж. – 7 930,3 млн. теңге
|
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Үржар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы № 827, «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі Нақтылы», үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылдың 19 наурыздың № 958 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және 2010 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қолданыстағы өңірлік бағдарламалар.
Даму бағдарламасы тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған, және ауданның барлық елді мекендерінің тең дәрежеде дамуы, өсім нүктесін қалыптастыру үшін жүргізіліп отырған саясаттын логикалық жалғасы болып табылады. Құжат ауданның барлық елді мекендерінің тұрақты және қалыпты дамуы есебінен диверсификация және бәсекелестікті жоғарылату арқылы экономиканың өсімін қалыптастыруға бағытталған. Жобада 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясы және Бәсекелестікті жоғарылату стратегиясының, экономика салаларын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттардың негізгі пайымдаулары жинақталған.
Даму бағдарламасы шеңберінде ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалған, күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталған.
Бәсекелестік артықшылықтар, мүмкіндіктер мен қауіптер есебімен Даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы кезінде халықтың өмір сапасын және деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты диверсификация арқылы экономиканы дамыту және барлық салаларда бәсекелестікті жоғарылату, инженерлік инфрақұрылым тиімділігін, сыртқы және ішкі факторлар пайдалану есебінен ауданның әлеуметтік саласы мен әлеуметтік демографиялық дамуы, табиғи кешеннің қалпына келу әлеуетін сақтау және халықтың өмір сүруінің қолайлы жағдайын жасау.
Өңірдің жалпы сипаттамасы
2.1. Табиғи әлеует
Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Ауданның алып жатқан жер көлемі – 23,4 мың шаршы шақырым. Халық саны – 84 748 адам, аула саны – 20612. Аудан орталығы Үржар ауылында 18 566 халық тұрады.
Ауданның елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-150 шақырымды құрайды.
Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы – 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясына – 170 шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 27 ауылдық округте 55 елді мекен бар. Аудан шекаралас аудандардың қатарына жатады, Қытай Халық Республикасымен шекаралас.
Табиғат - ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау ландшафттары қатар орналасқан.
Аудан аумағы су ресурстарына бай. Ауданда Алакөл, Сасықкөл сияқты ірі көлдер бар. Мұнан бөлек бірнеше су қоймалары бар, олардың ең ірісі Егінсу су қоймасы болып табылады. Ауданда Жаланашкөл тас көмір кен орыны бар.
Ауданның көлік кешені байланыстың екі түрін қамтиды: автомобиль және әуе жолдары.
Ауданда 965 шақырым автокөлік жолдары бар, оның ішінде : республикалық маңызы бар жолдар – 277 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар – 204 шақырым, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдар – 484 шақырым.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақты сектор, сондай-ақ әлеуметтік сала және инфрақұрылым кешенінің оң даму динамикасымен сипатталады
Достарыңызбен бөлісу: |