Астана қаласы
әкімдігінің
2011 жылғы «31» мамырдағы
№ 27-488қ қаулысына қосымша
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқармасы) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Астана қаласының аумағында мәдениет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңдарына, Астана қаласы әкімінің және әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы осы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ережеге Астана қаласының әкімдігі өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Астана қаласының әкімдігі Басқарма құрылтайшысы болып табылады.
5. Басқарманың толық атауы: «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Басқарманың қысқартылған атауы: «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ.
6. Басқарманың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 11.
-
Басқарманың мақсаты, міндеттері және қызметтері
7. Басқарма қызметінің мақсаты ұлттық мәдениетті және Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында тұратын халықтар мен этностардың мәдениетін сақтау мен дамыту болып табылады.
8. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Басқарма мынадай міндеттерді:
1) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының озық жетістіктерін насихаттайды;
2) мәдениет саласында стратегиялық және операциялық жоспарды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) таяу және алыс шет елдерімен халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы байланысты кеңейтеді;
4) театр, музыка, цирк және киноөнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана мен мұражай ісін дамыту жөнінде Астана қаласы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қолдайды және қамтамасыз етеді;
5) өңірлік байланыстарды кеңейтуді ұйымдастырады және шығармашылық қызметтің әртүрлі саласында республикалық байқаулар, фестивальдар, конкурстар, айтыстар өткізеді;
6) Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, сақтау және қайта жаңғарту, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша қалалық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
9) Астана қаласындағы бірінші кезектегі мәдениет нысандарын салу жоспарларын іске асырады;
10) мәдениет саласында Басқармамен жасалған шарттарға сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алуды қаржыландыруды орындайды.
9. Басқарманың қызметтері мыналар:
1) Астана қаласының әкімдігіне театр, музыка, цирк және киноөнер, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана мен мұражай ісі саласындағы елорданың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) заңнамаға сәйкес елорданың мемлекеттік мәдени ұйымдарына қатысты өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау;
4) Басқарманың және оның ведомствалық бағынысты ұйымдарына ішкі бақылау жасауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатын пайдаланған кезде бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және анықтау шараларын қабылдау;
6) Басқарма қызметін жүзеге асыру мәселелері жөнінде басқа да мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара қарым-қатынаста болу;
7) кең ауқымды ойын-сауық, мәдени көпшілік акцияларды, іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
8) мәдени құндылықтарды әкелу және оны әкету бойынша сараптамалық комиссия құру;
9) мәдени құндылықтарды әкелу және оны әкету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
10) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) белгіленген тәртіппен мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын, мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар дайындау;
12) елорданың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттауды жүргізу;
13) белгіленген тәртіппен шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификаттар беру;
14) іс-шараларды өткізу шеңберінде қаланы безендіру;
15) Басқарма қызметкерлері мен бөлім қызметінің тиімділігін бағалау;
16) құқықтық жалпыға бірдей оқыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
17) Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10. Басқарма оған жүктелген қызметтерді орындау үшін өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынын, азаматтардан белгіленген тәртіппен қойылған мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) әр жақты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға;
3) Астана қаласында фестивальдар өткізуге және шетелде өткізілетін фестивальдарға қатысуға, кәсіби және әуесқой шығармашылық күндерін, көркем өнер ұжымдары мен орындаушылар сайыстарын, байқаулар және Астана қаласының мәдениеті мен өнер жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
4) мәдениет объектілерін жобалау өнер мен салу жөнінде ұсыныстар енгізуге, Астана қаласының мәдениет және өнер ұйымдарының техникалық базасын салуды және оны кеңейтуді бақылауды жүзеге асыруға;
5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал етуге;
6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметінің мәні мен мақсатын белгілеуге;
7) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыруға;
8) мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
9) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың бекітілген мерзімде қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарауға, келісуге және бекітуге;
10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың мүлкін сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
11) ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың, акциялардың пакеті және мүлік үлесі Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыруға;
12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін беруге;
13) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысуға;
14) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеуге;
15) уәкілетті органмен (әкімдікпен) келісім бойынша ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерді қайта құруды және таратуды жүзеге асыруға құқылы.
11. Басқарма құрылуының мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқылы емес.
-
Басқарманың қызметін ұйымдастыру
12. Басқарманы уәкілетті органмен келісе отырып, Астана қаласының әкімімен тағайындалатын бастық басқарады. Басқарма бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын орынбасарлары бар.
13. Басқарма бастығы Басқарманың жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз қызметін орындауларына, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамағаны үшін жеке жауап береді.
14. Осы мақсатта бастық:
1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері бастықтарының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;
2) Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті құқықтық актілер шығарады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауап береді;
8) оның құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
15. Басқарма бастығының шешімдері және оның нұсқаулары барлық ведомстволық бағынысты кәсіпорындар, мекемелер және Басқарма бөлімдері үшін орындауға міндетті болып табылады.
16. Басқарма қабылдайтын шешімдер бастықтың қабылдайтын бұйрықтарымен рәсімделеді. Басқарманың құзыреті шеңберінде заңнаманың орындалуы туралы тексерістер бастықпен қол қойылған ұйғарым негізінде жүзеге асырылады.
17. Бастық болмаған уақытта оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған бастық жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.
-
Басқарманың мүлкiн қалыптастыру тәртібі
және оны қаржыландыру
18. Басқарманың мүлкi коммуналдық меншiк болып табылады және оған жедел басқару құқығында тиесілі.
19. Басқарманы қаржыландыру Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
20. Басқарманың штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін штат саны лимиті шегiнде қала әкiмдігі белгiлейді.
5. Басқарманың жауапкершiлiгi
21. Басқарма өз мiндеттемелері бойынша оның иелігіндегі ақшамен жауап бередi.
22. Басқарма жасайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін тәртiппен тiркеуге жатады.
6. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |