Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессия тақырыбына есеп шығару Сілтеме



бет1/2
Дата08.04.2024
өлшемі45.48 Kb.
#497931
түріСабақ
  1   2
Қысқа мерз сж алгебра ариф прог


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сыныбы: 9 «а»






Күні: .05 .2015ж

Сабақ тақырыбы:

Арифметикалық прогрессия тақырыбына есеп шығару

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар; Алгебра оқулығы, 9 сынып; Әдістемелік нұсқаулық.

Жалпы мақсаттар:




Күтілетін нәтижелер:

Арифметикалық прогрессия туралы білімдерін кеңейтеді, тақырыпқа байланысты формулаларды есептер шығаруда орынды қолдана біледі.

Түйінді идеялар:

Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдалану біліктілігіне әсер ету, математика пәнінен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері:

Оқушылардың орындайтын іс-әрекеттері:

Оқыту әдістері

1.Ұйымдастыру.

1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру.

Ынтымақтастық атмосферасын орнықтыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар көршісінің дәптерлерімен алмасып, үй тапсырмасын тақтадағы дұрыс жауабымен салыстыра отырып тексереді, формативті бағалайды, қате жібергендерге түсіндіріледі.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы

3. Оқушыларды үлестірілген сандар арқылы 2 топқа бөлу

Беске бөлінетін сандарды алған оқушылар бір топқа, жетіге бөлінетін сандарды алған оқушылар екінші топқа жинақталып отырады

Топқа бөлу тәсілі

4. Өткен тақырыптар бойынша білімді жан-жақты тексеру мақсатында 2 топқа тапсырмалар беріледі.



Әр топ таңдаған карточкадағы тапсырмалар бойынша білімдерін ортаға салып, жинақтайды, жауап береді. Формулаларды еске түсіреді.

Топтық жұмыс, топ ішіндегі рольдерді бөлу



5. Топтарға арифметикалық прогрессияға байланысты мәтіндік есептер беріледі.

Оқушылар өз беттерімен бірнеше есептерді біріге отырып шығарады. Қорытынды жасайды.Топтар өзара бір-бірімен пікір алмасады, өздерінше құнды деп ойлағандарын сыныпта ортаға салады.

Бір-бірімен пікір алмасу, диалогтік оқыту

6. 2 топқа тапсырма береді:
Теңдеулер шешуде арифметикалық прогрессияны қолдану.

Оқушылар есепті топта талқылап, оның шешімінде жалпы қандай ортақ қасиет бар екендігін анықтауға әрекет жасайды.

Топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау

7. Оқулықпен жұмыс жасауға тапсырма

Тақырыпқа байланысты есептер беру.

Өзіндік реттелу, өз бетімен білім алу

8. Сабақты бекіту сұрақтарын қою.

Оқушылар формулаларды, арифметикалық прогрессияның қасиеттерін айтады.

Өзара бағалау жүргізіледі.

9. Үйге тапсырма, бағалау, қорытынды

Топ жетекшілері өзінің топ мүшелерін бағалайды, топаралық бағалау жүргізіледі.

Бірін-бірі бағалау, топаралық бағалау.

10. Рефлексия

Оқушылар сабақ туралы ой-пікірлерін стикерге жазып, іледі.

Кері байланыс





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет