Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысымен бекітілген



Дата17.07.2016
өлшемі92.93 Kb.
#205197


Астана қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «__»_______

_____________



қаулысымен

бекітілген

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік

қызмет регламенті
1. Жалпы түсінік

Ветеринариялық паспорт - уәкілетті органмен белгіленген нысандағы, жануардың негізгі параметрі, жануарларды тіркеуге алу мен ветеринариялық шараларын жасау мақсатындағы өткізілген ветеринариялық іс-шаралар мен ветеринариялық өңдеу жұмыстарының сипаты мен уақыты көрсетілген құжат.

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет) – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ветеринариялық дәрігерімен беріледі.
2. Жалпы ережелер
1. Осы «Жануарларға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.

3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 10-1-бабы 16) тармақшасының, 10-2-бабы 20) тармақшасының, 10-1-бабы 12) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысының;

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысы (бұдан әрі – Стандарт) 1-тармағы 7) тармақшасының негізінде көрсетіледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) қағаз тасымалдағышта беру немесе жазбаша түрдегі Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібіне қойылатын талаптар
6. Басқарманың орналасқан жері: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, тел: 8 (7172) 555-485; факс: 55-72-87; E-mail: ushastana@mail.ru.

Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс күндері мен мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел түрде қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік қызмет және Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz және Басқарманың интернет - ресурсында www.ush.astana.kz және Басқарманың ғимаратындағы стендтерінде орналасқан.

8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Тұтынушы) ұсынылады.

9. Жануарға ветеринариялық паспорты (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) мерзімі, жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;

жануарға ветеринариялық паспорттың төлнұсқасын беру, жануар иесі жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;

мемлекеттік қызметті алушыға ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минут;

мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минут.

10. Ветеринариялық паспортты беруден бас тарту талаптары жануардың жеке нөмірінің болмауы табылады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) ерікті нысандағы өтініш және қажетті құжаттар осы Регламентте бекітілген 4-бөлімнің 14-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылады;

2) жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде, Тұтынушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет етілмейді.

3) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, Тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеледі және мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір адамды құрайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
13. Құжаттарды қабылдау Басқарманың кеңсесі арқылы, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

14. Жануарға ветеринариялық паспортты алу үшін тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісінің құнын төлегенін растайтын құжатты береді. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берілген бірдейлендіру нөмірі болуы қажет.

Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін тұтынушы:


  1. еркін нысандағы жазбаша өтініш;

  2. жануардың ветеринариялық паспортының жоғалған, бүлінген фактісін

растайтын құжаттар (болған жағдайда) қоса береді.

Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде, тұтынушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет емес;

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі;

Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) жануар иесінің жеке өзі не оның өкілі келген кезде беріледі;

Құжатты алу үшін өтініш қағаз тасымалдағышта беріледі, оның сұранымының тіркелгендігі туралы ақпарат құжаттарды тапсыру барысында Басқарманың кеңсесінде беріледі;

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі (ветеринариялық паспортты беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.

Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:


  1. қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде - ақы төлеу туралы түбіртек;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма – қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде – төлем тапсырмасы.

15. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары жоқ.

16. Жыл сайынғы жоспарлы іс-шаралар.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына сай жергілікті атқарушы орган ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс – шаралардың жоспарын бекітеді. Басқарманың ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері бекітілген бірдейлендіру графигі мен жоспардың негізінде:

1) бірдейлендіру бойынша деректер базасын жүргізеді;


  1. Жануарға жеке нөмір береді;

  2. сырғалау, чип салу, таңба салудан кейін жануардың иесіне

ветеринариялық паспорт береді.

17. Әкімшілік қарым – қатынастардың (процедура) бірізділігі мен сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасында.


5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттан жазба) немесе ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруге жауапты лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік алады.
6. Шағымдану тәртібі
19. Ветеринариялық дәрігерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету Басқарманың кеңсесінің лауазымды адамы жүзеге асырады.

20. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым қолданыстағы Регламенттің 3-бөлімнің 6-тармақшасында көрсетілген мекенжай бойынша Басқарманың кеңсесіне демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс- сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін беріледі.

21. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Басқарманың ветеринариялық бөлімшесінің бастығына демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін қабылданады.

22. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

23. Шағым жазба түрінде (еркін) нысанда (дәлелді бас тартудың көшірмесімен – болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Басқарманың кеңсесіне қабылданады.

24. Өтініш берушіге оның шағымы қабылданғаны туралы растама ретінде берілген шағымға жауап алатын күні мен уақыты, мерзімі мен орны көрсетілген, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген түбіртек беріледі.

_____________________

«Жануарға ветеринариялық

паспорт беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

қосымша
Жануарға ветеринариялық паспорт беру


«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кеңсесінің қызметкері

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ветеринария бөлімінің қызметкері

1

2

3

Мемлекеттік қызмет: «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»

Заңды немесе жеке тұлғалардан өтініш қабылдау

Тапсырылған құжаттарды (өтініш) қабылдап оларды тіркейді. Ветеринариялық паспорттың бланкісінің құнының төленгендігін растайтын құжаттың болуы. Жануардың жеке нөмірінің болуы.

Аяқталу үлгісі:

Жануарға ветеринариялық паспорт



Құжаттарды беруді жүзеге асырады

Тұтынушының немесе оның уәкілінің қатысуымен ветеринариялық паспорт толтырады.

Орындау мерзімі

3 (үш) жұмыс күні ішінде


_________________________


Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін


«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кеңсесінің қызметкері

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ветеринария бөлімінің қызметкері

1

2

3

Мемлекеттік қызмет: «Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру»

Заңды немесе жеке тұлғалардың өтініші

Тапсырылған құжаттарды (өтініш) қабылдап оларды тіркейді. Құжаттың жоғалғандығын немесе бүлінгендігін растайтын құжаттың болуы. Тапсырылған құжаттарды қабылдап оларды Азаматтардың өтініштерін тіркеу журналында тіркейді уақыты, күні, айы және құжаттың берілетін орны көрсетілген түбіртек береді.

Аяқталу үлгісі:

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы



Дайындалған құжатты беруді жүзеге асырады

Тұтынушының немесе оның уәкілінің қатысуымен жануарды тексеріп, тексеріу нәтижесі бойынша жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын толтырады.

Орындау мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде

___________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет