ЖОБА
Теміртау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «__ » ________
№ _____ қаулысымен
бекітілген
«Жануарға ветеринариялық паспорт беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) орындаушы – облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі- ветдәрігер);
2) тұтынушы – жеке және заңды тұлға;
3) уәкілетті орган – облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария бөлімі, аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округі әкімінің аппараты.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі №464 қаулысына сәйкес әзірленеді.
3. Мемлекеттік қызмет мекенжайлары осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органмен көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағының 16) тармақшасы, 2-тармағының 20) тармақшасы,
2-тармағының 20) тармақшасының, 10-1-бабының 12) тармақшасының және 35-бабының 2-тармағының және «Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысының негізінде көрсетіледі
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісін беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.
Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
-
қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде – ақы төлеу туралы түбіртек;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 болып тіркелген)- төлем тапсырмасы.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары туралы ақпаратты осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органнан, сонымен қатар Теміртау қаласы әкімдігің интернет-ресурсынан алуға болады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) жануарға ветеринариялық паспорт беру (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) мерзімі жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, жануар иесі жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап – 10 (он) жұмыс күн ішінде;
3) Мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғарғы рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
4) Мемлекеттік қызметті алушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты 40 (қырық) минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға, жануардың берілген бірдейлендіру нөмірі болмауы негіз болып табылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы уәкілетті органға жүгінеді және өтініш береді;
2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін әзірлейді, дәлелді бас тарту немесе ветеринариялық паспортты дайындайды, тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
13. Тұтынушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес күні бойы жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіндеіс-әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
14. Тұтынушы уәкілетті органға өтініш жасаған кезде:
1) жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде тұтынушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет емес;
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (бұдан әрі – телнұсқа) немесе жануарға ветеринариялық паспорттан үзіндісін (бұдан әрі – үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) жануарға ветеринариялық паспортты алу үшін тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісінің құнын төлегенін растайтын құжатты береді. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берілген бірдейлендіру нөмірі болуы қажет;
2) ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін тұтынушы:
еркін нысандағы жазбаша өтініш;
жануардың ветеринариялық паспортының жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттар (болған жағдайда) қоса береді.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның жауапты тұлғасы:
1) уәкілетті органның басшылығы;
2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
17. Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.
«Жануарға ветеринариялық
паспорт беру» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органдардың мекенжайлары
Р/с
№
|
Мекеме атауы
|
Елдi мекен атауы
|
Байланыс телефоны
|
Орналасқан мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
«Ақтау кенті әкiмiнің аппараты» ММ
|
Ақтау кенті
|
8(7213)-94-06-41
|
Ақтау кенті, 5 квартал
|
2
|
«Теміртау қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
|
Теміртау қаласы
|
8(7213)-92-47-75
|
Теміртау қаласы , Тәуелсіздік гүлзары, 6
|
Ескерту: ММ – мемлекеттік мекеме.
«Жануарға ветеринариялық
паспорт беру» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша
Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып әр ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
Кесте 1. ҚФБ іс-әрекеттердің барысы.
Негізгі үдерістің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)
|
Іс-қимылдардың № (барысы, жұмыстар ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Іс-қимылдардың (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы
|
Құжаттарды тіркеу
|
Құжаттарды қарау, паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуды дайындау
|
Паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуға қол қою
|
Паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуды тұтынушыға беру
|
Аяқтаудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)
|
Құжаттарды қабылданғаны туралы талон беру
|
Паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну
|
|
|
Орындалу мерзімдері
|
30 минут
|
2 жұмыс күн
|
1 жұмыс күн
|
40 минут
|
Негізгі үдерістің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)
|
Іс-қимылдардың № (барысы, жұмыстар ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Іс-қимылдардың (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы
|
Құжаттарды тіркеу
|
Құжаттарды қарап, телнұсқаны дайындау
|
Телнұсқаға қол қою
|
Телнұсқаны тұтынушыға беру
|
Аяқтаудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)
|
Құжаттарды қабылданғаны туралы талон береді
|
Телнұсқаны қол қоюға ұсыну
|
|
|
Орындалу мерзімдері
|
30 минут
|
9 жұмыс күн
|
1 жұмыс күн
|
40 минут
|
2- кесте. Пайдалану мүмкіндіктері. Негізгі үдеріс – жануарға ветеринариялық паспорт берілген жағдайда (жануардың ветеринариялық паспортынан көшірме)
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның басшылығы
|
1. Құжаттарды тіркеу
|
3. Құжаттарды қарау, паспортты және үзіндіні дайындау
|
5. Паспортқа және үзіндіге
қол қою
|
2. Құжаттарды қабылданғаны туралы талон беру
|
4. Паспортты және үзіндіні басшылыққа қол қоюға ұсыну
|
|
|
6. Тұтынушыға паспортты және үзіндіні беру
|
|
3- кесте. Пайдалану мүмкіндіктері. Баламалы үдеріс –жануарға ветеринариялық паспорт беруден бас тартылған жағдайда (жануардың ветеринариялық паспортынан көшірме)
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті органның басшылығы
|
1. Құжаттарды тіркеу
|
3. Құжаттарды қарау, дәлелді бас тартуды дайындау
|
5. Дәлелді бас тартуға қол қою
|
2. Құжаттарды қабылданғаны туралы талон беру
|
4. Дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну
|
|
|
6. Тұтынушыға дәлелді бас тартуды беру
|
|
«Жануарға ветеринариялық паспорт беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-қимылы)
|
Тұтынушы: өтiнiшті және құжаттарды беру
Жауапты орындаушы: құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды қарау, паспортты, үзіндіні, телнұсқаны немесе дәлелді бас тартуды дайындау
|
Жауапты орындаушы:паспортты, үзіндіні, телнұсқаны немесе дәлелді бас тартуды беру
|
Тұтынушы
|
Достарыңызбен бөлісу: |