"Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме, 010000 Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 33 телефон: 8 (7172) 57-45-43, факс 8 (7172) 57-45-36, Esil2008@mail.ru "Б" корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысының мерзіміне (Е-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 77 452 тенгеден 104 935 тенгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Аппаратта іс-жүргізуді нұсқаулық бойынша ұйымдастыру. Аппаратқа келіп түскен хаттарды қабылдау, электронды түрде тіркеу, уақытында орындалуын бақылау және орындаушыларға тапсыру. «Lotusnotes» автоматтандарылған ақпараттық жүйесімен, «Қызмет бабында пайдалану үшін» деп белгіленген құжаттармен жұмыс істеу. Аудан әкімінің шешімдер мен өкімдердің тіркелуін жүргізу, электрондық поштасымен жұмыс істеу және Құқық статистика комитетіне есеп беру. Электронды мұрағатты жүйелеу. Аудан әкімінің азаматтарды қабылдау кестесін жасау және қабылдауды ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдардан келген хаттардың уақытылы жабылуын бақылау. Заңды жеке және тұлғалардан келіп түскен ауызша және жазбаша өтініштер бойынша есептерді уақтылы жасау, талдау. Құжаттардың есебін және сақталуын жүргізіп мұрағатқа тапсырылуы үшін хронология бойынша жүйеленуін қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратына азаматтардан, жоғары тұрған органдардан келіп түскен өтініштердің орындалуын бақылау. Азаматтардың өтініштерін заңда белгіленген мерзімімен жабылуы бойынша салыстырылмалы талдау және есеп дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімі бойынша қарастыру.
Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің регламентті сақтауын бақылау. Іс жүргізуді ұйымдастыру, хаттардың, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерін мезгілінде қарастырылуын, сонымен қатар қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар құжаттармен жұмысты қамтамасыз ету.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар, білім саласындағы жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 33 №301 кабинет) қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 33 №301 кабинет) өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |