«Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесінен бір көзден алу тәсілімен шаруашылық тауарларды мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттама



Дата27.06.2016
өлшемі65.69 Kb.
#161100


«Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесінен бір көзден алу тәсілімен шаруашылық тауарларды

мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттама
Астана қаласы, Уәлиханов көш., 13/1 2012 жыл 5 сәуір сағат 15.00


  1. Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚР ҰБО), мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 13/1, «Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесінен (бұдан әрі - Мекеме) бір көзден алу тәсілімен келесі шаруашылық тауарларды (бұдан әрі – Тауар) сатып алуларын өткізді:



п/п

Тауарлар-дың атауы

Тауарлардың техникалық сипаттамасы

Өл-шем бірлік

Саны

Бірлік бағасы, теңге

Сатып алуға бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.

Вафельді сүлгі

100% мақта мата, ені 60см

құма метр

120

100

12 000

2.

Шелек

12 литр, пластмассадан жасалған

дана

4

1 000

4 000

3.

Шелек

5 литр, пластмассадан жасалған

дана

3

1 000

3 000

4.

Жұмыс костюмі, әйел адам, жиынтығы 

Айқастырып байланатын ұзын нымша мен белінде эластик бауы бар шалбардан тұратын костюм. Нымшаның жеңдері қысқа және ыңғайлы қалталары бар, түсі ашық көк. Матасы: аралас (65% полиэфир, 35% мақта) пл.130 г/м2, су өтпейтін, өлшемі 48-2 дана, өлшемі 46-1 дана, тапсырыс берушімен келісе отырып логотип жабыстырылған.

жиын-тық

3

7 000

21 000

5.

Жұмыс костюмі, 

ер адамға арналған, жартылай комбинезоны бар



Жұмыс костюмі, жартылай комбинезоны бар. Ортасынан түймемен түймеленетін тік қиылған қысқаша күртеше, белінен резеңкемен буылған. Қайырма жағасы бар. Иініші өңдеу матасынан жасалған. Жарық шағылыстыру жиегі өрешесінде және арқасында иініш бойымен тігілген. Күртешеде екі кейде және екі бүйір қалтасы бар. Фастекспен түймеленетін, қалыпқа келтірілетін бретельдері бар жартылай комбинезоны. Белінен резеңке кигізілген.. Бүйір қалталары. Түспе-түс тігіс жүргізілген. Шынтақ және тізе аймақтары қалыңдатылған. Түсі: қою көк. Матасы: аралас (65% полиэстер, 35% мақта) пл.210 г/м2, су өтпейтін, өлшемі 52. тапсырыс берушімен келісе отырып, логотип жабыстырылған.

жиын-тық

3

7 000

21 000

6.

Жұмыс костюмі, ер адамға арналған, жылы

Жылы костюм. Түспе-түс тігіс жүргізілген жылы костюм моделі. Костюм күртеше мен шалбардан тұрады. Күртеше түймелері жасырын түймеленетін. Жағасы жасанды жүн терісінен жасалған. Капюшоны шешілетін, қалыпқа келтірілетін. Күртешеде клапандары бар екі төмен жақта қалтасы бар және рацияға, телефонға арналған кеуде қалдасы бар. Шалбары енді белдемшесі бар бретелькалы және екі жақтама қалтасы бар,түсі көк, аралас матадан тігілген (49% мақта, 51% полиэфир) пл.210 г/м2, Су өткізбейтін, жылытатын синтепон, күртешеде 400 г/м2, шалбарда 300 г/м2, ішкі матасы: 100% полиэфир, өлшемі 52. тапсырыс берушімен келісе отырып, логотип жабыстырылған.

жиын-тық

1

14 000

14 000

7.

Қолғап

Резеңке, түсі -қызыл, өлшемі М 61/2 - 7

жұп

120

150

18 000

8.

Қолғап

Мақта мата, өлшемі М

жұп

60

100

6 000

9.

Дәрет қағазы

2 қабатты целлюлозды қағаз, жырту сызығымен, орам -180 м, бір бумада - 12 орам

орама

60

5 000

300 000

10.

Дәрет қағазы

Парақты, екіқабатты, 100% целлюлоза, түсі ақ, өлшемі 21,5*24,0 см, в 1 орамада 12 бума, 1 бумада 225 парақ

орама

2

5 500

11 000




Жиынтығы:

410 000

2. Сатып алуға бөлінген сома кестенің 7 графасында көрсетілген.

3. 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 4 тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес және 2012 жылғы 30 наурыздағы №33-п «Тауарларды бір көз тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы» ҚР ҰБО Бас директордың бұйрығының негізінде, 31-бабының 5 және (немесе) 7 тармақтарында көзделген шаралардың мемлекеттік сатып алу шартының жасасуына әкелмеуіне байланысты бір көзден алу тәсілі қолданылды.

4. Заңның 8-бабының 9 тармағының негізінде, Заңның 8 бабында көзделген мамандырылған талаптар сұратылған жоқ.

5. Заңның 33-бабының 2 тармағына сәйкес белгіленген уақытта Мекеме келесі ақпаратты ұсынды:

1) ұсынылған тауарлардың сипатамасы және техникалық ерекшеліктері;

2) тауарлардың бағасының жазба негіздеуі.

6. Қайсымен шарт жасасатын, өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы: «Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі (010000, Астана қаласы, Ломоносов көшесі, 43). Шарттың жалпы сомасы 410 000 (төрт жүз он мың) теңгені құрайды.

7. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат: сарапшылар тартылған жоқ.

8. Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) «Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесінен (010000, Астана қаласы, Ломоносов көшесі, 43) Тауарларды сатып алуды.

2) Тапсырыс берушіге - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, 010000, Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 13/1, 2012 жылдың 12 мамыр мерзіміне дейін «Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесімен тауарларды мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасау.



3) Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысына - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қаржы департаментінің Мемлекеттік сатып алулар басқармасы осы хаттаманың мәтінің Тапсырыс берушінің интернет-қорына жіберу.
Бас директордың

міндетін атқарушы Мұқанов Қ.Қ.
Мемлекеттік сатып алулардың

ұйымдастырушысының өкілетті уәкілі Наржанова Ж.Қ.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет