Астана қаласының Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы
2012 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша
Астана қаласының
әлеуметтік – экономикалық дамуының
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Астана қаласы
|
Мазмұны
|
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық жағдайын
сипаттайтын маңызды көрсеткіштер тізбесі
|
……………………………………3
|
1. Өнеркәсіп жағдайы
|
…………………………………….4
|
2. Көлік және байланыс
|
……………………………………6
|
3. Банк секторы
|
…………………………………….6
|
4. Қаржылық - бюджеттік сала
|
……………………………………7
|
5. Инвестициялар
|
…………………………………….7
|
6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
|
......………………………….……8
|
7. Шағын бизнеске мониторинг жүргізу
|
………………………………........10
|
|
|
8. Тұтыну бағаларының талдамасы
|
...…………………………….........11
|
9. Әлеуметтік сала
|
……………………………………12
|
9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлікті төмендету
9.2. Жұмыспен қамту
9.3. Білім
9.4. Денсаулық сақтау
|
…………………………………....12
…………………………………....13
…………………………………....14
…………………………………....15
|
10. Мәдениет және спорт
|
……………………………………16
|
|
1. Астана қаласының
әлеуметтік-экономикалық
жай-күйін сипаттайтын маңызды
индикаторлардың тізбесі
2012 жылдың қаңтар-сәуір айлары
р/с№
|
Көрсеткіштердің атауы
|
Көрсеткіштер
|
2011 жылдың тиісті кезеңіне %
|
1.
|
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге
|
55 260,1
|
91,5
|
2.
|
Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге
|
112 204,2
|
142,5
|
3.
|
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге
|
60 469,4
|
130,3
|
4.
|
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа беру, шаршы метр
|
459 981
(4 133 пәтер)
|
109,9
|
5.
|
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы млн. теңге
|
121 397,0
|
95,3
|
6.
|
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, барлығы млн. теңге
|
99,7
|
-
|
7.
|
Бюджетке түсім бойынша бересі (айыппұлсыз), млн.теңге
|
18 496,5
|
-
|
8.
|
Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімнің көлемі, млрд. теңге
|
111,9
|
100,9
|
9.
|
Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің саны, адам
|
118,4
|
109,9
|
10.
|
Тұтыну бағаларының индексі (2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2011 жылғы желтоқсан), %
|
102,2
|
-
|
11.
|
Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі, млн. теңге
|
128 370,9
|
114,6
|
12.
|
Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздардың үлесі, % (2011 жылғы желтоқсанда)
|
1,5
|
-
|
13.
|
Өмір сүру минимумының мөлшері (желтоқсанда), теңге
|
18 322
|
99,7
|
14.
|
Орташа айлық атаулы жалақы (2011 жылғы қаңтар – қараша бойынша), теңге
|
134 376
|
118,6
|
Астана қаласының
әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы
АҚПАРАТ
2012 жылдың қаңтар – сәуірі
1. Өнеркәсіптің жай-күйі
Астана қаласының өнеркәсіп секторының көпшілігі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары (оның үлесі 76,2 % құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату кәсіпорындары 19,9 % құрайды. Сумен жабдықтау өнімі(тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 3,9 % құрайды.
Жыл басынан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 55 260,1 млн. теңге сомасына өнім өндірді және қызмет көрсетті. Нақты көлем көрсеткіші (бұдан әрі - НКИ) 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 91,5 % құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде қала кәсіпорындары 42 098,4 млн. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірді. НКИ 89,2 % құрды.
Өндіру көлемінің мынадай салаларда:
- дайын металл өнімдері өндірісінде, машина мен құрылғыларды қоспағанда 43,7 %-ға;
- жиһаз, сабаннан жасалған өнімдер және өруге арналған материалдардан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде, – 40,6%;
- сусындар өндірісінде 28,1 %;
- тоқыма өнімдері өндірісінде – 25,2%;
- машина жасауда - 24,2 %;
- тамақ өнімдері өнеркәсібінде - 1,7 %-ға төмендеуі байқалады.
Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнімнің жалпы көлемінің 49,6 %-нан артығы өңдеу секторында машина жасауға келеді. Осы сала кәсіпорындары есепті кезеңде 20 866,8 млн. теңгеге өнім өндірді, НКИ – 75,8 %. Өндіріс қарқынының төмендеуі дизель локомотивтері өндірісінің 30 %-ға азаюына байланысты болды, сонымен қатар сорғыштар шығару 1,5 есеге өсті.
Тағам өнімі өндірісінің көлемі 4 724,5 млн. теңгені, НКИ 98,3 %-ды құрады. Макарон өндірісі – 3,6 %-ға, нан – 3,7 %-ға, жарма – 5,7 %-ға төмендеді. Осы уақытта сүт өндірісі – 6,3 %, ұн – 4,1 % - ға ұлғайды.
Машина мен құралдардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісінде 2 016,5 млн. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ 56,3 % құрайды. Азаю қара металдан немесе алюминийден жасалған конструкторларды шығарудың 67,3 % азаюымен негізделеді.
Өндіріс көлемінің:
- тері және оған қатысты өнімдер өндіруде – 4,0 есеге;
- металлургия өнеркәсібінде – 50,0 пайызға;
- қағаз және қағаз өнімдері өндірісінде – 45,7 есеге;
- жиһаз өндірісінде – 41,1 пайызға;
- баспа ісінде және жазылған материалдарды қайта өндіруде – 37,3 пайызға;
- резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 18,5 пайызға;
- бейметалл минералды өнімдер өндірісінде –4,8 пайызға.
Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісінің көлемі 7 772,6 млн. теңгені, НКИ – 104,8 %-ды құрады.
Резина және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 4 624,3 млн. теңгені НКИ – 118,5 %-ды құрады. Тұрбалар жасау – 32,0 %, есік – 45,4 % ұлғайды.
Баспа ісі және жазылған материалдарды қайта өндірудің көлемі - 1 026,5 млн. теңгені, НКИ – 137,3 %-ды құрады.
Металлургия өнеркәсібінде 88,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2011 жылдың ұқсас деңгейіне қарағанда 50,0 пайызға жоғары. Құрастырылмалы конструкторлар элементтерінің өндірісі – 22,3 %, бетон – 5,2 % ұлғайды. Сонымен қатар, плита және кірпіштер шығару 12,1 %, қоспа 26,2 % азайды.
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 350,7 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске асуда. Оның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталды («АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты, «Кровля НС» ЖШС «сэндвич-панельдер» әзірлеу зауыты), 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 кезең енгізілді – 46 жаңа жұмыс орнын құрумен 1,4 млрд. теңге сомасына метиз өнімін өндіру жөніндегі «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылғы 9 желтоқсанда «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты «Тұлпар Talgo» ЖШС (Индустриялық парк аумағында іске асырылады) және осы жылдың желтоқсанында «АстанаЭкоСтандарт» - ЖШС жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу бойынша жоба іске қосылды. Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 600 шамасында жаңа жұмыс орындары құрылды. Қалған 9 жобаны іске асыру, кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату саласында өнеркәсіп сипатында 10 976,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді (НКИ 104,6 % құрады), оның ішінде электрэнергиясын өндіру, ұсыну және таратуда 6 266,9 млн. теңгеге (НКИ 102,6 % құрады), газ отынын өндіру және таратуда 67,4 млн. теңгеге (НКИ 102,5 % құрады), бу тарату және ауаны салқындату жүйесінде 4 642,0 млн. теңгеге (НКИ 108,5 % құрады) қызмет көрсетілді.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 2 185,4 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетілді. НКИ 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 79,7 % құрды.
Астана қаласының әкімдігі өнім сапасын арттыру мақсатында ИСО, OHSAS, SA, ХАССП сериясының халықаралық сапа стандарттарын (бұдан әрі – ХСС) енгізуді насихаттау жұмысын өткізу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмысын жүргізуде.
Қала кәсіпорындарында ХСС талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу жөнінде мониторинг жүзеге асырылады. 2011 жылдың 4 тоқсанында қаланың кәсіпорындар мен ұйымдарының саны 447 бірлікті құрды. Өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында ХСС белсенді енгізіліп жатқанын айтып өту қажет.
Жергілікті тауар өндірушілерінің өнімін сату мақсатында қала кәсіпорындарының қатысуымен әр түрлі іс-шаралар, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, дәлірек айтқанда, екі жақты қатынастарды реттеуге мүмкіндік беретін шетел өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумдар, «дөңгелек үстелдер», тұсаукесерлер мен кездесулер ұйымдастырылуда.
2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 52 қалалық бағдар бойынша күн сайын 771 бірлік көлік жұмыс істейді. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2,459 км. Қалалық автобустардың жалпы саны 771 бірлік, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобустар саны 591 бірлік, сыйымдылығы орта автобустар саны 180 бірлік. Қызметкерлердің саны 2 500 астам адамды құрайды.
Қазіргі таңда Астана қаласында 5 мамандандырылған таксомотор компаниясы – «Сарыарқа», «Аруна», «Жебе», «Медео» және «Аққу» компаниялары жұмыс істейді, олардың жалпы көлік құралдары 282 бірлікті құрайды, күн сайын 250 бірлік желіге шығады.
Автомобиль көлігі есепті кезеңде 562,8 млн. жолаушы тасымалдады, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 98,4 млн. адамды (17,5 %), жеке кәсіпкерлер – 464,4 млн. адамды (82,5 %) тасыды.
Жол құрылысы. Қазіргі уақытта қалада ұзындығы 749 км болатын 652 жол мен жалпы пайдаланудағы көшелер бар, оның ішінде 53,1 км жылдамдықты жолдар, 128 км реттелетін қозғалыстың қалалық маңызы бар магистральдық көшелер, 186 км аудандық маңызы бар магистральды көшелер, 435 км жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар.
2011 жылдың қорытындысы бойынша 76,6 км жаңа жол іске қосылды, оның ішінде 30,42 км жол алты жолақты қозғалыс, 22,04 км төрт жолақты қозғалыс, 24,14 км екі жолақты қозғалыс бойынша. Елордаға кіретін 6 жолақты қозғалысты магистральдардың 10,8 км қайта жөндеу аяқталды, бұдан өзге қаланың орталық артериялары, яғни Жеңіс даңғылы, Иманов көшесінің 7 км қайта жөндеуден өтті.
Әуе көлігімен 2012 жылдың есепті кезеңі бойынша 4,0 мың адам тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 8,0 млн. текше/км құрады.
Қаланың байланыс кәсіпорындары 2012 жыл қаңтар-сәуір айлары бойынша 5 923,3 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 22,3 % жоғары.
Көрсетілетін қызметтерден түсетін кіріс құрылымында Интернет 42,5 %, қалааралық, халықаралық байланыс түрлері – 16,8 %, жергілікті телефон байланысы – 13,9 %, өзге байланыс түрлері – 26,8 % иеленген.
-
Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ сияқты дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екі филиалымен және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 149 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылып отыр.
Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің 162 айырбастау пункті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын өткізуге лицензиялары бар 62 өкілетті ұйымдар валютасының айырбас орны әрекет етеді.
2012 жылдың ақпан айының соңына екінші деңгейлі банктердегі резиденттер депозиттерінің жалпы мөлшері 1 454,5 млрд. теңгені құрды және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,7 % төмендеді.
Банктердің Астана қаласының экономикасына несиелері бойынша негізгі қарызының жалпы мөлшері 2012 жылдың ақпан айының соңына 859,0 млрд. теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,3 % ұлғайды.
4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Бюджет және төлем тәртібі. 2012 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке кірістер түсімі Астана қаласы бойынша жалпы алғанда 121 871,3 млн. теңге болжамында 121 397,0 млн. теңгені құрады, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 99,7 % құрады, артық орындау 474,3 млн. теңгені құрады.
Республикалық бюджетке 89081,5 млн. теңге болжанған жағдайда 95234,2 млн. теңге түсті, яғни болжам 93,5 %-ды құрады.
Жергілікті бюджетке 26 637,1 млн. теңге болжанған жағдайда 32 315,5 млн. теңге түсті, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 121,3 %-ды құрады.
Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 115 593,5 млн. теңге болжанған жағдайда 111 453,1 млн. теңгені құрады, орындалу 96,4 %-ды құрады, оның ішінде: республикалық бюджетке 91 198,0 млн. теңге болжанған жағдайда 83 133,4 млн. теңге немесе болжамға 91,2 % түсті; жергілікті бюджетке 24 395,5 млн. теңге болжамында 28 319,7 млн. теңге немесе болжамға 116,1 % түсті.
Салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер 4 091,3 млн. теңге болжанған жағдайда 6 658,2 млн. теңгені құрады, болжам 2 566,9 млн. теңгеге артық орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 4 033,6 млн. теңге болжанғанда 5 946,0 млн. теңге түсті, 1 912,4 млн. теңге артық орындалды; жергілікті бюджетке 57,7 млн. теңге болжанғанда 712,2 млн. теңге түсті, 654,5 млн. теңге артық орындалды.
2012 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қарыз 18 496,5 млн. теңге, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарыз (20 617,5 млн. теңге) 2 121,0 млн. теңгеге азайды.
-
Инвестициялардың жай-күйі
Негізгі капиталға инвестициялар талдамалы кезең бойынша 112 204,2 млн. теңгені немесе 2011 жылғы ұқсас кезеңге сәйкес деңгейі 142,5 % құрады. Негізгі капиталға түсетін инвестицияның республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 10,1 % құрады (өткен жылы 7,3 %).
2012 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға инвестициялар салудың негізгі көздерінің үлесі 81 505,3 млн. теңге сомасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың жеке қаражаты болып табылады (инвестицияның жалпы көлемінің 72,6 %). Бюджет қаражатының үлесі 19,1 %, қарызға алынған қаражат 7,3 % құрады.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға
инвестициялар құрылымы
Көздер
|
2012 жылғы қаңтар-сәуір
|
2011 жылдың тиісті кезеңіне
|
млн. теңге
|
қорытындыға %
|
Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы, млн. теңге, оның ішінде:
|
112 204,2
|
100
|
142,5
|
республикалық бюджет
|
19 151,9
|
17,1
|
79,8
|
жергілікті бюджет
|
2 283,2
|
2,0
|
97,9
|
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты
|
81 505,3
|
72,6
|
192,3
|
шетелдік инвестициялар
|
1 066,3
|
1,0
|
0,0
|
заем қаражаты есебінен
|
8 197,5
|
7,3
|
81,9
|
Негізгі капиталдағы инвестициялардың негізгі құрамдас бөлігін құрылысқа құйылған инвестициялар құрайды. Құрылыс және ғимараттар мен орын-жайларды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың жалпы сомасының 53 016,0 млн. теңгесін құрады, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34,8 % ұлғайды.
Есепті кезеңде Астана қаласының кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы көлемі 459 981 шаршы метр тұрғын үйлер салды және іске қосты (оның ішінде тиімдісі – 344 932 шаршы метр), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 9,9 % жоғары. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.
Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2012 жылдың 25 сәуіріне дейінгі жағдайға қарай мемлекет есебінен жалпы көлемі 349,0 мың шаршы метр құрайтын 4 668 пәтер енгізілді, Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 098 пәтерге 179,2 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үй құрылысына барлығы 11 466,2 млн. теңге бағытталды – бұл 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 67,0 %-ға артық.
6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда
2012 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 128 370,9 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 14,6 %-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 40 962,0 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтер іске асырды, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 46,9 %-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 46 472,1 млн. теңгені құрады.
Сыртқы сауда
Сыртқы сауда айналымы
Қаланың алыс және жақын шетелдермен сауда ынтымақтастығы табысты кеңеюде.
Сыртқы сауда айналымының дамуын бақылап отырсақ, ол 2012 жылдың қаңтар-наурызында 2 101,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды.
Астана қаласының негізгі сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні
Көрсеткіштер атауы |
қаңтар – наурыз
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары
|
1 606,8
|
2 101,8
|
Экспорт, млн. АҚШ доллары
|
1 374,2
|
1 737,3
|
Импорт, млн. АҚШ доллары
|
232,6
|
364,4
|
Сыртқы сауда сальдосы, млн. АҚШ доллары
|
1 141,6
|
1 372,8
|
Экспорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-наурызында 1 737,3 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды.
Елорда экспорты нақты айқындалған географиялық бағытқа ие: жалпы экспорт көлеміндегі ТМД-дан тыс елдердің үлесі 92,6 %, ТМД елдері – 7,4 % құрады. Негізгі тұтынушылардың қатарына Румыния (26,3 %), Италия (28,3 %), Қытай (4,8 %), Нидерланды (3,4 %), Германия (1,9 %), Франция (3,1 %) кіреді.
2012 жылдың қаңтар-наурызында 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі ұлғайды: минералды отын және оны өңдеу заттарының көлемі (мұнай өнімдері, газ) – 1,2 есеге ұлғайды.
Импорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-наурызында 364,5 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге ұлғайды.
Импорттық жеткізілімдер мөлшерінде ТМД-дан тыс елдерге 92,4 %, ТМД елдеріне – 7,6 % жеткізіледі.
Импорт түсімдерінде машиналарды, құралдарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басымды болып табылады және 2012 жылғы қаңтар-наурызында олардың көлемі 221,3 млн. АҚШ долларын құрады.
7. Шағын бизнеске мониторинг жүргізу
2012 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қалада 49 476 шағын кәсіпкерлік субъектісі белсенді жұмыс істейді, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,6 %-ға өсті.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 118,4 мың адамға жетті, 2011 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 9,9 %-ға жоғары.
Өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің көлемі 111 913 млн. теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100,9 % болып шықты.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі шағын және орта бизнес саласын дамытудың жобаларын, соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Астана қаласының үдемелі индустриялық дамуы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2,9 млрд. теңгені құрайтын 19 жобаның несиелік портфелін қарастырды, оның ішінде пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша 2,1 млрд. етңге сомасына несиелік портфельмен 14 жоба мақұлданды.
8. Тұтыну бағаларын талдау
Астана қаласы бойынша тұтынушылық баға көрсеткіші:
Атауы
|
2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 2012 жылдың наурызында, %
|
Барлық тауарлар мен қызметтер
|
102,2
|
оның ішінде:
|
|
азық-түлік тауарлары
|
103,3
|
азық-түлік емес тауарлар
|
101,5
|
ақылы қызметтер
|
101,4
|
Анықтама:
2012 жылдың сәуірінде өмір сүру минимумының мөлшері 18 322 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 99,7 %–ға ұлғайды.
Орташа айлық жалақы 2012 жылдың қаңтар-наурызында 134 376 теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,6 %-ға ұлғайды.
Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 2012 жылдың сәуірінде 2012 жылдың наурызымен салыстырғанда 100,7 пайызды құрады.
Мынадай азық-түліктер: жұмыртқа – 2,9 %-ға, ет – 1,4 %-ға, сиыр еті – 1,0 %-ға, шошқа еті – 4,2 %-ға, жылқы еті – 0,6 %-ға, қой еті – 0,2 %-ға, жеміс пен көкөніс топтарында – 0,8 %-ға, балық пен теңіз өнімдері – 2,4 %-ға, алкогольді сусындар, табак өнімдері – 1,9 %-ға, алкогольсіз сусындар – 2,1 %-ға, сүт өнімдері – 1,5 %-ға, жаңа сауылған сүт – 3,3 %-ға, ірімшік – 1,6 %-ға,, қаймақ 0,6 %-ға қымбаттаады.
Жемістер мен көкөністерге бағаның 2,6 %-ға төмендеуі тіркелді (қияр – 10,6 %-ға, қызанақ – 6,1 %-ға, пияз – 8,5 %-ға, картоп – 5,7 %-ға, сәбіз – 3,8 %-ға, орамжапырақ – 2,3 %-ға), қант – 2,4 %-ға арзандады.
Азық-түлік емес тауарлары бағаларының индексі 2012 жылдың сәуірінде 2012 жылдың наурызымен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады.
Киім – 0,5 %-ға, тұрғын үйлерді ағымдық ұстау және жөндеу үшін материалдар, фармацевтика өнімдері – 1,1 %-ға, тұрмыстық құралдар – 0,7 %-ға. Дизельді отын бағалары 5,6 %-ға, бензин – 4,4 %-ға ұлғайды.
Бағалар мен тарифтер индексі 2012 жылдың сәуірінде 2012 жылдың наурызымен салыстырғанда 101,1 %-ды құрады.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясы 8,0 %-ға қымбаттады. Моншаға, душқа, хауызға бару 3,8 %-ға, қонақ үйлік қызмет көрсету – 0,7 %-ға, әуе жолаушылар көлігінің қызметтерінің тарифі 11,7 %-ға, темір жол – 7,4 %-ға өсті.
Әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарларға баға деңгейін реттеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі мынадай жұмыстарды атқарды.
Астана қаласы әкімдігі мен сауда ұйымдарының арасында 2012 жылға «Астана қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларды көтерме-бөлшек сауда негізінде сатумен айналысатын сауда ұйымдарында сатудың үстеме бағасының мөлшерін анықтау мен қолдану туралы» меморандумға (бұдан ары - Меморандум) қол қойылды.
Аталған Меморандум шеңберінде әкімдік сауда мекемелеріндегі өндірістік тауарларға белгіленген сатудың үстеме бағаларын, баға белгілеу процесін, келісіп алу фактілеріне жол бермеу, бағалардың қисынсыз көтерілуіне мониторинг жүргізу арқылы Меморандум шарттарының іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді. Күн сайын әкімдік қызметкерлері сауда объектілерінде баға мониторингін жүргізеді.
Астана қаласының аумағында қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның, орталықтандырылған сатып алу негізінде өнімдермен қамтамасыздандырылатын 32 әлеуметтік павильоны қызмет етеді. Әлеуметтік павильондарда халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне 10 %-дық жеңілдік ұсынылады.
Астана қаласының азық-түлік тұрақтандыру қоры құрылып, оған 6 928 тонна шамасында азық-түлік сатып алынды, оны сату әлеуметтік павильондар, сауда желілері және супермаркеттер арқылы жүзеге асатын болады.
Бұдан басқа, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нарықтық механизмді қолдану арқылы жүйелі шаралар іске асырылуда.
Индустриялық парк аумағында «Мир круп» ЖШС жарманы қайта өндіру жөнінде көпсалалы кешен құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар, «Продкорпорация» АҚ іске асыратын көтерме сауда-логистикалық орталық, уақытша сақтау қоймаларын, қайта өңдеуді, көтерме сауда секторын, көліктік терминалдарды қоса алғанда, «Казглавпродукт» ЖШС қалталау желісі бар көліктік-логистикалық орталығы салынуда.
Астана қаласының аумағында 2 жылыжай бар: «А.Е. Олжабаева және Г.О. Наурзалина» ЖК және «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС. «А.Е. Олжабаева және Г.О. Наурзалина» ЖК жобалық күші 600 тонна (200 тонна томат, 400 тонна қияр) жылыжайының алғашқы түсімі наурыз айында алынды. Бұдан басқа, мамыр айында «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС өнімділігі 1900 тонна (900 тонна томат, 1000 тонна қияр) жылыжай кешенінің алғашқы түсімі күтіледі.
Жобаланған 4 жылыжайдың жалпы өнімділігі 2 800 тонна болатын екеуінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталады, ал қалған өнімділік көлемі 1030 тонна шамасында болатын 2 жылыжай 2013 жылы қолданысқа беріледі. Аталған объеектілер толық қуатында жұмыс істесе, 2013 жылы қаланың мезгіл арасындағы жылыжай өнімдеріне (қияр, томат) деген сұранысын (қала тұрғындары санының өсуін есепке ала отырғанда) 80 %-ға қамтитын болады.
Қала аумағында көкөніс сақтау қоймалары құрылысының 11 жобасы іске асырылуда. Қала сұранысының сақтау көлемі 60 мың тонна. 2012 жылы жалпы сақтау көлемі 31,0 мың тонна болатын 6 жобаны аяқтау жоспарлануда. 2013 жылы 5 жоба аяқталады, мұнда 35,0 мың тонна өнім сақталынады, яғни бұл азық-түлікті сақтау көлемінің ағымдағы сұранысын қамтитын болады.
Бұдан басқа, Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 41-967 қаулысымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді. Аталған Жоспар шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жобаларды іске асыратын (іске асыруды жоспарлаушы) кәсіпкерлер мен ұйымдарға көмек көрсетіледі. Бұл өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер учаскелерін беру, нормативтік-құқықтық қолдау көрсету.
9. Әлеуметтік сала
9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлік деңгейін төмендету
Астана қаласы бойынша жергілікті бюджеттен төленген төлемдердің жалпы сомасы 2012 жылдың 1 мамырына 614,4 млн. теңгені құрады.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 401,3 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Барлық әлеуметтік көмек ақшалай төлем ретінде берілді, олардың мөлшері жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерімен және мұқтаж азаматтардың санымен айқындалады, олардың ішінде:
18 жасқа дейінгі балалары бар, орта есеппен жан басына шаққандағы табысы тұтыну себеті мөлшерінен төмен отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы – 9 833,3 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 6 791,9 мың теңге;
тұрғын үй жәрдемақысы – 48 296,5 мың теңге;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне коммуналдық төлемдері, тұрғын үйді ұстауы, дәрі – дәрмектік қамтамасыз етуі, абоненттік төлемі үшін – 43 222,9 мың теңге.
9.2. Жұмыспен қамту
Елорданы дамытудың әртүрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 6 037 (2011 жылдың қаңтар-сәуірінде – 5 372) жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 521, саудада – 627, құрылыста және коммуналдық шаруашылықта – 1 538, көлік және байланыста – 443, білім және денсаулық сақтауда – 1 374, өзгелері – 1 534. Оның ішінде шағын бизнес саласында – 4 088.
2012 жылдың басынан бастап 5 241 адам жұмыс іздеп өтініш білдірді. Осы азаматтардың жалпы санының – 3 319-н әйелдер құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар 3 237 адам.
Есепті кезеңде 398 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар саны – 249.
Жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2012 жылдың 30 сәуіріне 6 098 адамды құрайды.
Жұмыспен қамту мүмкіндігін арттыру, жұмыссыздарды еңбек нарығында қолдау және бейімдеу мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын қолдануда, оның ішінде: жұмыс іздестіруге жәрдемдесу, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту саласында қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру (бұл оқудан бос уақытта оқып жатқан жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар, «Жастар тәжірибесі» кәсіптік диплом алдындағы тәжірибе, халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары).
Халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің маңызды элементі кәсіби дайындықты ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау болып табылады.
Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымы уақытша жұмыс орындарын құру мен елорданың жұмыссыз азаматтарын қосымша табыспен қамтамасыз етуді бағамдайды. Астана қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасына сәйкес 1 200 жұмыссыз азаматты қоғамдық жұмыспен қамту қарастырылған.
2012 жылдың 4 айында кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге 344 адам жіберілді, сабақ жіберуіне байланысты 5 адам шығарылды, 339 адам оқуын жалғастыруда.
Ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру үшін 107 жұмыс берушімен келісім шарт жасалды. Қоғамдық жұмыстарға жыл басынан бері 695 жұмыссыз азаматтар жіберілді.
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 158-17 қаулысына сәйкес, оқудағы жастарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында 65 жұмыс берушімен келісім шарт жасалды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға оқушылар мен студенттерден 858 адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға барлығы 1 553 адам жіберілді.
«Жастар тәжірибесін» ұйымдастыруға 2012 жылдың басынан елорда жұмыс берушілерімен 38 келісім шарт жасалды, 140 білім беру мекемелерін бітірушілер «Жастар тәжірибесін» өтуге жіберілді.
Азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету шеңберінде мақсатты топтардан әлеуметтік жұмыс орындары құрылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға байланысты 2012 жылдың басынан бері 75 ұйыммен келісім шарт жасалды, 92 адам жіберіліп, жұмысқа қатысуда.
2012 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органының деректер қорында 1 581 бос орын бар.
9.3. Білім
Астана қаласының білім жүйесі 253 білім ұйымдарынан тұрады,
Қаланың мектепке дейінгі ұйымдар желісін 111 мекеме құрайды: оның ішінде мемлекеттік меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар саны 69 («Мектеп-балабақша» - 5 кешен), жеке меншік –41, ведомстволық – 1.
0–6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 54,2 %-ды құрайды.
2011-2012 оқу жылы басынан Астана қаласында 82 мектеп қызмет етеді, оның ішінде: 69 мемлекеттік және 13 мемлекеттік емес мектеп.
Оқу орындарының тапшылығы 14 382 құрайды.
Кәсіби және техникалық білім беру саласында білім беру қызметін 37 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде: кәсіби лицейлер – 7, мемлекеттік колледждер – 5, мемлекеттік емес колледждер – 25.
13 қосымша ұйым (жаңа Оқушылар сарайын қоса есептегенде) және 10 арнайы білім ұйымы қызмет етеді.
9.4. Денсаулық сақтау
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 32 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 9 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.
Бұдан басқа, қала тұрғындарына 2036 кереуеттік қоры бар республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 Республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық аурухана ұйымы, оның ішінде 274 кереуеттік қоры бар 4 аурухана, 3 емхана ұйымдары, 40 кереуеттік қоры бар 2 жеке меншік нысандағы аурухана қызмет көрсетеді.
Астанада медициналық-демографиялық көрсеткіштері мынадай:
2012 жылдың сәуірінде халықтың туу көрсеткіші 5,4 %-ға ұазайды, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (25,3) 23,9 құрады.
Жалпы өлім көрсеткіші 2011 жылғы наурыздағы 4,4-тен 6,8 %-ға, 2012 жылғы наурыздағы 1000 адамға шаққандағы 4,7-ға дейін ұлғайды.
Халықтың табиғи өсім көрсеткіші 8,1 %-ға, 2011 жылдың наурызындағы 1000 адамға шаққанда 20,9-дан, 2012 жылғы наурыздағы 19,2-ге дейін төмендеді.
Ана өлімі жағдайы (тұрғылықты жері бойынша) 2011 жылы 17,3-тен 12,1 %-ға, ағымдағы жылы 15,2-ге дейін төмендеді. 2012 жылдың есепті кезеңінде тұрғылықты жері бойынша ана өлімінің 1 жағдайы, 2011 жылы – 2 жағдай тіркелді.
Астана қаласы бойынша 2012 жылдың наурызында сәби өлімі көрсеткіші 2011 жылы 11,8 %-дан 11,0-ге, ағымдағы жылы 9,7-ға дейін төмендеді.
10. Мәдениет және спорт
Мәдениет. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының желісі мынадай: 23 кітапхананы біріктіретін бір «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»; 17 - МКҚК; 3 ЖШС. Оның ішінде түрлері бойынша: кітапхана – 23; театр – 6; мұражай – 4; концерт ұйымдары – 1 (Мемлекеттік филармония); мәдени-демалыс кәсіпорындары (сарайлар, орталықтар) – 5; цирк – 1; кинопрокат ұйымы – 1; өзгелері – 2 (Дыбыс жазу студиясы, Астана Сазы).
Мұражай қызметі
Сәуір айында қаланың мұражайларымен 15 жаңа көрме ұйымдастырылды, 216 экскурсия өткізілді, 9 дәріс оқылды; аталған іс-шараларға 12 795 адам қатысты
Қазіргі заман өнері мұражайында Иран Ислам Республикасының елшілігіндегі Мәдени өкілеттік, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Мәдениет институты және мұражай ұйымдастырған «Наурыз фестивалі» жұмыс істеді. Көрмеге 69 туынды қойылды.
«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері сәуір айында № 166/1 балалар колониясында болып, «АЛЖИР лагерінің тарихынан» атты көрме ұйымдастырды, «Қайтарылған есімдер» тақырыбында дәріс оқылды және «АЛЖИРдің» сұрапыл суығы» деректі фильмі көрсетілді. Кездесу барысында балаларға мұражай қызметі және мұражайдың 5 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы айтылды.
Театр қызметі
Мәдениет пен өнер саласының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз етуге мәдениеттің театрлы-концерттік әрекетінің жақсаруы мүмкіндік туғызады.
Премьералық қойылымдардың жеткен деңгейін сақтап қалу мақсатында есепті кезеңде қала театрлары тарапынан белгілі жұмыстар жүргізілді.
Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театрында сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері – Болат Ұзақовтың қоюында Уильям Шекспирдің өшпес шығармасы «ГАМЛЕТтің» премьерасы болды. Басты рөлдерде театр актерлары - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеулов және «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сырым Қашқабаев.
М. Горкий атындағы Орыс драма театрында Астана қаласының мүгедек балалары арасында «Солнечный круг» қалалық конкурсының қорытынды ақтық сыны өтті. Мүгедек балалар (нашар еститін, мылқаулар, балалардағы сал ауруының науқастары) театрландырылған көріністер, билер және әндермен гала-концерт көрсетілді. Конкурс аяғында балаларға естелік сыйлықтар мен жүлделер табысталды.
«Наз» мемлекеттік би театры есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Хореографтар одағының ұйымдастыруымен Халықаралық би күніне арнаалған гала-концертке және КСРО Халық әртісі Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Сондай-аққылмыстық жазасын ЕЦ-166/10-да өтеуші тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмек шеңберінде театр іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында театрлар барлығы 77 спектакль көрсетті.
Кітапхана қызметінде
Есепті айда қала кітапханаларының қызметкерлері оқырмандармен жұмыстың әр түрлі түрлерін және тәсілдерін қолданды – кездесулер, әдеби танысулар, денсаулық сағаты, тарих сағаты, көрме-экскурстар және т.б. өткізілді. Осылай жыл сайын 2 сәуірде қала кітапханалары Халықаралық балалар кітабы күнін мерекелейді. Осы жылы Халықаралық балалар кітабы күніне арналған іс-шаралар «Астана – балаға дос қала» жалпықалалық Стратегиялық жоспар шегінде өтті.
Ай бойы кітапханаларда барлығы 45 300 оқырман болды.
Спорт. Астана қаласында дене тәрбиесін және спортты әрі қарай дамыту мақсатында, оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірмдер спорт мектептері, спорт клубтары, және басқа да спорттық-көпшілік және сауықтыру шараларының орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Астана қаласында 508 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 4 стадион, 3 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 12 спорттық кешен, 4 спорттық манежер, 1 шаңғы базасы, 27 ату тирі, 2 эллинг, 16 хоккейге арналған ашық корттар, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейндері, 176 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары қызмет етеді, 173 жазық спорттық ғимарат пайдалануға берілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала тұрғындарын жүйелі түрде дене тәрбиесімен шұғылдануға тарту мақсатында ағымдағы жылда мынадай елеулі іс-шаралар өткізілді:
- 1995-1998 жылдары туған жастар арасындағы грек-рим күресі бойынша Астана қаласының біріншілігі;
- 1998-2000 жылдары туған ұлдар және 1997-1999 жылдары туған қыздар арасындағы дзюдо бойынша Астана батыры біріншілігі;
- Канада елшілігі және Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басақармасының әуесқой командалары арасындағы шайбалы хоккейден ашық турнир;
- Астана қаласы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Салауатты ұрпақтың келешегі ғаламат» атты ұранмен жүзуден қайырымдылық акциясы;
- Астана қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасындағы спартакиада.
________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |