Аягөз ауданының 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары



Дата25.02.2016
өлшемі51.16 Kb.
#24128
Аягөз ауданының 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан өнеркәсіптері бойынша қолданыстағы бағамен 822,5 млн.теңгенің тауарлық өнімдері өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 104% құрады немесе 31,4 млн.теңгеге артық.



млн.теңге



Кәсіпорын атауы

2009 жыл І тоқсан

2010 жыл І тоқсан

Орындалуы %

11

«Аягөз Су» МКК

10,0

10,1

101,0

22

«Қамқор Вагон» ЖШС-ң «Аягөз вагон жөндеу депосы» филиалы

183,4

92,1

50,2

33

Аягөз локомотив жөндеу депосы бойынша «Қамқор Локомотив» ЖШС

182,3

306,2

168,0

44

«Теміржолсу-Аягөз» ЖШС

13,7

13,7

100,0

55

«Теміржолжылу-Аягөз» ЖШС

46,2

36,6

79,2

66

Семей филиалы «ШҚ РЭК» АҚ

42,7

58,6

137,2

77

Қосалқы шаруашылықтар

312,8

305,3

97,6

«Қамқор Вагон» ЖШС-нің Аягөз вагон жөндеу депосы филиалына ағымдағы жылы вагон жөндеуге басты мемлекеттік тапсырыс беруші «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы тарапынан тапсырыстың болмауы өнеркәсіп өнімі көлемінің былтырғы жылмен салыстырғанда 91,3 млн.теңгеге төмендеуіне негізгі себеп болды. Сондай-ақ, «Теміржолжылу-Аягөз» ЖШС-де ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілген өнім көлемі 36,6 млн.теңгені құрап, былтырғы жылдың 1 сәуіріндегі деңгейге қатысты 9,6 млн.теңгеге азайған немесе 79,2% құрайды. Серіктестік 2009 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Қамқор Локомотив» ЖШС-ін бумен қамтамасыз етсе, биылғы жылы серіктестік бумен қамтамасыз етуін тоқтатқан. Өнім көлемінің азаюының тағы бір себебі, 2009 жылы 1 Гкал септелген тариф мөлшері 7435,4 теңгені құраса, 2010 жылы бұл тариф мөлшері 6214,8 теңгені құрап отыр.

Облыс әкімдігінің жоспар-тапсырмасында өнеркәсіп өнімінің көлемін ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 683,9 млн.теңгеге жеткізу көзделсе, бұл көрсеткіш 20,3%-ға немесе 138,6 млн.теңгеге артық орындалды.

2010 жылдың 1 сәуіріне негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 122,6 млн.теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-наурыз айындағы деңгейіне қатысты 123% құрап, 22,9 млн.теңгеге артса, жоспар-тапсырмадағы деңгейіне қатысты 127,7% құрап, 26,6 млн.теңгеге артық болды. Оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша: республикалық бюджет – 1,1 млн.теңге, жергілікті бюджет – 43,5 млн.теңге, жеке қаражат – 78,0 млн.теңге.

Жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 2010 жылдың 1 наурызына орта есеппен 50429 теңгені құрап, былтырғы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 5,2%-ға жоғарылады.

2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылық өнімдері 1033,9 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 116,7%-ға немесе 148 млн. теңгеге артса, жоспар-тапсырмамен салыстырғанда 6,2 млн.теңгеге немесе 0,6%-ға кем.

2010 жылдың 1 сәуіріне барлық категориядағы шаруашылықтарда ірі қара 73425 бас, қой мен ешкі – 287637 бас, жылқы – 18076 бас, құс 28085 бас. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 482 басқа, қой мен ешкі 2755 басқа, жылқы 622 басқа артқан.

Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 2488,5 тоннаны құрап, 2009 жылдың 1 сәуіріндегі денгейге қатысты 112,1% құрады. Жоспар-тапсырмамен салыстырғанда 158,8 тоннаға немесе 6,8% артық. Сүт өндіру – 6703,9 тонна, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 107,9% құрады. Жоспар-тапсырмадан 257,1 тоннаға немесе 4% артық. Жұмыртқа алу – 693,3 мың дана (былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 105,6%) құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) ағымдағы жылдың 1 наурызына 846,1 млн.теңгенi құрап, 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға немесе 80,2 млн.теңгеге артты.

Тіркелген шағын кәсіпорындар саны 127 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 72 немесе 56,7%, наурыз айына берілген жоспар-тапсырмадан 1,1% кем.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 387 адам болды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58 адамға кем. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 1,0% болып, былтырғы жылдың деңгейінен 0,1% кеміді. 2010 жылдың І тоқсанына жалпы жұмыссыздар саны 2098 адам, жоспардағыдан 20 адамға артық. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,5% болып, жоспар-тапсырмадағы деңгейде қалыптасты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 0,3% кем.

Жыл басынан бері 179 адам жұмысқа орналастырылды, бұл көрсеткіш жоспардағыдан 85 адамға, өткен жылдан 118 адамға артық. 2010 жылдың қаңтар-наурызында 51 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 1 сәуірге 63 жаңа жұмыс орындары ашылып, тапсырмадан 12 адамға артық, былтырғы жылдан 307-ге кем.

Аудан бойынша күн көрісі төмен азаматтар саны ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 3000 адамды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 754 адамға, жоспармен салыстырғанда 888 адамға азайды. (слайд №7)

2010 жылдың 3 айында 1150 шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланса, қосылғаны 322 шаршы метр, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 24,2% құраса, жоспар-тапсырмаға қатысты 28% құрады.

Жергілікті бюджетке 295,3 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 101,6%-н құрап, жоспар-тапсырмадан 1,5% артық орындалып отыр. Оның ішінде: жеке табыс салығы 94,1 млн.теңге (116,9%), әлеуметтік салық 88,7 млн.теңге (121,5%).

Жыл басынан бері 280,0 млн.теңге субвенция, 24,2 млн.теңге даму трансферттері және 93,7 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер алынды, бюджеттің игерілуі 96%-ды құрады.



«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2010 жылға барлығы 456,1 млн.теңге қаржы бөлініп, оның ішінде: республикалық бюджеттен 311,5 млн.теңге, облыстық бюджеттен 13,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 131,6 млн.теңге қаралған. Барлық 28 жоба бойынша 500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Білім саласындағы 18 жобаға 124,5 млн.теңге бөлініп, 16 жобаға, денсаулық сақтау саласындағы 2 жобаға 52,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 1 жобаға, Аягөз балалар психоневрологиялық емдеу-әлеуметтік мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарына 8,8 млн.теңге, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бойынша 2 жобаға 101,9 млн.теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу өтті.

Әлеуметтік жобалар бойынша 3 жобаға 17,9 млн.теңге, қаланы көріктендіру және көгалдандыру бойынша 2 жобаға 151,0 млн.теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу өтпеген.

Аудандық экономика және

бюджеттік жоспарлау

бөлімінің бастығы К.Уәлиев




Орындаған: А.Убина,

Тел: 3 30 67

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет