Астана ақшамы. – 2011. - №57. - 24 мамыр
Болашақ студенттер бас қосты
Талапкер – 2011
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайында Астана қаласының жетекші жоғары оқу орындарының басшылары болашақ талапкерлермен кездесті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және «Астана медициналық университеті» АҚ ректорларымен өткен кездесуге №4, №17, №15 мектептердің үздік түлектері мен мектеп президенттері қатысты.
Мемлекеттің көрсеткен қолдауының нәтижесінде адам капиталын дамыту қажеттілігі мен маңыздылығы және білім саласындағы реформаларды жүргізуді жан-жақты қолдау шаралары Қазақстан Республикасындағы білімнің қарқынды дамуы мен өсіп-өркендеуінің негізі болып табылады. Мұражайдың білім бағдарламасының негізінде Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Зияткерлік ұлт – 2020» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат – зияткерлік элитаны қалыптастыра отырып, Қазақстан халқын бәсекеге қабілетті ету. Жоғары мектеп ректоратымен кездесудегі басты мақсат та сол- мектеп түлектерінің таңдаған білім мекемесінде кәсіби кадрларды дайындаудағы инновациялық тәсілдердің болуы, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігіне ие болу. Ұлттық стратегтердің, басқарушылардың және ұйымдастырушылардың болашағы таңдау жасаған білім мекемелерінің тарапынан ұсынылған білім қызметінің сапасына байланысты екені анық. Жүздесуге болашағын экономика, кедендік іс, туризм және әлеуметтік жұмыстар саласымен байланыстыратын мектеп оқушылары жиналды. Кездесуде мектеп түлектері үшін арнайы бағдарлама әзірленіп, ол бағдарламаның көмегімен оқу орнының ректорат мүшелері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері болашақ талапкерлерді қызықтырған сан-салалы сұрақтарға жауап берді. Жоғары білім алудың маңыздылығы мен өздерінің университеттеріндегі білім сапасы, халықаралық жобалары жайында оқу орындарының басшылары кеңінен айтып берді.
Достарыңызбен бөлісу: |