Астана ақшамы. 2014. №23 қаңтар



Дата30.06.2016
өлшемі35 Kb.
#167246
Астана ақшамы. – 2014. - № 8.- 23 қаңтар

Аханқызы Н.


Аграрлық саланың сүйенері – зерттеу университеті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасы жолдауына байланысты студенттер зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Аталмыш шараға қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Әділ Ахметов, Анатолий Башма­ков жөне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Егор Каппель қатысып, жастармен ой бөлісті.

Университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев өз алғысөзінде: «Елбасы жолдауында аталып өткен аграрлық мәселелердің шешілуіне біздің ұжымның тікелей септігі бар. Қазіргі таңда алдымызда жаңа әрі маңызды міндеттер тұр. Өйткені, Президент тапсырмасына сәйкес, университетіміздің базасында еліміздегі ең алғаш ауыл шаруашылығы саласының әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті құрылды. Бұл - оқу орнымыз үшін әлемнің жетекші аграрлық зерттеу университеттері деңгейімен теңесуге жол ашатын маңызды тарихи қадам. Сондықтан, біз өзара тиімді әріптестіктің дамуына, талантты жастар мен жоғары білікті мамандарды тартуға ерекше қызығушылық білдіреміз» деді.



Аталмыш оқу орнының студенттерімен алғаш кездесіп отырған, ұлт зиялысы Мырзатай Жолдасбеков жастарға жолдаудың мән-мазмұнын түсіндіріп, кешегі мен бүгінгіні сабақтастыра тарихтан сыр шертіп, ақсақалдық өсиетін айтты. «Қазақтың келешегі сендердің белдеріңде жүр. Белдеріңді сақтаңдар, елдеріңді сақтаңдар!» деп, жастарға сенім арта сөйлеп, студенттердің шәкіртақысын 50 мың теңгеге дейін көтерсе де артық етпейтінін тілге тиек етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет