Реферат Тақырыбы: СӨС компоненттерінің сипаттамасы-тиімді тамақтану



бет1/2
Дата14.01.2023
өлшемі50.65 Kb.
#468392
түріРеферат
  1   2
СӨС компоненттері


«Астана медициналық университеті» КЕАҚ


Жалпы медицина


Реферат
Тақырыбы: СӨС компоненттерінің сипаттамасы-тиімді тамақтану


Орындады:Азатов Ж.И.
Факультет:Жалпы медицина
Топ:122-ОМ
Қабылдады:Кушмагулова А.К.
Күні:02.10.2022ж

Астана 2022ж

СӨС компоненттерінің сипаттамасы-тиімді тамақтану
Жоспар:


  1. Денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану

  2. Салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі - рационалды тамақтану

  3. Дұрыс тамақтану ережелері

  4. Дұрыс тамақтану — тамақтан тыйылу емес

  5. 16-қазан – Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күні!

  6. Әдебиеттер тізімі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі - рационалды тамақтану. Толығырақ қарастырайық. Оған тіндер мен мүшелерді оңтайлы жағдайда ұстауға қажетті осындай компоненттер кіреді. Мұндай тамақтану организмнің жақсы жұмыс қабілетін сақтайды, өмір сүру ұзақтығын арттырады, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділік пен төзімділікті арттырады.


Сіздің диетаңыз әртүрлі болуы керек. Тағам теңдестірілген, орташа калориялы болуы керек. Ақуыздар дененің негізгі құрылыс материалы болып табылады. Майлар - салауатты өмірдің маңызды компоненттері, олар бүкіл дененің өмірінде маңызды рөл атқарады, тағамның дәмін жақсартады. Көмірсулардың көмегімен біз физикалық және зияткерлік белсенділікке жеткілікті энергия аламыз.
Есіңізде болсын, пайдалы тамақ өсімдікке негізделген, ал ең жақсы тамақ - табиғи. Дәрумендер туралы ұмытпаңыз. Өйткені, «вита» грек тілінен аударғанда өмір деген мағынаны білдіреді. Микро- және макроэлементтер дененің барлық жасушаларының, қан мен ұлпа сұйықтығының мембраналарының бөлігі болып табылады. Судың біздің өміріміздегі рөлін асыра бағалау да қиын. Сондай-ақ, рационалды диета тұжырымдамасы тұрақты, теңдестірілген және уақытылы тамақтануды қамтиды.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді, деп хабарлады Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі.
Дұрыс тамақтану ережелері:
· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек.
Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
· тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек.
 Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
· таңертеңгі асты мұқият қабылдау.
Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.
Дұрыс тамақтану ережелері
1. Өлшемділік ережесі. Адам күніне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбір қабылдау барысында астың мөлшері 2 алақанды қосқандағы уыс көлеміне тең болуы тиіс. Сонда қабылдаған ас, асқазанның 3/4 бөлігін ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлімен әрекеттесуі үшін, бұл ережені қатаң түрде сақтау қажет.

2. Астың негізгі мөлшерін қабылдау 12.00-14.00 аралығына сәйкес келуі тиіс. Бұл кезде От элементі мен бауырдың белсенділігі жоғары болады. Сондықтан қуатты, майлы астар тәуліктің осы кезінде қабылдануы тиіс.
3. Суық кезде жеміс пен көкөністерді қолдануды шектеу керек. Суық мезгілдерде піспеген затты жеу салқын тиюге, ісіктің пайда болуына, ас қорыту мәселелерінің туындауына алып келеді. Себебі, жемістер мен көкөністер қасиеті бойынша салқын заттар қатарына жатады. Оларды жиі қабылдау ішкі жылылықты төмендетеді және организмдегі барлық үдерістерді баяулатады.

4. Жаңа пісірілген тағамды жеу. Ұзақ сақталған тағамдарда улы заттар мен салқындық қасиет жиналады. Ал, етке бұл қасиет тән емес, суықта сақтаған сайын жылылық қасиеті арта түседі.

5. Тамақты мұздай немесе ыстық күйде пайдалануға жол бермеу керек. Астың жоғары немесе төмен температурада болуы асқазан сөліне зиян келтіреді. Ыстық күнде біз үй бөлмесінің температурасындағыдай суды ішуіміз керек. Егер мұздай суды пайдалансақ, оны жылыту үшін организм көбірек энергия жұмсайды, одан кейін су асқазан сөліне араласады.

6. Тағам қабылдау барысында сұйықтық ішуге болмайды, ішкен жағдайда ас қорыту сөлінің шоғырлануы азайып, асқазанның ас қорытуы төмендейді.

7. Ас қорыту шоғырлануының Оты жоғары болғанда, бірінші қою тағамды жеп, 20-30 минуттан кейін сұйық тағамды ішкен дұрыс. Егер керісінше тамақтанса, онда тамақты қорытатын ферменттердің шоғырлануы төмендеп, ет, ботқа, жеміс тағамдары қорытылмай қалады.

8. Асты қабылдаудан 20-30 минут бұрын бал, тұз немесе лимон шырыны қосылған бір құты ыстық су ішу қажет. Аталған барлық қоспалар ас қорыту жүйесін жақсартып, асқазанды кілегейлерден тазартып, асты қорытуға дайындайды.

9. Асты жануарлар майымен ғана әзірлеу. Ең жақсысы - ерітілген сары май. Сары майды қыздырған кезде улы заттар пайда болмайды, бұл оның көптеген өсімдіктер майынан айырмащылығын көрсетеді. Қыздырылған сары майдың шектеулі мөлшерін кез келген жастағы адамға, кез келген науқасқа қабылдауға болады. Осы қасиетіне қарай оны Шығыста жоғары бағалайды.

Тамақтану жайлы аталмыш үйлесімділік ережелері оқырмандарға табиғаттың заңына сүйене отырып, науқастануға жол бермеуге көмектеседі. Дұрыс тамақтана білу - кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн. 


Дұрыс тамақтану — тамақтан тыйылу емес
Қазақ халқы «Ас — адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының басты кепілі бұл дұрыс тамақтану. «Ауру — астан...» демекші кез келген ауруды астан табуға болады. Дұрыс тамақтану дегеніміз күнделікті тұтынатын тағамды тепе-тең етіп пайдалану. Яғни әрбір өзіңізге қажетті калорияны жеткілікті мөлшерде тұтынуды айтамыз. Күнделікті тағам рационында қандай тағам түрлері болуы керек? Оның құрамында қандай дәрумендер болуы қажет? Ақуыздың, көмірсутектің мөлшері қаншалықты болуы керек деген мәселені алдымен ажыратып алған жөн.
Тағы бір ерекше атап өтерлігі, күнделікті өмірде таза суды жеткілікті мөлшерде пайдалану. Ол үшін адам әуелі өзінің салмағын есептеп, соған сәйкес күн сайын қаншалықты мөлшерде су пайдалана алатынын анықтай алады. Бірақ бұған күнделікті судан бөлек ішетін шәй не болмаса өзге де сусындарды жатқызуға болмайды. Мамандардың айтуынша, судың мөлшерін тиісті деңгейден түсірмеген уақытта ғана «толыққанды дұрыс тамақтануға бетбұрдым» деп айта аласыз. Кей адамдар күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішкенімен тәттіні шектен тыс қолданып жатады. Болмаса өте майлы тамақтарға жақын болуы мүмкін. Диетологтардың пікірінше, мүмкіндігінше дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдар тәттіден бас тартқаны дұрыс. Тәттілерден бастартқанымен оларды алмастыратын бастысы денсаулыққа пайдалы тағамдармен алмастыру қажет дейді мамандар. Сондай-ақ қуырылған тағамдардан аулақ болғаны абзал. Мәселен, қуырылған тамақтар бірінші кезекте асқазанға зиян келтіретінін естен шығармаған жөн.
Дұрыс тамақтануға көшкен адамдар міндетті түрде спортқа ден қояды. Күнделікті уақытының бір бөлігін спортпен шұғылдануға арнайды. Ал осы дене белсенділігі дұрыс тамақтануға көп әсер етеді. Дұрыс тамақтану мен спортты қатар үйлестіре алып жүретін болсаңыз, көптеген жетістікке жетесіз. Дене мүсініңізде бірте-бірте тартыла бастайды. Артық майлардан тезірек құтыласыз. Бұлардың барлығын спортпен түзеп, әдемі сымбатқа келуге болады.
Денсаулығыңызға бей-жай қарағыңыз келмей ме, тамақтану кестесін белгілеуден бастаңыз. Тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес. Белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек. Тамақтың құнарлы болғанына көңіл бөліңіз. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірінің әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн.
Есіңізде сақтаңыз: Кешкі 6-дан кейін тамақтанбаған дұрыс. Бұл ешкімге де жаңалық емес, алайда біз осы жайды жиі естен шығарамыз. Диетолог мамандар бұл заңды арықтаудың алтын ережесі деп атайды. Ал жан мен тән гармониясына жетуді аңсайтын және салауатты өмір салтын ұстанатын йогтар тамақты тек күндіз жеу керек дейді. Кешкі тамақтан бас тарту, не оны ертерек ішу шынымен арықтауға көмектеседі. Қарбалас заманда бұл ережені ұстану өте қиын. Көбіміздің басты тағамымыз кешкі ас болып табылады. Сондықтан бұл ережені ұстанамын десеңіз, сіз толыққанды таңғы ас пен түскі ас ішуіңіз керек. Кешкі сағат 6-ға дейін тамақтанып үлгермесеңіз, ұйықтағанға дейін 3-4 сағат бұрын тамақтанып үлгеріңіз. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1675229-durys-tamaqtanu-erezheleri/
Әрине, күнделікті рационның жартысынан көп бөлігін күннің бірінші жартысында жеу керек, ал кешке жеңіл, майсыз тағамдарды таңдаңыз. Жемісті де таңдай біліңіз. Жеміс-жидектің құрамындағы қанттар да адам денсаулығына кері әсер береді. . Мысалға, жүзім мен банан тәтті бәліш немесе тортмен бірдей. Артық салмақтан арылуды мақсат етсеңіз, қарбыз, грейпфрут, ананас, құлпынай, қараөрікті таңдағаныңыз жөн. Бұл жеміс-жидектер арықтауда пайдалы. Сонымен қатар, асықпай шайнап үйреніңіз. Тамақтануға көбірек уақыт бөліңіз. Миға тойғанымыз жайлы белгі жеткенше, біз тойып та, артық жеп те үлгереміз. Сондықтан барынша ақырын, асықпай тамақтаныңыз. Сондай-ақ тамақ жегенде теледидар қарау әдетінен арылыңыз. Ми фильмдітүсінуден босамай, не, қандай мөлшерде жегеніңізді байқамайды. Тамақты мөлшерден артық жеп қоймау үшін асыңызды кішкентай тәрелкеге салып жеуден бастау керек. Ең бастысы су ішуді әдетке айналдырыңыз. Су аштық сезімін қадағалап, зат алмасуды ретке келтіреді. Қажетті мөлшерде су ішіп жүру арықтауға өз септігін тигізеді. Күніне 1,5 литр су ішу сіз үшін тұрақты ереже болсын. Бұл мөлшерге шай мен түрлі шырындарды қоспаңыз. Адам денесінің 55-70 пайызы судан тұратынын есептесек, ол барлық алмасу, қышқылдану, термо реттеу және басқа да процестерге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет