Астана Ақшамы №24 (2345) Сейсенбі 3 наурыз Ақсұңқар ақыңды еске алды Гүлжан рахман



Дата27.02.2016
өлшемі25.5 Kb.
#28431
Астана Ақшамы №24 (2345) Сейсенбі 3 наурыз

Ақсұңқар ақыңды еске алды



Гүлжан РАХМАН

Қазақ агротехникалық университетінде қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің қаза тапқан күніне орай ұйымдастырылған «Рухтарды көмбейді қара жерге...» атты еске алу кеші өтті. «Қазақты Қазақ дейік, қатені түзетейік» деген Сәкен Сейфуллин - Қазақ атауына араша тусіп,ұлтына төнген қауіпті ертб сезінген, елінің тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен қоғам қайраткері. Бар ғұмырын қазақтың тілі мен дініне, елінің азаттығына арнаған мемлекет «қайраткері, дауылпаз ақынның еңбек жолы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Ол «Қазақ халқына оқу керек, оқу керек, оқу керек!... Оқымаған адам, оқымаған халық -надан, қараңғы, соқыр» деген берік устанымда болған жан. Тіпті Үкімет басына келгеннен кейін де жоғары оку орындарының студенттеріне шәкіртақы бөлу туралы қаулы қабылдатып, заң, экономика, медицина, әскери мамандықтар бойынша ұлттық кадрларды дайындауға үлесін қосқан. Әсіресе қазақ балаларының Ресейде білім алуы үшін 1140 грант бөледі. Сол жылдары тағайындалған шәкіртақымен оқыған жастардың арасынан кейін ірі ғалымдар мен өнер қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Петербург университетінде оқыған Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғүлан, Томск политехникалық институтында білім алған Қаныш Сәтпаев бар.

Сәкен - 1927-1929 жылдары Қызылорда халық ағарту институтының, сонан соң Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының доценті, Қазақ коммунистік журналистика институтының профессоры лауазымдарында жемісті қызмет атқарған ұлағатты ұстаз ретінде де тарихта өз ізін қалдырған ірі тұлға. «Сәкеңнің нар тұлғасы, өнегелі ісі тарих күнпарағын да мәңгі жазылып қала бермек. Сәкен бабамыздың азаматтық борышы, халқына жасаған жақсылығы бүгінгі ұрпақ келбетіне үлгі, тәлім-тәрбие болмақ. Оның Отанын сақтап қалу жолындағы жанқиярлық әрекеттері - бүгінгі үрпаққа үлгі болғанын қалаймын», - деді еске алу сөзін сөйлеген ақынның немере қызы Рымжан Мәжитқызы.

Сондай-ақ кеш барысында Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты АНығызбаевтың орындауында «Тау ішінде» әні шырқалса, С.Оспанов «Сәкен аға», «Үш арыс» сынды әндерімен көпшілік жүрегіне жол тартты. Мәдениет қайраткері Ж.Жүзбаевтың орындауындағы «Сейфолланың шертпесі» күйін тыңдаған қалың қауым, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ сазды драма театрының әртісі Б.Исабекова оқыған «Сәкеннің жары Гүлбаһрамның монологына» көңілдері босап, көздеріне жас алды. Аяулы жанның ардақты жарын аңсаған ащы запыранды сағынышы кім-кімнің де сай-сүйегін сырқыратып жіберердей еді. Кештің қонақтары ақиық ақын туралы естеліктер мен шығармашылық зерттеулерін тілге тиек етті.



Кеш соңында «Бір жалт еткен ғұмырың...» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет