Астанадағы Аграрлық университетте Қытай қуыршақтарының көрмесі ашылды



Дата09.07.2016
өлшемі7.71 Kb.
#186587
2011-06-23 18:22:00.0

Астанадағы Аграрлық университетте Қытай қуыршақтарының көрмесі ашылды

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қытай халқының мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін Қытай қуыршақтары көрмесі өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.



«Бейжің операсы кейіпкерлерінің бейнесі» атты көрменің Қазақстанда Азия елдерінің ішінде алғашқы болып ұйымдастырылуына Қытай елінің мәдениет министрлігі және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жанында жұмыс істейтін Қазақ-қытай ғылым және білім орталығы мұрындық болды.

Көрмеге әрқайсысының ұзындығы 60 сантиметр болатын 60 қуыршақ қойылды. Әр бейне Қытай халқының осыдан 2-3 мың жылдар бұрынғы саясат, философия, этика, әдебиет, эстетика мәдениетінен сыр шертеді. Қытай операсы 4 негізгі техникаға негізделген: ән айту, диалог және монолог, қимыл-әрекет, акробатикалық күрес. Сонымен қатар, қозғалыстың бес әдісін қамтиды: қол, көз, дене, ишара  және қадам. Бейжің операсы әлемде ең бай үлгідегі костюмдерімен ерекшеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет