Астана қаласы
Жалпы шолу
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын «Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды» деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді.
Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады. «Астананы көгертейік!» деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен.
Қаланы қоқыс пен кірден тазартып алған соң, әсем табиғат аясында демалудың өзі қандай ғанибет! Сәулетшілер мен экологтардың мақсаты – Астананы жасыл оазиске айналдыру. Бұл бағыттағы бастапқы қадамдар жасалып та үлгерді. 6 саябақ, 20 шақты гүлбақ (сквер) пен қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы сулы-көгалды булварь – соңғы жылдардың жемісі деп мақтануға тұрарлық. Бұл күндері Есіл өзенінің жағасында Президенттік саябақтың, Ақбұлақ жылғасының жағасындағы, Сарыарқа көшесіндегі жасыл аймақтардың құрылысы аяқталуға жақын. Осынау атқарылған шаралар ғажайып жоспардың кішкентай бөлігі ғана болса керек, ал, қалғанының іске асуы үшін тағы бір онжылдықтың өзі аздық ететін секілді.
Сәулеттік туындылармен қаланы көркейтіп келе жатқан құрылысшылардан «жасыл» әлем орнатушылар да қалыспайды. Астананың қазіргі заманға сай өркендеуі үшін, қаланың саябақтары мен гүлбақтарын ең озық үлгіде жасандырып, сәндеуге ландшафты сәулеткерлер кірісті. Сән әлемінің отаны саналатын ұлы Париж үлгісімен алдағы уақытта Ақбұлақ өзенінің жағасында «Арай» саябағы бой көтереді. Оның өзгелерден ерекшелігі ағаштардың барлығы симметриялы орналасады. Ал, орталық стадион алдынан гүл-кілемдер төселген алаңқайда «Олимпиядалық шар» пайда болады.
Уақыт қалай тез өтетінін кейде аңғармай да қаласың. Өткен жылы ғана ашылып, қала жастарын қуантқан сол жағалаудағы «Ғашықтар саябағының» жасыл өркендері бүгінде желек жая бастады. Енді бір-екі жылда кәдімгідей бой түзеп, махаббат пен сырлы сезім шертер ғашықтардың әнін бірге салатын да болады. Ал «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесі дайындаған «Жақұтты дөңгелек» жобасы тіпті таңқаларлық. Бұл 75 мың гектар алқапты алатын, Астана қаласын сыртқы қапталдан дөңгеленте орайтын жобаның жартысына жуығы дайын көрінеді. Шамамен 2-3 миллиард теңге жұмсалатын жасыл белдеудің пайдалануға берілетін уақыты 2015 жылдың аяғы деп белгіленіп отыр. Теңдесі жоқ жасыл белдеуге қазіргі күні 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылып жатыр. Сар далаға «жасыл оазисті» орнату оңай шаруа емес. Қазіргі кезде ғалымдар осы өлкенің топырақтық картасын дайындап, тәжірибелер жүргізуде. Экологтар бұл жерге тек жергілікті жердің табиғатына бейім, бұрыннан өсіп келе жатқан ғана ағаш сорттарын, әрі өскіндерді тамыр жүйесімен отырғызуды ұсынады. Табиғатты қорғау мәселесі бұдан былай қатаң жолға қойылмақ.
Ендігі жерде әрбір заң бұзушылар еңбегімен өтем немесе ақшалай айыппұл төлеуге міндетті. Тек қана өткен жылдың сәуір айында Астананың Сарыарқа ауданының инспекторлары көліктерін белгіленбеген орында жуғаны үшін автокөлік иелеріне жалпы сомасы 398,6 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Құрылыс қоқыстарын көрсетілмеген орындарға төккені үшін 280,1 мың теңге, ал қоқыстарды жүретін жол бойына төккені үшін 262,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан былай орман кодексін бұзушылармен де қатаң заң талаптары бойынша күресу көзделген. Егер компания өндіріс қажеттіліктеріне орай бір гектар орман ағаштарын кесетін болса, екі гектарға түгелдей ағаш отырғызып, оған 10 жыл бойына күтім жасауға міндеттеледі. Жеке тәртіп бұзушыларға да қойылатын талап осындай. Бір ағаш кестің бе, екеуін отырғыз!
Тың өлкесі саналатын бұл мекеннің «көк» құжаты әр кез мақтаулы. Сондықтан да астананы Ақмолаға көшіруді экологтар қызу мақұлдаған болатын. Алайда, әр нәрсенің бір қиындығы болады. «Бас қала» статусымен бірге қалаға көптеген проблемалар да келді. Ең бірінші мұнда қоршаған ортаның тазалық мәселесі қиындап кетті. Қоршаған ортаны ластайтындар – қазандықтар мен ЖЭО-ы, өндіріс және құрылыс алаңдары, автокөліктер болып табылады. Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Гринпис» атты кең ауқымды бағдарламаны дәстүрге айналдырды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, қаланың экологиялық жүйесі біршама деңгейде жақсарды. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар деңгейі стационарлық көздерге қарағанда 2003 жылы 51,5 мың, ал 2004 жылы 44,2 мың және 2005 жылы 43,9 мың тоннаны құраған. Соның өзінде қалдықтардың 90 пайызы «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің еншісіне тиеді екен. Бұл нысандарға қазіргі кезде жоғары деңгейлі тазартқышы бар күл аулағыштар орнатылған. Сондықтан атмосфералық қалдықтардағы күл үйінділерінің қосындысы 8 есеге қысқарды. Күкіртті бөлінулер 3 есеге азайды. Тазалау жүйелерінің жаңартылған түрлері мен мен қазандықтарды бастан-аяқ жөндеуден өткізу – қай қала үшін де салмақты әрі қымбат тұратын операциялармен бара-бар.
Бас қаламыздың экожүйесінде бүгінгі күні ең әлсіз звено деп автокөліктер жағдайын айтуға болатын шығар. Астана жолдарымен күнделікті 100 мыңнан аса ауыр және жеңіл көліктер жүреді. Бұлардың барлығы жиналып улы қалдықтардың айтарлықтай, атап айтқанда, жалпы көлемнің 40%-ын құрайды. Мамандар автокөлік иелеріне ілеспе газды пайдалануды, ал қалалық автопаркті электр көліктермен толтыруды әрі жанармай сапасына қатаң бақылау қоюды ұсынып отыр. Біздің жер қойнауларымыз пайдалы қазбалармен байытылған болса, үстіңгі жағы зиянды қалдықтарға толып барады. Егер көрінбейтін ауа «қалдықтарымен» жоғарғы технологиялар көмегі арқылы күресетін болсақ, тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан тек қана көму арқылы құтылуға болады. Астана қаласының шығыс жағында қала бойынша қалдық-қоқыстар көметін бір ғана орын бар. Бұл полигонның аумағы 65,4 гектар. Арнайы дайындалған карьерде 1972 жылдан бері қалдықтарды көму жұмыстары жүргізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, оны шамамен 2010 жылға дейін пайдалануға болады. Бүгінге дейін полигонға 14 млн. м3 қалдықтар көмілген. Жыл сайын мұнда 450-500 мың м3 қалдық-қоқыстар келіп түседі екен. Ал, жаңа полигонның құрылысына байланысты жоба дайын тұр.
Еліміздегі үлкен қалаларға жүргізілген мониторинг, экологиялық қолайсыз қалалардың алдыңғы қатарын Алматы мен Өскемен бастап келе жатқанын, ал, ең қолайлы, таза қалалар басында Астана мен Қостанай тұрғанын көрсетті. Қай аймақтың болмасын, өзен-көлдерінің, ауасының тазалық деңгейлері қаланың басты көрсеткіші болып саналады. Осыдан барып, Атмосфералық ауаның ластану индексі(ААЛ5) және Су деңгейінің ластануы (СДЛ) секілді «көк» әліппенің алғашқы түсініктерін таратуға болады.
Қазақстанның үлкен қалаларындағы атмосфера мен су деңгейлерінің ластану индексі динамикасы
Қалалар атауы
|
ААЛ5
|
СДЛ
|
2003ж.
|
2004 ж.
|
2003 ж.
|
2004 ж.
|
Астана
|
3,9
|
3,1
|
1,04
|
0,93
|
Алматы
|
11,3
|
15,0
|
3,30
|
1,30
|
Өскемен
|
8,9
|
7,0
|
1,18
|
1,90
|
Қостанай
|
3,6
|
3,5
|
0,61
|
0,57
|
Астана үшін таза судың қайнар көзі саналатын, жыл сайын 67 млн; сумен қамтитын, жобалық сыйымдылығы 410,9млн; болатын Есіл аумағындағы Вячеславск су қоймасының орны ерекше. Мұнда соңғы бес жыл көлемінде суды жинау 20 пайызға, ал тұрғындардың суды пайдалануы екі есеге артқан. Қазіргі уақытта Интернациональный және Мичурин поселкелерінде су қоршауы желілеріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Талдыкөл» ағын су жинағышын жою жұмыстары жүргізіліп, жаңа сусорғыш станциялары пайдалануға берілді. Бұл шаралар пайдаланылатын сулардың құрамын тазартуға, балдырлы құрамалардың жиналмауына септігін тигізеді.
Бүгінгі күні қаланың негізгі тамыры саналатын Есіл өзеніне үлкен көңіл бөлініп отыр. Өзен жағасына бөгендер орнатылып, Ақбұлақ жылғасының айналасы абаттандырылды, арнайы құрал-жабдықтармен өзеннің түбін тазарту жұмыстары басталды.
Астана қаласында бірнеше ұзақ мерзімді экологиялық жобалар бір мезетте жүзеге асырылып келеді. Тұрғындардың экологиялық білімін арттыру мен белсенділігін көтеру мәселесі үлкен маңызға ие. Экологтар «жалғыздың үні шықпас» деген халық даналығын бетке ұстап, қала тұрғындарын өздерін қолдауға шақырады. Бұл саладағы олардың іс-шаралар реті әр түрлі, солардың қатарына «қоқысты тастамау қағидасы» секілді кішкентай мәселелерден бастап, жалпықалалық сенбіліктерді өткізуге дейінгі әрекеттер ойластырылған. Есілдің бойында болашақтың ең таза қаласы Астана жайлы арманын өрнектеген жас суретшілердің қиялы шындыққа айналар күн де алыс емес секілді. Оған тек барлығымыздың арман-тілегіміз бен мақсат-мұратымыз бірге үндессе ғана жете аларымыз анық.
Түтін тұмшалаған қала
Аспанмен таласқан биік құбырлар еңбек белсенділігінің белгісі ретінде Кеңестік хроника мен қырықыншы және елуінші жылдардың кинематографиясының кадрларында ғана қалды. Енді, қоршаған ортаны қорғаушылар – экологтардың дәуірі келді. Қаланы тұмшалаған түтін адамға ой салатын да болды. Қарапайым адамның да, табиғат ананың да жай-күйін ойлап, алаңдары анық. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – адамның зәру мұқтаждығын табиғаттың онша зәру емес мұқтаждықтарымен алмастыру.
Әрбір адамға мына өмірде жарық та, жылу да аса қажеті болып табылады. Ал олардың кез-келгенін өндіру олардың өздерінің тұрып жатқан айналасын ластап, қоршаған ортасына зиян келтіретін процеспен байланысты болып келеді. Оның үстіне, бұл процестердің бәрі де үздіксіз жүреді, соған байланысты, одан бөлінетін зиянды заттар да үздіксіз бөлінеді деген сөз. Рас, оның еңбек интенсивтілігі жыл бойына өзгеріп отырады. Бұның бәрі де ЖЭО-мен (жылу электр орталығы), оның өз кезегінде, қаланың жылу мен электр қуатын пайдалануына байланысты жұмысымен, сыртқы ауа мен аймақтық климаттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болып келеді.
Елордамыз үшін жылу мен жарықтың қайнар көзі болып табылатын ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 «Астана-Энергия» АҚ-ның құрамына кіреді. ЖЭО-1 1961 жылдан бері жұмыс істесе, ЖЭО-2 1979 жылдан іске қосылған. Әрбір осындай нысан электр қуатына, бу және ыстық суға органикалық отын қуатын өндіру үшін энергетикалық кешен ұсынады. Органикалық отынды жағу – химиялық тотығу процесі. Оның әсерінен түрлі заттар тотығы мен жанбайтын қалдықтар пайда болады. ЖЭО-на тікелей әсер ететін нысан – атмосфера болып табылады. Гидросфера мен литосфераға, дәлірек айтсақ, су мен жерге әсер етудің өзіндік зардаптары бар. Түтінді газбен сыртқа бөлініп жатқан зиянды заттар астаналық өзен, үйлер мен көшелерге, алаңдар мен саябақтарға шөгеді. Сондай-ақ, ЖЭО-ның аймағында жай қана көміп тастаған өндірістік қалдықтардың пайда әкеле қоймасы анық. Әсіресе, қатты отынды жағудан пайда болған күл-қож қалдықтары (КҚҚ). ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 алаңы қаланың солтүстік-шығысындағы, кәсіпорындық аймақта орналасқан.
Қала күннен-күнге өсіп, энергетиктер мен экологтар өздерінің жаңа талаптарын қоюда. Сонымен қатар, елорданың жасыл келбетін автомобиль транспортының көбеюі де бұзады. Сондықтан да, «Астана-Энергия» АҚ-ның қызметкерлері ЖЭО-ның зиянды әсер етуін жоюға бар күштерін жұмылдыруда: жаңа бағдарламалар жасалып, тың технологиялар енгізіліп, әсері жоғары табиғатты қорғайтын іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол үшін өздері де, мемлекет те қаражат бөліп отыр. ЖЭО-1-дің қаланың эко жүйесіне әсерін азайту мақсатында ескірген технологиялық жабдықтарды ауыстырды. Соның әсерінен, 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы көмір күлін (жану жүйесінің жақсаруы есебінен) 1077, 912 тоннаға, ал күкірт ангидриді 29,476 тоннаға, азот тотығы 4,454 тоннаға азайды. Энергетиктер осы бағытта жұмыс жүргізуде, мәселен, 2006 жылы ЖЭО-1-де батареялық типтің екінші буынды эмульгаторлы КВТ-128-150 қазан қондырғысы іске қосылған. Эмульгаторларды енгізу – түтін газдарын тазалау жүйесіндегі жаңа технологиялық қадам болып табылады. «Астана – Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2-де 2005 жылы №3 және №5 қазан қондырғыларында бұрынғы күлтұтқыштардың орнына тура осындай эмульгаторларды ауыстырды. Түсіндіре кетейік, бізге қажетті жарық пен жылуды өңдейтін кезде, бір қазанға сағатына 75 тонна көмір қажет. Ал ЖЭО-2-дің 180 метрлік құбыры айналаны ластайтын заттарды жеті жарым шақырымға дейін таратып жібереді.
Ақылға салып, ойлап қарасақ, егер де, қазанда күлтұтқыштар тұрмаса немесе жаңа үлгідегі эмульгаторлар болмаса, не болатынын көзге елестету қиын емес. Себебі, дәл осы қондырғылар 2005 жылы ЖЭО-2-нің зиянды заттарының бөлінуін 1300 тоннаға дейін азайтқан болатын. 2006 жылдың наурыз айында алдын-ала жүргізілген сынаққа байланысты, күлдің бөлінуі 350,0 мг/нм3 болған. Бұл ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-дегі қазандардан бөлінген күлден 8,5-9 есе аз. Эмульгатор қондырғылары, сонымен қатар, түтін газдарының суармалы сумен жүз пайыз қатынаста болғандықтан, күкірт диоксидінің бөлінуін де азайтады. Вентури құбырлы күлтұтқыштар күкірт тотықтарының үш пайызын жойса, эмульгатор болса, күкірт диоксидін 15-20 пайызға дейін азайта алады.
ЖЭО-2 қазандарына оны кеңейту және қайта құру бағдарламасы аясында, одан да, тиімді, күшті – электрлі фильтірлі құрылғылармен жабдықталатын болады. Ол қаланың қарқынды өсуіне, соған байланысты, сұраныстың көбеюіне байланысты болып тұр. Жоба бойынша, ЖЭО-2-де негізгі және қосымша құрылғыларды орнату қарастырылуда. Оның басқаларға қарағанда, артықшылығы, тиімділігі мен техникалық, экономикалық және экологиялық көрсеткіштері жағынан байқалады. Кез-келген энергетикалық құрылғылар экологтардың рұқсатынсыз пайдалануға берілмейді. ЖЭО-2-ні қайта жөндеу және кеңейту жөніндегі жұмыстар жобада үш кешенге бөлінген. Жобаны жүзеге асырғаннан кейін, электр қуаты - 120 МВт-қа және жылу - 483 Гкал/с көбееді. Нәтижесінде, кешенді шараларды енгізу зиянды заттардың бөлінуінің деңгейін азайтатын болады.
Алайда, қазіргі таңда, экологтар көмір күлінен шығатын газды басты проблема деп санамайды. Олардың айтуынша, көзге көрінбейтін дұшпан, яғни, азот тотығы анағұрлым қауіпті болып саналады. Олар бірінші кезекте, жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы өтіп адам ағзасына, сондай-ақ, Астанаға көрік берген, қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіреді. АО «Астана-Энергия» АҚ-ы ЖЭО-2-дегі №1 және №2 қазандарда оларды азайту үшін, түрлі шаралар жасауда. Энергетиктер азот тотығын жою жөнінде жобаларды төменгі үрлеу немесе оны жағудың үш сатылы әдістерін жүзеге асыруда. Басқаша айтқанда, отынды жағудың үш қабатты әдісі. Мұнда жағу кезінде, азот тотығының пайда болу процесін баяулатады және атмосфераға тотығып үлгермеген, яғни, адам денсаулығына зияны жоқ азот бөлінеді.
Қысқы жұмыс кезінде, бір сағатта - 126 тонна. ЖЭО-2-де осыншама күл пайда болады. ЖЭО-2-ні іске қосқаннан бері, күл үйінділерінде 1 миллион тоннадан көп күл және қож қалдықтары жиналады. Күл үйінділері үлкен кеңістікті алып жатыр. Ескі үйінділерді толтыру үшін күлдерді жинайтын жаңа сыйымдылықты, қаладан жер алып, құру қажет. Екібастұз тасты көмір күлі құрылыстарда шектеусіз қолданыла береді. Және де бүгінде ЖЭО-2-нің күл үйінділеріне арналған аймақта тиімді құрылыс материалдар зауытының құрылыс жүргізілуде. Ол зауытта жиналған күлдің 50 пайызы пайдаланылады. Ал бұл, жылына 250 тоннаны құрайды. Пайдалы жағы - өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану және күл үйінділерінің қызмет мерзімін ұзарту.
Күлді қоймалжың, яғни, «сұйық құм» күйінде жинайды. «Қойма» ретінде дамбалы, биіктігі жиырма метрлік күл үйінділері бар, жасанды көлшіктер қолданылады. Сол жерлерде олар ондаған жылдар бойы сақтала береді. Әрине, күл түбіне шөге береді, ал су, бүкіл күл үйіндісінің периметрі арқылы қойылған сүзгі арқылы өтіп, техникалық қолданыста пайдалануға беріледі. Таза техникалық және ішуге жарамды суды ЖЭО-2-де пайдалануды азайту үшін, жобада сумен жабдықтаудың екі айналым жүйесі қарастырылған. Бұл бізге белгілі, ГКТ (гидро күлден тазарту) және айналмалы суыту жүйесі. Мұндай жүйелерді сақтау – ЖЭО-2-дегі күл үйінділеріндегі су ресурстарын қалыпты пайдалану мен оны сақтау жөніндегі негізгі іс-шара. ЖЭО-2 сағат сайын 600 шаршы метр техникалық суды алуда, бұл дегенің, табиғи ортаның таза суды пайдалану көлемі азаяды дегенді білдіреді. Одан өзге, күл үйінділерінің картасы арқылы, қоршаған ортаны төменгі деңгейге дейін азайтатын белгілі бір іс-шараларды жүргізу жоспарланып отыр.
Тура осы сынды іс-шаралар, алғашында Тұзды жылғаға, одан кейін, Есілге тасталатын, құрамында майы бар, салқындататын агрегаттармен де жүргізілуде. Өңделген суды қайта пайдалану арқылы астаналық сумен жабдықтау сорғы стансаларын іске қосып, қала тұрғындарының мұқтаждығы үшін қолданылатын таза су қорын үнемдеуге болады.
Салыстырмалы анализ арқылы, экологтар бүкіл кешеннің өте тиімді екеніне көз жеткізді. Демек, астананың тұрғындары мен қонақтары еркін демалатын болады. Яғни, бұл жағдай қалаға қажетті жылу мен электр қуатын өндіретін өндіріс көбейсе де, сол қалпында қалады. Энергетиктердің ойлап тапқан жоспарлары болашаққа арналғаны түсінікті де, демек, әлі де талай іс-шараларды қамтиды деген сөз. Яғни, ескірген жабдықтар ауыстырылып, жаңа технологиялар енгізіледі.
“Астана-Энергия” АҚ (ЖЭО-1 және ЖЭО-2) бойынша өндірістік қалдықтар мен зиянды заттарды бөліну мониторингі
|
2002 жыл
|
2003 жыл
|
2004 жыл
|
2005 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
ЖЭО-1
|
Жанған отын, шартты отын тоннасы (осында)
|
102398
|
136983
|
135264
|
131160
|
Шығарылған өнім:
Электр қуаты, мың.кВт
жылу энергиясы, гКал
|
42545
496725
|
45019
653244
|
46981
646866
|
45893
597436
|
Зиянды заттардың бөлінуі барлығы:
мың. тонна;
шартты отын кг/тонн
|
5,75
56,153
|
7,726
56,401
|
6,905
51,048
|
6,192
47,209
|
Оның ішінде: газ күйінде, мың, тонна
|
2,458
|
3,043
|
1,943
|
2,308
|
Қатты, мың, тонна
|
3,292
|
4,683
|
4,962
|
3,884
|
Күл және қож қалдықтарының пайда болуы, тонн
|
70416,0
|
76019,0
|
83703,0
|
84689,0
|
ЖЭО-2
|
Жанған отын, шартты отын тоннасы (осында)
|
768107
|
802215
|
814122
|
806420
|
Шығарылған өнім:
Электр қуаты, мың.кВт
жылу энергиясы, гКал
|
1412338,6
2062613
|
1436361,9
2248495
|
1442553,0
2243933
|
144329
2380894
|
Зиянды заттардың бөлінуі барлығы:
мың. тонна;
шартты отын кг/тонн
|
35,194
45,819
|
34,434
42,924
|
33,844
41,572
|
33,695
41,629
|
Оның ішінде: газ күйінде, мың, тонна
|
19,351
|
19,608
|
18,801
|
20,006
|
Қатты, мың, тонна
|
15,843
|
14,826
|
15,043
|
13,689
|
Күл және қож қалдықтарының пайда болуы, тонн
|
546892,0
|
565324,0
|
563486,0
|
558249,0
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ағынды сулар
Астананы сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде, үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым желі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі қаладағы су құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде құрылыс жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін көтермеу мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты миллион тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны төгіп те жатады. Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық ағындар табиғи айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде орналасқан «Талдыкөл» атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа толып кету қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың қалдықтарын сіңіріп үлгермей жатыр.
«Талдыкөл» жинауышына қаланың тіршілік әрекетінен күнделікті 136 мың текше метр лас су құйылады. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы бұның көлемі 2,5 есе өсіп, тәулігіне 254 мың текше метрге жетеді екен. Көктем мезгілінде ағынның деңгейі өте қауіпті мөлшерге жетеді. Сондықтан да, амалсыздан санитарлық қашыртқы жасалады. Экологтар дабыл қақты, ал тұрғындардың арасында, қаланың ол жерге жақын орналасқан бөлігін су басады, сонымен қатар, масаның көбеюі мүмкін деген қауесет сөз тарап кетті. Тұрғын санының көбеюі мен жаппай құрылыстың жүргізілуінен, бұл жалпы қалалық мәселеге айналды.
Астаналық үкімет бірден бірнеше қалалық канализация жүйесін «құтқару жоспарын» қарастырды. Олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі тексерілді. Нәтижесінде қалалық комиссия қымбат, алайда, табиғатпен үйлесетін, Шнет пен Ағанас көлдерінің аймағында орналасқан «Қарабидайық» жинауышы жобасын қабылдады. Бағдарлама аясында, қазіргі «Талдыкөл» жинауышын жою да қарастырылған. Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, бүкіл жұмыс кешені үш кезеңге бөлінген. Бүгінде жобаның екі кезеңі жүзеге асты. Оларға жұмыс істеп тұрған төрт тазарту резервуарын қайта жөндеу мен жаңадан екі тазарту резервуары және тұнбаны сусыздандыру цехінің құрылысы кіреді. Сонымен қатар, он бес жыл бұрын салынған «Талдыкөл» жинауышынан «Қарабидайыққа» тұнбаны тасымалдайтын жүйе де қалпына келтірілді. Басқаша айтқанда, Талдыкөлдің ағын суын тазартып, оны Қарабидайыққа айдайды. Сонымен қатар, бастапқы жинауышты құрғатады. Жаңа суқоймасы Астанадан 34 шақырым жерде орналасады. Ағынды сулар азот пен фосфор байланысынан терең биологиялық тазартатын имараттың көмегімен тазартылып отырады. Арнайы цехта әбден сусыздандырылған қалдықтар қоймаланып, жабық алаңда көміледі.
Жобаны жүзеге асыру үшін үш миллиард теңге жұмсалды. Биылғы жылы суды зарасыздандыру станцияларын құру жөнінде де жұмыстар басталды. Ол жерде ағынды суды балық шаруашылығының көрсеткішіне дейін тазарта алады. Келесі кезекте, нөсер суларын тасымалдау станциясы мен тазартылған ағынды тасымалдайтын құбыр желесінің екінші тармағы тұр. Үшінші кезекті жүзеге асыруда, «Қарабидайық» жинауышы 27 млн. текше метрге дейін кеңейтіледі. Талдыкөл көлі өзінің бастапқы мөлшеріне түседі, яғни, 400 гектарға жуық. Сонымен қатар, суқоймасын табиғи тазарту механизмі іске қосылады. Жинауышты жою жөніндегі жоба 2010 жылы аяқталады. Болашақта қазіргі жинауыштың аймағы жасыл аймаққа айналуы тиіс – 18 мыңнан астам гектар жерге терек отырғызылады. Ол жердің бәріне де суару жүйесі жүргізіледі. Яғни, қала тұрғындары қайтадан жанданған көлдің айналасындағы жас ағаштардың көлеңкесінде демалатын болады. Астана экожүйесі де жақсарып, лай тұндырғының орнына қала-саябақ пайда болмақ.
Қоқыстарды жою
Астананың шығыс жақ шетінде тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды төгетін арнаулы орын бар. Бұл полигонның аумағы – 65,4 гектар. Мұнда 1972 жылдан бері арнайы дайындалған қазаншұңқырларда (карьерде) қоқыстар көміледі. Жобаның есебі бойынша аталмыш полигон 2010 жылға дейін пайдаланылады. Жыл сайын полигон аумағына 450-500 мың шаршы метр қоқыстар әкелінеді. Қаланың өркендеуіне байланысты бұл көрсеткіштер де ұлғайып келеді. Қазіргі кезде қала шеңберінде күл үйінділері қалдықтарын жоюға арналған силикатты кірпіштер шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұған инвестициялық көмек көрсетіп жатқан «Тиімді құрылыс материалдары» зауыты ЖШС-і. Мұндай зауыт салу қасиетті Жер-ананың қосымша өндірістік қалдықтармен ластануының алдын алады. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2 секілді орындардың күл үйінділері карталарын қайта пайдалануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюды модернизациялау мен Астана қаласының экологиясын жақсарту» жөніндегі қазақ-испан бірлескен жобасы аяқталды. Бұл жаңа полигон арнайы маталармен жабдықталған, су өткізбейтін екі ұяшықтан тұрады. Мұндай құрылым жер асты сулары мен су қоймаларын ластанудан сақтайды. Қоқыстарды көму технологиясы ығыстыру әдісі арқылы жүзеге асады. Арнайы орында әкелінген қалдықтарды жоғарыға қарай, 14 метрге дейін үйіп жинайды да, әрбір текше жиналып, бастырылады. Жаңа полигонның пайдаланылатын уақыты шамамен 16 жыл деп есептелініп отыр. Бұл шараның тезірек іске асуы – карталар түбіне төселген қорғаныш экран арқылы тұрмыс қалдықтарын көмудің қоршаған ортаға зиянды әсерін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.
«Талдыкөл» су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 2021 гектар аумақты алып жатқан су қоймасының сыйымдылығы 65,5 млн. м²-қа тең, ал бу қазандығындағы судың көлемі 54,0 млн. м²-ты құрайды. Жыл сайын қайнар сулар мен суармалы жер аумағының азаюы су жинағыш қоймалардың суға толып кетуіне себеп болып отыр. Мұның өзі Есілдің сол жағалауындағы жер асты суларының көтерілуіне және 7500 га жердің батпақтануына, қамыс пен қоға секілді өсімдіктердің көбейіп, лай қалдықтардың түзілуіне әкеп соқтырады. «Талдыкөл» су қоймасының аймақ экологиясына кері әсерін жою және алдын алу үшін оны түгелдей таратып, босатылған жерді қалпына келтіру жөнінде шешім шығарылды.
Қазіргі уақытта «Талдыкөл» су қоймасынан «Қарабидайық» су қоймасына биологиялық тазартылған суды тарту жүйесі толық жолға қойылды. Жыл соңына дейін залалсыздандыру стансасының құрылысы аяқталуы тиіс. Сонымен бірге осы уақыт аралығында нөсер суларын тартатын жаңа станса мен тазартылған сулар жүретін құбырдың екінші тартылымы аяқталады деп күтілуде.
Жасыл аймақ
Сарыарқа төсінде саябақты қала тұрғызу туралы ата-бабамыз өткен ғасырда да армандаған болатын. Жасыл аймақ туралы жылнаманың бірінші парақтары он тоғызыншы ғасырдың аяғында, яғни, астана шағын ғана қалашық, Ақмола болған кезінен жазылған. Дәл сол сәтте қалада алғашқы қала саябағы пайда болып, орман ағаштары отырғызылып, Есілдің айналасында алғашқы жасыл аймақ пайда бола бастады. 1904 жылы алғашқы экологиялық жобаны А.Л. Адамович ұсынған болатын, яғни, ол Ақмоланың шет аймағын жасанды жасыл аймаққа айналдырды. Алдын-ала жасалған теріс болжамдарға қарамастан, Ақмоланың шет жағынан жас шыбықтар бой көтеріп, көп ұзамай-ақ, жайқалып шыға келді. Биолог ағашты сор жерге отырғызуға да болатынын дәлелдеп берді. «Қызыл жар» шағын орманында қарағай, қайың, терек, мойыл, бозқарағандар өсетін. Бұл шара кейін де жалғасын тапты. Біртіндеп, қалашық көшелерінде алғашқы ағаштар отырғызыла бастады.
Аймақтың өсімдікті тарихының тағы бір парақтары – Целиноград студенттерінің «жасыл қаласы». Комсомолдар ең үздік іс-шараларды іске асырып, бүкіл бір кварталды құлпыртып жіберді. (Қазіргі «Самал» шағын ауданы). Алайда, кейінірек, кейін анықталғандай, қала жоспарына кішігірім саябақтың енбейтіні анықталды, соған байланысты, ағаштарды кесіп, орнына тұрғын үй ауданы бой көтерді. Қаланың жасыл картасына жаңа астаналық мәртебе де өзгерістерін ала келді. 1997 жылы ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Ақмола аймағында санитарлы қорғау аймағы құрылды. «Экологиялық дәлізді» құру қызметінің жауапкершілігі орман шаруашылығы мен еліміздің басты, табиғатты қорғау ведомствосына жүктелді. Мамандар барын салды, сынақ учаскелерінде өсімдіктердің ондаған сұрыптары сыналып жатты. Ал жасыл аймақ жобасына көптеген жұмыс күші тартылды.
Сәулетшілер мен экологтардың ортақ ойы – елордамыз жасыл желекке орануы тиіс. Бұл бағытта бірінші қадамдар жасалды да. Соңғы бес жылдың ішінде қалада алты бақ, жиырма шақты саябақ пен елорданың әкімшілік орталығында сулы жасыл бульварлар пайда болды. Бүгінде Есілдің жағасында Президент бағының, сонымен қатар, Сарыарқа көшесінен демалыс аймағының құрылысы аяқталып келеді. Сәулет біртумасын құруды қала тұрғызушылармен қатар, «жасыл» сәулеткерлері де қолға алды. Астананы гүлдендіру жұмысына қазіргі заманның дизайнерлері де кірісіп, елорда бақтары мен саябақтарын барынша жайқалтуды уәде етуде. Ақбұлақ өзенінің бойынан француз стиліндегі «Арай» саябақ құрылысы жүргізіледі. Мұнда ағаштар симметриялы орналасатын болады. Ал орталық стадионның алдында түрлі гүлдермен көмкерілген «Олимпиада шары» орнатылады. «Северная корона» тұрғын үй кешенінің жанындағы баққа әр беретін, көп жылдық шырмауық гүлінің өзіндік ерекшелігі бар. Жақында Астананың шағын жасыл аймақтарында елорда халқы үшін бейтаныс ағаштар пайда болады: емен жапырақ тектес магония, куриль шайы, матсудан талы, маньчжур жаңғағы, сүйір жапырақты үйеңкі және басқалары. Әрине, елордалық өсімдіктерге қарағанда, мұндай экзотикалық түрлердің ерекше күтімді қажет ететіні анық. Бұдан кейін, қаланың кез-келген учаскесіне, бақтар мен саябақтарына бақташы топтар бекітіледі. Қала салушылар коммуналды шаруашылықтың алдына нақты жоспар қойды, яғни, жылына он саябақ құрылысы бітуі керек. Ал әрбір жаңа нысанның толығымен бітуі үшін, қазынадан 30-45 миллион теңге бөлінуі тиіс.
Елорданың бас жоспарында толық көрсетілген қаланы көгалдандыру тұжырымдамасы жеке «эко-орманы», «эко-дәлізі», «эко-кеңістігі» бар «эко-қаланы» құруды ұсынып отыр. Жасанды шалғындар, сондай-ақ, жасанды көлдер мен айдындар түрлі ағаштармен айнала қоршалатын болады. Бүгінде қалаға шаған, қайың, қарақат, алма ағаштары, үйеңкі, қарағай, емен, тал ерекше көрік беріп тұр. Бәрінен де, Астана бақтары мен саябақтарында тал, үйеңкі, қарағаш және сары акациялар көп. Құстың самғар биігінен қала кілемдей жайқалып жатыр. Экологтар елорданың жасыл «киімі» қалаға тек қана сән беріп қана қоймай, сонымен қатар, табиғи апаттардан да сақтап қалатынын айтады. Жасыл желектер арнайы жолдармен отырғызылып, қатты желге қарсы қорғаныш қалқан құруда. Мұндай әдіс арқылы желдің жылдамдығын 50-80 пайызға дейін азайтуға болады. Одан өзге, қалың жасыл аймақтар жазғы шаң-тозаң мен қысқы дауылдарды да азайтып, жалпы экологиялық жағдайды реттейді. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, жапырақты ағаштар шаң-тозаңның отыз пайызын, ал қылқан жапырақтылар – 42 пайызға дейін ұстап қалуға қабілетті. Ал бір гектар орман 400 келі күкірт қышқыл газын сіңіре алады.
Келешекте Астананың айналасындағы су артериялары мен жасыл белдеуін қамтитын экологиялық дәлізді құру жоспарлануда. Масштабты бағдарламаны жүзеге асыруда Ресей, Израиль, Канада мамандары еңбектеніп жатыр. Ең басты жасыл осі Есіл өзенінің бойымен өтіп, күрделі сәулет композициясының басты байланыстырушы нүктесі болып, ішкі белдеуден онымен екі жүйедегі «жасыл дәліздер» келіп байланысатын болады. Мұндай «жанды бағыттар» екі бағытта жүргізілетін болады, біріншісі - Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендері арқылы болса, екінші бағыт – Майбалық көлінен сол жағалауға дейін созылады. Тағы да бір жасыл жолақты экологтар темір жол периметрі арқылы салуды жоспарлауда. Бұл ось қаланың тұрғын үйлер және өндірістік бөліктерінің арасында шекара іспеттес болмақ. Астананың айналасын жасылдандыру жөніндегі жоба да жүзеге асып жатыр. Қазақстанның жас астанасын қоршаған, бірнеше миллиардқа бағаланған жасыл шеңберді мамандар 2015 жылы аяқтамақ. Орман отырғызу екі кезеңнен тұрады. Сыртқы қатарға жапырақты ағаштар отырғызылса, ішкі жағында қылқан жапырақтылар болады. Соңғы сегіз жылғы жұмыстың қорытындысы – Астана айналасында 25 мың гектар орман отырғызылды.
Жалпы 75 мың гектар жерді алатын «Зүбаржат алқаның» жартысы дайын болып тұр. Оның құрамына үйеңкі, тал, шие ағашы мен қайыңдар кіреді. Ерекше «экологиялық белдеу» құру үшін, отыздан аса ағаштың түрі пайдаланылып жатыр. Сар даланы жасыл желекке көмкеру қиынға соғуда, себебі, жасылдандыру мақсатында бөлінген жердің тең жартысы сор топырақ болып тұр. Қазіргі таңда ғалымдар тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, топырақ картасын дайындап жатыр. Қаншама зерттеулер жүргізіліп, «жасыл тұжырымдамасы» дәлелденді, яғни, қала маңына орман отырғызуға болады. Негізінен, жергілікті сұрыптардан, жабық тамырлы жүйемен ағаштарды отырғызбақшы. Агрохимияның ескі заңдары артта қалып, жаңа әдістерді белсенді түрде игеруде. Мәселен, құнарсыз қайраңдар ылғалды сіңіретін, бірақ, оны буландырмайтын гидрогелдермен өңделіп,топырақты құнарлындыруда. Шаруашылықтағы екі питомникте бүгінде конвейерлік «жасыл өндіріс» жолға қойылған. Мұнда елордалық бақтар мен саябақтар үшін отырғызылатын материалдарды өсіріп, құнарландырады.
Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылы әрбір қала тұрғыны үшін екі ағаштан және жиырма түптен келеді екен. Астанада барлығы алты мың гектар жер игеріледі. Ал бұл – бір жарым миллион ағаш пен он алты миллион түп. Мұндай тамаша ойды жүзеге асыру үшін ондаған жылдардың кететіні анық. Табиғат адам сияқты емес, асықпайды. Ғашықтар бағындағы жас ағаштар біздің ата-әжелеріміз саясында серуендеген ағаштардың деңгейіне жақын күндері жете қоймасы анық. Енді, басты мәселе, отырғызылған сол бір жасыл желектерді сақтау болып тұр. Ал орман кодексін бұзған адамдарға қатал жаза қолданылатын болады. Егер де, кәсіпорын бір гектар орманға зиян келтірсе, компания екі гектар жерге ағаш отырғызып, оған он жыл бойы қарайтын болады. Ал жеке зиян келтірушілер үшін де жаза сондай, бір тал кессең, екі тал ек. Бүгінде экожүйені құру үшін жүздеген мамандар еңбектеніп жатыр. Олар бәрі де, бір ауыздан, Саябақты қаланы бірігіп жүріп тұрғызу қажеттігін айтады. Экологтар ынтымақтастыққа әрбір қала тұрғындарын шақырып, елорданың «жасыл картасына» әрқайсысының өз үлесін қосуға үндеуде.
Ауыз су
Бәрі де сонау 1998 жылдан басталып еді. «Астана» деп алып-ұшып келушілердің алғашқы легі көп уақыт өтпей-ақ, бұл қаладан көңілдері құлазып, қинала бастады. Әрине, көшіп келушілердің негізгі бөлігін құрайтын, жанға жайлы климат пен қызмет көрсетудің ең озық үлгілерін тұтынуға үйреніп қалған алматылықтар үшін бастапқы жылдардың қиын тигені рас. Қақаған бораны мен суық климаты, қызмет көрсетудің қай саласында болмасын төмен де жайсыз сервис деңгейі, демалыстың қарапайым индустриясы қай жағынан алсаң да, Алматымен салыстыруға тіпті де келмейді. Басқаның бәрін былай қойғанда келушілер үшін ең үлкен қиындық тудырған – ауыз су мәселесі болатын. Көк иіс пен балдырдың дәмі кетпейтін, бұлыңғыр тартқан, лас суға үйрену шын мәнінде бастапқыда адам төзгісіз еді. Әрине, қала белсенділері, Үкімет отырыстарының жиналыстары ма, Мәжілістің төрінде ме, тіпті дастархан басында да ауыз судың жыры таусылмай, дүркін-дүркін көтеріле беретін.
Өз кезегінде қалалық сумен жабдықтаушылар да қарап жатпады. Өзен-су ресурстарына бай Жапония суды пайдаланудың ең тиімді тәсілдерін меңгерген ел ретінде мақтана алады. Сондықтан да күн шығыс елінің үлгісін пайдалану тиімді деп табылып, арнайы бағдарлама жасалды. Жапон үкіметінің 215 млн. доллар көлемінде бөлген грантын иеленіп, нәтижесінде қаламыздағы ауыз су мен оны пайдалануды дұрыс жолға қою мәселесі шешімін тапты. Ауыз су мәселесі тек бір бағытта ғана жүргізілген жоқ. Судың жоғары дәрежедегі тазалығына жету үшін су құбырлары жүйесінің кешенді бағдарламасы жасалып, бірнеше сүзгі станциялар салынды. Қаланы негізгі ауыз сумен қамтитын Вячеславск су қоймасының су жинау көлемі ұлғайып, ондағы судың тазалығын қамтамасыз ететін филтрлердің жұмыс қабілетін бақылау мен қадағалау ең негізгі мәселеге айналды. Айтылған ауыр сын мен ескертпелер де өз нәтижесін берді, көп уақыт өтпей-ақ, су құбырлары арқылы келетін сулар шын мәнінде тазарып, өңі өзгере бастады.
Бүгінгі күні елорданың барлық су сүзгіш станциялары «цеолит» атты химиялық элементтің көмегі арқылы судың сапасы мен түсін жақсартуға мүмкіндік алды. Шынтуайтқа келгенде бұл қордаланған көп мәселенің бірі ғана. Сонау тың игеру жылдары мен кеңес дәуірінен қалған канализациялық құбырлар мен ауыз суды жеткізетін магистраль жүйелердің әбден ескіргені белгілі. Болат құбырлардың ең жоғарғы пайдалану мерзімі 10 жыл екенін ескерсек, қала су жүйесіндегі қиыншылықтардың беті ашылатыны рас.
Қалада жыл сайын ішкі жүйедегі үзілген құбырлар бойынша 950-ге жуық жөндеулер жүзеге асырылады. Уақыты өткен, қолданыстан шығаруды күтіп тұрған осындай құбырлардың жайы негізгі мәселенің бірі. Үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын он шақты километрдегі жүйелер жаңартылады, одан кейін оң жағалаудағы бұрынғы үйлердің су құбырлары жолдарын жөндеу мен қала аумағына кіретін жаңа поселкелерге канализациялық құбырлар жүргізу мәселесі кезекте тұр. Қазіргі кезде жапондық үлгі бойынша 100 мың қала пәтерлеріне есептегіш құралдар орнатылды. Алдағы үш жылда мұндай есептегіштер әрбір үйге орнатылады.
Есіл өзені мен Вячеславск жасанды су қоймасы қаланың негізгі су көзі саналады. 1969 жылы Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының жобасы арқылы жүзеге асқан су қоймасынан келетін су жалпы ұзындығы 1000 шақырымдық, екі бөлікке бөлетін торап арқылы қалаға жеткізіледі. Қажет болған кезде Ертіс-Қарағанды каналы арқылы су тартатын құрамында екі сусорғыш станциясы бар қосымша су жинағын пайдалануға болады. Соңғы екі жылда Вячеславск су қоймасында су жинау 20 пайызға артты, бұл қаланың су тұтынуға деген сұранысы екі есеге артқанын айғақтайды.
Қала пәтерлеріндегі су құбырыларынан әлі де болса қатты әрі дәмсіз су келеді Алайда бүгінгі күні қала ауыз суының сапасыздығы жайлы айтылған әңгімелердің бәрін бірдей рас деуге келмейді. Эпидемиологтар жүргізген зерттеулерге қарағанда, Астананың ауыз суы республика бойынша орташа деп белгіленген көрсеткіштерден 3 есе жоғары тұратын көрінеді. Олардың бұл пікірін, эксперттер де растаған. ПРООН есептері бойынша, қала тұрғындары құбыр арқылы келетін, сапа көрсеткіші бойынша ең жоғары баға алған таза суды тұтынады. Тұрғындардың төрттен бірі бөтелкелерде сатылатын ауыз суды тұтынатын болса да, тұрғындардың тең жартысы қазіргі ауыз су сапасына бәлендей арыз-шағым айтпайды.
Бүгінгі күні «Астана су арнасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кең көлемді жұмыстарды жоспарлап отыр. Бұғанға дейін атқарылған істердің ауқымын «жеңіл» арсеналдар атқарса, ендігі кезекте «ауыр да көлемді» шаралар басталмақ. 2009 жылдан бастап, Вячеславск су қоймасына бастан-аяқ қайта жөндеу жүргізіліп, суына сынап араласып үлгерген Нұра өзенін тазарту шаралары іске асады. Қомақты қаржыны талап ететін мұндай жобаларға сумен жабдықтаушылар әзірден дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Мамандар мұндай күрделі тазарту шараларынан кейін Астанадағы тұтынатын судың сапасы бұдан да жақсара түсетінін айтып, қуантады. Астананың өркендеуіне бүкіл әлем көз тігеді. Сондықтан да оның тұрмыс пен тіршілікке қатысты ірілі-ұсақты проблемалары тек өз еліміздің азаматтары үшін ғана емес, Қазақстанмен қандай да болсын байланыс орнатқысы келетін шетелдіктер үшін де аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |