Астық өнімдері саласындағы кәсіпорындарда сүрлемдер мен бункерлердің жарылыс, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі



бет1/5
Дата08.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#185611
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2009 жылғы «18» қараша

№ 46 бұйрығымен

келісілген

Астық өнімдері саласындағы кәсіпорындарда сүрлемдер мен

бункерлердің жарылыс, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі

әдістемелік ұсыныстар

Кіріспе
Осы Әдістемелік ұсыныстар сүрлемдер мен бункерлерде өсімдік шикізатының өздігінен жануын болдырмау және астық өнімдері саласының кәсіпорындарында олармен байланысты авариялық жағдайды жою бойынша жұмыс үрдісінде пайдалануға арналған.

Осы әдістемелік ұсыныстардың негізіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті 27 наурыз 1997 жылы БҚ-11-003-97 бекіткен «Астық өнімдері саласының кәсіпорындарында сүрлемдер мен бункерлердің жарылыс, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар» алынған.

Әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу кезінде астық өнімдері саласының акционерлік қоғамдарының, кәсіпорындарының, ұйымдарының, сондай-ақ ТЖ-ды мемлекеттік бақылау органдарының ескертулері мен ұсыныстары ескерілген.

Жарылу, өрт шығу қаупі бар ортаны (тозаң-ауа, газ-ауа және тозаңды газ-ауа қоспасы) құруға қабілетті заттар түзілетін астық өнімдері саласы кәсіпорындарының объектілері қауіпті өндірістік объектілерге жатады.

Астықты элеваторларда сақтау және оны диірмен, құрама жем және басқа да астық өнімдері кәсіпорындарында өңдеу үрдісінде ұсақ шашыранды, жанғыш органикалық материалдар көп мөлшерде түзіледі.

Бұл материалдар өндірісте қолданылады және жарылыс қаупі бар тозаң-ауа (газ-ауа, тозаңды газ-ауа) қоспалары мен оларды тұтандыру көздерінің туындау мүмкіндігі үдей түседі.

Сүрлемдер мен бункерлерде және кәсіпорындардың өндірістік цехтарында да сыйымдылықтарды, жабдық пен кәсіпорынды пайдаланудың белгіленген тәртібін бұзған кезде жалпы тозаң жарылысына әкелуі мүмкін органикалық тозаң түзіледі.

1971-1984 ж.ж аралығында болған тозаң жарылысын талдау көрсетіп отырғандай, сүрлемдер мен бункерлер астық өнімдері кәсіпорындарының едәуір жарылу қаупі бар учаскелері болып табылады.

Егер дүние жүзінде жыл сайын қуаты әр түрлі көптеген жарылыс (400-500 дейін) онда олардың жартысы астық өнімдері саласы объектілерінің сүрлемдері мен бункерлерінде жүргізіледі.

Бұдан осы нормативтік-техникалық құжатты әзірлеу өзектілігі туындайды.



1. Жалпы талаптар
1. Осы Әдістемелік ұсыныстар сүрлемдер мен бункерлерде өсімдік шикізатының (әрі қарай-ӨШ) өздігінен жануын болдырмау және астық өнімдері саласының кәсіпорындарында авариялық жағдайды жою бойынша жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2. Сүрлемдер мен бункерлерде ӨШ өздігінен қызған және өздігінен жанған кезде авариялық жағдай мынадай қауіпті жағдайлармен:

өздігінен қызу ошағының туындауымен, ал одан соң өнім толтыру ішінде өздігінен тұтанумен (жану, бықсу);

сүрлемдер мен бункерлердің төменгі және жоғарғы күмбез кеңістіктерінің бос көлемінде тұтану көзі болған жағдайда (мәселен, ӨШ жану, бықсу ошағы) жарылуы ықтимал (негізгі ұғымдар 1-қосымшада берілген) жанғыш және уытты газ-ауа қоспаларының түзілуімен;

сүрлемдер мен бункерлерден жанып жатқан өнімді шығару кезінде сүрлем қабатында өрттің туындауымен (тұтанумен) және өрт ошағының пайда болуымен;

жабдық пен үй-жайларда жарылу қаупі бар тозаң-ауа қоспасының түзілуімен сипатталады.

3. Сүрлемдер мен бункерлерде ӨШ өздігінен қызған және өздігінен тұтанған кезде авариялық жағдай:

сүрлемдер мен бункерлердің бос көлемінде жану (бықсу) ошағында ӨШ термо тотығып бұзылу нәтижесінде түзілген газ-ауа қоспаларының жарылысы түрінде;

кейін жабдықта тозаң жарылатын және қоймаларда сүрлем түріндегі газ-ауа қоспаларының жиналған ӨШ жануы түрінде;

сүрлемдер мен бункерлерден сүрлем астындағы қабатқа түсірілген жанған ӨШ түрінде болуы мүмкін.

4. Авариялық жағдайды жою мынадай негізгі операцияларды:

ӨШ массасы ішінде сүрлемді немесе бункерді барынша ықтимал герметизациялау (оқшаулау) арқылы жану (бықсу) ошағын шектеуді;

жанып жатқан және аралас сүрлемдердің жоғарғы және төменгі күмбез кеңістігін инертті газдармен баяулатуды немесе сүрлемдер мен бункерлердің жоғарғы кеңістігін еселігі орташа ауа-механикалық көбікпен (әрі қарай-АМК), ал төменгі күмбез кеңістігін инертті газдармен толтыруды;

ӨШ сүрлемдер мен бункерлерден түсіруді және сүрлем астындағы қабатта түзілген өрт ошақтарын сөндіруді жүзеге асыруды қамтиды.



2. Өсімдік шикізатын сақтаудың технологиялық үрдісінің жарылу, өрт шығу қауіптілігі
5. Өсімдік тектес өнімдер-өздігінен тұтануға бейімді жанғыш өнімдер.

6. ӨШ сүрлемдер мен бункерлерде сақтау кезінде технологиялық регламентті ұйымдастыру және жүргізу бұзылған жағдайда (белгіленген сақтау мерзімінің өтуі, жоғары ылғалдылық, қоқыс, май, сүрлемдер мен бункерлердің өнімдерді кезекті сақтау мерзімінен сапасыз тазалануы, әр тектес өнімдерді бірге сақтау және тағы басқа) өздігінен тұтау ошағы пайда болуы мүмкін.

7. Өздігінен қызатын өнімдерді ұзақ уақыт сақтау олардың өздігінен тұтануына әкеледі, бұл ретте сүрлемдердің (бункерлердің) бос көлемдеріне-жоғарғы және төменгі күмбез кеңістіктеріне, сондай-ақ сүрлем үстіндегі және сүрлем астындағы қабаттардың үй-жайларына ӨШ термо тотығып бұзылған жанғыш газ тәріздес өнімдер түседі: сутегі, метан, осы газдар жалынының тұтану шектерінің төменгі қосылымдарының (әрі қарай-ТШТҚ) мәнінен артық болатын қосылымдардағы көміртегі оксиді (ТШТҚ мәні, % көл.: Н2-4,08; СН4-5,24; СО-12,50).

ӨШ сақтау және шығару кезіндегі жарылыстың туындау сызбасы 1 және 2-суреттерде көрсетілген.

8. Тұтану көзі болған жағдайда (мысалы, өздігінен тұтану ошағы, қарқынды газ бөлінген жағдайда ұшқындар) сүрлемдердің (бункерлердің) бос көлемдерінде газ-тозаң-ауа қоспасының жарылуы мүмкін.

9. Авариялық сүрлемнің бос көлемінде газ-тозаң-ауа қоспасының жарылуы үшін жағдайлар мынадай жағдайларда:

ошақ өнімнің жоғарғы немесе төменгі қабаттарына шыққан сәтте және оның жанғыш газ-тозаң-ауа қоспасымен байланысқан кезінде;

сүрлемді босату барысында ӨШ бұзылған сәтте және сүрлем (бункер) көлемінің ішіне қосымша ауа және бос көлеміне жанғыш газдардың лақтырындысы түскен кезде;

ӨШ дымқылданған және суланған кезде, сақтау барысында ашу нәтижесінде жанғыш газдар бөлінгенде туындайды.

10. Тозаң мен ұсақ шашыранды өнімнен тазартылмаған бос сүрлемдер аса қауіпті. Тіпті жабдықта қатты соққы нәтижесінде туындаған әлсіз жарылыс толқынының өзі мұндай сүрлемге түскен кезде тозаң құйындайды да, онымен келген жанғыш бөлшектерден жанады.


Тұйық көлемде тозаң-ауа қоспасы жарылып жанған кезде қысым 700-900 кПа дейін артуы мүмкін.
1-сурет


Жарылу өнімдерінің таралу жолдары

Ауаны сорып алу
1-сурет. Сүрлемде шикізатты сақтау кезінде жарылыстың туындау және оның өздігінен тұтану сызбасы:
а-шикізаттың өздігінен тұтанып өршитін ұялы ошағы бар сүрлем;

б-ошақ шикізат бетіне шыққан кезде жарылу;

в-күмбез бұзылған кезде жарылу;

г-қалдықтар өздігінен тұтанғанда және шығыңқы шүмек ашылған кезде жарылу;

д-өздігінен тұтанған шикізаттың қалдықтары бұзылған кезде жарылу;

е-тиелген люкті ашқан келде жарылу;


1-өздігінен тұтанудың ұялы ошағы;

2-шикізат жанған кезде түзілетін бос жазықтық;

3-қоспа мен жарылыстың жалын аймағы;

4-бұзылған күмбез;

5-сүрлем қабырғасындағы шикізаттың қалдықтары;

6-жанып жатқан қабаттардың бұзылуы;

7-тік қабатты өздігінен тұтану ошағы;

8-төменнен өздігінен тұтану ошағы;

9-шығыңқы шүмектегі шикізат қалдықтары.
2-сурет


Жарылу өнімдерінің таралу жолдары

Ауаны сорып алу

Шикізаттың қозғалыс бағыты
2-сурет. Өздігінен тұтанған шикізатты шығару кезінде сүрлемде жарылыстың туындау сызбасы

а, б, в, г, д, е-сүрлемді босату сатылары

1-өздігінен тұтанудың ұялы ошағы;

2-қоспа мен жарылыстың жалын аймағы


жабдыққа арналған шекті мәндер 10 есе артық, ал ғимараттардың құрылыс құрылымдары үшін 100 есе артық.

Бұл ретте: артық қысым, жарылатын соққы толқыны, жарылып жанудың жоғары температурасы (10000С астам), сынықтар мен кертіктердің түзілуі.

Өндірістік ғимараттар 10 кПа соққы толқыны болғанда біршама зақымданады. Артық қысым болғанда (35-105 кПа) барабан жарғақтары жарылады, қысым жоғары болғанда қан тамырлары, бұлшықтар мен тағы басқалар шығады.

Жарылып жанатын өнімдердің тікелей техникалық әсерінен әр түрлі дәрежедегі күйік болады. Жарылыс кезінде қалыптасқан жоғары температуралы улы газдармен тыныс алу да ауыр жарақатта әкеледі.



3. Өсімдік шикізатын сақтау кезінде өздігінен тұтанудың алдын алу шаралары
11. Барлық сүрлемдерде тиеу люктеріне тығыз орнатылған, олардан үй-жайға тозаңның бөлінуін болдырмайтын қақпақтары болады және аспирациямен жабдықталады.

12. Сүрлемдер мен бункерлердің конустары мен қабырғаларының ішкі қабаттары тегіс, ойықтар мен шығыңқысыз болады.

13. Сүрлемдер, бункерлер және жарылу қаупі бар шикізатты сақтау үшін қолданылатын өзге де сыйымдылықтар тоқсанына бір реттен кешіктірілмей тексеріледі және қажет болған жағдайда өнім қалдықтары мен тозаң қабатынан тазартылады.

14. ӨШ қабылдау және сүрлемдер мен бункерлерде сақтау азық-түлік бидайын, май тұқымын, ұн мен жарма сақтау жөніндегі технологиялық регламентке, нұсқауға сәйкес болады.

Тозаңдарының жарылу қауіптілігі аса жоғары құрама жемдердің кейбір түрлерін дұрыс орналастыру мен сақтауға аса көңіл бөлу қажет, мысалы, әр түрлі шроттар, шашыранды күнжаралар, шөптесін бидай, кебектер, ұн.

15. Күнжаралар мен шроттарды сақтау технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі:

1) ұйымға келіп түсетін шроттардың партияларынан сынама алынады және қалдық бензинді іріктеп бақылау жүргізіледі. Бензин иісі бар шроттарды сүрлемдерге тиеуге болмайды;

2) температурасы мен ылғалдылығы белгіленген нормалардан артық болатын шроттар мен күнжараларды сақтауға болмайды. Олар бірден өңделеді немесе оларды сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшемдерге дейі жеткізіледі.

16. Шроттар мен өзге де өздігінен тұтануға бейімді бидай шикізатын олар орналастырылған сыйымдылықтардан бос сыйымдылықтарға мерзімді ауыстырылады.

Көрсетілген ауыстыруларды шикізатты бункерлер мен сүрлемдерде үздіксіз сақтаудың шекті мерзімдері негізінде жоспар-сызба бойынша жүзеге асыру қажет.

17. Астық және түйіршіктелген құрама жем шикізатында өздігінен тұтану белгілерімен байланысты артық температура анықталған жағдайда осы партияның температурасын анықтау тәулік сайын жүргізіледі.

Шикізаттың бұл партиясы ең алдымен іске асырылады.

18. Өнімді сүрлем мен бункерге салмас бұрын қажетті ылғалдылыққа дейн кептіріледі, ал сыйымдылықтар мұқият тазартылады, желдетіледі және кептіріледі. Температураны бақылау жүйесі жарамды күйде болуы қажет.

19. Бір сүрлемде (бункерде) әр түрлі өнімдерді бірге қоюға болмайды.

20. Сүрлемдер мен бункерлерді шикізат пен өнімнен босатқаннан кейін сүрлемдер мен бункерлердің қабырғалары мен түптері міндетті түрде қонған тозаң мен ұсақ шашыранды өнімнен тазартылады. Сүрлемдер мен бункерлерді тазалау кестелері бекітіледі және оларды бақылау белгіленеді.

21. ӨШ өздігінен тұтануына әкелетін себептерді болдырмас үшін, сондай-ақ ӨШ өздігінен қызуын дер кезінде анықтау үшін мыналар:

өнімді желдетуді және сүрлемнен сүрлемге ауыстыруды жүзеге асыру;

өнімнің өздігінен қызуын анықтаған жағдайда техникалық құралдардың көмегімен сүрлемдер мен бункерлерге инертті газдарды беру (2, 3-қосымшалар);

ӨШ құрамында оттегі аз ортада сүрлемдер мен бункерлерде сақтау;

сүрлемдердің (бункерлердің) көлемдерінде газ ортасының температурасы мен құрамын бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

1 % дейін қосылымда жанғыш газдардың (сутегі мен көміртегі оксиді) болуы және тәулігіне 1°С астам жылдамдықпен температураның жоғарылауы өнім массасында өздігінен қызу үрдісінің өтуінің дәлелі.

4. Өсімдік шикізатының өздігінен тұтану ошақтарын анықтау
22. Сүрлемдерде (бункерлерде) өздігінен тұтанудың таралған ошағы:

өнім массасындағы температура мен сүрлемнің бос көлемінде газ-ауа ортасының газ талдау өлшемдері бойынша деректер негізінде;

көзбен бақылау кезінде саңылау арқылы сүрлем құрылымына түтін мен будың өтуі бойынша, қоршау құрылымдары түстерінің өзгеруі, оларда сызаттардың пайда болуы, сырдың жануы бойынша;

өнімдердің ащы, өткір және жағымсыз иістері, ӨШ құрғақ түрдегі өнімдердің өзіндік иісі бойынша анықталады.

23. Сүрлемдер мен бункерлердегі ӨШ температурасы сүрлемдерде орнатылған температураны қашықтықтан бақылау жүйесінің деректері негізінде, сондай-ақ жекеленген нүктелерде оның мәндерін нақтылау қажет болған жағдайда 2-қосымшада көрсетілген аспаптардың көмегімен ұйым басшысының нұсқауы бойынша анықталады.

24. Газ талдауды тізбесі 2-қосымшада ұсынылған тасымал немесе тұрақты газ талдағыштардың көмегімен кәсіпорын немесе жұмылдырылған бөлімше жүзеге асырады.

25. Қалыпты жұмыс істеу кезінде сүрлемдер мен бункерлердің бос көлемдерінен сынама алу жұмысы айына бір рет кәсіпорынның өндірістік-технологиялық зертханасының күштерімен жүргізіледі. Егер өздігінен қызу жағдайлары байқалған жағдайда тиісті сүрлемдерде (бункерлерде) сынама алу 12 сағатта бір рет жүргізіледі.

26. Авариялық кезде сынама алуды мамандандырылған салалық (немесе жұмылдырылған) бөлімше күштері тәулігіне үш реттен кешіктірмей жүргізеді және сүрлемнің ішінде үш нүктеден:

өнім шашырандысының үстіңгі қабатынан 0,5-1,0 м қашықтықта;

бос көлемнің орташа бөлігінен;

тиеу люгінен 1,2 м қашықтықта жүзеге асырылады.

Газ талдау мен температура, сондай-ақ жедел штабтың көзбен бақылау деректері негізінде аварияларды жою тактикасы мен тәсілдері таңдап алынады.



5. Сүрлемдер мен бункерлерде авариялық жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
27. Авариялық жағдайды жою үшін ұйымда «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес аварияларды жою жоспары әзірленеді.

28. Ұйым басшысы:

1) газ және температуралық талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ көзбен бақылау деректері бойынша ӨШ өздігінен қызу, өздігінен тұтану және жану ошақтарын белгілейді;

2) газ-ауа ортасында сутегі, метан, 1 % көлемнен астам қосылымда көміртегі оксиді, сондай-ақ тәулігіне 1ºС астам температура жоғарылағанда 40ºС астам температураның өсуі тіркелген жағдайда аварияларды жою жоспарын орындауды ұйымдастырады;

3) ӨШ өздігінен тұтану фактісін анықтағаннан кейін авариялық аймақта жұмыс істеп тұрған жабдықты тоқтатуға және қызмет көрсетуші персоналды өндірістік үй-жайлардан және қауіпті аймақтан шығару жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды;

4) газ тәріздес флегматизациялау және жүк түсіру құралдарын беруге арналған қондырғыларды ұйымдастыруды (2, 3-қосымшалар) қамтамасыз етеді;

5) авариялық сүрлемде (сүрлемдерде), аралас және олармен көршілес сүрлемдер мен үй-жайларда ӨШ флегматизациялау, түсіру, температура өлшеу және газ ортасының температурасын талдау құралдарын үздіксіз беруді қамтамасыз ету бойынша техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешеді;

6) аварияларды жою барысында адамдардың қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етеді;

7) персоналға нұсқаулық берген және жыл сайын оқудан өткізген кезде персоналдың аварияларды жою жоспарын білуіне баса назар аударылады.

29. Авариялық жағдайды жою үшін келетін өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары аварияларды жою басшысының өкіміне түседі.

30. Өрт күзетінің аға жедел бастығы дайындық жұмыстарын жүргізу барысында күштер мен құралдарды жұмылдырмас бұрын мынадай міндеттерді орындайды:

1) келетін өрт күзеті бөлімшелерінің алдына міндеттер қояды;

2) флегматизациялау құралдарын беру тәсілдерін таңдауды жүзеге асырады;

3) қажетті резерв құруды ескере отырып, көбік түзгіш заттарды флегматизациялау күштері мен құралдарының қажетті санының есебін жүргізеді;

4) сүрлемдердің жоғарғы кеңістігін ауа-механикалық көбікпен толтыру бойынша жұмыстарды орындауды қамтамасыз етеді;

5) сүрлем астындағы қабатта түсірілген ӨШ сөндіруге басшылық етеді;

6) өрт күзетінің жеке құрамы үшін қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді.

31. Өрт күзеті бөлімшелері мен ұйым жұмысшыларының өзара іс-қимылдары аварияларды жою жоспарында анықталады.

32. Өрт күзеті бөлімшелерінің жеке құрамы мен кәсіпорынның қызмет көрсетуші персоналының жедел-тактикалық қызметінің өзара байланысы сызбада ұсынылған, онда өрт күзеті бөлімшелері жеке құрамының іс-қимылдары, қызмет көрсетуші персоналдың іс-қимылдарының негізгі кезеңдері, қолданылатын өрт сөндіру және бейімделген техника, өрт-техникалық жарақ пен құрылғылар қамтылады.

Өрт күзеті бөлімшелері мен кәсіпорын персоналының жедел-тактикалық қызметі


Астық сақтау және өңдеу кәсіпорнында сүрлемдер мен бункерлерде өсімдік шикізатының өздігінен

тұтануы нәтижесінде болған аварияны жою кезінде өрт күзеті бөлімшелері мен қызмет көрсетуші

персоналдың қызметі


Аварияны жою кезінде қолданылатын күштер


Өрт күзеті жеке Қолданылатын техника, құрылғы, Астық өнімдері кәсіпорны құрамының іс-қимылы ӨТЖ, өрт сөндіргіштер қызмет көрсетуші персоналының іс-қимылы







Дайындық іс-шаралары Дайындық іс-шаралары










Аварияны жою жұмыстары Аварияны жою жұмыстары




Өнімдерді Өнімді сүрлем

Сүрлемдерді көбікпен Сүрлем астындағы қабатта Газ талдау жүргізу Сүрлемдерді сүрлемдерден астындағы қабаттан

толтыру операцияларын өсімдік шикізаты өртін флегматизациялау шығару жұмысын көшіру жұмыстарын

жүргізу сөндіру жұмыстарын жүргізу жүргізу жүргізу


Өрт сөндіретін Су, көбік Инертті Штангалар, Газ талдау Құрылымды Өрт сөндіретін Арнайы (АГУ-2М,

Автомобиль түзгіш газдар: бөлу аспаптары бөлшектеу және бұрғылау ААУТ, ГИГ-4, ИЖУ)

оқпандары: (СО2, N2) коллектор- жарылыс (өрт) оқпандары мен және қосалқы (КШП-5,

ГПС-600, құрғақ мұз лары, орнын тазалау олардың ШСМ-1М, ЛТ-2,

РС-50 қосатын техникасы үздіксіз жұмыс істеу тракторлар, бульдозерлер)

штуцерлер құралдары, басқа да техника

түсіру құралдары:



бұрғылар, ұзартқыш-

тар штангалар









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет