Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы
12 қаңтардағы №36/1 қаулысымен
бекітілді
“Ақсу қаласының білім бөлімі”
мемлекеттік мекемесі туралы
ҚАҒИДА
1. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) калалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының Ақсу өңірі аумағында білім алуға заңмен ескерілген конституциялық құқығын өз құзыреті шегіне іске асырушы орган болып табылады.
2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, облыс және қала әкімі мен әкімдерінің актілеріне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкілерде есеп-шоты бар.
4. Бөлімнің құрылтайшысы – Ақсу қаласы әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады (бұдан әрі - Құрылтайшы).
5. Бөлімнің Құрылтайшылық құжаттары Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы “Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жекелеген мемлекеттік мекемелерді қайта атау, қайта ұйымдастыру және құру туралы” №36/1 қаулысы және осы Қағида болып табылады.
6. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шығады.
7. Бөлімнің мемлекет және Құрылтайшы атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан шығуға құқығы бар, егер ол оған заңға сәйкес уәкілетті болса.
8. Бөлімнің заңды мекенжайы: 140100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қамзин көшесі, 14-үй.
9. Бөлімнің толық атауы: мемлекеттік тілде - “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекет мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение “Отдел образования города Аксу”.
10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
11. Бөлімнің Қағидасы мен штат санының лимиті Құрылтайшымен бекітіледі.
12. Бөлім мемлекеттік тіркелеген сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады.
13. Бөлімнің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
14. Бөлім бөліну баласына сәйкес “Ақсу қаласының білім және спорт бөлімі” қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемесінің құқықтық мұрагері болып табылады.
2. Бөлімнің мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері мен
құқықтары
15. Бөлім қызметінің мәні Ақсу өңірінің аумағында білім саласындағы мемлекеттін атын іске асыру болып табылады.
16. Бөлімнің негізгі мақсаты мен міндеттері:
1) білім мекемелерінің қызметін үйлестіру, оларға оқу – тәрбие үрдісінде әдістемелік көмек көрсету;
2) Ақсу өңірінің аумағында білім беруді датытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және орындау;
3) азаматтардың міндетті орта білім алуға құқықтарының конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
17. Бөлім Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
2) азаматтарға оқудың кешкі (ауысым) нысанын енгізе отырып, міндетті орта білімді және интернаттық түрдегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз етеді;
3) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін, олармен міндетті орта білім алғанға дейін оқуын ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте арнайы және мамандандырылған білімнен басқа бастауыш жалпы, негізгі жалпы немесе орта жалпы білім беретін білім ұйымдарын, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды құру, қайта құру және жою бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) білім беру қызметін лицензиялау мәселелері жөнінде жұмысты, сондай-ақ жалпы, бастауыш негізгі жалпы немесе жалпы орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын (арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт жөнінде қосымша білім беру бағдарламаларынан басқа) іске асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік аттестаттауын өткізуді жүзеге асырады;
6) қылмыстық-атқарушы жүйенің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беру және кәсіби мектептерден басқа мемлекеттік білім беру ұйымдарының, бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беретін білім ұйымдарының, арнайы, мамандандырылған және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынын материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін қолдайды және жәрдем көрсетеді;
7) міндетті жалпы орта білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді сатып алу мен жеткізуді ұйыдастырады;
8) балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
9) аудандық (қалалық) маңыздағы мектеп олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады;
10) белгіленген тәртіпте жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік қамтамасыз етілуін, олардың міндетті жұмысқа орналасуын және тұрғын үймен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгілерден басқа білім беру ұйымдарында оқытылатындар мен тәрбиеленушілердің медициналық қызмет көрсетуін ұйымдастырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жекелеген санаттағы оқушылардың тегін және жеңілдікпен тамақтануын ұйымдастырады;
13) білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналасуға көмектеседі;
14) ауылдық жерде орналасқан білім ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандар үшін тұрғын үй - тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге көмектеседі;
15) мәслихатқа оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі туралы ұсыныс енгізеді;
16) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарына және отбасына қажетті әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;
17) заңнамамен көзделген құзырет шеңберінде басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
18. Заңмен белгіленген тәртіпте оған жүктелген міндеттерді ұйымдастыру үшін Бөлімнің мыналарға:
1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалардың әзірлеуге, оларды әкімдіктің және қала әкімінің қарауына ұсыну;
Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге құқығы бар.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
19. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Құрылтайшы тағайындайтын және босататын бастық басқарады.
20. Бастық Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өз қызметін жүзеге асыруға жауапты болады.
21. Осы мақсаттарда Бөлімнің бастығы:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) бекітілген заңнама тәртібінде Бөлімнің кызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза салу мәселелерін шешеді;
4) Бөлімді мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым – қатынастарға ұсынады;
5) Бұйрықтар шығарады және Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
6) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
4. Бөлімнің мүлкі
22. Бөлімнің жедел басқару құқығында оңашаланған мүлігі бар.
23. Бөлімге бекітілген мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке жатады.
24. Бөлімнің мүлкі Құрылтайшы берген мүлік есебінен құрылады және оның құны Бөлімнің балансында көрсетілген негізге қорлар мен айналым қаражатынан тұрады.
25. Бөлім оған бекітілген мүлікті айыруға немесе басқа да әдіспен пайдалануға құқығы жоқ.
26. Бөлімге мүлікті иелік ету құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайлар мен шектерінде ұсынылуы мүмкін.
5. Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
27. Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшымен енгізіледі.
6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
28. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бөлім таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі
29. Бөлім таратылған кезде мүлік қаланың коммуналдық меншігіне тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |