Ақсукент-2021 Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздік жаңғырығы» атты «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы



бет1/3
Дата13.03.2024
өлшемі163.52 Kb.
#495148
  1   2   3
«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» сайысы


Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі


«Тәуелсіздік жаңғырығы» атты «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Жауапты жетекшілер: Камбыл Ұ.Р. Махамаджанова Ч.
Оқу тобы: АК-201/Б, МБ-212/2

Ақсукент-2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздік жаңғырығы» атты «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Мақсаты: Студенттерді «Сөз мәйегі – мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
Сөз өнері арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.
Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар!
Бүгін студенттер арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр. Студенттер арасынан 2 топ шығару, әр топтан 8 баладан. АК-201/Б оқу тобынан-8 студент, МБ-212/2 оқу тобынан 8 студент. Топтарды тіл туралы мақал-мәтел кесінділері арқылы бөлу.
Бұл сайысқа екі топ қатысады:
1. «Сұңқар» тобы.
2. «Барыс» тобы.
Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, студенттердің білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
Топтардың өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі, аты. Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқалары сайланады. Сайыс төрт жол өлең шумағымен басталады. Әрі қатты, әрі тәтті өмірге, Келген жоқпыз кешке бекер еруге Тиістіміз болашақтың алдында, Тік түрегеп, тура жауап беруге. Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар, - дегендей студенттердің тапқырлығы мен ой – өрісін тексеру мақсатында
1-тур: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар тіл туралы мақал – мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет