Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп – лицей Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ. Өткізген: А. Б. Жексембекова



Дата17.07.2016
өлшемі39.63 Kb.
#205670
Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп – лицей

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Өткізген: А.Б. Жексембекова

Шахтинск қ. 2015 ж.

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Мақсаты:

  1. Оқушыларды ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету;

  2. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру;

  3. Халқымыздың мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған, баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты тәрбие аларлық сөздерін балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге үйрету;


Көрнекіліктері: Тәрбие туралы мақал-мәтелдер, слайд фильм.
Барысы: Ата салтым асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірі

Өткенімді бүгінменен жалғадым.



  • Сәлеметсіз бе, құрметті оқушылар мен қонақтар! «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты мақал-мәтел сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс мынадай айналымдардан тұрады:

  1. Өзін-өзі таныстыру

  2. Кім көп мақал-мәтел біледі?

  3. Мақалдың бастапқы жолы айтылады келесі жолын мақалшылар жалғастырады.

  4. Кім тапқыр?

  5. Карточкадағы тапсырманы орындау. (Жұмбақшылар сайысы)

  6. Мақалшы мен жұмбақшы сайысы.

Олай болса, 1-ші айналым, қатысушылар өзін-өзі таныстырсын!

(Өз-өзін таныстырады)

2-ші айналым, кім көп мақал-мәтел біледі?

(Қатысушылар мақал-мәтелдер айтады)


3-ші айналым, мақалдың бастапқы жолы айтылады келесі жолын мақалшылар жалғастырады, яғни:

  • Өз елім - .............. (өлең төсегім)

  • Балапан ұяда не көрсе........................... (ұшқанда соны іледі)

  • Дені саудың ..................... (жаны сау)

  • Асыл тастан......................... (ақыл жастан)

  • Ғылым теңіз -................................ (білім кеме)

  • Отан ...................... (оттан да ыстық)

  • Ат .......................... (ердің қанаты)

  • Ата көрген ..................... (оқ жонар),

Шеше көрген ......................... (тон пішер)

  • Оқу ........................ (инемен құдық қазғандай)

  • Жігіт кісіге ................................ (жетпіс өнер де аз)

  • Ашу дұшпан ........................ (ақыл дос)

Ақылыңа, ақыл қос

4-ші айналым, кім тапқыр? Шарт бойынша сөз беріледі, сол сөзге байланысты мақал-мәтел айтылуы керек.



  1. Отан

  2. Еңбек

  3. Дос

  4. Білім

  5. Ана

  6. Тіл

5-ші айналым, карточкадағы тапсырманы орындау. (Жұмбақшылар сайысы)

1. а. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады (қоян)

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру. (сәбіз -мимикамен)

2. а. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды (күн)

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (бүркіт -мимикамен)

3. а. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап)

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (сағат - мимикамен)

4. а. Асты тас,үсті тас ортасында піскен ас (таба нан)

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (поезд - мимикамен)

5. а. Қолы жоқ сурет салады, өзі тістеп алады (аяз)

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (аю - мимикамен)

6. а. Мұрты бас, сақалы жоқ, тоны бар шапаны жоқ (мысық)

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (боксер - мимикамен)


6-шы айналым, мақалшы мен жұмбақшы сайысы.

  1. а. Кезікті бір жануар үстінде үлкен тауы бар (түйе)

ә. Көрмес түйені де, көрмес

  1. а. Кірш-кірш етеді ішіне кіріп кетеді (ине)

ә. Ине өткен жерден, жіп те өтеді.

  1. а. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен (су)

ә. Жаңбыр жауса жер ырысы, батыр туса ел ырысы.
(Әр айналымнан кейін есептеу тобы, қортындысын шығарып отырады, жеңімпаз атанған сайыскер марапатталады.)
Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі соқпақ өзі нәр – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.




  1. а. Кезікті бір жануар үстінде үлкен тауы бар

ә.


  1. а. Кірш-кірш етеді ішіне кіріп кетеді

ә.


  1. а. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен

ә.

1. а. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру. (сәбіз -мимикамен)
2. а. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (бүркіт -мимикамен)


3. а. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (сағат - мимикамен)


4. а. Асты тас,үсті тас ортасында піскен ас

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (поезд - мимикамен)


5. а. Қолы жоқ сурет салады, өзі тістеп алады

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (аю - мимикамен)


6. а. Мұрты бас, сақалы жоқ, тоны бар шапаны жоқ

ә. Сурет бойынша жұмбақ жасыру (боксер - мимикамен)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет