Ата-аналарға ҰБТ, ожсб бойынша психологиялық ұсыныстар, кеңестер



Дата29.06.2016
өлшемі32.5 Kb.
#165903
Ата-аналарға ҰБТ, ОЖСБ бойынша психологиялық ұсыныстар, кеңестер.
Психологиялық қолдау көрсету – ол сіздің балаңыздың ҰБТ және ОЖСБ тапсыру кезіндегі жетістікке жетуін анықтайтын ең қажетті фактордың бірі болып табылады.
Баланы қалай қолдау қажет?
Жалпы ата-аналар өз балаларына келесідей яғни алдамалаушылық тәрізді қолдауларды көрсетеді яғни балаға гипер қамқорлық жасау, жасөспірімнің үлкендерге тәуелділігін білдіру, шынайы емес стандарттарға сендіру және құрбыларымен бәсекелесуге стимул беру және т.б.

Үлкендер балаларының оқудағы жетістіктерінен немесе күш-жігерінен қанағаттану сезімін ата-анасына көрсете білуіне мүмкіндік беру қажет.

Оның басқа жолы – ата-ана баласына «Сенде барлығы жақсы болады», «Сенің қолыңнан барлығы келеді» деген бағдарларды бере отырып, жасөспірімнің әртүрлі тапсырмаларды, міндеттерді шеше алуына үйрету қажет.

Бала бойында сенімділік, үміт арта білу сияқты сезімдердің болуы үшін, ата-ана батыл және сонымен қатар келесілерді атқару қажет:


Сонымен қатар балаларды қолдау үшін мынандай сөздерді де қолдануға болады: Мысалы: «Сенің қандай екеніңді мен білемін, сен барлығын орындап шығасың», «Сен өз қабілетіңді білесің» және т.б. Баланы сөздермен қолдау отырып, сонымен бірге сіздің физиологиялық яғни бет-әлпетіңіздің (күлу, жымию) және т.б. көрсете білу.


Сонымен баланы қолдауға қажетті:

  • Баланың күшті жақтарына сүйену;

  • Баланың кемшіліктерін айтудан аулақ болу;

  • Балаңызға өзіңіздің үміт артатыныңызды оның қабілетіне сеніміңізді білдіріңіз;

  • Отбасы ішінде әсіресе балаңыздың көзінше тату-тәтті, бірлік, ынтымақтастық, сырластық сияқты құндылықтарды үнемі ұстаныңыз және балаңызға махаббат, сыйластық сияқты сезімдерді ашық түрде білдіріңіз. Мысалы: (Мен сені жақсы көремін, сен мен үшін қымбатсың т.с.с.).


Балаңыздың денсаулығына бақылау жасаңыз
Жасөспірім интеллектуалдық, танымдық сияқты тапсырмаларды шешу кезінде және шешуден кейінде шаршайды және зейінін шоғырландыра алмайды. Сондықтан да мұндай кезде не істеуіміз қажет.

  • Тапсырмаға яғни тест тапсырмаларына дайындалған уақытта балаңыздың үзіліс жасап отыруын қадағалаңыз (20-30 мин үзіліс)

  • Балаңыз тест тапсырмасына дайындалу барысында оған кедергі келтіретін заттардан аулақ отырғанын қадағалаңыз Мысалы: Комп, телевизор және т.б.

  • Балаңыздың өзіне ыңғайлы отырғанына көз жеткізіңіз яғни үстел, орындық.

  • Тест тапсырмасына дайындалу кезінде баланың басы ауырып, арқа бұлшықеттері ауырмауын алдын-алу үшін балаңыздың далаға серуендеп шығып келуін қадағалаңыз. Аула ішіне немесе үйге қажетті заттарды дүкеннен алып келуін мақсатымен 30-40 мин көлемінде тынығып, серуендеуге мүмкіндік беріңіз. Таза ауа баланың ақпаратты тез әрі сапалы қабылдауына көп көмектеседі.


Сонымен қатар балаңыздың ақпаратты жақсы меңгеруіне көмектесетін тағамдарға да көңіл бөліңіз. Адам баласының ақыл-ойының интенсивті дамуы үшін, оған колориялы, әр түрлі дәрумендерге бай тағам қажет. Мұндай тағамдарға: балық, сүт тағамдары, жаңғақ, жеміс-жидектер жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет