Жоба
ШЕШІМІ №10/__ 2013 жыл 11 наурыз
Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы
20 желтоқсандағы № 8/89
«2013-2015 жылдарға арналған
қалалық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 106 бабы 2 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/116 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы __ cәуірде № ___ болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтылар енгізілсін:
Ақтау қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
-
кірістер – 14 359 075,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 8 236 795,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 477 707 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 629 074 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 5 015 499 мың теңге;
-
шығындар – 15 048 340,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 6 147 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 836 764,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 836 764,8 теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 6 147 500 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 689 264,8 теңге.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 тармақтағы:
2 абзацтағы «13,8» саны «12,0» санымен ауыстырылсын;
3 абзацтағы «14,6» саны «13,0» санымен ауыстырылсын.
4 тармақта келесі мазмұндағы 14 абзацпен толықтырылсын: «18 264 мың теңге - арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге».
6 тармақтағы «2 610 000» саны «6 147 500» санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихаттың хатшысы
М. Сауғабаев М. Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________А. Ким
2013 жыл «__» __________
Достарыңызбен бөлісу: |