Жоба
ШЕШІМІ 2015 жылғы 3 шілде №
Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы
23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017
жылдарға арналған қалалық бюджет
туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы №26/403 Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы маусымдағы № болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2568 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы №5-6 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
-
кірістер – 23 518 493 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 14 075 795 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 83 375 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 222 150 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 5 137 173 мың теңге;
-
шығындар – 21 055 777,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 571 280 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 571 280 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 72 476 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 72 476 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5 181 040,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 181 040,3 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 7 571 280 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 3 537 500 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 147 260,3 мың теңге.»;
2 тармақта:
бірінші, екінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
«төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 15,6 пайыз;
әлеуметтік салық – 15,6 пайыз;».
келесі мазмұндағы үшінші және төртінші абзацпен толықтырылсын:
«төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 82,3 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз.»;
4 тармақта:
бірінші, екінші, он бірінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
«233 088 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;
176 470 мың теңге – үш деңгейлік жүйе бойынша біліктіліктен өткен мұғалімдердің еңбекақысын көтеруге;
17 409 мың теңге - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге;»;
келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге 900 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.»;
7-1 тармақтағы бірінші абзац келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«439 838 мың теңге - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;».
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы МММ М. Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы
______________А. Ким
«__» шілде 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |