Ақтау қаласы бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін балаларды кезекке қою мәселесін зерделеу қорытындысы



Дата04.03.2016
өлшемі39.73 Kb.
#38988
Ақтау қаласы бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін балаларды кезекке қою мәселесін зерделеу қорытындысы
Маңғыстау облысында бөбекжай мәселесі өз шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда 222 мектепке дейінгі ұйым 29867 баланы қамтылып отыр.

Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар желісінің жыл сайын көбеюіне қарамастан, балабақшаға кезекке тұру әлі де сақталып келеді.

Бұл мәселенің, бірқатар себептері бар. Біріншіден облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің көбеюдегі айқындаушы факторы-елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруы мен бала туудың көбеюі болып табылады.

Біздің облысымыз тұрғындарының саны жоғары қарқынмен өсіп келе жатырған аймақтардың бірі және облыс тұрғындарының саны табиғи түрде, сонымен қатар, көші-қон арқылы көбейіп келеді.

Білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша облыста 01.10.2015 жылы мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте- 34 312, оның ішінде 3-6 жастағы 7 740 бала кезекте тұр.

Кезек санының ең көп деңгейі Ақтау қаласында (13 мың), Жаңаөзен қаласында (7 мың) және Мұнайлы ауданында (6 мың) байқалады.



Екіншіден ашылып жатқан балабақшалардың орын санының аздығы кезектің жылжуына үлкен әсер етуде. Мысалы қазіргі таңда ашылып отырған жекеменшік балабақшалардың басым көпшілігі 50-100 орынға арналған. Статистикалық мәліметтер бойынша облыста 0-6 жас аралығында 2014 жылы - 107 992 бала болса, 2015 жылы – 114 506 бала. Өсім 6514 балаға артып отыр. Ал 2015 жылы ашылған балабақшалардағы жаңа орын саны – 2827 балаға арналған. Бұл дегеніміз кезекте тұрған баланың 36,5 %-ын ғана қамту дегеніміз.

Маңғыстау облысы білім басқармасының 08.09.2015 жылғы № 237 нқ бұйрығы негізінде 2015 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында Мұнайлы ауданы, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша сапалы қызмет көрсетуінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін балаларды кезекке қою жұмыстарының деңгейіне зерделеу жүргізді.

Зерделеу кезінде Ақтау қаласындағы 67 мектепке дейінгі ұйымда (29-мемлекеттік балабақша, 14 – мектеп жанындағы шағын орталық, 19 – жекеменшік балабақшамен 5 – жекеменшік шағын орталық) 12836 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдарға орын алу кезегінде 13480 бала, оның ішінде 3 пен 6 жас 4232 бала тіркелген.

Зерделенген аудан, қалаларда кезек «электрондық үкімет» веб-порталымен жүргізіледі.

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мәселесін шешу мақсатында бірнеше шаралар ұйымдастыруда.

Қолға алынып, іске асып жатқан негізгі шаруалар қатарында, балалар кезегінің тізімі қайта қаралуда.

Екінші, 2015 жылдың маусым айына дейін балабақшаға орналастыру және жолдама беру комиссия отырысының шешімімен жүзеге асқан. Қыркүйек айынан бастап балаларға жолдама беру тәртібі мектепке дейінгі мекемелердің сұраныстары негізінде жүзеге асуда, кезектілікке сәйкес жолдаманы білім бөлімінің жауапты маманы толтырып, бөлім басшысы қол қояды.

Осы атқарылған жұмыс нәтижесінде білім бөлімінің МДҰ балаларды жіберу, қабылдау және ұйымдастыру жұмыстары жүйеленіп, қағазбастылықты азайту мүмкіншілігі туды.

Алайда, Ақтау қаласында кезектің азаймауының бірінші себебі, 1 жасқа толмаған балаларды ата-аналарының жаппай кезекке тіркеуі;

Екіншіден, жекеменшік МДҰ-мен қамтылған балалардың кезектілік тізімінің сақталуы болып отыр.

Зерделеу барысында білім бөлімінде атқарылған жұмыстарға қарамастан, кемшіліктерде кездесті.

- Ақтау қаласы бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бірінші кезекті орын алуға құқылы азаматтардың санатына жатпайтын тұлғалар тіркеліп, оларға орын бөлініп келген (жалғыз басты ана, аз қамтылған отбасы);

Электрондық кезектен бөлек жеңілдік жолдама алуға тіркелген балалардың тізімі (193 бала) және әскери қызметкерлердің балаларының тізімі бар (229 бала). Ондағы барлық бала саны – 422 бала электрондық кезек тізіміне енгізілмеген;

Кезекті зерделеу нәтижесі бойынша Ақтау қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға орын алу кезегінде 13480 бала, оның ішінде 3 пен 6 жас 4232 бала тіркелген;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша сапалы қызмет көрсетуінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізілген зерделеу барысында төмендегідей ұсыныстар берілді:

Ақтау қалалық білім бөлімі (С. Тулебаева):

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 07.04.2015 жылғы №172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының 2 бөлімі, 7 тармақшасында бірінші кезекті орын алуға құқылы азаматтардың санатына жататын тұлғаларды тіркеп, оларға орын бөлінуін қадағалау;

2. Бұрынғы балабақшалардың ғимаратын кері қайтаруға бағыттталған барлық іс шараларды жүргізуін жүйелендіру (тізім, сараптама, хаттар т.б)



3. Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту бойынша және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы атқарылып жатқан іс - шараларды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

4. Мемлекеттік білім беру тапсырысын алып отырған жекеменшік балабақшалар туралы мониторинг жүргізіп отыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет