Ақтау қаласының 2015 жылдық 10 айына
әлеуметтік-экономикалық даму есебі
Қала 1963 жылы құрылған.
Қаланың ауданы – 29,86 мың га.
Қала орталығы – Ақтау каласы.
Қаланың халқының саны 01.10.2015 жылға – 185,6 мың адам.
Қаланың әкімшілік бөлімі: Өмірзақ ауылы, тұрғындар 2,7 мың адам.
Ақтау қаласы ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады, өңдеу және кен өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсібі, машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсібі). Қаланың негізгі өндірушілері: «МАЭК – Қазатомпром» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Каспий машина құрастыру комбинаты» ЖШС, «Кеппел Қазақстан» ЖШС және т.б.
«Ақтау теңіз порты» 2000 га. құрайтын арнайы экономикалық аумағын пайдалануда.
2015 жылдың қаңтар – қазан айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 98,8 млрд. теңгені құрады және өнеркәсіп өндірісінің нақты ауқым индексі (бұдан әрі НАИ) – 82,8% -ды құрады (2014 жылдың осы кезеңінде – 132%). Оның ішінде:
-
тау-кен өнеркәсібінде – 1,8 млрд. теңге (НАИ – 16,1%);
-
өңдеу өнеркәсібінде – 42,1 млрд.теңге (НАИ – 85,7%);
-
электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 47,4 млрд. теңге (НАИ – 92,2%);
-
сумен жабдықтауда – 7,5 млрд. теңге (НАИ – 133,8%).
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 86,9%-ға төмен. Оның ішінде гранит және ескерткіштерге арналған тастар өндірісінің көлемі 1,2%-ға (24,6 мың куб.м.) және табиғи құм 51,8%-ға (13,5 мың куб.м.).
Сонымен қатар, өткен жылдың сейкес кезеңіне мәрмәр мен ескерткіштерге арналған тастар көлемі 26,3%-ға (24 мың текше м) және тас үгіндісі (малта тас, қиыршық-ұсақ тастар) көлемі бойынша 14,5%-ға (57,6 мың текше м.) өсті.
Кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары бойынша келесілер төмендеді: бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар 12,3%-ға (145,3 мың тонна), жасанды тастан жасалған тақтайшалар 47,2%-ға (60,6 мың тонна), оның ішінде бетоннан жасалған конструкциялар 10,8%-ға (15,5 мың тонна), ерітінділер 36,4%-ға (4 мың тонна) және сәйкесінше тауарлық бетон көлемі 36,2%-ға (413,8 мың тонна) өсті.
Өңдеу өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өндірісінің 42,8%-ын құрайды және бұл сала бойынша 42,1 млрд. теңге өнім шығарылды,
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі келесі өндірістер бойынша 14,3%-ға төмендегені анықталды:
-
ет өнімдері 90,6%-ға (21,5 млн. тенге);
-
сусындар 26,6%-ға (146,6 млн. теңге);
-
фармацевтикалық өндірістері 10,7%-ға (78,3 млн. теңге);
-
металлургия өндірісі 40,4%-ға (2700 млн. тенге);
-
кокс 30,7%-ға (5236,6 млн. тенге);
-
машина жасау 48,8%-ға (5104,9 млн. теңге) және басқалар.
Сонымен қатар, келесі өндірістердің көлемі артқаны анықталды:
-
тамақ өнімдері 9,5%-ға (2733,7 млн. теңге);
-
сүт өнімдері 17,9%-ға (1540,7 млн. теңге);
-
жеңіл өнеркәсібі 12,3%-ға (629,2 млн. теңге);
-
киімдер 6,4 есеге (114,3 млн. теңге);
-
тоқыма бұйымдары 10,2%-ға (45,1 млн. теңге);
-
қағаздар 46,6%-ға (22,9 млн. теңге);
-
химиялық өнеркәсібі 10,4%-ға (12374,2 млн. теңге);
-
пластмасса өндірісі 21,8%-ға (2069,3 млн. теңге);
-
өзге де металл емес минералды өнімдер 11,9%-ға (9312,4 млн. теңге) және басқалар.
Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында электр энергиясы көлемі 5,7%-ға (4 млрд. кВт.сағ.) төмендеді. Сонымен бірге, жылу энергиясы көлемі 5,5%-ға (2,9 млн. Гкал) артты.
Бұдан басқа, табиғи судың көлемі өткен жылдың сәйкес деңгейінен 4% төмен және 904,7 млн.текше м. құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2015 жылдың III тоқсанына 222 млн. теңгені құрады (2014 жылдың III тоқсанына 61,9 млн. тенге), НАИ – 107,3% (2014 жыл – 92,5%).
2015 жылдың 10 айына барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға (332,8 тонна), сауып алынған сиыр сүті 60,1%-ға (48,5 тонна) төмендеді және 7,1 есе жоғары деңгейде тауық жұмыртқалары алынды (14,2 мың дана).
01.11.2015 жылға ірі қара малының бас саны 2 есеге өсті және 321 басты құрады, қойлар 5,7%-ға (1152 бас), ешкілер 45,6% - ға (246) және түйелер саны 37,3%-ға (114).
Сонымен қатар, жылқылардың бас саны 20%-ға (120) төмендегені анықталды.
Мал шаруашылығының 2015 жылғы қаңтар-қазан айларына
негізгі көрсеткіштері
(бас)
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың 10 айында 36,2 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға жоғары - құрылыс-монтаж жұмыстары 41,8%-ға (35,2 млрд. теңге) өсуінің есебінен. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу көлемі бойынша 57,7%-ға (446,3 млн. теңге) және күрделі жөндеу бойынша 84,4%-ға (549,1 млн. теңге) төмендеді.
(млрд. теңге)
2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 196 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, олардың 188-і тұрғын үйлер.
Қала бойынша ағымдағы жылдың 10 айына тұрғызылған тұрғын үй ауданы 138,7 мың м2, оның ішінде тұрғындардың есебінен салынған – 55,6 мың м2 немесе жалпы салынған тұрғын үйдің көлемінен 40%-н құрайды. Тапсырылған тұрғын үй ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 32,5%-ға көп (НАИ – 132,5%).
(мың м2)
Тұрғын үй құрылысына 11,6 млрд. теңге бағытталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 есе жоғары, оның ішінде халықтың меншікті қаржы есебінен – 3,6 млрд. теңге.
Негізгі капиталға инвестиция салу 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,2%-ға артты және 101,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 33,3 млрд. теңге (жалпы көлемінен 32,8%) көлік және қоймалауға бағытталған, 21,1 млрд. теңге (20,8%) өнеркәсіпке, 15 млрд. теңге (14,8%) тау-кен өндіру өнеркәсібіне және басқалар.
(млрд. теңге)
Атап кететін жәйт, инвестицияның артуы 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда бюджет қаржылары есебінен 4,1%-ға (10,3 млрд. теңге), меншікті қаржылары есебінен 63,5%-ға (68,8 млрд. тенге), банктік несиелер есебінен 6,3 есеге (11,8 млрд. тенге) және қарыздық қаржыдан 19,1%-ға (9,6 млрд. теңге).
(млрд. теңге)
Негізгі капиталға салынған инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 51,9 млрд. теңге (жалпы көлемінен 51,1%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 41,4 млрд. теңге (40,8%) және өзгелер – 8,2 млрд. теңге (8,1%).
2015 жылдың есептік кезеңінде шағын және орта бизнестегі субъектілердің саны (бұдан әрі ШОБ) 35,4 мың бірлікті құрады немесе 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға көп. Шағын және орта кәсіпкерлік аясында (ЖК есебімен) айналысатын адамдар есептік кезеңде 1,4%-ға өсті және 64 мың адамды құрады.
ШОБ-тен салықтық төлемдер 6,7 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 3,1%-ға көп.
2015 жылдың 10 айында бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық азық айналымынан басқа) 87,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылдық деңгейден 2,1%-ға жоғары (85,4 млрд. тенге).
2015 жылдың III тоқсанына кесімді орташа айлық мөлшері 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға жоғарылады және 228 267 теңгені құрады, ал нақты жалақы мөлшері 5,4%-ға төмендеді.
Қала бойынша 2015 жылдың III тоқсанында жалдамалы жұмысшылардың саны 92,8 мың адамды құрады, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындарда – 72,5 мың адам. Жалдамалы жұмысшылар саны 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 4,9 мың адамға аз немесе 5%-ға төмен.
2015 жылдың қаңтар-қазанында тұтыну бағасының индексі 105,9%-ды құрады (2014 жылы – 109,6%). Оның ішінде азық-түлік тауарларына баға 105,4%-ды құрады (106,7%), азық-түлік емес тауарларға – 105,5% (113.7%) және ақылы қызметке баға 106,8% (110,9%).
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4%-ды құрайды (185,6 мың халықтан) және экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1%-ды құрайды (106,9 мың адамнан).
2015 жылдың басынан бері экономиканың әр-түрлі салаларында 7813 жаңа жұмыс орны құрылды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға көп (7132).
Жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамту органына 2874 адам жүгінді, оның ішінде 1010 адам жұмыстанды немесе жалпы көрсеткіштен 35,1%-ы, оның ішінде 795 адам жұмыссыз болып табылады. Жұмыстанған адамдар саны 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі адамдар саны 2014 жылмен салыстырғанда 29,2%-ға өсті және 977 адамды құрады (2014 жыл – 756 адам).
Қала тұрғындары денсаулығының медициналық-демографиялық жағдайы келесідей көрсеткіштерді айқындады: бала туу деңгейі 1000 мың адамға шаққанда 29,47 промиллені құрады немесе 1,3%-ға төмен, өлім-жітім деңгейі – 5,77 промилле (1,8%-ға төмен) және нәрестелердің шетінеуі 1000 тірі туылған балаға шаққандағы деңгейі 4,6 промилле (51,5). Аналар өлімі болған жоқ.
Туберкулез бойынша ауру-сырқау деңгейі 100 мың адамға шаққанда 7,6%-ға азайды және 56,6 жағдайды құрады (2014 жыл – 61,3 жағдай).
Қалада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында (Маңғыстау облысының ҚС және АЕА жөніндегі Бас прокуратурасының көрсеткіші бойынша), 2015 жылдың 1 қарашасына 3372 қылмыс тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 39,7% көп (2413). Тонау саны 1%-ға (100 қылмыс), біреудің мүлігін ұрлау 0,2%-ға (1315), қарақшылық – 2,4 есеге (17) және экономикалық қылмыстар деңгейі 58 есе (116 қылмыс) өсіп отыр.
Ағымдағы жылдың 9 айына салық пен басқа да міндетті төлемдерден мемлекеттік бюджетке 68,6 млрд. теңге түсті немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 3,4%-5а жоғары, оның ішінде республикалық бюджетке – 20,6 млрд. теңге (4,5%-ға төмен), жергілікті бюджетке – 48 млрд. теңге (7,2%-ға жоғары).
2015 жылдың 1 қараша жағдайы бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдерден 18,6 млрд. теңге түсті немесе орындалысы 108,9%-ды құрады.
Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер – 10,9 млрд. теңге (101,5% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер – 172,5 млн. теңге (115,4%), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 2,6 млрд. теңге (71,9%) және трансферттік түсімдер – 4,9 млрд. теңге (100%).
Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 13,7 млрд. теңге түсті немесе есептік жоспарына 94,3% орындалды.
Бюджеттің шығын бөлігі 19,8 млрд. теңгеге орындалды немесе жоспарланған қаржының жоспарына 90,4%-ы (21,9 млрд. теңге).
(млрд. теңге)
Бюджетке төлемдер жөнінде берешек 15,5 млрд. теңге құрады немесе 2014 жылдың деңгейінен 4,8%-ға жоғары (14,8 млрд. тенге), оның ішінде республикалық бюджетке берешек 14,7 млрд. теңге (7,7%-ға өсім) және жергілікті бюджетке – 831 млн. теңге (28,9%-ға төмен).
Берешегі анағұрлым ауқымды болып табылатын негізгі кәсіпорындар «Қазполмұнай» ЖШС 5,7 млрд. теңге сомасында (берешектің жалпы сомасының 36,7%-ы), «Тоқынмұнайгаз» ЖШС - 3,5 млрд. теңге (22,5%) және «Каспий даму орталығы» ЖШС – 936,3 млн. теңге (5,8%). Берешек, тек қана осы 3 ірі салық төлеушілер бойынша 10,1 млрд. теңгеге жетті немесе қала бойынша барлық берешектің 69,1%-ы.
Достарыңызбен бөлісу: |