МАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................................................................2
1 -тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары
1.1. Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы...................8
1.2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс............................................................16
2-тарау. Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы
2.1. Қараша революциясының басталуы және монархияның күйреуі.......................................................................................................22
2.2. Бавария Кеңестік Республикасы...................................................36
Қорытынды................................................................................................................45
Сілтемелер................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................50
КІРІСПЕ
1914 жылы бірінші тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды/1/. 1918 жылы 11 қарашада Франция жеріндегі Компьен орманындағы Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол қойылды.
Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдіретін ресми құжат болды.
Германияның билеуші топтарын Антантамен бітім жасауға, соғысты тоқтатуға мәжбүр еткен жағдай елдегі революциялық қозғалыстың өрлеуі еді.
Германияда 1918 жылы 4 қарашада басталған революция Гогенцоллерндер әулетінің билігін жойды. Германияда монархия құлады, Республика жарияланды. Қараша революциясы Германияның бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының қайшылықтарынан туған еді.
Германиядағы Қараша революциясы 1918-1923 жылдары бүкіл Еуропаны қамтыған революциялық қозғалыстың биік шыңы болды. Осы революцияның нәтижесінде бұрынғы дәуірлерде Еуропадағы нағыз реакцияшыл мемлекет болған Германияда монархия құлап, түбірлі өзгерістер жасалды, өз заманындағы ең бір демократиялық Веймар республикасы құрылды.
Россияда Қазан төңкерісі коммунистердің басшылығымен іске асса, Германиядағы Қараша революциясы барлық солшыл және демократиялық күштердің бірлесуімен жүзеге асты.
Сондықтан Қараша революциясының тарихын ғылыми тұрғыда зерттеудің маңыздылығы, өзектілігі жөнінен бұл тақырып жалпы тарих мәселерінің ішінде алдыңғы қатарлы орында тұрады.
Германиядағы Қараша революциясы мәселелеріне марксистік бағаны Қараша оқиғалары барысында-ақ оның белсенді қатысушылары берген еді.
1918 жылдың 30 желтоқсанында өткен ГКП-ның Құрылтай съезінде Р.Люксембург, К.Либкнехт, В.Пик революцияның даму барысына тоқталып, оның «шектеулілігі» мен «әлсіздігіне» Халық өкілдері кеңесінің «контрреволюциялық үкімет» сипатында екендігіне сол кезде-ақ нақта баға берген болатын/2/.
Қараша революциясының он жылдығына орай 1929 жылы «Иллюстированная история Германской революции» деп аталған еңбек жарық көрді. Онда бірінші рет Германияда неміс пролетариатының ерлік күресі, революцияның негізгі кезеңдері жүйелі түрде баяндалады. Отызыншы жылдары Германия коммунистік партиясының басшылығымен қараша революциясының сипаты туралы пікір алысу ұйымдастырылып, бұл революция «буржуазиялық-демократиялық сипатта болды» деген қорытынды жасалынды.
1948 жылы СЕПГ Орталық комитетінің он үшінші пленумында «Қараша революциясы және оның сабақтары» деген қаулы шығып, аталған революцияның тарихын жан-жақты зерттеу қажеттігі көрсетілді. 1958 жылы қыркүйек айында СЕПГ Орталық комитетінің пленумында Қараша революциясы туралы тезистер қабылданды/3/.
Бұл тезис бойынша Қараша революциясы «Пролетарлық әдістермен жүргізілген буржуазиялық-демократиялық революция» деген бағаға ие болды.
Бірақ оның міндеттері ақырына дейін шешілмеді. Монополистік буржуазия, милитаристік күштер, чиновниктік бюрократия өз позициясынан бұлтармады. Германияда помещиктік жер иелену сақталды.
Совет тарихшылары Қараша революциясы оқиғаларын зерттеуді 20-шы жылдардан-ақ бастаған.
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі соғысқа дейінгі зерттеу еңбектерінде Қараша революциясы өзіндік дербес маңызы бар оқиға деп қарастырылмай, тек Германия және жаңа басталып келе жатқан дүниежүзілік пролетарлық революцияның бірінші кезеңі деп есептелінді. Революцияның сипатын анықтауда "жеңілген пролетарлық революция" деген пікірде болды./4/.
Германиядағы қараша революциясының мәні туралы Кеңес тарихнамасында социалистік революция болды деген көзқарас болып келді. Оның себебі - 1918 жылы қаңтардың 9~ы куні К.Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, «Социалистік революция жасасын» деп ұран тастаған болатын. Екінші себебі - революция барысында құрылған кеңес өкіметі болды. Бірақ социалистік революцияның негізгі мақсатының шешілуіне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы - шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесі буржуазия мүддесіне сәйкес шешілді. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы караша революциясы міні жағынан буржуазиялық- демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрті кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңі - караша айының 10 күні Халықтық кеңес үкіметінің құрылуы;
екінші кезеңі -қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестің 1 съезінің шақырылған күніне дейін;
үшінші кезеңі -желтоқсанның І6-нан 1919 жылдың қантар айының І9-ы аралығындағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейін;
төртінші кезеңі 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялык Республикасының құрылуымен аякталды.
Германия тарихында буржуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түсті. Қараша революциясының барысында құрылған Бавар Кеңестік Республикасына арналған алғашқы зерттеу -1934 жылы шыққан Н.3астенкердің еңбегі./5/.
Совет ғалымдарының ішінде қараша революциясын зерттеуде үлкен орын алатын Я.С.Драбкиннің 1958 жылы шыққан "Революция 1918-1919 гг. В Германии" кітабы, /6/ 1967 жылы Я.С.Драбкиннің жаңа кітабы "Ноябрьская революция в Герамнии" жарық көрді./7/.
Германияның Орталық Архивінен, Потсдам, Мозебург архивтерінен жаңа құжаттар пайдаланған автор революция қарсаңындағы объективті және субъктивті факторларына терең талдау жасайды. Революциядағы Солдат кеңестерінің роліне түңғыш рет дұрыс баға осы еңбеке берілді. Қараша революциясының тарихын зерттеудегі соңғы шыққан еңбек-И.М.Орлованың монографиялық зерттеуі. Еңбекті 50-ші жылдардын бергі буржуазиялық және реформистік тарихнамадағы негізгі бағыттар, жалпы батыс германдық тарих ғылымының даму бейнесі сипатталады./8/.
Қараша революциясы - кеңестік тарих ғылымында ең көп зерттелген мәселелердің бірі. Германия тарихымен айналысатын зерттеушілердің көпшілігі осы мәселеге арнап мақалалар жазды, |конференцияда баяндамалар жасады./9/.
Олардың әрқайсысына жеке тоқталмай, тек монографиялық зерттеулерге ғана тоқталуды дұрыс көрдік.
Бавария Кеңестік Республикасының тарихына арналған үлкен зерттеу-М.А.Полтавскийдің еңбегі./10/.
Онда Бавариядағы монархияның құлатылуы, республиканың жариялануы, Бавар коммунистерінің қызметі, кеңес өкіметін қорғау, ақыры Кеңестік Республиканың жеңілуі жан-жақты талданған.
Я.С.Драбкиннің Веймар республикасының құрылуын зерттеген еңбегінде Бавария Кеңестік Республикасына арналған жеке тарау бар./11/
Германиядағы Қараша революциясы тарихының маңызды мәселелеріне арналған ең соңғы зерттеу - 1990 жылы шыққан Я.С.Драбкиннің еңбегі./12/.
Бұл еңбекте бұрынғы 60 жыл бойына әртүрлі пікір туғызып келген революцияның сипаты, корытындысы т.б. мәселелер талданады.
Гермнаиядағы Қараша революциясы мәселелерін зерттеуде буржуазиялық және социал-реформистік тарихнамада (Д.Шфефр, Ф.Мейнеке, Г.Белов т.б.). Қараша революциясы объективті зандылық емес деп революцияны туғызған герман имперализмінің қайшылықтарын жасыру, басшы топтардың жіберген қателіктері болмағанда революция болмас еді деп, таптық қайшылықтар мен халық бұқарасының күресін жасыру. 1918 жылғы қараша оқиғалары Германияның соғыстан жеңілуінің нәтижесі деген пікірлер үсемдік етіп келді.
60-жылдары буржуазиялық және реформистік тарихнамада осы пікірлерді сынаған жаңа бағыт пайда болды./13/. (Э.Кольб, Р.Рюруг, У.Клюге, Ф.Арнольд, И.Берлин). Жаңа бағыттың негізгі пікірлері мынандай: Біріншіден олар революциялық оқиғаларды-мойындайды. Германиядағы революцияның тарихи әлеуметтік-экономикалық алғышарттары, болды да Германияның соғыстағы жеңілісі тек революцияның басталуын тездетті деген ой қорытады.
Екіншіден, революция барысныда «әлеуметтік республика» құру мүмкіндігі яғни капитализм мен большевиктік социализмді аттап өтіп, үшінші жолмен даму мүмкіндігі бар екендігі, бірақ ол соцал-демократияның оңшыл басшыларының кесірінен пайдаланылмай қалды деген пікірді айтады.
Үшіншіден, олар большевизмнің Германияда жеңілуі мүмкін емес, оған себеп революциялық күштердің, атап айтқанда «Спартак» тобының сол таптың негізінде құрылған коммунистік партияның әлсіздігі, тәжірбиесінің аздығы дейді.
Диплом жұмысын жазу барысында пайдаланған деркетерді екі топқа бөлуге болады. Біріншісі «Спартак тобының» үндеулері, бағдарламалық құжаттары, кейінен осы топтың негізінде құрылған Германия коммунистік партиясының құжаттары, революциялық үкіметтің заңдары, 1934ж Москвада басылып шыққан жұмысшы және солдат Кеңестерінің І-съездінің құжаттары./14/
Екіншісі Германия Коммунистік партиясының және социал-демократиялық партиясының жетекшілерінің сөздері мен мақалалары./15/
Диплом жұмысы екі тарудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі келтірілген.
І-тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары.
І.І. Германияның революция қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің билеуші топтары өз халықтарының революциялық қозғалысына соғыс кедергі болады деп ойлаған еді. Алайда соғыс бірқатар елдердің жағдайын нашарлатып жіберді. Соғыс қимылдарының бірінші айларында-ақ Германия әскерлерінің авантюристік есептерінің сыры мәлім болды. Екі майданда соғысу өте ауыр еді. Бірақ та неміс армиясы Парижден 40 шақырым Марну ауданына жетті, қан төгіскен соғыстан кейін олардың кейін шегінуіне тура келді.
Шығыстағы майданның жетістіктеріне қарамастан Германия және оның одақтастары Россияны қатардан шығара алмады. 1915 жылы күзде шығыста майдан қалпына келді.
Күткендей ешқандай өзгеріс болмады, немістерді түншықтыратын газды да су астындағы соғыста нәтижесіз болды. Германия материалдың және адамдар жағынан да үлкен және ауыр күйзеліске ұшырады.
1914 жылдың бес айында соғыс кезінде өлген адамдар мен тұтқындардың саны миллионнан асып кетіп, үзақ уақытқа созылды./16/.
Дайындап қойған артық қару жарақтар жұмсалып, енді соғыс өнеркәсібін жылдам дамыту керек болды.
Соғыс жылдарындағы Германия тарихи әлеуметтік экномикалық қанытастарды түгелдей қамтыған жалпы ұлттық дағдарыстың өсуімен сипатталады. Елдегі реакциялық саясат, бұқара хлық үшін мағынасыз соғыс неміс халқын апатқа, терең экономикалық құлдырауға, жұмысшылар мен еңбекшілердің бұрын сонды болмаған қайыршылығына, аштығына әкелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Германияның қоғамдық-сяяси құрылымын дағдарысқа әкелді. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың ауыртпалығы еңбекші халықтын тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. Жұмысшылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монархиясынан соғысты тоқтатуды талап етті. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық билікке қарсы күреске шыға отырып, халық күресін қолдап, монархияны құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пісіп-жетілді. Монархияның елдегі саяси билігі әлсіреп, халықтың алдында беделі түсті. Соғысты бастаған ірі буржуазия мен монархия әскерлері соғыс майданында бірінен соң бірі жеңіліске ұшырады. 1915-1917 жылдағы соғыс майданындағы жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Елде монархияға қарсы ереуілдік қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуіл болса, 1917 жылы - 562, 1918 жылы - 773 ереуілдік қозғалыс болды. Мұндай қозғалыстар Германияның ірі қалаларын түгел қамтыды.
Өнеркәсіп өндірісі күрт төмендеп кетті. Өнеркәсіп өнімінің дәрежесі 1913 жылы 98 болса, 1918 жылы 56-ға азайды. Көмір өндіру -190, млн, т-дан 158, 2 млн т-ға, темір рудасы-28,6 млн т-дан 7,9 млн т-ға, шойын - 167 млн, т-дан 9,2 млн т-ға азайған./17/.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі тіпті нашарлады./18/. Астық пен картоптың түсімі соғысқа дейінгі мөлшерінің жартысына ғана Бидай-1913 жылы 4565 млн тонна болса, 1918 жылы 2458 тоннаға,картоп-1913 жылы 54121 мың тонна болса, 1918 жылы 29470 мың тоннаға азайған.
Сауда төмендеп, елді аштық жайлады. 1918 жылы еттің тұтынылуы соғысқа дейінгі мөлшерінің тек 12 проценті ғана болса, балық 5 проценті, үн, күріш 50 проценті ғана болып қалған. Азық-түлік бағасы соғысқа дейінгімен салыстырғанда 2,5 есеге, ал өнеркәсіп бұйымдары 3-7 есеге дейін көтерілген./19/.
Халық бұқарасының қайыршылық өмірі, таптық қайшылықтарының күрт ишеленісуі Қазан революциясының ықпалы соғысқа қарсы революциялық қозғалыстың күрт күшеюіне әкелді. 1916 жылы 240 ереуіл, 1917 жылы 561 ереуіл ал 1918 жылы 772 ереуіл болды./20/.
Негіз күрес орталықтары Берлин, Рейн-Вестфаль өнеркәсіпті, ауданы, Силезия, Бранденбург, Саксония болды. Белсенді күрес жүргізгендер тау-кен жұмысшылары, металлургтер, машина жасаушылар яғни өнеркәсіп пролетариятының негізгі өкілдері еді.
Неміс жұмысшыларының ерлігін паш еткен, түңғыш рет саяси туын көтерген Берлин жұмысшыларының 1918 жылдың қаңтар күндеріндегі еуілдерін ерекше атау керек. Германия жұмысшыларының көтерген саяи талаптары төмендегідей еді.
1.Тез арада бейбіт келісімге келу;
2.Келіссөздерге барлық елдер пролетариятының өкілдерін шақыру; 3.Баспасөз, жиналыс, сөз бостандықтарын беру, әйелдер мен балалар еңбегін қорғау туралы заңды күшіне енгізу;
4.өндірісті миллетаризациялауды тоқтату;
5.саяси тұтқындарды босату;
6.Германияның барлық мекемелерін толықтай демократияландыру /21/.
1918 жылы Германияда жалпы 772 ереуіл болса оның 531-і экономикалық, 241-і саяси ереуіл болды.
Әскері сәтсіздіктер, адам шығындары, тылдағы туғандарының ауыл өмірі солдаттар арасында да қобалжу туғызды. Солдаттар соғысудан бас тартты.
Германияның әскері апат табалдырығында тұрғаны, күші ревлюциялық сілкіністің жақындағанын билеуші топтар үшін қүпия емес еді. Дағдарыстан шығу жолдары іздестіріле бастады.
Германияда және соғысқа дейінгі мемлекетте капиталистік монополия басқарған еді. Соғыс басталған кезде директордың ұсынысы бойынша электр көзінің барлық жалпы компаниясы Вольтер Ротенау пруссия әскери тұрағында әскері өнім бөлімі құрылды./22/.
Оған ірі капиталистік монополиялар кірді. Осындаи әскері қоғамға мемлекеттік және конценр арасындағы ортадан басты роль атқарды.
Сонымен бір мезгілде әскері өнеркәсіптік комитет құрылды. Оның құрамына үкімет басшылары және ірі өнеркәсіптің ұйымдары кірді. Мемлекеттік мекемелер көмегі арқасында экономика алға жүрді. Басқа мемлекет органдарының өзгерістері 1916 жылдың жазында басталды.
Әскері азық-түлік мәселесінің басында Шығыс Пруссияның президенті Фас Батауки-Фрибе темір жолдың әскері меңгерушісінің басшысы генерал Вильгельм Грёнёр және бас директор Хлотте Рейне болды. Осы белгілеулер бойынша бұл аталған адамдар азық-түлік жеткізуде үкіметтен ірі көмек алды.
1916 жылы Германияның әскері-стратегиялық жағдайы нашарлады, Антанта табысқа жете бастады. Осындай жағдайда Пруссияның миллитаристік топтарының басшысы кайзермен бірге ірі монополиялық капитал барлық ішкі қорларды майданға қажет заттарын шығаруға бағыттады.
Тамыз айында генерал Фалкенпейін бас штабының бастығы болып тоғайындалды, ал оның орынбасары болып генерал Модендарф тағайындалды. Монополиялармен біргі "Геденбургтің бағдарламасы" деген атпен жарияланды, ал оны іске асыру үшін әскери мекеме құрылды. Басшысы генерал Гренер 1916 жылы 5-желтоқсанда рейхстаг Отанға көмекші қызмет" заңын қолдап, еңбек шарттарын ретке келтереді.
Ер адамдар үшін жұмыс 17 ден 60 жасқа дейін белгіленді.Жұмыс күні көбейіп, әйелдер мен жас өспірімдер үшін төмен жалақы белгіленді./23/
Күнен-күнге әскерге кеткен шығынады басқарып отырған орта халықтың қатысуымен салып отырады, сол кезде кәсіпорындар қожалары қару жарақты әскери қамтамасыз ету бөлімінен әкеліп отырды.
Крупп фирмасына келіп отырған қосымша пайдасы соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда 4 есеге артты. Стинес өзінің меншігін он есе өсіріп, миллиард маркге жеткізді.
Үкіметің соғысқа бөлген қаржысы ірі байлардың қалталарына түсіп 5-7 миллиард маркеден тұрды. Осылайша мемлекеттің соғысқұмарлық саясаты ірі монополиялардың баюуының көзі болып табылады.
Халықтың шаруашылығын және елдегі шаруашылықтың құлдырауы белгілі болды. Астық Германияда болғанмен, одан қатты азап көрген жұмысшылар мен шаруа жанұясы болды.
Көмір шығару және металл өндіру төмендеп кетті. Бұл соғыс халықты барған сайын құрта бастады. Күннен-күнге ұлттық бөліну халықтың бірікіп саясаттық азаматтақ бейбіт қозғалысына ешқандай да кедергі жасай алмады. Тек революциялық басшылар бұл күресті қолға алғанда ғана біраз басылғандай болды.
Германия социал-демократиялық партиясының басшылығы және оның қол астыда соғыстың бірінші күшінен бастап революциялық және интернационалдық әдет-ғүрыптарынан қол үзіп, өзінің буржуазиясына келді.
Жұмысшылар соғысқа дейін бірнеше күн бүрын, өздерінің жиналыстарында өздерінің көсемдерін ауыстыруды талап еткен. Реформистік партияның қайта туылуы бірнеше онжылдықтар бойы, Германия жұмысшы класын қаруландыруға ерік берді. Өте атағы шыққан жетекшілер партиясының төрағасы Фридрих Эберт епті, шешен реформистиік ойларды жолғастырушы.
Филипп Шейдеман милитаристерді өзінің "Ұттық" мақтауалармен мақтауға тырысатын Густов Носке.
Гупо-Гаозе-партияның екінші төрағасы ұзақ уақыт өздерінің марксистік мектептің басшылары деп санап келген еді, бірақта барлығы оппартумистік бағытта болды.
Германияның социал-демократиясының революциялық ағыны полицияның аңдуына және оппартунистер мен келісушілерінің қарсы шығуына қарамай ерлікпен, антиимпериалистік, антимилитаристік бағыт ұстап, социалистік интернационалистік идеяларға деген сенімен сақтады. Карл Либкнехт өзін жастар арасында танымдық танытып, өзінің капитализм мен милитаризм туралы басты шешімдерін таратты.
Германдық және халықаралық жұмысшылар қозғалысында ревзионнализмге қарсы нағыз күріскер - Роза Люксембург болды, марксистік жұмыстың авторы.
Революционерлер арасында ең көрнекті орынды атақты публицист және тарихшы Франц Меринг және халықаралық әйелдер қозғалысының демеушісі Клара Цеткин алды./24/
Бірақ Германиялық шептегілердің ортасы тар болды және олар жұмысшы класының сана сезімін оятып және олардың соғыс алдында өз бетінше революциялық ұйымдарды құруына жол ашты.
Бастаған соғыс революционердің социал-шовинистермен 1914 жылы 2-желтоқсанда Карл Либкнехт рейхстагта әскери кредиттерге қарсы дауыс берді.
Ол соғысқа империалистік тұрғыдан мінездеме беріп, дүние жүзілік базардағы капиталістік басқарушылық бөтен территорияларды басып алуы өндірістік және банктердің капиталы үшін деп айтты./25/
Бұл батыл айтылған сөздер тек ғана Германияда емес оның жан жағындағы әскерлерге де таратылды.
Жақын арада Либкнехт пен оның достарымен ұрандары шықты.
"Ең басты жау-өз елімізде"
"Азаматтық бейбіт емес, азаматтық соғыс қажет",- деген сөздер интернационалистік жұмысқа бірігуін, осы ұрандарға қосылуын және де бұлларды бірінші болып Ленин, орыстар,большевиктер бастағанын түсіндірді.
1915 жылы наурызда Карл Либкнехт, Роза Люксембург, Франц Клара Цеткин, Вильгельм Пик және басқалары "Интернационал" деп аталған журнал шығарды, бірақ бірнеше санынан кейін-ақ оның шығаруына тыйым салынды. 1916 жылы 1-қаңтарда олар Берлинде конференцияда Интернационал тобын құрып және оның бағдарламасын қабылдап алды.
"Спартак хаттары" деп аталған үгіт жүргізу қағаздарын шығаруды іске асырып отырады "Спартак" тобының жұмысының арқасында Германиялық пропогенистердің революциялық сезімдері оянды/26/
"Спартакпен" бірге Германияда басқа революциялық топтар құрыла бастады.
Карл Либкнехт және оның әріптестері 1916 жылы 1-мамырда Берлинде шеру ұйымдастыруды шешті.
Олардың шақыруы бойынша орталық алаңда мыңға жуық жұмысшылар жиналды. Оларға керегі нан, бостандық және бейбітшілік еді. Либкнехт топтан бірнеше рет, "Соғыс құрысын, өкімет құрысын" деп айқай салады. Полициялар оны ұстап,түрмеге алып кетті.
Рейхстаг әдейі шешілген шешімімен оны парламенттен алып тастады. Әскери сотта Либкнехт сөз сөйледі: "Мен бұл жерде кінәлі болу үшін емес, өзімді қорғау үшін емес, Азаматтық бейнет емес, азаматтық соғыс-міне" менің ұраным деп айтты.
"Соғыс құрысын, үкімет құрысын". Шығарылған қағаздардағы Либкнехтің ерлік сөзі халыққа үлкен әсерін тигізді.
Бірнеше мыңдаған Берлиннің, Бременнің, Штутгарттың және басқа қалалардың жұмысшылары Либкнехтің сотталып, каторгыға айдалуына қарсы ереуілге шықты.
Осыдан кейін түрмеге Роза Люксембург, өте қартайған Франц Меринг, Клара Цеткин, Юлиан Мархлевский қамалды.
Бірақта еңбекшілердің әлеуметтік күресін тоқтату мүмкін емес еді, 1916 жылғы мәліметтер бойынша 240 ереуіл болып, 129 мың адам қатысты.
1916-1917 жылдары қыста бүкіл елде аштық шеруінің толқыны жүріп өтті. 1917 жылы ақпан-наурыз айларында Берлин, Дюсельдорф және басқа қалалардың жұмысшылары ереуілдер жасады. Осы ереуілдер сөзінде Спартак тобы Карл Либкнехтті өздерінің жетекшісі деп жариялады./27/.
Роза Люксембург түрмеден өз достарына жазған хатында орыс революциясы Дүниежүзілік соғыстағы ең басты оқиға деп жазып және оны бүкіл әлемге әсерін айтса, Карл Либкнехт каторгодан жазған хаттарында, ол орыс революциясына көмекке келетінін және әлемнің жұмысына өзнің мыңдық өмір қиятынын жазды.
Совет үкіметі Ленинді, Франц Меринг және Клара Цеткинді және Иогаин Книфті жақсы қарсы алды.
1917 жылы спартакшылардың заңсыз таратылған қағаздарында, Россияда шешуші қағаз соқты, өте ерлікпен қиындықтан қорықпай өз жүректерінің қанын аямай, орыс пролетариаты шаруалар мен бірге өздері жеңіп алған мемлекеттік үкіметті сақтау және қатайту үшін күресті; деп айтылған еді.
Спартакшылардың шақыруы ойдағыдай болды. Берлинде 18 қарашада шеру басталып 25 қарашада астананың жұмысшылары көшеге ұрандарымен шықты. "Жасасын Советтік Россия", "Либкнехтке бостандық берілсін " деген.
Социал-демократиялық ұйымдардың шерулері мен жиналыстары Лейпцигте Мангеймде, Гамбургте, Бременде, Эссенде және басқа қалаларда өтті.
Орыс герман майданында солдаттардың бірлестігі күшейе түсті. Солдаттар мен еңбекшілер соғыстың аяқталуын зор үміттеп күтті.
І.2. Бірінші дүние жүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс.
Билеуші топтар дағдарысы одан әрі күштерірек бола түсті фракцияаралық комитетте үкіметтің ұйымдасуы жайлы сөз айта бастады,М.Эруберпер бірінші болып келетін оның құрамына социал-демократтар кіреді деген ойын білдірді.
Бірінші күннен кейін олар ұлттық қорғаныс үкіметінің мүмкіншіліктерімен ұлттық қорғаныс жайлы сөз қылды. Социал-демократтардың "Отанды құтқарушылар" рөлін орындауы өте орынды еді.
Олардың үкіметке келуі жайлы мәселе 23-қыркүйекте жарияланды. Сол күні СДПГ үкімет басқаруға қатысуы туралы мәселе парламентте дауысқа қойылды. Қолдаушы фракцияаралық комитетте Эбёрт және Шейдеман үкіметке Гертлингтің партиясы кірмейді деп хабарлады.
Шартты іске асырып олардың өздеріне қиянат жасауы мүмкін деді. Бірақта көріпкел буржуазияның басшылары басқа жол деп ойлады.
Сол күні Берлинде Саксонский бір үлкен қызметкерге хат жолдады, ол хатында "бүгінгі күнде социал демократиясыз" меңгеру мүмкін емес, егер ішкі және сыртқы майдандарды ұстап тұрғысы келсе деп жазды.
28-қыркүйекте парламенттік комитет ақырында хаттама жасады оның ішінде социал-демократтар және прогрессистер болды. Онда күресті үкімет құрылуын талап етеді.
Олардың талаптарын негізінен ұлтшыл-либералдар қолдайды. Вице-канцлер Пайцлердің айтуы бойынша хаттама Гертлингке тура тұрған "орындық есіктің алдында" канцлерге дәл уақытында беріліп еді, бір кездерде жоғарғы басшылықтың шақыруы бойынша отставкеге шығуы керек еді.
Сол күні, 28-қыркүйекте Людендорфтың штабында Гиденбург Германияның әскері және сыртқы саяси жағдайларын бағалап, Өзінің жақынына татуластық пен бейбітшілікке тез арада қорытынды шығарып, келісімге келді.
Енді Гиденбург және Модендорф Батыстағы жерлерді тазалауға келісіп, Шығысты жаулап алудан да бас тартпады, сол жерде олар большевиктерге қарсы тұрамыз" деп үміт артты.
Гертлинг штабқа келгенше, одан мемлекеттік қызметкер Шитуе штабқа келіп жетті. Ол өзінің бірге дайын жоспарды алып келді. Ол соның ішіндегілердің келісім шарттарды таңдап алды, "ашық әскері диктатураны" орнату идиясы болды.
Людендорф "Жеңіс жоқ, армияның жағдайы тез арада татуласуды талап етті" деп хабарлады. Әр бір сағат қауіптің жақын қалғанын білдіреді. Бір сағаттан кейін әскері басшылардың Вильгельм Екіншімен кездесуі болды.
Олар төніп келе жатқан революциялық қозғалысты болдырмау мәслелерін талқылады. Әскри басшылар уақытша бітім жасауды ұсынды. Кайзерге үкімет басшысы Гертлингті қызметтен кетіру туралы ұсыныс жасалды. Тек қана генерал Итета және Гингустің күш салуымен Кайзерді үкімге қол қоюға зорлап көндірді.
Ол үкім 30-қыркүйекте Гертлингтің қызметтен кетуі туралы болды. Жаңа үкімет енді АҚШ президенті Вильсонге уақытша бітім жайлы өтінішін тез арада жіберсін деді Людендорф.
"Армия енді типті қырық сегіз сағатта күте алмайды",-деп айтып, ол жылдам бітім жасау қажет, әйтпесе революция төменнен басталып кетеді деді./28/.
Дайын турған нотаның жаңа үкіметтің атынан жіберілуін талап етті. Тез арада граф Редёри және майор Фон Дем Берлинге жүріп кетті. Пруссия үкіметінің жиналысында, бундесратта, Пайердін ералдарымен мәжілісінде, 30-қыркүйектегі және қазанның алғашқы зі әскері жағдайдың өте бозғылт тартқан сүреттері бейнеленіп, Цдендорф және Гиденбургтың күшейтілген қосымша жедел хатында ен ьшда Берлинге келушілердің және олардың арыздары әр күннің босқа 20 мың солдаттың өмірлерінен турады деп көрсетіледі./29/.
Соғыс қимылының жалғастырылуы еліміздегі революциялық толқындары туғызады деп әскер басылар қатты үрейленді. Бірақ әскер басыларының үкіметке қарсы өзіндік ойы болды ма, әлде бұл тек қана қорқыныш сезімі және неміс солдаттарының өмірін құтқарып қалу мақсаты болды ма?
Бұл бәрінен бұрын генералитетік қулық іс әрекеті ме еді, ол өзіне жақсы атақ қалдырғысы келіп, өзінен әскері сәтсіздіктер үшін жауапкершілікті алып тастау ма еді?
Жақын арада әскері ортаның ішінен шыққан "арқасына қамшымен соқы " деген аңыз соңғыларын растайды.
Іс барысында, тез арада бейбітшілік келісім сөздерді бастауды талап ете-отырып, жоғары әскері басқарушылар және олармен бірге басқа билеуші топтар қиын жағдайда өз бастарын ойлағанын көру қиын емес еді./30/.
Келісімсөздерің көмегімен олар уақытты ұтқысы келді, соғысты 1919 жылға дейін созып, қорғанысты жаңа шептердің күшеюіне дайындап, әскері адам әскердің адам күштердің және материалдық бөлігін осындай жолмен аман алып қалып, кейінірек соғыста жеңуді ойлады./31/
Бәрінен бұрын шындап қорқытудың себебі басты қорқыныш-төменнен революция басталып, билеуші топтарды мүлде төңкеріп тастайды-ау деген ойы еді. Елде революциялық ахуал пісіп жетілді.
В.И.Ленин баспа сөз жаңалықтарына сүйене отырып сол күндердегі Германиядағы болған жағдайларды әбден дұрыс түсінді. 3-қазанда ол "Германияда саяси дағдарыс пайда болды деп жазды.
Әскери жағдайдың үмітсіздігі, үкіметті қолдаушылардың жоқтығы, билеуші топтардың сасқалақтауы бірден ақ көрініп қалды. Бұл дағдарыс революцияның дайын екенін көрсетті.
Жоғары әскери басшылар 1918 жылдың 29 қыркүйегінде бейбіт
келісімге келу қажеттігі туралы мәлімдеп, Антанта санасатындай және елді дағдарыстан шығара алатындай жаңа үкімет құру керек деп есептеді. Жоғары командования талабымен канцлер Гертлинг қызметтен кетеді де Макс Баденский бастаған құрама үкімет құрылады.
Бұл жаңа үкіметте социал-демократтардан Шейдеман мен Бауэр, католиктік Орталық партиясынан Эрзбергер мен Тримборн кіреді.
Жаңа үкімет 1918 жылдың 5-қазанында Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсонға дереу уақытша бітім жасау туралы барлық соғысушы мемлкеттер үкіметіне ұсыныс жасауды өтілген
жеделхат жіберді./32/.
Баденский үкіметінің бұл әрекеті Германия жағдайын жақсарта алмады. Германияда саяси дағдарыс туды. Үкіметтіңде барлық қанаушы топтардың да асып-сасуы бүкіл халық алдында байқалып отыр.Соғыс жағдайының үмітсіздігі және үстем топтарды еңбекшілер бұқарасының қандай да болсын қанауының жоқтығы бірден байқалады. Бұл дарыстың өзі революцияның болатындығын, не ең болмағанда революцияның сөзсіздігі мен таяу екендігін бұқараның өз көзімен көре бастағандығын көрсетеді.
Шейдемандар мен кабинетке тарту-революциялық дүмпуді теқ тездетеді, осы неғурлым сапалы, неғурлым кең, неғурлым берік етеді./33/.
Әлеуметтік революцияладың жүзеге асуы үшін таптың күрестің шыңына жетуі, формацияның барлық әлеуметтік қайшылықтарының шиеленесуі, халық бұқарасының белсенді әрекеті басқаша айтқанда, революциялық ахуал деп аталған ерекше тарихы жағдайлардың жиынтығы қажет. Революциялық ахуал революцияның мүмкіндігін туғызады сол мүмкіндіктердің іске асуы үшін соған сай субъективтік фактор пісіп-жетілуі керек. Егер субъективтік фактор дамымаса, обьктивтік фактордың өзі ғана революцияның жеңісіне әкелмейді. Революция мүлде болмайды немесе жеңіліске ұшырайды.
Қараша революциясы қарсаңындағы субъективтік фактордың көрінуіне тоқталайық./34/.
І.Германияда жұмысшылар халықтық жартысынан көбін құрады – 55 процент.
2.Деревнядағы жұмысшы, шаруа 7 миллион, яғни пролетариаттың
7 млн. Одақтасы бар деген сөз. Үшінші одақтасы болуы мүмкін, ол қаладағы ұсақ буржуазия.
З.Социал демократиялық партиялар СДПГ, НСДПГ, Спартак тобы.
Осы белгілер қандай деңгейде, қандай дәрежеде көрінді?
Жұмысшы табы халықтың көпшілігін қирағанымен бытыаңқы болатын. Бір бөлігі коммунистер соңынан еріп социализм үшін күрессе, екінші бөлігі социал демократтардың соңынан ерді.
Жұмысшы тобы тәжірибесіз еді. 1948 жылғы революциядан бергі жылдарда ірі революциялық оқиға Германияда болмаған еді.
Пролетариат шаураларды өз жағына тарта алмады. Халықтың 20-25 процентін құрағар шаруалар пролетариаттың берік одақтасы бола алмады.
Германияның социал-демократиялық партиясы революцияның қажеттігін мүлде жоққа шығарады. Революциясыз - ақ буржуазиялық париялармен одақтаса отырып, демократиялық - социалистік мемлекетке жетуге болады. Бар күштерін жұмысшылар мен басқа топтарды үкіметті қолдауға шақыруға жұмсады. Халықтың солшылдығын ескеріп мынандай талаптар қоюмен шектелді.
-Тең сайлау құқын енгізу.
-Рейхстагты жоғарғы зағ шығарушы органға айландыру.
-Жиналыс, пресса бостандықтарын кеңейту.
-Саяси тұтқындарды босату.
-Кайзерді оның бір туысымен ауыстыру.
Екінші партия-Социал-демократиялық тәуелсіздер партиясы 1917 жылы құрылған. Құрамы центристер мен солшылдардан тұрады. Сондықтан да іс-әрекетінде, талаптырында солқылдақтық, қарама- қайшылықтың бар.Өздері бірнеше топқа бөлінеді, оның ішінде алауыздық өте күшті болды.
Ол 11-12 қыркүйекте өткен конференцияларынан айқын көрінеді. Көптеген шешендер революциялық әдістерді Кеңестік Россияны, большевиктер саясатын колдаса, Каутский, Бернистейн және Штебел большевиктердің теориясы мен тактикасына кеңестік идеяларына қарсы шықты. Конференция нақты бағдарлама қабылдамай тарайды.
Оңшыл социал-демократтармен центристерге, соғысқа империализм үстемдігіне қарсы революциялық күрес бағытында тұрған тек Спартак тобы болды./35/. "Спартак" тобына кірген санаулы социал-демократтар ғана болмаса, тәжірибелі партия басшылығының жоқтығы мұнда да көрінді.
Кеңесте оңшыл-соцаил-демократтармен центристер қолында болды. Ал олар революцияны онан әрі тереңдетуге тырысты.
Қорыта айтқанда, жауынгер, революцияшыл партия орнын ешкім ешнәрсе толтыра алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |