«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қызметінің нәтижелерін талдау



Дата28.06.2016
өлшемі168.05 Kb.
#163743
Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы

экономика ғылымдарының кандидаты,

Халықаралық Бизнес

Академиясының аға оқытушысы



«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қызметінің нәтижелерін талдау
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикалық дамуында өңірлердің рөлі тұрақты өсуде. Жергілікті басқарушылар шаруашылықты өз бетінше жүргізуді қажет екенін түсінеді. Қазіргі күрделі экономикалық шарттарда ең дұрысы теңіз порттарында, шекаралас темір жол орындарында, ірі аэропорттарда арнайы экономикалық аймақтарды қалыптастыру орынды. Ондай аймақтарда сауда операцияларын қамтамасыз ететін қойма және көлік инфрақұрылымын жасау қажет.

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, өңірдің ағымдағы бәсекеге қабілетті мамандануы экономикалық дамудың мынадай бағыттарын қалыптастырады: мұнайгаз өндіру өнеркәсібі; құрылыс индустриясы; көліктік-логистикалық сала; химия өнеркәсібі; мұнайгаз машина жасау; келешекте – мұнайхимиясы, металлургия және металл өңдеу және басқалары.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ облыста аса ірі жүйе құраушы жоба болып табылады және өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында құрылған.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімшілік шекарасы шегіндегі Ақтау теңіз сауда портының маңайына орналасқан.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына сәйкес [1] 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтау теңіз портының аумағында «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді, оны ұйымдастыру негізінде еркін сауда аймағын, өнеркәсіп аймағын және көліктік-логистикалық орталығын құру жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 ақпандағы Жарлығымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағы 227,1 га-дан 982,3 га-ға дейін кеңейтілді [2].

Арнайы экономикалық аймақ өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялы және экспортқа бағытталған өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылған.

Ақтау портының басты, үйілген жүктерді және контейнерлердегі жүктерді аударып тиеу жөніндегі өндірістік әлеуеті, қазіргі кезде жылына 1,5 млн. тоннаға дейін, мұнай мен мұнай өнімдерін аударып тиеу бойынша – жылына 8 млн. тоннаға дейін жеткізілген. Келешекте порттың өткізушілік қабілетін, мұнай құю жүгі бойынша – 20 млн. тоннаға дейін, құрғақ жүк бойынша – 3,2 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын солтүстік бағытқа кеңейту жөніндегі іс-шаралар аясында, жаңа толқын қайтарғы мен жағалық бекітпелер құрылысын салу, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, төрт мұнай құю айлағы мен төрт құрғақ жүк айлағы құрылысын салу көзделген. Несие ресурстарын тарту туралы мәселесі, құрылыс жұмысын бастау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен 25 млн. доллар мөлшерінде шешіліп, 2006-2008 жылдарда құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық дәлелдемесінің экономикалық бөлімін әзірлегенде оператор-компанияның жергілікті бюджетпен жабылатын пайдалану шығындары және арнайы экономикалық аймақтың резидент-кәсіпорындарының қосымша құн түрінде алатын жанама шығыстары қарастырылған.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында өз іс-әрекетін жүргізетін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Заңының 5 бөліміне сәйкес «Бюджетке төленетін салықтар және міндетті төлемдер туралы» [3], соның ішінде жеңілдіктер: корпоративті салығынан босату [4]; жер салығынан босату [5] және мүлік салығынан босату [6].

Жоғарыда айтылғандарды талдай отырып, ендігі қорытындыларды жасауға болады, арнайы экономикалық аймақ аумағында өз іс-әрекетін жүргізетін кәсіпорындарға және арнайы экономикалық аймағы аумағына тауарларды жеткізетін ұйымдарға маңызды жеңілдіктер беріледі.

Арнайы экономикалық аймақтың жерінде кедендік тәртіптер орнатылған, олар арнайы экономикалық аймақтың қатысушы-кәсіпорындарына өз мүдделері үшін кедендік баждарын, салықтарын және тарифтік емес реттеудің ешқандай шараларын қолданбай жүктерді қабылдап алуға мүмкіндіктер береді.

Қазіргі күні «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақта өндіріс түрлерін ұйымдастырудың басымды жұмыстар түрлері: химиялық өнеркәсіп; металлургиялық өнеркәсіп; дайын металл бұйымдарының өндірісі; пластмасс және резеңке бұйымдарының өндірісі; машина және жабдықтау өндірісі; металл емес басқа минералдық өнімдер өндірісі.

Аймақта 110 млн. АҚШ доллар инвестициялық қоржынмен үш жоба табысты жүзеге асқан, «Кеппел Қазақстан» (Keppel Offshore and Marine сингапурлық компанияның еншілес кәсіпорны) - теңіз металл құрылымдарды, «Арселор Миттал Турболар Актау» (жылдық қуаты 60 мың тонна) - мұнай сортамент құбырларды шығару бойынша және Ақтау шыны талшық құбырлар зауыты (жылдық қауттылығы 400 мың м).

Бұл кәсіпорындар мемлекетке жиынтық 5,73 млрд.теңге табыс әкелді. Берілген зауыттарда 1163 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Ақтау шыны талшық құбырлар зауыты «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан, полиэфирлі және эпоксидті негізде шыны талшық құбырларын өндіреді. 2002 жылы 12 маусымда құрылған, Жарғылық капиталы 100000 теңгені құраған. Өндірістік іс-әрекетін 2003 жылдың 26 қараша айында бастаған. Зауыттың жылдық қуаттылығы жылында эпоксидтік негізде диаметрі 100-400 мм дейін 150-200 шаршы метр және полиэфирлі негізде диаметрі 300-2600 мм дейін 120-150 шаршы метрді құрайды.

1 кестеден көрініп тұрғандай, Ақтау шыны талшық құбырлар зауытының табыстары алғашқы жылдары жоғары болды, 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда дайын өнімді іске асырудан табыс 172% өскен, іске асқан дайын өнімнің өзіндік құны 168% жоғары болған. Бірақ 2007 жылыдан бастап негізгі іс-әрекеттен табыс 3,4% төмендеп, теріс көрсеткішті, яғни шығынды көрсетіп тұр, ал 2008 жылы кәсіпорын мүлдем зиян шегіп отыр. Мұндай жағдайдың басты себептері әлемдік дағдарыс және бұл зауыттың өніміне сұраныстың жоқтығынан болып отыр. Сондай-ақ, Ақтау шыны талшық құбырлар зауытында бірнеше себептер бойынша тапсырыстарды орындамау және тапсырыстарды қабылдамау жағдай туындап отыр. Бірінші мәселе, жоғары қысымды құбырларды шығаруға мүмкіншілік жоқ. Себебі сәйкес құбыр өнімдерін біріктіретін үлгілер меңгерілмеген. Бұл мәселені шешуде біріктірулердің жаңа үлгілері үшін жаңа жабдықтауларды енгізіп, менгеру қажет. Екінші мәселе, құбыр жүйесін құрылымдық тапсырыстар бойынша тапсырыс берушінің талаптарын орындауға мүмкіншілік жоқ. Себебі шығарылатын өнім каталогында берілген диаметрлі құбырлар жоқ. Бұл мәселені шешу үшін берілген диаметрлі құбырлар өнімін шығаруға жаңа жабдықтауды енгізу және менгеру қажет. Үшінші мәселе, зауыт өнімді жеткізу шарттары және мерзімдері бойынша жауап бере алмайды, себебі зауыттың жұмысы көп, шикізаттың жабдықтаушысы алыс орналасқан, дайындау және жеткізудың мерзімдері тым қысқа. Бұл мәселенің шешу жолы өнімді шығаруды, жеткізуді және шикізатты жеткізуді жоспарлау.

Кесте 1 - Ақтау шыны талшық құбырлар зауытының табыстары және шығыстары туралы көрсеткіштер

(мың теңге)



Көрсеткіштердің атауы


2004 жылы

2005 жылы

2006 жылы

2007 жылы

2008 жылы

2008ж.

2004ж.


%

Дайын өнімді іске асырудан табыс

1469523

948189

1628771

1329756

1249022

84,9

Іске асқан дайын өнімнің өзіндік құны

737137

563342

949175

1072594

1015835

137,8

Жиынтық табыс

732386

384848

679596

257162

-110682

15,1

Негізгі іс-әрекеттен табыс (шығыс)

516595

64916

358306

-12242

-

-

Негізгі емес іс-әрекеттен табыс (шығыс)

40823

64373

64436

59777

-

-

Салықты салуға дейін әдеттегі іс-әрекеттен табыс

557418

129289

422743

47535

-145308

-26,0

Таза табыс

557418

129289

422743

47535

-145308

-26,0

Ескерту –«АШТҚЗ» 2004-2008ж.ж. мәліметтері негізінде автор есептеген

«Арселор Миттал Турболар Актау» - мұнай сортамент құбырларды шығару бойынша зауыт өз өндірісін 2007 жылы бастаған. Бұл зауыт Қазақстанда үлкен диаметрлі спиральды-жапсар құбырларды өндіру бойынша алғашқы зауыт.
Кесте 2 - «Арселор Миттал Турболар Актау» зауытының табыстары және шығыстары туралы көрсеткіштер

(мың теңге)



Көрсеткіштер атауы


2007 жылы

2008 жылы

%

Дайын өнімді іске асырудан табыс

264594

1164775

44

Іске асқан дайын өнімнің өзіндік құны

247254

956560

39

Салықты салуға дейін табыс (шығыс)

549951

471996

85

Таза табыс

549951

471996

85

«Арселор Миттал Турболар Актау» 2007-2008 ж.ж. мәліметтері негізінде автор есептеген

Бұл кәсіпорында, кестеден көрініп тұрғандай дайын өнімді іске асырудан табыс алдыңғы жылмен салыстырғанда 44% өсті. Таза табыс 85% құрайды. Бұл кәсіпорын 2009 жылдың қараша айында API стандартын енгізген соң өндірісті жолға салып, өнімділігін өсіруді көздеп отыр.

Арнайы экономикалық аймақты дамытудың екінші кезеңінде қосымша жерінде қосалқы аймақтарды орналастыру жоспарлануда: индустриялық қала, Каспий шельфінің инфрақұрылымын меңгеру бойынша орталық, көлік-логистикалық орталық, шекараға жақын сауда орталығы.

«Индустриялық қала» қосалқы аймағы – экспортқа бағытталған өнеркәсіп және тұтыну өнімдерін өндіретін кәсіпорындар орналасқан 195 га жер.

«Каспий шельфінің инфрақұрылымын меңгеру бойынша орталық» қосалқы аймақ – мұнай өндіретін саладағы кәсіпорындардың негізгі және қосымша жабдықтауларын өңдеу және жөндеу жұмыстары бойынша кәсіпорындар орналасқан 225 га жер. Мұнайгаз саласында қажетті импорттың орнын ауыстыратын жабдықтауларды және материалдарды өндіретін кәсіпорындарға ерекше қолдау көрсетіледі.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының әлеуетін толық іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне қосымша басымды жұмыстардың тізімдері туралы ұсыныс дайындалды, олар: қосымша және көмекші көлік жұмысы; электроқуатты, газды және суды өндіру және тарату; көтерме сауда, агенттер арқылы сауда; жылыжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру, тұтынушыларға қызмет көрсету; зерттеулер; тұтынушыларға қызметтердің басқа да түрлерін көрсету.

Бұл өзгерістер арнайы экономикалық аймақ жерінде Көлік-логистикалық орталықты және Шекараға жақын сауда орталығын жасау жобаларын жүзеге асуға мүмкіндік береді. Бұл үшін теңіз порты жанында 300 га жуық қосалқы аймақ жері бөлінген. Жобаны іске асыру үшін 280 млн.доллар инвестициялар көлемін құрайды. Көлік-логистикалық орталықта 100 адам жұмысбасты болады.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ ядросы, көліктік-логистикалық орталығы болып табылады, ол «Солтүстік-Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық дәліздеріндегі стратегиялық реттеушы-порт ретінде жұмыс істейтін болады.

Көлік-логистикалық орталығы маңында 100 га алаңында кедендік баж салығын төлеместен, кейіннен өңір тұрғындарына бөлшек саудамен сатылатын, Қазақстан Республикасында халық тұтынатын тауарлар мен тағам өнімдерінің импортын және кедендік баж салығын төлеместен көтерме тауар айырбасын жүзеге асыратын Шекаралық Сауда Орталығы орналасады.

Осы үшін Шекаралық Сауда Орталығында жүктерді қабылдау, сақтау, буып-түю, топтастыру және жөнелту бойынша операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылым құру көзделуде.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында қазіргі кезде қиыншылықтарды жеңіп шығу үшін, мемлекетпен қабылданатын шаралардан басқа, ұлттық экономиканың ашықтық дәрежесін көтеру, оның әлемдік шараушылыққа жылдам қосылуын және әлемдік еңбек және капитал нарықтарының бөлуіндегі басымдылықтарын пайдалануды талап етеді. Әлемдік шаруашылық тәжірибеде кеңінен қолданған, шетелден капиталды тартудың бір нысаны, еркін экономикалық аймақтарды жасау болып табылады. Оларды жасаудың басты мақсаты – ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін көтеру, тауарларды және қызметтерді экспорттауда көлемін кеңейтуден валютаның келуін көбейту, шетел инвестициялар түрлерінде өнімді импорттауда шығындарды қысқарту және өнімнің жаңа түрлерін өндіруді меңгеруді жылдамдату.

Тарихи Қазақстан барлық кезде дүние жүзілік сауданың маңызды көлік торабы болып табылды. Қазір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикасының шапшаң өсуі Қазақстанның ғаламдық көлік тармағына интегралдануы мәселелеріне ерекше маңыздылық береді.

Көлік жүйесі ел экономикасының инфрақұрылымын қалыптастырушы салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда жеткілікті дамыған көлік жүйесі бар, ол өзіне темір жол, автомобиль, әуе, ішкі су, теңіз және құбыр арқылы енгізеді.

Су көлігі саласында: соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының теңіз тасымалы белсенді дамып келеді. Бұл бағыттағы шешуші рөл «Ақтау теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына тиесілі. Ақтау порты Қазақстанның бірден-бір мұз қатпайтын порты болып табылады және ТРАСЕКА мен Солтүстік-Оңтүстік халықаралық маршруттарында стратегиялық пункт болып табылады, бұл өз кезегінде Азия-Еуропа-Азия жүк тасымалдау маршруттарын одан әрі дамыту үшін Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен және Әзербайжанмен теңіз қатынастары арқылы Иранның солтүстік және оңтүстік порттарына және сонымен қатар Балтық және Қара теңіз – Жерорта теңізі бассейндеріне тікелей шығудың орасан зор мүмкіндіктерін ашады. Ақтау порты арқылы маршрутын пайдалану Қытай Халық Республикасы мен Азия-Тынық мұхит өңіріндегі елдерден Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД, Таяу Шығыс және Закавказье елдеріне және кері бағытта да жүктерді кедергісіз тасымалдаудың кепілдік шарттарын қамтамасыз ете алады.

Қазір Ақтау халықаралық теңіз сауда порты Каспий теңізіндегі заманауи және техникалық жабдықталған өндірістік порттық кешені болып табылады.

Порт жүктерді уақытылы және сапалы өңдеу үшін арналған, мыналарды енгізеді: жүк тиеуді (жүк түсіруді), жүктермен байланысты қоймалық жұмыстар, басқа тасымалдау түрлерінен теңіз тасымалдауына тасымалдау және керісінше, сонымен қатар портқа кіретін теңіз кемелеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету.

Ақтау портының жылына 1,5 млн. тонна құрғақ және 8 млн. тонна құйма жүктерді өткізу қабілеттігі бар. Құрғақ жүктерді тасымалдаумен байланысты негізгі қорлар – айлақтар, қоймалар, қойма алаңдары, қызмет және әкімшілік ғимараттары және барлық коммуникация толығымен жаңартылды.

Мақсат қолдағы бар қуаттарды жетілдіру және тиімді пайдалану, жоғары сапалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет ету өрісін ұлғайту арқылы жүктерді тасымалдық өңдеу және сақтау, кемелер мен жолаушыларға қызмет ету бойынша қызметтердің барлық түрлерін ұсынумен қорытындылады және жергілікті және мемлекеттік басқару ұйымдарымен өзара әрекеттесу үшін қызметкер адалдығы мен заманауи технологияға сүйене отырып, қоршаған ортаға зиян келтірмей, іскерлік атақтың жоғары деңгейін сақтаумен және Каспий өңіріндегі ұқсас қызмет етулердің нарықтағы озық позициясын жеңіп алумен қорытындылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты кәсіпорынның іс-әрекетін сипаттайтын бірқатар қаржылық көрсеткіштер жиынтығының өсіңкілігін есептеу мен талдау нәтижелері бойынша қаржылық жағдайын бағалау болып табылады.

2007 жылы 10972 мың тонна жүк тасымалданды, соның ішінде 9 млн. 293 мың тонна мұнай және 1 млн. 679,1 мың тонна құрғақ жүктер, паромдық тасымалдаулар мен астықты қосқанда. 2008 жылы жүктерді тасымалдау 2007 жылмен салыстырғанда 18,7% артқан. 2003-2008 жылдар арасындағы жүктерді тасымалдаудың орташа динамикалық өсімі 7 млн. 906,5 мың тоннаны құрады.

Жалпы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын бойынша жүкті тасымалдау 2007 жылмен салыстырғанда 1,23 есеге өсті, немесе 2530 млн.тоннаға. Жиынтық табыс 2007 жылы 6,7 млрд. теңге шамасында болды, соның ішінде негізгі іс-әрекеттен табыс 5 млрд. 713,1 млн. теңгені, негізгі емес іс-әрекеттен табыс 969,1 млн. теңгені құрады.

2007 жылғы таза табыс бойынша жоспар 84,1%-ға орындалды, жоспар бойынша 4109,4 млн. теңге болса, іс жүзінде таза табыс 3456 млн. теңгені құрады.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2003-2008 жылдарының жұмыс көрсеткіштері 3-кестеде келтірілген.

Кесте 3 - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өндірістік және қаржы көрсеткіштері




Көрсеткіштердің атаулары

Өлшеу бірлігі

2003 жылы

2004 жылы

2005 жылы

2006 жылы

2007

жылы


2008 жылы

2008ж.

2003ж.


%


1. Жүктерді тасымалдау (барлығы)

мың тонна

3413,9

4557,8

6553

8440

10972

13502

74,7

(4 есе)


Соның ішінде:

мұнай және мұнай өнімдері



мың тонна

2016,6

3171,1

4987

7148

9293

11443

82,4

(5,7 есе)



Олардың ішінде:

1) металл



мың тонна

573,6

816,8

1163

893

1161,5

1430

59,9

(2,5 есе)



2) астық

мың тонна

209,2

146,6

103

144,5

187,9

230

9,04

(1,1 есе)



3) басқа жүктер

мың тонна

19,6

26,2

35,0

70,6

91,9

112

82,5

(5,7 есе)



в) паромдық тасымалдар

мың тонна

143,50

173,19

178,10

183,00

237,80

287,00

50

(2 есе)


2. Табыстар (барлығы)

млн. теңге

2910,3

3351,2

3859

5140

6682,2

8687

66,5

(3 есе)


3. Шығындар (барлығы)

млн. теңге

2144,3

2183,4

2471,9

2695,2

3085

3475

38,2

(1,6 есе)



4. Корпоративтік салық

млн. теңге

332,5

428,6

638,3

659

608

629

47,1

(1,9 есе)



5. Таза табыс

млн. теңге

433,5

739,2

748,8

1785,8

2989,2

4583

90,5

(10,6 есе)



Ескерту – 2003-2008 жылдары Ақтау порты бойынша материалдары негізінде автор есептеген (Баутино жүк ауданын ескере отырып).

Каспий аймағындағы Қазақстанның жалғыз халықаралық теңіз сауда порты Ақтаудың көрсететін қызметінің сапасы мен технологиясы әлемдік стандарттарға сай келетін портқа айналып отыр. Қазақстан Республикасы Көлік стратегиясында белгіленген мақсаттарға сәйкес 2015 жылға қарай Ақтау порты арқылы тасымалданатын мұнайдың өсуі жылына 20 млн. тоннаға дейінгі көлемге жеткізілмек.

Порттың бүгінгі өндірістік қуаты қазірдің өзінде өзінің жобалық көрсеткіштерінен асып отыр. Осыған байланысты Ақтау порты қызметінің қазіргі маңызды бағыты 2006 жылы басталған портты кеңейту жобасын жүзеге асыру болып табылады. Жобаның жалпы құны 32 млрд. теңгеден асады. Ақтау теңіз портын кеңейту бір жылғы түсіріп-тиеу көлемін мұнай жүктері бойынша 20 млн. тоннаға, ал құрғақ жүктер бойынша 3 млн. тоннаға жеткізумен қатар порттың Каспийдегі жетекшілік орнын сақтап қалуға мүмкіндік ашады.


Әдебиет:
1 Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2002.- 26 сәуірдегі № 853 Жарлығы.

2 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.- 7 ақпандағы Жарлығы.

3 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» №2235 24.04.1995 ж. Қазақстан Республикасы Заңының 57 бабына, №223 2001 жылдың 5 шілдесінен және №312-ІІ 2002 жылдың 21 наурызынан өзгерістері мен қосымшалары.

4 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 151 бап, 2 бөлім салықты есептеу, төлеу тәртібі және мерзімі.

5 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 151 бап, 3 бөлім, 1 бөлімше.

6 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 151 бап, 3 бөлім, 2 бөлімше.


Резюме
В статье дается анализ результатов деятельности специальной экономической зоны «Актау морпорт».
Summary
In article is given analysis result to activity of the special economic zone "Aktau sea port".



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет