Атауы Беті



бет1/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#23881
  1   2   3   4   5   6   7   8


Мазмұны




Атауы

Беті




Кіріспе

3

1.

Қарағанды қаласының 2007-2009 жылдардағы экономикалық даму үрдістері

3

1.1

Қарағанды қаласының 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау

3

1.1.1.

Өнеркәсіп

3




-жоғары қосылған құнмен экспортқа бейімделген өнім шығару

6




- технологиялар мен инновацияларды дамыту

6

1.1.2.

Кәсіпкерлікті дамыту

8

1.1.3.

Құрылыс

9

1.1.4.

Ауыл шаруашылығы

11

1.1.5.

Көлік және коммуникация

12

1.1.6.

Электр энергетикасы

16

1.1.7.

Сыртқы экономикалық қызмет

17

1.1.8.

Инвестициялық сала

18

1.1.9.

Демография және көші-қон

19

1.1.10.

Тұрғын үй саласы

19

1.1.11.

Білім беру

20

1.1.12.

Денсаулық сақтау

22

1.1.13.

Еңбек ресурстары

23

1.1.14.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

24

1.1.15.

Мәдениет және спорт

29

1.1.16.

Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы

30

1.2.

Қорытындылар

31

2.

Қарағанды қаласы экономикасының даму факторлары мен жағдайлары

36

2.1.

Дамуға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау

36

2.2.

Негізгі проблемалар, оларды шешу жолдары

39

2.3.

Қарағанды қаласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған болжамдары

50

3.

Қарағанды қаласының экономикасын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған нысаналы индикаторлары

56

4.

Қарағанды қаласының бюджеттік параметрлерінің 2010-2012 жылдарға арналған болжамы

59

4.1.

Қазыналық саясаттың негізгі бағыттары

59




- Салық саясаты

59




- Кірістер түсімдерін болжау

59




- Бюджет шығыстарын болжау

61

4.2.

Агрегирленген форма бойынша Қарағанды қаласы бюджеті параметрлерінің 2010-2012 жылдарға арналған болжамы (жоғары бюджеттен бөлінген трансфертін санамағанда)

63




1 қосымша

2010-2014 жылға арналған Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлерінің болжамына енгізілген көрсеткаіштердің тізбесі



2 қосымша

Қалалық бюджеттік бақдарламалар әкімшілері бойынша 2010-2012 жылдарға арналған Қарағанды қаласы бюджетінің болжамы







Кіріспе
Қарағанды қаласының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қарағанды қаласының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қарағанды қаласының Бас жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлер болжамын жасау тәртібіне сәйкес жасалды.

Қарағанды қаласының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы қаланың бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамынан, үрдістері мен басымдықтарынан, сондай-ақ үш жылға арналған жергілікті бюджет параметрлерінің болжамынан тұрады.

Құжат келесі бөлімдерден тұрады:


  • Қарағанды қаласының 2007-2009 жылдардағы экономикалық даму үрдістері;

  • Қарағанды қаласы экономикасының даму факторлары мен жағдайлары;

  • Қарағанды қаласының экономикасын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған нысаналы индикаторлары;

  • Қарағанды қаласының бюджеттік параметрлерінің 2010-2012 жылдарға арналған болжамы. Қазыналық саясаттың негізгі бағыттары;

  • Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлердің негізгі көрсеткіштерінің болжамы (кесте түрінде).

Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлер болжамы іс-шараларының іске асырылуын жергілікті басқару органдары қабылданған мемлекеттік, салалық даму бағдарламаларына сәйкес қамтамасыз етеді. Бұл ретте қала әкімінің құзыретіне жататын мәселелер нақты даму бағдарламаларын іске асыру жоспарларында жүйеленген.

Қажет болған жағдайда, Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлер болжамының бөлімдері нақтылануы және түзетілуі мүмкін.


І. Қарағанды қаласының 2007-2009 жылдардағы экономикалық даму үрдістері
1.1. Қарағанды қаласының 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау
1.1.1. Өнеркәсіп

Қарағанды қаласы орталық Қазақстанда республикалық және халықаралық маңызы бар транзитті магистральдарда орналасқан және ірі әкімшілік әрі өнеркәсіп орталығы болып табылады. Қарағанды қаласында облыстың басқа қалаларына қарағанда өнеркәсіптің айтарлықтай көп саласы шоғырланған, бұл жағдай қаланың одан әрі жақсаруына оң әсер етеді.

2008 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 122092,0 млн. теңгені, яғни Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіп өнімі көлемінің 12,9 %-ын құрады. Айғақты көлем индексі 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 103,3 %-ды құрады.

2009 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 111661,5 млн. теңге сомасында күтіледі немесе 2008 жылға 91,5 %.

2008 жылы кен өнеркәсібінде 17875,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, ол 2007 жылғы деңгейден 96,7%-ға артық.

Өсім 2007 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көмір өндіру есебінен қамтамасыз етілді. 2008 жылы – 18383,3 млн. теңге, 2007 жылы – 8028,5 млн. теңге. Сонымен бірге, «Казахстан Инвест Комир» ЖШС-де кокс және активтенген көмір өндіретін учаске іске қосылды.

Кен өнеркәсібінде 2009 жылы 8398,5 млн. теңге сомасына өнім өндіру күтіледі немесе 2008 жылғы деңгейге 47 %. Көмір өндіру (94 %).

Өңдеуші өнеркәсіпте 63219,0 млн. теңгеге өнім өндірілді, ол 2007 жылғы деңгейден 21,2 %-ға артық.

2009 жылы өңдеуші өнеркәсіпте 62692,6 млн. теңге сомасына өнім өндіру жоспарланып отыр, ол 2008 жылғы деңгейден 99,2 %-ға артық.

Металл өңдеу, машина жасау, химия өнеркәсібі Қарағанды қаласының өңдеуші кәсіпорындарының басым салалары болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2008 жылы 51,8 %-ды құрады.

2008 жылы металлургия өнеркәсібі пен металл өңдеу саласында өнім 11171,4 млн. теңгеге, оның ішінде қара металлургия өнімі 2488,1 млн. теңгеге өндірілді. Айғақты көлем индексі 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 90,6 %-ды, қара металлургияда өнім өндірудің төмендеуі есебінен 2007 жылмен салыстырғанда 26,1 %-ды құрады.

Металл өңдеуде құрылыстың металл құрылғыларын жасайтын «Имсталькон» АҚ, санитарлық-техникалық бұйымдар (ванналар, мойкалар, поддондар, жылу радиаторлары) жасайтын «Сантехпром» ЖШС және болаттан бұйымдар мен жартылай дайын өнімдер шығаратын «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

2009 жылы металлургиялық өнеркәсіп пен металл өңдеуде күтілетін көлем 11204,9 млн. теңге немесе 2008 жылмен салыстырғанда 100,3 %.



Машина жасау өнеркәсібінде өндіріс көлемі 11447,7 млн. теңгені, айғақты көлем индексі 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 100,9 %-ды, машина мен құрал-жабдықтар шығаруды арттыру есебінен 58 %-ды құрады.

Қаланың машина жасау саласында «Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты» АҚ, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, «№ 1 Машзавод» ЖШС, «Каргормаш» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

2009 жылы машина жасау өнеркәсібіндегі жоспарланған көлем 11596,5 млн. теңге немесе 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 101,3 %.
Тамақ өнеркәсібіндегі өнім өндіру көлемі 2008 жылы 27162,4 млн. теңгені құрады немесе 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 102,5%.

Нан-тоқаш өнімдерін өндіру (15%-ға), сыра өндіру (22,9%-ға), маргарин өндіру (21,1%-ға) көлемі артты.

«Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ШК АҚ, «Eurasian Foods» АҚ, «Қарағанды Нан» ЖШС т.б. сияқты кәсіпорындар осы саланың негізгі өнім өндірушілері болып табылады.

Тамақ өнеркәсібінде 2009 жылы күтілетін өндіріс көлемі – 27977,3 млн. теңге немесе 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103%.



Химия өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға өсті де 2204,9 млн. теңгені құрады.

Бояу өндіру көлемі 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2 есеге өсті («Alain Paint» ЖШС).

2008 жылдың I тоқсанында фармацевтика зауытының екінші кезеңі іске қосылды, онда ісікке қарсы қолданылатын отандық «Арглабин» бірегей препаратын халықаралық стандартқа сәйкес шығаруға арналған өсімдік шикізатының көмір қышқылды экстракциясының учаскесі ұйымдастырылған. Жобаның құны – 1,5 млрд. теңге. Жобаланған қуаттылығы жылына 2 млн. ампула; 2 млн. флакон мазь шығару. Өндірістік кешеннің жұмыс істеуі Қазақстандағы, сондай-ақ таяу шетелдегі (ТМД) тапсырыс берушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «Арглабин» препаратын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, ол тапсырыс берушілер – ең алдымен, онкологиялық орталықтар мен онкологиялық диспансерлер, ЖИТС орталықтары, облыстық және қалалық ауруханалар мен емханалар.

2008 жылы Қарағанды қан құю орталығында плазманы карантинизациялау және қан клеткаларын ұзақ уақыт сақтау бөлімшесі ашылды. Жаңа бөлімшеге «Қан банкі» деген атау берілді. Бұл – Қазақстандағы осындай тұңғыш банк. Сонымен бірге, 2008 жылы Облыстық қан құю орталығының құрылысы басталды және ол 2009 жылы жалғастырылып келеді. Жаңа орталық ең жоғарғы халықаралық талаптарға жауап беретін болады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамы «Kazam» IVPC L ЖШС-нің «Тамырға инъекциялар егуге арналған ерітінділер өндіруді ұйымдастыру» жобасын қарастыруда.

2009 жылы 2211,6 млн. теңге сомасына өнім өндіру күтіледі (2008 жылғы деңгейге 100,3 %).



Электр энергиясын, газ бен суды өндірумен және бөлумен шұғылданатын кәсіпорындардың үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 32,9 %-ы тиесілі.

2008 жылы 40997,4 млн. теңге сомасында өнім өндірілді, айғақты көлем индексі 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 153,8 %-ды құрады.

2007 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемі 3,2%-ға, жылу энергиясын өндіру 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2%-ға ұлғайды.

Бұл салада «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Теплотранзит» ЖШС, «КРЭК» ЖШС, «Әлем Газ» ЖШС т.б. сияқты кәсіпорындар жұмыс істейді.

2009 жылы электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу бойынша күтілетін көлем – 40570,4 млн. теңге немесе өткен жылғы деңгейден 99,0%.

Жоғары қосылған құнмен экспортқа бейімделген өнім шығару.

2008 жылы «Қазақстан Инвест Көмір» ЖШС «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-мен бірлесіп, арнайы кокс пен сорбент сапасына ие активтенген көмір өндіруді жолға қойды.

Фармацевтика кластері аясында 2009 жылғы қаңтар айында халықаралық стандарттарға сай келетін Қарағанды фармацевтика кешенінің екінші кезеңі бойынша құрылыс-құрамалау жұмыстары аяқталды.

2009 жылы 3 кәсіпорында GMP халықаралық сапа стандартын енгізу жоспарланып отыр.

Технологиялар мен инновацияларды дамыту.

Еліміздің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуының мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау, жоғары технологиялық өндіріс пен ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Өңдеуші секторды басым дамытуға бағытталған Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы осы саясатты енгізудің тетігі болып табылады.

Даму институттарымен бірге келесі жобалар іске асырылды:

– ісікке қарсы қолданылатын отандық «Арглабин» бірегей препарат өндіру жөніндегі фармацевтика зауытының екінші кезегінің құрылысы аяқталды («Ұлттық Инновациялық қор» АҚ, қаңтар). 30 жұмыс орны құрылды. Фитопрепараттар субстанцияларының экстракциясы мен синтезінің цехы заманауи құрал-жабдқтармен жабдықталған, GMP халықаралық стандарттарына жауап береді. Цехтың өндірістік қуаты жылына Арглабин, Салсоколлин, Саусалин, Атеролид, Экдифит т.б. сияқты бәсекеге қабілетті 43 бірегей фитопрепараттардың 2 млн. дейін жеңіл дәрілік түрлерін шығаруға мүмкіндік береді;

– «Қазақстан Инвест Көмір» АҚ «Инвестициялық қор» АҚ-мен бірлесіп, 2008 жылғы қарашаның басында арнайы кокс пен жанатын ілеспе газ алудың бірінші кезегін (6 пеш) іске қосты. Жобаның құны – 1133,6 млн. теңге. Өндірістік қуаты жылына 12 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта тағы да 4 пеш құрастырылды. 46 жұмыс орны құрылды.

Химия өнеркәсібінде:

– «Эгофом» ЖШС норвегия технологиясы мен жабдықтары (Германиядан және Великобританиядан) бойынша икемді пенаполиуритан өндірісін іске қосты. Шығарылатын өнім түрі – поролон, жиһаз шығаруда қолданылады. Қазақстанда мұндай өндіріс жоқ. Жобаның қуаттылығы жылына 7 мың тонна. Жобаның құны 120 млн. теңге. 120 жұмыс орны құрылды.


Тау-кен өнеркәсібінде:

– «СтройКам» ЖШС 2008 жылғы қыркүйекте дүние жүзілік компаниялардың жабдықтарын Финляндиядан, АҚШ пен Германиядан әкелу арқылы жаңа технологиялар бойынша фракциялық қиыршық тас (құрылыс тасы) өндірісін іске қосты. Шығарылатын өнім – сапалы, экологиялық таза, сертификацияланған фракциялық қиыршық тас. Өндірістік қуаттылығы жылына 600 мың тонна текше тәрізді қиыршық тас. Жобаның құны 1188 млн. теңге. 30 жұмыс орны құрылды.

Металлургия өнеркәсібінде:

«Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру аясында екі жоба жүзеге асырылды:

– «Silicium Kazakhstan» ЖШС-нің металлургиялық кремний өндірісі, оның құны 110 миллион евроны құрайды. «Тиссен Крупп» концерні жобаны іске асырудағы стратегиялық әріптес болып табылады. Жобаның іске асырылуы облыс және тұтас алғанда республика үшін үлкен мәнге ие.

– «Вторпром» ЖШС шаршы болат дайындама шығару жөніндегі металлургия зауытының құрылысын және қытай технологиясы бойынша орташа сұрыпты металл прокат шығару жөніндегі прокатты стан құрылысын аяқтады. Шығарылатын өнім – шаршы болат дайындама, бұрышты болат арматура, сым темір, арматуралы тор. Өндірістік қуаттылығы жылына – 200 мың тонна. Жобаның құны – 1287,6 млн. теңге. 60 жұмыс орны құрылды.

Тамақ өнеркәсібінде:

– «Мандриченко» ЖК 2008 жылғы сәуірде Ресей Федерациясының жаңа технология бойынша құрал-жабдықтарын пайдалану арқылы жаңа алкогольсіз сусындар шығару жөніндегі цехты іске қосты. Шығарылатын өнім – алкогольсіз сусындар. Шикізат көзі – скважина суы. Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 3000 литр. Жобаның құны 10 млн. теңге. 15 жұмыс орны құрылды.

2009 жылғы І тоқсанда кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен индустриалық-инновациялық бағыттағы 6 өндіріс 152 жұмыс орнымен іске қосылды, оларда 58 жаңа жұмыс орны құрылды.

– «Tiffany marbl» ӨК құйма тастан сантехникалық және әрлеу материалдарын өндіретін цехты іске қосты. Өндірістің жоспарланған өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. теңге. Жаңа 23 жұмыс орны құрылды.

– «ТД Азия Метиз» ЖШС әр түрлі мақсатта болат сым темірлер шығаратын цехты іске қосты. Бұл ауыр темір-бетон конструкциялары үшін болат сым темір шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Темір-бетон шпалдарын, көпірлерді, темір-бетон тіреулер, қуысты ауыр тақталар, көтергіш фактуралы бетон шығаруға бейімделген кәсіпорындар өнімнің негізгі тұтынушылары болып табылады. Өндіріске тартылған инвестициялардың көлемі 330 миллионнан аса теңгені құрады. Жаңа 35 жұмыс орны құрылды.

2009 жылы «Фитохимия» ҒӨО» АҚ-ның «Қарағанды фармацевтикалық кешенінің» 3 кезегін салу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, даму институттарымен бірлесіп, төмендегі 3 жобаны іске асыру болжанады:

«Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-да 1 жоба:

1. «ТММ» ЖШС – электрмен дәнекерленетін тік жапсарлы болат құбыр өндіруді ұйымдастыру, өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың тонна электрмен дәнекерленетін тік жапсарлы болат құбыр шығару. Жобаның құны – 12 720 млн. теңге. 340 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«Қазақстан даму банкі» АҚ-да 2 жоба:

1. «Kazam» IVPC L ЖШС («Biospharm» ЖШС) – GMP халықаралық стандарттарға сай, каталикалық синтездің отандық технологияларын пайдалану арқылы тамырға инъекциялар егуге арналған ерітінділер, субстанциялар және туберкулезге қарсы дайын дәрілік формалар мен басқа да препараттар өндіруді ұйымдастыру. Шығарылатын өнім – тамырға инъекциялар егуге арналған ерітінділер. Өндірістік қуаттылығы – 500 тонна субстанция, 500 млн. бірлік таблетка, 20 млн. бірлік ампула, 10 млн. бірлік тамырға инъекциялар егуге арналған ерітінді. Жобаның құны – 2 761 млн. теңге. Құрылатын жұмыс орнының саны – 165 орын.

2. «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС – темір жол вагондарының бүйір жақтаулары мен надрессорлы арқалығын өндіруді ұйымдастыру. Жобада әлемде неғұрлым алдыңғы қатарлы болып табылатын, Sinto жапон фирмасының технологиясы бойынша ірі габаритті құюды ұйымдастыру қарастырылған. Өндірістік қуаттылығы – 1200 млн. теңге. Бұл жобаны «Металлургия – металл өңдеу» кластерін дамыту аясында іске асыру жоспарланып отыр. Жобаның іске асырылуы «ҚТЖ» АҚ-на темір жол вагондарын жөндеу кезінде импорттық бүйір жақтаулар мен надрессорлы арқалықтардан бас тартуына мүмкіндік береді, бұл жағдай «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС-де өндіріс көлемінің артуына және қосалқы бөлшектер тапшылығын болдырмауға ықпал етеді.

Қарағанды қаласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін сапа менеджментінің жүйесі жетілдіріліп келеді. Қазақстанды ДСҰ-на интеграциялау жолымен индустриялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында қала кәсіпорындарында 9000, 14000 және OHSAS 18000 сериялы ИСО халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін сапа менджменті жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, ол кәсіпкерлерге өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және оны рынокта жылжыту үшін бизнес-үдерістерді басқарудың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Халықаралық сапа стандарты 71 кәсіпорында енгізілді, 2008 жылы қаланың 20 кәсіпорны сертификат алды, қазіргі уақытта қаланың 16 кәсіпорны мен мекемесінде оқыту жүргізілуде.



1.1.2. Кәсіпкерлікті дамыту

Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады, оның табысты іске асырылуы еліміздің одан әрі экономикалық және саяси дамуын анықтайды.

2008 жылы қала бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 23307 болды, ол 2007 жылғы деңгейден 8,8%-ға артық, оның ішінде жұмыс істейтіндер саны – 20326 немесе тіркелгендердің жалпы санынан 87,2%.

Өндірілген өнім мен қызмет көлемі 68370,7 млн. теңгені құрады немесе 2007 жылға 108,1%, бұл қала бойынша өнеркәсіптік өнім өндірудің жалпы көлемінен 56%.

Шағын бизнес саласында 50260 адам жұмыс істейді, ол 2007 жылға 100% немесе қаланың экономикалық белсенді тұрғындарынан 21,4%. 2633 жұмыс орны құрылды.

2008 жылы жұмыстар шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді, анықталған басты мақсат – шағын кәсіпкерлікті серпінді және сапалы дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру.

Екінші деңгейлі банктер 2008 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытуға 64,5 млрд. теңге кредит берді, ол 2007 жылмен салыстырғанда 43%.

Шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту жөніндегі алға қойған міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін қала әкімдігі жанында Сараптама Кеңесі жұмыс істейді, оның құрамына қоғамдық бірлестіктер басшылары, шағын кәсіпкерлік субъектілері кірген.

Кәсіпкерлік саласына қатысты барлық маңызды шешімдер Сараптама Кеңесінің, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныс-тілектері ескеріліп, әзірленеді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдардың, шағын кәсіпкерлікті қолдау өңірлік қорының, салық комиеттерінің басшыларының қатысуымен жүйелі түрде кеңестер өткізілді, оларда кәсіпкерлікті дамытуға арналған құқықтық және экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды; «Қарағанды сапа институты» ЖШС-мен бірлесіп, орта және шағын бизнес өкілдерінің семинар-кеңестері өткізілді, онда ИСО-9000 халықаралық сапа жүйесін енгізу бойынша таныстыру лекциялары оқылды.

Сонымен бірге, Қарағанды қаласының шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ресурстық орталығы аясында оқыту іс-шаралары, оның ішінде өзге де білім беру құрылымдарының бастамасы бойынша оқу үй-жайлары мен құрал-жабдықтар беру арқылы, тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2009 жылы күтілетін көрсеткіштер:

- өндірілетін өнім көлемі (жұмыстар орындау және қызмет көрсету) – 70522,1 млн. теңге немесе 2008 жылға 103,1%;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 23542 бірлік немесе 2008 жылғы деңгейге 101,0%;

- шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 53260 адам немесе 2008 жылға 106,0%.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет