Қатынас түрлері. Жүк және жүк тасымалының жіктелуі



бет1/2
Дата07.12.2023
өлшемі18.99 Kb.
#485788
түріҚұрамы
  1   2
Қатынас түрлері. Жүк және жүк тасымалының жіктелуі.


Қатынас түрлері. Жүк және жүк тасымалының жіктелуі.

Теміржол көлігімен жүк тасымалдау:



  • жергілікті қатынас (местное сообщение);

  • тікелей қатынас (прямое сообщение) ;

  • аралас қатынас(смешанное сообщение);

  • халықаралық қатынаспен (международное сообщ.) жүзеге асады.

Бір теміржол құрамындағы (қарамағындағы) стансалар арасында жүктерді тасымалдау жергілікті қатынастағы жүк тасымалы; екі және одан да көп теміржолдар құрамындағы стансалар арасындағы - тікелей қатынастағы жүк тасымалы; бірнеше көлік түрінің қатысуымен – аралас қатынастағы; екі және одан да көп мемлекеттер арасындағы жүктерді тасымалдауды халықаралық қатынастағы жүк тасымалы деп ажыратады.
Егер жүк тасымалы бірнеше көлік түрімен жөнелту пунктінен қабылдау пунктіне дейін бірыңғай көлік құжаты бойынша ұйымдастырылса, онда бұндай тасымалдауды тікелей аралас қатынас дейміз.( мысалы, тікелей аралас теміржол – су көлігі қатынасы, тікелей аралас теміржол – автокөлік қатынасы т.с.с.). Жекелей аралас қатынаста (тікелей емес) жүк тасымалдауды әрбір көлік түріне жеке толтыратын тасымалдау құжатымен бірнеше көлік түрі атқарады.
Сонымен қатар, жүк теміржол көлігінің қатысуымен екі және одан да көп елдер арасында, оның ішінде ҚР аумағы арқылы транзитпен халықаралық қатынаста тасымалдануы мүмкін. Мұндай қатынас тікелей қатынас болуы мүмкін (бүкіл жүріс бойына бір ғана көлік құжаты толтырылады) немесе жекелей қатынас болуы мүмкін (әрбір елдің аумағында жүктің тасымалдануы дербес тасымалдау шарты бойынша бірнеше көлік құжаттарын толтыру арқылы жүргізіледі).
Бұған қоса арнайы және әскери теміржол тасымалы да жүзеге асырылады.
Арнайы теміржол тасымалы аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ сотталған және қамауда отырған адамдарды тасымалдауға арналған.
Әскери теміржол тасымалы әскери бөлімдер мен бөлімшелерді, әскери жүктерді, әскери қызметін ішкі істер органдарында, қылмыстық-атқару органдарында өтеп жүрген жеке адамдарды, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының қызметкерлерін тасымалдауға арналған.
Теміржол көлігінде жүк тасымалы:

  • жүк жылдамдығымен;

  • үлкен жылдамдықпен орындалады.

Жүк тасымалдау жылдамдығын жүк жөнелтуші таңдап, теміржол жүкқағазында (железнодорожная накладная) атап көрсетеді.
Бір жүкқағазымен берілген жүктің көлеміне қарай т.ж. көлігімен тасымалдау :

  • вагондық жөнелтіліммен(повагонная отправка);

  • ұсақ (шағын) жөнелтіліммен(мелкая отправка);

  • контейнерлік жөнелтіліммен(контейнерная отпр);

  • топтық жөнелтіліммен(групповая отпр);

  • маршруттық жөнелтілімдермен (маршрутная отпр)орындалады.

Вагондық жөнелтілім дегеніміз бір жүкқағазымен берілген, көлемі бойынша жеке
вагонды қажет ететін жүк партиясы.
Ұсақ жөнелтілім дегеніміз бір жүкқағазымен берілген, салмағы мен көлемі бойынша шектелген, оны тасымалдау үшін жеке вагонды қажет етпейтін жүк партиясы (жалпы массасы 20тоннадан, көлемі бойынша вагон сыйымдылығының үштен бірінен (1/3) аспайды).
Контейнерлік жөнелтілім – бір жүкқағазымен берілген, тасымалдау үшін бір контейнерді талап ететін жүк партиясы.
Тасымалдау үшін бір вагоннан артық, бірақ маршруттық жөнелтілімнен аз болатын, тасымалдауға бір жүкқағазымен берілген жүк партиясын топтық жөнелтілім дейміз.
Маршруттық жөнелтілім дегеніміз бір жүкқағазымен берілген пойыздың салмақтық нормасы мен ұзындығына сәйкес жүк партиясы.
Бақылау сұрақтары:

  1. Теміржол көлігінде жүк тасымалы қандай қатынас түрлерімен орындалады?

  2. Әр қатынастың анықтамасын бер

  3. Тікелей аралас қатынас пен жекелей аралас қатынастың айырмашылығы неде?

  4. Арнайы және әскери теміржол тасымалдары деп қандай тасымалды айтамыз?

  5. Жүк тасымалы теміржол көлігінде қандай жылдамдықтармен орындалады және оны кім таңдайды?

  6. Теміржол көлігінде жүк тасымалы қандай жөнелтілім түрлерімен орындалады?

  7. Әр жөнелтілімнің анықтамасын бер



Жүктердің жіктелуі

Тиеу-түсіру жұмыстарын есепке алу және нормалау үшін теміржол көлігінде жүктерді жіктеу тәжірибесі қолданылады.


Жүктерді жіктеу тасымалдауға ұсынған жүктің түріне және күйіне, олардың қорабына, орамына және тиеу,тасымалдау тәсілдеріне байланысты құрылады
Барлық жүктерді үш топқа бөледі: құрғақ жүк, құйылатын жүк, хайуанаттар. Әрбір топ қасиеттері мен тасымалдау жағдайларына қарай өзара ұқсас жүктерді біріктіретін топ тармақтарына бөлінеді.

Хайуанаттар

Құйылатын жүк жүк

Жүк түрлері

Құрғақ жүк

Құрғақ жүк: үйілме(үйілмелі),ақтарма(ақтарылмалы),ыдысты дара жүктерге бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет