Атырау облысы Атырау қаласы №2 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Куанова Анар Аманкайыровна



Дата20.06.2016
өлшемі150.61 Kb.
#148937
түріСабақ


Атырау облысы Атырау қаласы №2 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Куанова Анар Аманкайыровна

Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат.

Мақсаттары:

А) Білімділік: оқушылардың сандар қатарын , санның құрамын,сандарды салыстыру, қосу және азайту амалдарының мағынасы туралы білім,білік дағдыларын қайталау;

Ә)Дамытушылық: ойлау,есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру,ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;

Б) Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.

Көрнекілігі: топ сілтемелері, ойын есептер,жұмбақтар,геометриялық фигуралар,слайд.

Барысы: Ұйымдастыру.Оқушыларды тұрғызып,сәлемдесу рәсімін орындау.

Сабақ мақсатын түсіндіру.

-Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпек. Ол үшін үш топқа бөлінеміз.



1. «Алғырлар» тобы.


2. «Тапқырлар» тобы.


3. «Білімділер» тобы.


Ұраны: «Ақыл азбайды,

Білім тозбайды»




Ұраны: « Оқы да,біл,

Ойна да күл»




Ұраны: «Білімділер алға,

Жеңіске жет қалма»




- Енді топпен жұмыс істегеннен кейін бір-біріңді тыңдап, тыныштық сақтап, еркін қорықпай сөйлеулеріңіз керек.

-Ерте,ерте ертеде ешкі жүні бөртеде әлемді таң қалдырған Орда болыпты. Ол Орданы ақылды, білімді Математика басқарыпты. Математика өз Ордасына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен. Біз бүгін өз білімімізді көрсете отырып, сол Математика ордасына кіруге талпынамыз.

-Ол үшін мен сіздерге төрт түрлі шар әкелдім. Төртеуінің түсі қандай?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Қане атап жіберейік.

-Бұл шарлардың түсі сол төрт мезгілді білдіреді.

Ақ түс -қыс мезгілі. Қыста жер беті қандай болады?

Сары түс-күз. Себебі күзде ағаш жапырақтары сарғайып жерге түседі,жер беті сары кілемге ұқсайды.

Жасыл түс-көктем. Өйткені жасыл түс шөптердің түсі. Табиғат көктемде оянып.жер беті жасыл шөпке толады.

Қызыл түс-жаз. Өйткені гүлдер жаз мезгілінде қызыл түске боялады.

-Осы шарлардың ішінде тапсырмалар бар, соны орындау арқылы қай топ Математика ордасына кіре алады екен ,тамашалайық.

(Әділ қазы алқасын сайлау.)



I.Сары шар-күз тапсырмасы.

«Миға шабуыл»

1.«Алғырлар» тобы

1.Аптада неше күн бар?

2. Санды немен белгілейміз?

3.Қандай геометриялық фигураларды білеміз?

4,Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

5.Азайтудың компанеттерін ата.



2.«Тапқырлар» тобы.

1.Бүгін қай күн?

2.Цифрды біз не істейміз?

3.Заттарды бір-бірінен бөлгенде қандай амалды қолданамыз?

4. Қосудың компанеттерін ата.

5.Қисық сызықтың қандай түрлері бар?



3.«Білімділер» тобы.

1.Бүгінгі күннің ауа райы қандай?

2.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті қандай?

3.Сызықтың неше түрі бар?

4.Кесінді деген не?

5.Бұрыштың түрлерін ата.



II. Ақ шар –қыс мезгілі.

«Өз орныңды тап» ойыны.

Оқушыларға 1-ден 7-ге дейінгі кеспе цифрлар таратылады. Өздерінің сәйкес санына «Санамақ» айтады.



  1. «Алғырлар» тобы.

Бір дегенім-бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім –елім.

Далам,тауым,көгім.

Үш дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз дегенім сөзің,

Серт беретін кезің.



  1. «Тапқырлар» тобы.

Бір дегенім бөрік,

Кисең басқа көрік.

Екі дегенім етік,

Киеді сәнді етіп.

Үш дегенім үкі ғой,

Сән үшін тағады ,біліп қой.

Төрт дегенім тымақ,

Кисең басқа жылы-ақ.

Бес дегенім байпақ,

Өзі жылы жайлы-ақ.

Алты дегенім алқа,

Мойныңа тақ қалқа.

Жеті дегенім жейде,

Киеді көйлек кейде.



3. «Білімділер» тобы.

Бір дегеім-бір таяқ,

Екі дегенім –екі аяқ,

Үш дегенім –үшкір тіс,

Төрт дегенім –төрт бұрыш.

Бес дегенім –бес қатар,

Алты деген-алты атар,

Жеті –жердің жемісі.



2. «Қандай санды жоғалттым?» ойыны.

Кіші көршім оң жақта

Үлкен көршім сол жақта.

Тұрушы еді қасымда

Қайда кеткен жан -жаққа?

Сергіту сәті:

Деміңді ішке тез ал да

Бойыңды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста

Сол қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Оң қол да бос тұрмасын

Шеңбер жасапзырласын.

III.Жасыл шар – көктем мезгілі.

1.«Өз үйіңе орналастыр» ойыны. Өз үйінің нөміріне сәйкес сан құрамын жазу.




равнобедренный треугольник 1
3+3

4+2


5+1

6+0


2+3

52224+1


5+0

3+2


4+3

5+2


6+1

7+0
равнобедренный треугольник 5 равнобедренный треугольник 6



2.« Құрылысшы» ойыны.

1. «Алғырлар» тобы

прямоугольник 8прямоугольник 11блок-схема: узел 12

блок-схема: процесс 9блок-схема: процесс 10

2овал 17.«Тапқырлар»тобы

овал 16

равнобедренный треугольник 20равнобедренный треугольник 21

равнобедренный треугольник 19равнобедренный треугольник 18

3блок-схема: процесс 25.«Білімділер» тобы.

прямоугольник 22

блок-схема: узел 23блок-схема: узел 24

IV.Қызыл шар – жаз мезгілі.

1. Математикалық жұмбақ есептер. «Алғырлар» тобы.

1.Табақта бес алма

Қолымда екі алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

2.Алты алманың екеуін

Досың сүрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?



«Тапқырлар» тобы

1.Жанатта төрт ойыншық,

Са матта үш ойыншық.

Барлығын қосқанда,

Болады неше ойыншық?

2.Жеті ойыншықтың бесеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?

«Білімділер» тобы.

1.Тал басында тізіліп,

Бес жапырақ тұр еді.

Жел тұрды да,үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы екеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?

2.Алма ағашта бес алма.

Қандай тәтті жесе алма

Бесеуін де жеп қойсам

Қалады онда неше алма?

2. «Математикалық эстафета»

Әр топтың оқушыларына есептер беру.

«Алғырлар» тобы

«Тапқырлар» тобы

«Білімділер» тобы.




2+3=

2+3=

3+3=

4-3=

7-1=

5-0=

5+1=

4+0=

6-4=

6-0=

3+4=

3+0=

5*7

6*5

5*4

4*0

0*1

6*7

1*3

4*7

0*2

Қорытынды.

«Біз алатын баға»

Бір дегенім жаман баға

Алады оны жаман бала

Екі дегенім нашар баға

Інішегім нашарлама

Үш дегенім орта баға

Сапасы да орта ғана

Төрт дегенім жақсы баға

Алады оны жақсы бала

Бес дегенім үздік баға

Оқимыз тек үздік қана.



Атырау облысы Атырау қаласы №2 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Куанова Анар Аманкайыровна

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем»

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау.,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету.

Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін,қабілеттерін көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.

Өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар, слайд, шарлар.

Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.

Автор:Жеті жасар баласын

Жетпісте ата жетектеп

Келе жатыр көшеде

Қайда әлгі мектеп деп

Жеті келеді жүгіріп

Жетпіс келеді сүрініп



Немере: Құлақ түрем елеңдеп

Мектеп деген бір үнге

Жетіге толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

Мектепке барам

Мектепке барам асыға

Атасы: Мектебің мынау сыныбың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың

Ақыл ойды шыңда балам

Уақытты құнда балам

Әр сөзіне зейін салып

Ұстазыңды тыңда балам

Мектебіңде үлгілі бол

Күнделігің беске болсын,балам

Сәт-сапар балам!

Дәл осылай 2014 жылдың 1-қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгінгі күні әріп танып, оқып,жазып үйреніп, өздерінің сауатын ашқан сүйікті әліппесімен қоштасқалы отыр.

Оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттерім білімді

Елім дейтін ұл мен қыз болсын дей отырып 1 «Ж» сыныбының оқушыларын ортаға шақырамын.

Амансыз ба алтын күн?

Амансыз ба тұнық су?

Амансыз ба көгілдір ашық аспан?

Амансыз ба жер ана?

Амансыз ба қонақтар?

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін

Арайлап атсын әрбір күн.

Күндердің күнінде білім елінде үлкен ағаш отырғызылыпты. Ол ешқашан жеміс бермеген екен. Қыркүйектің бірінде № 2 орта мектебіне көптеген жас бүлдіршіндер оқуға келіпті. Оларды қарсы алған ұстаздары білім елінің ағашын күтіп баптауға тапсырыпты. Сөйтіп

4 ай уақыт өтіпті. Сол 4 айдың ішінде ағаш қандай жеміс береді екен, соны тамашалайық.

Әліппені бітірді балаларың

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып жазатын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың.

Ендігі кезекті балаларға берейік

Іші толы әріпке

Білімдегі жарық не?



Хор: Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе

Ол сүйікті Әліппе.

Олай болса Әліппені ортаға шақырайық.

-Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыңдар жас достар

Армысыңдар ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Менің атым әліппе

Мені анаңдай дәріпте.

Таныстырар әріппен

Мынау кітап Әліппе

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

Енді жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза болып саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.(хор)

Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан күндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рақмет ұстаз алғашқы.(хор)

Сан әріпті үйрендік,

Бүгін бізге сеніңдер.

Әріптер әлеміне,

Саяхаттап көріңдер.

Әріптердің атаманы қай әріп?

А: Әріптердің атаманы

А әрпі біліп қой

А деген ол ата-ана

А деген ол асқақ арман

А деген ол ашық аспан

А деген ол ақыл дастан

Құлақ түріп тыңдаңыздар

Отырған ел мына сіздер

Аружан, Азим, Азамат

Ару, Абдулкарим.

А деген ол мына біздер.

А: А-әрпінен басталар

Аманжаның мен боламын

Айдай өсіп толамын.

Б:Алфавиттің басында

Тұрады екен А-дан кейін Б-әрпі

Ойларыңа сақтаңыз

Б-әрпінен басталар

Болатов мына Бекзатты.

М: М-ны білу керек қой

М-дегенің мектеп қой

М-дегенің Мадина

Еркелікті шектеп қой.

Н:Н-әрпінен басталған

Нұр мен айдан құралған

Салмақты да сабырлы

Нұрай деген мен болам.

Д: Д дегенің дархан дала

Д дегенің данышпан дана

Д дегенің бізге қара

Дамир,Дильназ, Динара.

И: Үш таяқтан тұратын

Мына әріпті танып ал

Сол әріптен басталатын

Инабатты да кішіпейіл

Ибрай Илияс мен болам.

Ж: Ж әрпінен басталатын Жанармын

Айналама мұқиятпен қараймын

Сыныптағы ұл мен қыз бен дос болып

Өзімді мен жайдарлы деп санаймын.

С: С әрпінен басталған

Мен боламын Сымбат

Оқу,білім үйретер

Мектеп маған қымбат.

Р: Райхан,роза гүлдері

Р әрпінен басталар

Қатарына қосылар

Раушаның мен болар

М: Бірі бокс королі

Бірі батыр қаһарман

Мұхамедали, Мәлік

М әрпінен басталған.

Л: Л дегенің Лейла

Лейла деген мен бала

Жақсы оқысам сабақты

Одан артық жоқ шара.

Е: Е дыбысы дауысты

Менің атымды бастаған

Ата-анамнің еркесі

Мен боламын Еркебұлан

С: С дегенің сабақ қой

С дегенің сағат қой

С әрпінен басталған

Сабырғали Сабыржан

Мен боламын танып қой.

Г: Екі сөзден тұрамын

Алфавитте тұрағым

Г әрпінен басталар

Хан сөзімен қосталар

Гүлхан деген мен болам

Барлығымен достасар.



Білім еліндегі әліппе тапсырмасы.

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің сүйікті Әліппем

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім

Қош бол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Әліппем менің Әліппем

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рақмет. (хор)

Шарлармен «Рахмет саған Әліппе» сөздерін ұшыру.

Математика әлеміне саяхат.

Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін.

Ата-әжеме жол бастап

Оң қолында жүрмін.

Бірден кейін тұрамын

Сандар іші тұрағым

Бірді бірге қосқанда

Йіліп мен шығамын

Екіден соң әрқашан

Үш саны мен тұрамын

Қос мүйізім майысып

Ұлттық ою саламын.

Үш сызықтан тұратын

Балалардың құралы

Велосипед оңдайтын

Кілт боламын баяғы

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті

Санаса қолдың саусағын

Оңай табасың десті

Мен өзімді қатраға

Бестен кейін қоямын

Басым бірден басталып

Нөлмен бітер аяғым

Қара мына қызықты

Көсеуді кім ұмытты

Жеті болам бір тартсаң

Бел ортамнан сызықты.

Менің атым сегіз

Жетіден кейін деңіз

Жазылғанда қос шеңбер

Мен боламын сегіз

Сегізден кейін тоғыз

Алтыны кейін оқыңыз

Бір таңбалы сандардың

Ең үлкені тоғыз.

Әліппеде о-ға ұқсаймын

Санда нөлге ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ

Бір орынды ұстаймын.

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз

Ата ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты болып шықты балаңыз.

Ортаға ана тілін шақырамыз

Сәлеметсіздер ме,балалар?

Туған елдің тілімін

Ақылыммен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.



Ойын « Сөз құрастыр,тез құрастыр»

«Біз осы қандаймыз?»

Талабы биік таудаймыз.

Мың бұралған бишіміз

Біз қызықпыз,қызықпыз.

Сәл еркелеу бұзықпыз.

Біз шеберміз

Ақылдымыз

Парасаттымыз

Көңілдіміз

Үлкенге ізеттіміз

Сауаттымыз

Әдеміміз


Тәртіптіміз

Сыпайымыз

Кішіге қамқормыз

Жанып тұрған шырақпыз

Толқынды су бұлақпыз

Жақсылықты ұнатамыз

Жамандықтан тез қашамыз

Бабаларға тағзым ететін

Аналарға бас иетін

Елтаңбасымен еңселі

Туымен тұғырлы

Әнұранмен айбатты



Біз қазақ елінің болашағымыз

ІІ бөлім: Оқушылар өнерлерін көрсетті.

ІІІ-бөлім: Мадақтап, мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.

Ата-аналардың құттықтау сөздері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет