ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Шымкент қалалық білім басқармасы
М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі, ЖМ
«Ғылыми жұмыс»
Тақырыбы: «Ы.Алтынсарин мұралары тәрбие құралы ретінде»
Қатысушысы: ДК 20-1 Болат Ж.Е.
Ғылыми жетекшісі: Баймурза А.А.
Шымкент 2023
Мазмұны:
1
|
Аннотация…………………………………………………………….
|
3
|
2
|
Кіріспе………………………………………………………………...
|
4
|
3
|
Негізгі бөлім………………………………………………………...
|
5
|
3.1
|
Ы.Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ………….
|
5
|
3.2
|
Ыбырай шығармаларының биік шыңы…………………………...
|
7
|
3.3
|
Ыбырай өлеңдерінің негізгі идеясы………………………………
|
10
|
4
|
Қорытынды…………………………………………………………...
|
16
|
5
|
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………….
|
17
|
Аннотация
Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани - адамгершілік құндылықтар тақырыбына жазылған жұмыстың мақсаты Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде туған сонымен қатар әдебиет сабағынан көбіне осы Ыбырай Алтынсарин шығармаларынан адамгершілік құндылықтарды үйренеміз, бүгінгі жастарда осындай ақын, жазушыларымыздың шығармаларын оқыса деп соны негізге ала отырып жасалған ізденіс жұмыс екені жазылған жұмыс мазмұнынан айқын көрінеді.
Бұл жұмыстың зерттеу бөлігінде студент Ыбырай Алтынсарин шығармаларына мысал келтіріп, адамгершілік құндылықтарды ортаға салып отырады. Студент бұл ғылыми жұмысты Ыбырай Алтынсарин туралы слайдтар, қызықты материалдарды келтіре отырып дайындаған. Казіргі өмірдің жастары мен бұрынғыны салыстыра отырып мысалдар келтірген.
Осы зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасай отырып, әрі студенттің өз таңдаған тақырыбының мақсатына сай жасаған жұмыстарын оқи отырып, ДК 20-1 студенті Болат Жанель Ержанқызы өз мақсатына жете алған деп айта аламын.
Ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі - дизайн мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Баймурза Арайлым Азаматқызы.
Кіріспе
Кез келген халықтың заманалардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі, салт – дәстүрі, рухани мұралары болады. Уақыт озған сайын бұл рухани мұраларды зерттеп игеруге деген қажеттілік те арта түседі. Өйткені ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес інжу- маржандарын оқып-үйрену біздің парызымыз.
Мен «Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани- адамгершілік құндылықтар» тақырыбын таңдаған себебім, аталардан қалған сөздер ешқашан өлмейді, ескермейді, яғни ол өміршең тақырып сондықтан да ақын аталарымыздан қалған сөз маржандарын оқып білуді өзіме міндет санаймын.
Мақсатым – ұлттық мәдениетімізді адамгершілік құндылықтарымызды бағалап, қастерлеу, ұлы адамдардың рухани құндылықтарын үйреніп, жаттап, ұлттық сана сезімізді шындау.
Бұл тақырып мені қатты қызықтырады және өмірде бұл білімім маған өте қажет болады деп ойлаймын. Зерттеу жұмысымның барысында мен әртүрлі әдеби кітаптарды, баспаларды ақтардым, колледж кітапханасын пайдаландым. Күнделікті өмірден де байқап отырдым. Оқытушы зерттеуге тиіс әдістерді көрсетіп , бағыт берді. Мен зерттеу жұмысымды саралау, талдау, салыстыру, ой түю, сұқбат алу әдістерімен іздене отырып жүргіздім.
Рухани адамгершілік құндылықтар дегеніміз?
Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі. Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі, Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені деп келер ұрпаққа тәрбие беріп, адал ниет, ақ тілек білдіріп отырған.
Ұрпаққа тәрбие беретіндер көбінесе үлкендер, ақсақалдар, кемеңгер даналар, ақындар болып келеді.
Ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин өзінің шығармаларында өзінің көзқарасын айтып, құнды талдаулар беріп отырған. Менің ойымша осы шығармалардағы адамгершілік құндылықтар әр адамның бойында болса, ол адам өмірде бақытты болды деп ойлаймын. Өзіне де қоршаған ортаға да қиянат жасамайтын болады деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |