Атмосфера дегенiмiз



бет1/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Атмосфера дегенiмiз


    1. Атмосфера дегенiмiз – жер шарын қоршап тұрған ауа қабаттары. Ол жер бетiнен бiрнеше мың шақырымға тарап, планетааралық кеңiстiкке өтедi. Атмосфера көлденең бағытта да, тiгiнен де бiркелкi болмайды. Ол физикалық қасиеттерi мен биiктiкке сәйкес температураның өзгеруiне орай 5 қабатқа бөлiнедi.



1.2Тропосфера – жер бетiнен 8-17 км дейiнгi биiктiкте орналасқан, атмосфераның төменгi қабаты. Тропосфера қабатында жер бетiнен жоғарылаған сайын температура төмендей бастайды. Әр-бiр 1000 метр биiктiкке температура 5-60 төмендейдi.
1.3Стратосфера – 8-17-ден 46-55 км биiктiк аралығында орналасқан, 15-35 км биiктiкте тiршiлiктi жоятын, ең қысқа ультрокүлгiн сәулелердi бойына сiңiрiп алатын озонның көп мөлшерi жинақталған, солардың әсерiнен жоғары электр өткiзгiштiк пайда болады.
1.3Мезосфера – 43-45 км-ден 80-90 км биiктiк аралығында, бұл қабатта температура төмендей бастайды (-80 –900С).
1.4Термосфера– 85-800 км биiктiк аралығында. Бұл қабатта ауа өте қатты ионизацияланған, соның әсерiнен ауаның электрөткiзгiштiгi тропосфераға қарағанда миллиард есе көп. Ауаның температурасы биiктеген сайын жоғарылайды, жоғарғы қабатында 20000С дейiн жетедi.
1.5Экзосфера – атмосфераның ең сыртқы қабаты 800 км-ден 2000-3000 км дейiн, ары қарай космосқа ауысады

Атмосфералық қысым – бiр өлшем жерге (см2, м2) ауаның түсiретiн күшi немесе қысымы. Метеорологиялық элементтердiң ең маңыздысы атмосфералық қысым болып табылады, өйткенi оның уақыт аралығында өзгеруi ауа-райын өзгертедi.

1.7 Жарық – жер бетiне жан-жақтан түсетiн сәулелер.

1.8 Жылу өткiзгiштiгi-топырақтың жылу өткiзу қабiлетi.

1.9 Радиациялық тепе-теңдiк дегенiмiз жер бетiне түсетiн және жер бетiнен шығын болатын (қайтарылатын) радиациялар

1.10 Тура күн радиациясы (S) – бұл жер бетiне тiк сәулелердiң параллелдiк түрiнде келiп түсетiн күн энергиясының бiр бөлiгі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет