Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Проблеманың өзектілігі антропогендік фактормен, яғни адамның іс-әрекетімен өте тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі атмосфера ауасы өмір тіршілігі үшін аса маңызды және тіршілікке нәр береді. Ауа бассейінінің ластаушы көздеріне өндіріс орындары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттардың көлемі жылдан жылға артуда. Ластаушы көздерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Соның есебінен бұл шығарынды ластаушы заттектер адам ағзасына кері әсерін тигізеді: тыныс алу жолдарының қабынуына, жүйке жүйесіне, өкпенің қатерлі ісік ауруына душар етіп, канцерогенді, мутагенді аурулар туғызуы мүмкін.
Атмосфера арқылы қаланың техногенді ластануы соңғы жылдары элементтердің қоршаған ортаға түсуінің негізгі жолы болып отыр. Жоғары температурадағы технологиялық процестер кезінде өте ұсақ аэрозольді бөлшектер түзіледі. Оларды ұстап қалатын жаңа сүзгі фильтрлердің жоқтығынан және қолданыстағы қондырғылардың ескіруінен атмосфераға жоғары уытты ауыр металдар мен улы газдардың қосылыстары түсіп таралады.
Соның негізінде Алматы қаласының ауа бассейінің автокөліктен шыққан улы газдармен және ауыр металдармен(Pb, Cd, Hg, Ni, т.б) ластануы қазіргі таңда шешімі толық табылмай отырған проблемалардың бірі.
Жалпы Алматы қаласы экологиялық қолайсыз жерде орналасқан, жел соқпайтын, климатты ыстық болғандықтан фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер әсері денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны ешкімге жасырын емес. Бұл негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі.
Соңғы кездері атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселелер болғандықтан, біздің қаламыздыңда да өзекті мәселелер қатарының бірі болып отыр.
ҚР -ның көп қалаларының ауа бассейні автокөліктерден шығарылған зиянды заттармен ластанып отыр[8].
Мәселен, Алматы қаласында автокөліктер жыл сайын 200 тонна, Атырау мен Қарағанды қалалары 100-150 тонна газ қалдықтарын таратады екен. Яғни, салыстырып қарасақ, кәсіпорындарға қарағанда автокөліктердің үлес салмағы басымдырақ болып отыр. Қазгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларының ішінде Алматы ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күнде Алматы дүние жүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Ластаушы заттардың құрамында - шаң, күкірт оксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртті сутек, хлор, бензопирен, ванадий, темір, мыс, сынап, марганец, қорғасын, т.б заттар болады. Қала атмосферасынык құрамындағы 21 зиянды заттың рұқсат етілген мөлшерден асып түскенін көрсетеді. Осының бәрі қаланың ластанған ауа дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді.
Қаламыздың атмосфералық ауасына ең қолайсыз әсер тигізетін автокөліктер екені бәрімізге мәлім. 2013 жылғы деректер бойынша Алматыда 525 221 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінде шығатын ең қауіпті құрауыштардың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасын-Pb(C2H5).Бензиннің құрамына тетраэтилқорғасынды атидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Атмосфера бөлінетін қорғасынның 86%-ы автокөліктерден бөлінеді.
Органикалық қорғасынның қосылыстары бейорганикалық қосылыстарына қарағанда өте қауіпті екені белгілі. Қорғасынның улы қосылыстарының қоршаған орта мен тірі организмдерге әсері туралы көптеген зерттеулер жүргізіліп, ол туралы әдебиеттерде көрсетілген[1-4]. Қорғасын қосылыстары бар 1 л бензинді жаққанда ауаға 200-400 мг Pb бөлінеді, оның мөлшерінің жыл сайын артуы автокөліктердің көбеюіне байланысты. Сонымен бірге автокөліктерден жол бойында қорғасын шашырап бөлініп отыратындықтан, жол бойындағы өсімдіктер зардап шегеді, ал сатылып тұрған жеміс-жидектерді пайдалану зиян екенінде атап айтқан дұрыс[1].
Қорғасын өте улы ауыр металл болғандықтан тірі организмдерде жинақталып зиянды әсерін көрсетуде. Олар шаң-тозаң және газ тәріздес түрінде таралады. Атмосфераға түскен қорғасын тірі ағзаларға тыныс жолдарымен, ас- қорыту жолдарымен түседі. Ағзаға түскен қорғасын бірінші қан арқылы түсіп сүйектерде жинақталып, сосын бауырда, бүйректе және мида жинақталады. Оның ағзаға түскені туралы біз тек қана 1-2 сағаттан кейін біле аламыз(1-кесте).
Осы проблеманы шешу үшін авторлар[5,6], атмосферадағы тетраэтилқорғасынның көлемін анықтау үшін экспресс-әдістердің жолын өнертабыс бойынша тапқан. Бұл әдістер тетраэтилқорғасынның 0,0123 мг/мл-ден асатын көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы әдістеменің қолайлы өтуі үшін арнайы “пилотный” құрал жасалып 10-15 минутта нәтижесі шығатын әдіс ойлап табылады.
Анықтау үшін қалаға әр түрлі жолмен әкелінетін жанармайларға экпресс-анализ жүргізіледі. Әдістемеде арнайы құрамдағы индикаторлық қағаздардың көмегімен және оны ультракүлгін сәулелерімен өңдеп, тетраэтилқорғасынды табады. Бұл жанармайды тасымалдайтын көлікті ұстауға жеткілікті ақпарат болып табылады. Одан кейін жанармайды экологиялық зертханаға нақты анализ жасауға жіберіледі[5-7].
Ауаға жеңіл автокөліктен шығатын тетраэтилқорғасынды түтін шығатын мұржасынан сынамаға алып, арнайы әдіспен анықтайды(1 сурет).
Автокөлік түтіні жасыл желекке де зиянды әсер етуде. Лас ауадан өсімдіктерде түрлі аурулар пайда болады. Жапырағы химиялық күйікке ұшырайды [9]. Атмосфералық ауаның ластануы автокөліктің техникалық жағдайына тікелей байланысты. Қала магистральдары бойында жүргізілген зерттеулер бойынша автокөліктің 80%-ның түтіндерінде зиянды заттар нормативтен 3-4 есе жоғары болған. Автокөліктер ауаны көбінесе көшелер қиылысындағы бағдаршамдардың алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ ластайды. Себебі, ондай жерлерде автокөліе көбірек шоғырланады және олардың моторы аз айналымда істеп тұрғанда ауаға улы газдар көп бөлінеді. Алматы қаласының ауа бассейіні қатты ластанған және көптеген химиялық қосылыстардың ШРК мөлшерінен бірнеше есеп асып кеткен.
Бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектерімен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышыныкінен анағұрлым жоғары екені айқын көрінеді [10].
Соңғы көрсеткіштер бойынша атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың 90% автокөліктерге тиесілі. Атмосфераның ауасын ластауда жылжымалы көздердің атқаратын рөлі елеулі, бұл сапасы төмен отынды пайдаланатын автомобиль парктерінің көбейюімен негізделеді.
Атмосфераға көліктен түсетін зиянды зат қалдықтарының мөлшерін есептеу әдесімен бағалауға болады. Қалдықтар мөлшерін есептеуге қажетті мәліметтер - ол бөлініп алынған көлік жолынан уақыт бірлігінде өтетін әр түрлң көліктердің саны. Бұл әдіс экспресстік талдау әдісі деп аталады.
Атмосфераның ауаны ластайтын зиянды заттар мөлшерін бақылау үшін Алматы қаласының көшелерінің автокөліктерден шығатын улы газдармен ластанғанын зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы анықталды.
Зерттеуге алынған аймақтар: Абай және Алтынсарин даңғылы, Өтеген батыр мен Төле би, Райымбек және Абылай хан, Папанина Хмельницкая, Райымбек және Полежаева, Гоголь және Байтұрсынов, Төле би және Баумына, Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі, Төле би мен Яссауи көшесі, Камазцентр.
Автокөлік шығарындыларының концентрациясын анықтау арқылц, қоршаған ортаның ластану деңгейін зерттеу үшін 1 сағат ішінде (әрбір 20 минут сайын) белгіленген зерттеу аймағында (0,5-1 км) жүріп өткен автокөлік түрі мен олардың саны, жанған жанармайлардың мөлшері, 1 сағат ішінде атмосфераны улы газдармен ластайтын автокөлік шығарындыларының мөлшерін анықтайды.
Қала көшелерінде 1 сағат ішінде жүріп өткен автокөліктердің түрі мен олардың саны анықталып, ауаны ластайтын автокөліктерден шығарылатын зиянды заттар мөлшері табылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі 2 кестеде көрсетілген. Бұл көрсеткіш тәулік бойына автокөліктің санына байланысты өзгеріп тұрады.
Қала көшелерінің ластану дәрежесі әр түрлі. Онв мына тізбек бойынша қатты ластанған көшеден, таза аймаққа дейін көруге болады: "Райымбек-Полежаев">"Төле би-Яссауи">"Абай-Алтынсарин">"Райымбек-Абылай хан">"Төле би-Бауман">"Гоголь-Байтұрсынов">"Папанин-Хмельницкий">"Мақатаев-Пушкин">"Райымбек-Пушкин">"Өтеген батыр-Төле би">"Камазцентр".
Райымбек-Полежаев көшелерінің қиылысы қатты ластанған екені анықталды. Мұнда көлік қозғалысы көп және ағашты өсімдіктердің саны аз. Сондықтан да ауаның автокөлік түтінімен ластанғанын көзбен де көруге болады. Автокөліктің қозғалысы аз болуына байланысты улы ластаушы газдардың мөлшері аз болады. Бұл таза аймаққа жатқызуға болатын Камазцентрдің маңы болып табылды. Бұл зерттеуде тек қана автокөліктерден шығатын улы газдар мен ластанған қаланың аймақтары анықталды.
Сонымен қатар көкөністерге автокөліктен шыққан улы ауыр металдардан (Pb,Cd,Hg,Ni т.б.) тиетін әсерін зерттеу жұмыстар барысындп арнайы өсірілген көкөністердің сыртқы көрісінен белгілі болды.
Қорғасынмен суарылған көкөністердің көрінісі 2 суретте келтірілген. Қиярға тиетін қорғасынның әсері шыққан жемісінің қарайып, қурағанынан көруге болады.
Кадмидің ерітіндісімен суарылған экперимент бойынша кадмидің ерітіндері жемістің мүлдем өлуіне әкеліп соғады. Кадмимен суарылған қияр өсімдігіне әсер еткенділігі 3 суретте анық көрінеді, тіршілік циклдарына әсер етіп олардағы барлық процестерін тоқтатып, жапырақтары сарғайып қурайды.
Үшінші улы металл ретінде никельдің ерітіндісімен суарылған өсімдіктердің жапырақтарына әсері біздің ойымызша орташа болып саналады.
Сонымен зерттеуге алынған ауыр металдарды улы әсер ету қатары анықталды: Cd>Ni>Pb. Арнайы өсірілінген көкөністер индикатор ретінде қоршаған ортадағы ауыр металдардың барын анықтауға болады деп санаймыз-сыртқы көрісінен белгілі болады.
Автокөліктердің шығаратын улы газдармен күрес жүргізу өте қиын. Сондықтан болашақта өндірістен және автокөліктерден шығатын улы газдарды сіңіріп, оларға адсорбент ретінде пайдаланатын ағашты өсімдіктерді өсіріп төзімді түрлерін анықтау қажет. Бұл мәселені көтеретін және зерттейтін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдардың қолында. Ал үкімет тарапынан, мына шараларды іске асыру қажет: бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылап-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ барлық жеңіл, жүк және іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет. Газды пайдалану өте тиімді, себебі одан ауа ластанбайды және оны қолдану өте арзанға түседі. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.
Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвайды кеңінен пайдаланған тиімді. Және де велосипедпен қолдану тиімді деп санаймыз. Осы жұмыстарды қолдаса Алматы қаласының экологиялық проблемасы тез арада шешіледі.
Әдебиеттер
1.Черных Н.А.,Сидоренко С.Н. Экологический мониторинг токсикантов в биосфере.-М:Изд.РУДН,2023.-С.430
2.Жумадалиева С.,Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы.-Алматы,1998
3.Баимбетов Н.С. Правовые основы экологической экспертизы в РК.- Алматы Қазақ университеті,2001
4 Давыдова С.Л., Тагасаов В.И. Тяжелые металлы как супертоксиканты XXI века. Уч.пособие -М:Изд.РУДН.2002.-С. 14
5 Мусина А.С., Комутбаева Г.А., Козбагарова Г.А., Бухман С.Л., Алисултанова З.Т. Капельный способ обнаружения тетраэтилсвинца в бензине. Патент N 27989, 1998
6 Мусина А.С., Бухман С.П.,Комутбаева Г.А., Беликова Н.А., Капельный способ обнаружения тетраэтилсвинца в бензине. Патент N1989
7 Байтукенов Т. Бензобяки-2// Газета “Время”,-21.04.2003. N57(240).-C,8
8 Елеусизов М.Х., Скворцов В.В., Мусина А.С. Экология Казахстана: политолого-социологический анализ. -Алматы,2011.-С.412
9 Сарсенбаев К.,Есназаров У.Фитомелиорация и озеленение в районах металлургических комбинатов-Алма-ата, 2000.-С.205
10 Амирбекова Р.Смог над городами // Автомобильный транспорт Казахстана. N9. 1990
Достарыңызбен бөлісу: |