Бұйрық
Ақтөбе қаласы № 251 «14» 03 2014 жыл
Қаладағы жалпы білім беретін мектептерінің 11- класс оқушыларымен оқу-далалық жиынын
өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 11.02.2013 жылы қабылдаған № 118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» № 561-VI 16.02.2012 жылғы Заңына сәйкес
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 11.02.2013 жылы қабылдаған № 118 қаулысына байланысты 2014- жылдың 2-6- мамыр аралығында мектептердің өз базаларында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес, 11- класс оқушылары - ер балаларымен оқу - далалық жиыны және мектептердің өз базаларында 11 - класс оқушылары – қыз балаларымен медициналық білім негіздері тәжрибелік сабақтары ұйымдастырылып өткізілсін.
1.1. Мектептердің өз базаларында өткізілетін оқу-далалық жиыны мен медициналық білім негіздері сабақтарына қадағалау жүргізу мектеп әкімшіліктеріне, ҚББ АӘД пәнінің әдіскері С.Сражға және мөлтектоптардың жетекшілеріне жүктелсін. (Жалғама № 1)
1.2. Мамыр айының 2-6- аралығында 11-кластың оқушылары оқу-далалық жиынына және медициналық білім негіздері сабақтарына қатыстырылу мақсатында сабақтарынан босатылсын.
1.3. Медициналық білім негіздері тәжрибелік сабақтарына қатысатын қыз балалар тізіміне денсаулығы бойынша оқу-далалық жиыннан босатылған ер балалар да енгізілсін.
1.4. Оқу-далалық жиынына қатыстырылатын оқушылар саны 20 оқушыға толса, АӘД мұғаліміне көмекке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі берілсін.
1.5. Оқу-далалық жиынын өткізуге жауапты АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері еңбек ақылары сақтала отырып оқу-далалық жиынын өткізу мақсатында негізгі жұмыстарынан босатылсын.
1.6. Оқу – далалық жиынның ұйымдастырылуы, өткізілуі, оқушылардың денсаулығын қамтамасыз ету және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы үшін жауапкершілік мектеп әкімшіліктеріне жүктелсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Р.Тастанбаеваға жүктелсін.
Ақтөбе қаласы білім
бөлімінің басшысы Қол қойылды Л.Уразбаева
Жалғама № 1
Мөлтектоптар
№
|
Мөлтектоптар
|
Мөлтектоп жетекшісі
|
1
|
1, 4, 17, 21, 27, 39, Новый, Құрашасай ОМ
|
Капитан Н.Байболатов
|
2
|
3, 19, 20, 23, 24, 28, 38, 40 ОМ
|
Аға сержант С.Оплачко
|
3
|
16, 25, 26, 30, 34, 36, 47, 48, Россовхоз ОМ
|
Лейтенант М.Қожахметов
|
4
|
2, 6, 11, 14, 18, 22, 31, 44, Сазды ОМ
|
Майор Е.Түбір
|
5
|
5, 13, 15, 29, 41, 42, Георгиевка, Елек ОМ, Ақтөбе ОМ
|
Аға сержант А.Үмбеталин
|
6
|
12, 9, 32, 33, 35, 51, 37, 8, 10 ОМ
|
Майор З.Мұқанов
|
7
|
50, 53, Пригород, Благодарный, ҚҚОМ, Қызылжар, 45, 46 ОМ
|
Аға лейтенант А.Нұрмұханов
|
Достарыңызбен бөлісу: |