Ақтөбе қаласы № 33 Қазақ орта жалпы білім беру мектебі
Тақырыбы: «С.Ж.Аспандияров-қоғам қайраткері»
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашаққа саяхат
маршруттары
Секция: Қазақстан тарихы
Орындағандар:Зарлықова Насиба, Джумағалиева Нұрия
7 «ә»-класс
Ғылыми жетекшісі: Әбенов Дәулет
Жетекшісі:Тарих пәнінің мұғалімі Жұрмағамбет Қобылан
Ақтөбе қаласс 2012-2013 оқу жылы
«С.Ж.Аспандияров-қоғам қайраткері»
Зарлықова Насиба, Джумағалиева Нұрия 7-класс оқушылары
Ғылыми жетекшісі:Т.ғ.к. доцент Әбенов Дәулет
Жетекшісі:Тарих пәнінің мұғалімі Жұрмағамбет Қобылан
Зерттеу жұмысының мақсаты: С.Ж.Аспандияровтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі таврих ғылымының биіктігінен шама – шарқымызшы баға беру;Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру.
Зеттеу гипотезасы:ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер мен құблыстарды обьективті ғылыми талдау да назарда болды. С.Ж.Аспандияров тұлғасын, оның қызметін бағымдауда мәселелер тарихилық, яғни хронологиялық негізге жүйелі баяндау принциптеріне жүгіндірілді.
Зерттеу жаңалығы:Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып ғылымның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде.
Зерттеу жұмысының қорытындысы:Ғылыми жұмыс ғылым, қоғам және мемлекет қайраткері С.Ж.Аспандияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылық, саяси, ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.С.Ж.Аспандияров(материалы к биобиблиографии)Составители:
Р.Б.Сүлейменов,Х.М.Абжанов.-Алма-Ата.изд.Наука,АН Каз ССР 1989г.
2.Аспандияров С.Д.История Казахстана (с древнейших времен),2-ое издание.Под.реф.проф.А.С.Такенова,учебное пособие.-Алма-ата,Қазақ университеті.-1993.-304стр.
3.Дінасылов Д.Дәрігер, тарихшы, ғылым қайраткері:профессор С.Ж. Аспандияповтың туғанына 100 жыл//Қазақ әдебиеті. – 1989 – 27 қазан.
4. Дінасылов Д. Қабілетті ұйымдастырушы: Профессор С.Ж. Аспандияпов туралы бірер сөз // Қазақстан мұғалімі. – 1990 -8 наурыз.
Ақтөбе қаласы №33 орта мектептің 7 ә-класс оқушылары
Зарлықова Насиба мен Джумағалиева Нұрияның
«С.Ж.Аспандияров – қоғам қайраткері» атты ғылыми жобасына
П І К І Р
Тарих ғылым саласының алдында тұрған мәселелерді шешу жолында өткен ғасырдың 20-30 жылдарында тарихшы, профессор С.Аспандияров үлкен еңбек атқарды оның қызметінің нәтижесінде Қазақстан тарихы ғылымы өз дамуын бастады. Ғалымның қалдырған мұрасы мол, оны игілімізге жаратып тиісті бағасын беруіміз біздің парызымыз болып тұра бермек.
С.Аспандияров-аса білікті ғалым әрі қабілетті ұйымдастырушы да болған. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде Қазақстан тарихын ғылыми тұрғыда дәуірлерге бөлу ісін бастады, қазақ халқының шығу тегі(этногенез) жөнінде ғылыми пікір тұжырымдады, өлке халқының ұлт-азаттық қозғалысының және басқа да мәселелердің дұрыс шешілуі жолдарын көрсетті,қазақ тарихын бұрмалаушылықтарын қатты сынға алды. Сөйтіп, халқымыздың тарихын зерттеуді ретке салудың бастаушысына айналды.
Н.Зарлықова мен Н.Джұмағалиева С.Аспандияровтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен шама-шарқымызға баға беру; Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру мақсатын қойған.
Ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған әлеуметтік-экономикалық және саяси процестер мен құбылыстарды обьективті ғылыми талдау да назарда болды. Н.Зарлықова мен Н.Джұмағалиева С.Аспандияров тұлғасын, оның қызметін бағамдауда мәселелерді тарихилық, хронологиялық негізде жүйелі түрде баяндау принцптеріне жүгіндірген.
Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып ғалымның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға берілген.
Ғылыми жұмыс ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері С.Аспандияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылық, саяси, ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметінен мол және жан-жақты мағлұматтар береді.
Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының
кандидаты, доцент Абенов Д.Қ.
Мазмұны:
Жоспар
Кіріспе
I Тарау. С.Аспандияровтың өмірі,қызметі және
Қазақстанда тарих ғылымының қалыптасуы.
1.1. С.Ж.Аспандияровтың өмір жолы мен ғы-
лыми және мемлекеттік қызметі.
1.2. С.Ж.Аспандияров және Қазақстанда тарих
ғылымының қалыптасуы.
II Тарау. С.Ж.Аспандияровтың Қазақстан тарихына
қосқан үлесімен еңбектерінің маңызы.
2.1. Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін
мен шығармашылығы.(1928-1937)
2.2. Қазақстан тарихы (ежелгі дәуірден бастап)еңбегі.
Қорытынды
С.Ж.Аспандияров-аз ғұмыр кешкенімен,халқы
үшін көп іс тындырып,артына өлместей мұра қалдырды».
Кіріспе
Қазақстан тарихы егемендігімізді алғанға дейінгі уақытта бұрмаланып обьективті толық түрде зерттелмей келді . Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналғалы тарихи және тарихнамалық зерттеулер саны жыл сайын еселеніп,артып келе жатқаны анық байқалады.Осы құбылысқа қарап сандық мәнге ие болғанымен,көп жағдайда сапалық мазмұны кем түсіп отырған зерттеулер тізбегі отандық тарих ғылымын дамытуда деп айту негізсіз болар еді.Қазақстандық тарих ғылымының дамуына қатысты тарихнамалық талдау барысы жүргізіліп,кәсіби біліктілігі жоғары тарихшы мамандар даярлауды жолға қою қажет.
Міне,тарих ғылымындағы өзекті мәселелер мен шешудің жолдары осындай сұрақтарға тіреліп тұр.Тарих ғылым саласының алдында тұрған мәселелерді шешу жолында өткен ғасырдың 20-30 жылдарында тарихшы,профессор С.Аспандияров үлкен еңбек атқарды, оның қызметінің нәтижесінде Қазақстан тарихы ғылымы өз дамуын бастады.Ғалымның қалдырған мұрасы мол,оны игілімізге жаратып тиісті бағасын беруіміз біздің парызымыз болып тұра бермек.
С.Ж.Аспандияров-қазақ тарихын ғылыми негізде зерттеудің әрі бастаушысы ,әрі оны жазушы да болған ғалым.Бұл пікіріміздің дәлелді болуы үшін ұлағатты ұстаздың ғылыми еңбектерінің бір қатарын атап өткен де жөн шығар.1933 жылдың өзінде «Большевик Казахстана» журналында оның «Қазақстан тарихының кейбір мәселелері» деген мақаласы жарияланды.1935 жылы оның жазған Қазақстан тарихының бірінші томы және мектепке арналған «Қазақстан тарихының очерктері» деген оқулығы қазақ тілінде жарық көрді.1935-1936 жылдары С.Ж.Аспандияров пен профессор Кунте екеуі бірге әзірлеген «Қазақстан тарихының өткені деректер мен материалдарда» атты екі томдық құжаттар жинағы басылып шықты.Бұл еңбек тарихшылар үшін аса құнды және керекті құрал еді.1936 жылы ғалымның «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» деген монографиясы жарияланды.Сол жылдары оның Қазақстан тарихының басқа мәселелері жөнінде де бірқатар ғылыми мақалалары жарияланып тұрды.
С.Аспандияров-аса білікті ғалым әрі қабілетті ұйымдастырушы да болған.Ол өзінің ғылыми еңбектерінде Қазақстан тарихын ғылыми тұрғыда дәуірлерге бөлу ісін бастады,қазақ халқының шығу тегі(этногенез) жөнінде ғылыми пікір тұжырымдады,өлке халқының ұлт-азаттық қозғалысының және басқа да мәселелердің дұрыс шешілуі жолдарын көрсетті,қазақ тарихын бұрмалаушылықтарын қатты сынға алды.Сөйтіп,халқымыздың тарихын зерттеуді ретке салудың бастаушысына айналды.Ол Қазақстанның 1917 жылдан бергі,қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәуірін қазақ тарихының екінші томында баяндамақшы еді.Бұл томның материалдары жазба түрде дайын да болатын.Онымен қоса С.Ж.Аспандияровтың «Патша өкіметінің Қазақстанды әскери отарлауы» атты докторлық диссертациясының материалдары да көп тер төгуді қажет етті.Бұл екеуі де ғылыми жағынан аса құнды,көлемді еңбектер еді.
-3-
С.Аспандияров қоғамдық жұмыстардан да бастартып көрген емес.КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасының жұмысына белсене араласады.Бұл база КСРО Ғылым академиясының қазақстандық филиалы болып,қайта құрылғанда оның председателінің бірінші орынбасарлығына сайланып филиалдың бүкіл ғылыми практикалық жұмысын басқарады.Филиал айналасына ғалымдарды топтастыру,жастарды ғылыми жұмысқа тәрбиелеуде зор іс жүргізді.Мұның өзі филиалдың Қазақ ССР Ғылым академиясына айналуына қосылған қомақты үлес болды,ғылыми орталықтың берік іргесі қаланды.
Санжар Аспандияров Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының және Алматы медицина академиясының алғашқы ректоры болып та жұмыс істеді.Бұл екі институт Республикамыз үшін қаншама жоғары білімді жетік білікті мамандар даярлап шығарды.Қазақтың алғашқы педагогикалық институты республика тұрғындары арасындағы сауатсыздық жою ісінде үлкен рөл атқарды.Осыдан білім ордасы қанат қақтырған мұғалімдер көбеюіне орай Қазақстанда орта білім беру ісі аяғына тік тұрғызылды.ҚазПИ республикамызда басқа да жоғары оқу орныдарының ашылуына ықпал етсе,олардың алғашқы оқытушыларының көбі осы институттың түлектері болатын.
Профессор С.Аспандияров-Қазақстанда тарихшы кадрлар жинақтау және оларды жергілікті жерде даярлауда да елеулі іс жүргізе білді.КСРО Ғылым академиясы қазақстандық филиалының тарих секторын өзі басқарды.ҚазПИ де он шақты жылдай тарих кафедрасының меңгерушісі болды.Сол жылдары ғылыми орталықтардан бірқатар ірі мамандар-профессорлар:П.А.Кунте,Н.Н.Розенталь,Н.И.Бороздин,Н.В.Кораблев, доценттер:Х.М.Әділгереев,А.П.Чижов және басқалар келтірілді. Республиканың өз ішінде тарихшы кадрлар даярлауда көп жұмыс жүргізді.Оның оқушыларының арасынан С.Е.Толыбеков,С.Б,Байышев.А.Н.Нүсіпбеков,Н.К.Киікбаев,Т.Е.Елеуов,М.А.Ақынжанов сияқты басқа да көптеген білікті тарихшылыр өсіп шықты.
Санжар Аспандияров дарынды ғалым,көп қырлы талант иесі.Ол әскери дәрігер бола тұра қазақ азаматтары арасынан тұңғыш тарих ғылымының профессоры дәрежесіне жетіп,бұл атақты 1927 жылы Мәскеу универси-тетінде алған әрі сол кезде Мәскеудегі Шығыстану университетінің директоры болған.
Республикамыздың ірі ғалымдары,әсіресе соңғы кезде,СанжарЖапарұлы Аспандияровтың ғылыми еңбектеріне тереңірек үңіліп,обьективті талдаулар жасап,олардың дұрыс жағынан да,кем кетіктерін де әділ бағалаған пікірлер тұжырымдады.Осы орайда ең алдымен Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы,профессор Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтың үлкен жұмыс жүргізіп,жемісті еңбек еткенін атап айтқан орынды.Р.Б.Сүлейменовтың осыған көп жыл бұрын сонау 1966 жылы «Вестник АН Каз ССР»-де жарияланған первый казахский историк марксист деген,1988 жылы Социалистік Қазақстан газетінде
-4-
басылған «Ардақты азамат»атты мақалаларында,басқа да хабарлама,баяндамаларында, «Социалистік Қазақстан»газетінің редакциясы ұйымдастырған дөңгелек үстел басындағы «Тарихтың әр парағы» атты ғылыми әңгімеде С.Ж.Аспандияров жөнінде көпшіліктің ойында жүрген толғанысты мәселелер өте орынды көтеріліп,ғылыми шындық айтылды.Мұнымен қатар,газет,журнал беттерінде айтулы порофессордың ғылыми еңбегі,қоғамдық-саяси,қызметі туралы үзіп-жұлып жазылған мақалалар , мағлұматтар жарияланып тұратын.Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының 1988 жылы жаңартылып ашылған бір бөлме музейінде С.Ж.Аспандияровтың өмірі мен қызметі ғылыми мұрасы жайында біраз дерек,сурет ғылыми материалдар қойылыпты.
5-
1 тарау.С.Ж.Аспандияровтың өмірі,қызметі және Қазақстанда тарих ғылымының қалыптасуы.
1.1.С.Ж.Аспандировтың өмір жолы мен ғылыми және мемлекеттік қызметі.
Қазіргі кездегі зерттеушілер мен Қазақстан тарихына әуесқойлар тәуелсіздік алғанымызға дейін қазақтың тарих профессоры С.Ж.Аспандияровтың еңбектері мен еркін түрде майдалана алмай келді.Бұның басты себебі «Қазақстанның тарихының» авторын ешбір дәлелсіз 1937 жылы «Халық жауы» ретінде айыптауы еді.1956 жылы автордың толық ақталғанынан кейін де Аспандияровтың кітаптары арнайы қоймада сақталып өзінің толық ақталуын,дұрысырақ айтсақ қазақтың ірі және қайталанбас тарихшысының ғылыми концепцияларының барлығын мойындаудың айқындығын күтіп жатты.
Ал Аспандияров болса қазан төңкерісінен кейін Қазақстан тарихнамасында оның бастаушысы болып терең із қалдырды.Оның сіңірген еңбегі қазақ халқы тарихы бойынша ежелгі дәуірден бастап 1917 жылға дейінгі тұтастай ғылыми еңбекті алғашқы рет қалыптастырғанында.Тек Аспандияровтың тұтқындалуы және Сталин қапастарында қаза болуы оның кеңестік кезеңге арналған «тарихының» екінші бөлімін жариялау ниетіне кедергі болды.Тұтқындалғаннан кейін де қамауда отырып ғылыми шығармашылықпен айналысуға рұқсат етулерін сұрағандығы белгілі,өкінішке орай ғұламаның бұл сұрауына рұқсат берілмей,ал аяқталмаған қолжазба материалдары із түссіз жоғалып кетті.
Оқырмандардың көбісі Аспандияровтың өмірі мен ғылыми және мемлекеттік қызметтері туралы өте аз таныс.Осы күндері Аспандияровқа арнап газеттер мен журнал беттеріне мақала түрінде бірнеше жарияланымдар мен жүз жылдық мерей тойына байланысты шағын жинақ арналды (1) және 1993 жылы А.С.Такеновтың ғылыми редакциялығымен «Қазақстан тарихы» еңбегі қайта басылып көріп,алғы сөзінде Аспандияров өмірі мен қызметі жолына және «Қазақстан тарихына»тоқталып өтеді (2).
Бүгінгі күні оның атымен Алматы қаласының көшесі және Алматы мемлекеттік медицина институты аталады.
СЖ.Аспандияров қазақ зиялырының кереметтей өкілдеріне жатады.Олардың қоғамдық-ғылыми көзқарастарының қалыптасуы 2 дәуір аралығында болып өтті,оның бөлінер тұсы қазан социалистік революциясы еді.
Осы «көне» зиялылардың өкілдері рухани тәрбиесін мәдени ғылыми дәстүрлерде және Ресей капиталистік қоғамының ықпалының астында алды да олардың көзқарастары жағдайдың екі жақтылында қалыптысты.Бір жағынан ол Ресей оқу орындарында білім алып,патшалық Ресей идеологиясының ықпалында тұрып,шет аймақтар халықтарын орыстандыру рухында тәрбиеленді.Екінші жағынан,құқығы жоқ қаналушы халық,былайша айтқанда Ресейдің орталық шет аймағының өнімі болып отырып қазақ халқын әскери-феодалдық қанау үшін сезініп көріп жатты.Патшалық үкімет
-6-
оларды Ресей мүдделеріне бар ынта-ықыласпен беріліп қызмет етуге дайындаса,нақты өмір олардың бойында патриоттық сезімді ұялатты,ұлттық қанаушылықтан өзінің халқын азат етуге ұмтылдырды.Осы себептерден де төңкеріске дейінгі қазақ зиялыларының сүббелі бөлігі патшылыққа оппозицилық партияларына қосылды.Қазақ зиялыларының саяси күрес жолы
жеңіл және оның өкілдерінің идеялдық таңдаулары бірдей болған жоқ.Зиялылардың бір бөлігін кадеттердің бағдарламасы қызықтырса,екіншілері эсселердің,үшіншілері большевиктердікін қолдады.
1935 жылы басылап шығарылған оның «Қазақстан тарихын» жазар кезіндегі көзқарасының қалыптасуы қалай жүргендігі мәселесі қызығушылық тудыраты анық.
Аспандияров Орал облысының кедейленген ақсүйек тұқымынан шыққан,1889 жылы туылған.Оның әкесі Жапар Аспандияров ұзақ уақыт бойы әскери аудармашы қызметін атқарған және қызметтен шығар алдында генерал-майор шенін алған.Бірақ та материалдық жағынан қиындығынан,Санжарды Ташкенттегі реалдық училищені бітіргеннен кейін,Петербургтегі әскери-медициналық академияға түскесін қамтамасыз ете алмады.С.Аспандияров әскери-теңіз министрлігінің степендиясына оқыды.Бұл кейін алыс Термезде,ал одан кейін Түркістан полкінің әскери дәрігері ретінде майданда болып,соғыс ауыртпалығын алып жүруге мәжбүр етті.Аспандияровтың соғыс жылдарының қайғысы мен қасіретінің тікелей куәгері болуы тағдырына байланды.Лодзья түбінде ол полкпен бірге Герман тұтқынына түсіп,әскери тұтқындар лазаретінде жұмыс жасады.1916 жылдың басында әскери тұтқындарды ауыстыру нәтижесінде Шпарзундтен Швеция арқылы отанына оралды.Соғыс пен тұтқында болған кездердің қайғысы мен қасіреті оның бойында үлкен із қалдырып,радикалды соғысқа қарсы көзқарасының қалыптасуына әсер етті.Ақпан төңкерісінен кейін Аспандияров Термез және Бұхарадағы кеңестер жұмысына қатысып,солдаттар мен шаруалар депутаты болып Түркістан облыстық кеңесіне сайланды.Ташкентте өлкелік кеңес тапсырмасы бойынша «көне» қалада бірінші мұсылман жұмысшы депутаттар кеңесін ұйымдастыруға қатысып,онда ол патша үкіметімен жер қазу және тыл жұмыстарын істеуге жасақталған жұмысшы-малшыларды қатыстырады.Ол Ташкент бөлімімен ақ қазақтар және юнкерлерге қарсы өзі де шайқастарға қатысады.Әскери дәрігер және мұсылман бюросының мүшесі ретінде кеңес билігі шағына шыққан Черняев полкінің құрамында Каспий сырты майданындағы ұрыстарға қатысады.1919 жылы мамыр айында коммунистік партия қатарына кірді.Осы кезден бастап Аспандияров жоғарғы мемлекеттік орындарға отырып және маңызды партиялық тапсырмаларды орындайды.1919 жылы ол Түркістан АКСР денсаулық сақтау халық комиссары,ал 1920 жылы жер шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады.Ол кезде Түркістан АКСР не Қазақстанның Жетісу және Сырдария облыстары кірген болатын.1920 жылы В.И.Лениннің кеңесі бойынша Түркістандағы барлық үш коммунистік ұйымдардың интернационалдық принцептегі бірігуі түрі
-7-
олар:РКП (б) өлкелік комитеті,Мұсылман бюросы және шет ел жұмысшылары мен шаруаларының коммунистік партиясының өлкелік комитеті. Түркістандық бір партиялық ұйым құру жұмысына Аспандияровта қатысып,Т.Рұсқылов,М.Субхи және басқалар мен бірге ұйымдастыру бюросының құрамына кірді(3).
1921 жылы қазан айында В.И.Ленин,А.Р.Рахимбаев пен С.Ж.Аспандияровтың хаттарымен танысып өзінің атынан РКП(б)ОК Түркістан бюросының құрамына С.Аспандияровтың кандидатурасын ұсынады.
С.Аспандияровтың қызметі Қазақстан мен Орта Азияның әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта құрулармен байланысты болды.Басқарушы қызметкер бол тұра ол кеңестік шығыстың халықтарының тұрмысының ерекшелігінің тарихы мен мәдениеті мәселелерінің білгірі ретіндегі өте бағалы және сирек кездесетін маман болды.Бұнымен С.Ж.Аспандияровты Түрік Республикаларының Мәскеудегі тұрақты өкілділігіне аударуымен түсіндіріледі.Осында ол ұлттар ісінің халықтар комиссияраты коллегиясының мүшесі болды.Сәл кейінірек тәжірибелі агрария маманы ретінде жерлерге орналастыру бойынша БООК (ВЦИК) тің ерекше комиссиясының құрамына қосады.
1922м жылы желтоқсан айында Бүкілресейлік Х кеңестер құрылтайының делегаты С.Ж.Аспандияров КСРО құру туралы шешімді қолдап отырады.1923 жылы Аспандияров Ташкентке қайта оралып,онла ол денсаулық сақтау халық комиссариятының жұмыстары мен қатар Түркістан компартиясы орталық комитетінің хатшысы болды.Ұлттық территориялық межелеу және Орта Азияда жаңа ұлттық Республикалар құру кезеңінде,1924 жылы С.Ж.Аспандияров БКП ОК Отр Азиялық бюросының құрамына сайланады.1925 жылы ол қайтадан Мәскеуге келеді,онда ол Президиум мүшесі мен БООК хатшысының орынбасары ретінде қызмет атқарады.Әдеттегідей Аспандияров негізгі жұмысымен қатар әр түрлі комиссияларда,редакцияларда бірқатар өте маңызды қоғамдық тапсырыстарды орындап,мағыналы және қызықты ғылыми-практикалық баяндамалар мен мақалалар шығып отырды.(4)
Ең бастысы Мәскеуде жұмыс жасаған кезінде С.Ж.Аспандияров дарынының жаңа қыры оның тарих ғылымы саласындағы белсенді ғылыми-ізденімпаздық қызметті кейінгі кездегі ғалым шығармашылығындағы басты бағыт болды,бұл еңбегі барысында бүгінгі күні оған және оның шығармашылығы қолданған қатаң репрессиялық және тыйым салу әрекеттеріне қарамастан көрнекті қазақ тарихшысы ретінде мойындалуда.
Астанаға келгеннен кейін алғашқы күндерден бастап ол КСРО ОАҚ жанындағы шығыстану институтымен әріптестік байланыс жасайды,онда кеңес мемелекетінің көрнекті қайраткері Н.Н.Нариманов басшылық жасаған болатын.Аспандияров 2 Москва мемлекеттік университетінде оқытушылық қызмет атқарды.Осы жылдары Аспандияров шет Шығыс елдері өкілдерімен жиі-жиі кездесіп тұрды.Аспандияровтың ғылыми қызметтерінің
-8-
мойындалуының көрінісі 1927 жылы КСРО ОАҚ оны Н.Н.Нариманов атын алған шығыстану институтының директоры етіп тағайындайды.Және ММУ прфессоры деген атақ беріледі.
С.Аспандияровтың ғылыми шығармашылығының ең жемісті кезеңі оның Қазақстанға қайта шақырып алғаннан кейінгі өткен өмірінің 1928-1937 жылдарды қамтитын соңғы кезеңі болды.Осы кезеңде С.Аспандияров Қазақстан тарихына,мәдениетіне аса көңіл бөліп және оны дамытып,алға апаруға кіидерді қатыстыру жөнінде ақыл-кеңес беріп отырды.Бұған Аспандияровтың Москвадан Қызылордаға наркомпросқа жолдаған хаты,айқын дәлел.(5)
1928 жылы ЦК ВКП (в) жолдамасымен Санжар Аспандияров Алматыда тұңғыш ашылған Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.Ол бұл кезде университет студенттеріне Қазақстан тарихынан лекция оқиды.С.Аспандияров ұлт кадрларын тәрбиелеуге аса назар аударып,университеттің ішкі жұмыстарын жақсы ұйымдастыра біледі.
Республиканың халық шаруашылығын көтеретін білікті кадрларды дайындауды жолға қойып,шұғыл шаралар қарастырды.Қазақстан жоғарғы оқу орындарының көбісінің ұйымдастыру тарихы С.Аспандияровтың есімімен байланысты.Ол Алматы малдәрігерлік,ауылшаруалық институттарын ұйымдастыруға белсене қатысты.
Абай атындағы педагогикалық және мұғалімдер институтының директоры,тарих және география факультетінің деканы,тарих кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.Бұдан кейінгі жылдары денсаулық сақтау жүйесіндегі көптеген кемшіліктерді жоюға,алға бастыруға бірден-бір лайық адм деп тауып,1937 жылы С.Ж.Аспандияровты Қазақ АССР Денсаулық сақтау халық комиссары етіп тағайындайды.Сонымен бірге медицина институтын ұйымдастырып,оның алғашқы директоры болып тағайындалады.1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасарының қызметін атқарады.
С.Ж.Аспандияров РСФСР-дың Халық ағарту комиссариятының мемлекеттік ғылыми кеңесінің мүшесі болып,сол кеңестерде көлемді баяндамалар жасайды. Санжар Аспандияров-ағылшын,француз,неміс,латын,шығыс халықтарының тілін, білген «полиглот».Сол жылдардағы газет,журналдарды,қарасақ,халық ағарту мәселелері,тарих,әдебиет,фольклор,кино,театр туралы ғылыми зерттеу жұмыстары туралы Аспандияровтың терең зерттеліп,жазылған мақалаларын жиі кездестіреміз.(6).
Оның мақалаларынан,сөйлеген сөздерінен халқымыздың мәдениет саласындағы өзекті,түбегейлі мәселелерді қозғағанын аңғарамыз.Сол кездегі Қазақстан көлеміндегі өткен бірде-бір съезд,конференция оның қатысуынсыз болмайтын.(7)
Санжар Аспандияров ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интелдегенцитясының көрнекті өкілдерінің бірі.
Ол Ресейдің ең ірі ғылыми және мәдени орталығы Санкт-Петербурктегі
-9-
Императорлық әскери медицина академиясын алтын алқамен үздік бітірді.
Санжар Аспандияровпен Халел Досмухамедов әр ғылымның саласынан жақсы хабардар болғандықтан,қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жаздыМамандығы дәрігер бола тұра тарихты,әдебиетті,өнерді,биологияны терең зерттеді.
Қазақ педагогика институтының тұңғыш ректоры және белгілі мемлекет және қоғам қайраткері,Қазақстанда жоғарғы білім берудің ұйымдастырушыларының бірі де профессор С.Аспандияров болды.Ал Халел Досмұхамедов сол институттың оқу ісі жөніндегі алғашқы проректоры,әрі педагогия кафедрасының профессоры қызметін атқарды.
Екеуінің білім алған ортасы мен еңбек жолына0ғылыми шығармашылық еңбектеріне талдау жасап,қатар қойып қарасақ,екеуара ұқсастықты,шығармашылық байланысты,тағдырлас ғұмырды аңғаруға болады.Студенттік шақтан,яғни Санкт-Петербургтің әскери мединицалық академиясының қабырғасынан басталған достық қарым-қатынас одан кейінгі жылдар да одан әрі жалғысты.
1928-1932 жылдардың арасында Алматыдағы бұрынғы Комсомол көшесінің бойындағы (қазіргі Төле би) 29 үйде Санжар мен Халел көрші тұрған.Қазір де Алматыдағы бұл үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.Онда былай деп жазылған: «Бұл үйде 1928-1932 жылдары көрнекті ғалым және қоғам қайраткері С.Аспандияров тұрған»(8).
Санжар Аспандияров Қазақстан тарихын алғашқылардың бірі болып зерттеуді қолға алды.Қазақстан тарихы мәселелері бойынша бірнеше сүббелі зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазды.Оның Қазақтың педагогикалық институтында студенттерге арналған дәрісінің негізінде «Қазақстан тарихы» еңбегі,1935 жылы профессор П.А.Кунтспен бірлесіп, «Қазақстанда өткен әдебиеттер мен құжаттарда»жинағының бірінші томын жарияласа,екінші томы 1936 жылы жарық көрді.
Жан-жақты ғалым терең білімді тарихшы болуы мен қатар,Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына зор үлес қосты.Орта Азия мен Қазақстанда,бұрынғы одақ көлемінде экономикалық,саяси,мәдени салада жоғарғы оқу орындарының,ғылыми мекемелелерінің іргетасын қаласты.Ол Қазақ мектептері мен жоғарғы оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.Атап айтқанда оның I және II (1922ж); II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» оқулығы (1922ж); «Зоология» ((1922ж); I бөлім омыртқалылар), II сатылы мектептерге арналған (1922ж); «Зоология»,( II бөлім омыртқасыздар) (1922ж); «Зоология» (IIIбөлім) (1926ж); «Оқушылар гигиенасы» (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді.Сонымен қатар оның «Анатомия және физиология», «адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді.Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет басылды.
С.Аспандияров Орта Азия мен Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы ұйымдастырушысы болды.Аспандияров Алматы медицина институтын 1930 жылы ұйымдастырып,оның ректоры болды.
-10-
Қазір Алматы медицина академиясы Санжар Аспандияровтың атымен аталады.Ол КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасын ұйымдастырушылардың бірі болды,Оның жұмысына белсене араласты.База призудиумына академиктер А.Н.Самойлович,Б.А.Келлермен қоса С.Аспандияровта ұсынылды.(9)
Қазақ педогогикалық институты республикада басқа жоғарғы оқу орындарының ашылуына ықпал етсе,олардың алғашқы оқытушыларының көбі осы институттың түлектері еді.Бір кездері С.Аспандияров бастап ұйымдастырған Қазақ педагогикалық институтының түлегі ғалым,Қазақ Ғылым академиясының академигі,филологиялық ғылымдарының докторы,профессор,марқұм Қажым Жұмалиев алғашқы ұстазы,профессор С.Аспандияров туралы былай деп айтты: «Тек бүгінгісін ғана емес,болашағын ойлайтын көреген басшы Санжар Аспандияров ең азы жеке студенттің өміріне дейін белсене араласты.»(10).
Ел үшін еңіреп,етегімен су кешкен,бойындағы бар асылын халқына арнаған азамат,қайталанбас ірі талант иесі С.Аспандияровтың қоғамдық өмірі мен ғылым көгіндегіғұмыры мейлінше қысқа болды.Қазақ зиялыларына қарсы ұйымдастырылған сталиндік репрессия науқаны оны жеке басқа табынушылықтың құрбаны етті.
-11-
1.2.С.Ж.Аспандияров және Қазақстанда тарих ғылымының қалыптасуы.
Кеңес дәуірі орнағаннан кейін шығыстанушылардың жаңа толқыны,қазақтың көрнекті ғалымы Санжар Аспандияров болды.Оның еңбектерінде шығыс халықтары соның ішінде көшпелі этностардың аз қамтылған тарихы мен мәдениетінің мәселелері көрініс тапты.Ол тек танымал мемлекеттік қайраткер ғана емес,ғылымды ұйымдастырушы ірі тұлға болды.
Ол 1889 жылдың қазан айында дүниеге келді.С.Аспандияровтың қызметінің Алматыда өткізген соңғы кезеңі ең жарқын және жемісті болды деп айта аламыз.
1928 жылдан бастап 1937 жылға дейін ол жаңадан құрылған Қазақ мемлекеттік университеті кейін Абай атындағы педагогикалық институт,Алматы медицина институтының директоры,Қазақ ССР денсаулық сақтау халық комиссары,ағартушлық ісі халық комиссарының орынбасары,Қаз ПИ-дің тарих кафедрасының профессоры,т.б. жұмыстарды істеді.С.Аспандияров алғашқылардың бірі болып қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің мәселелерін зерттеуді бастады.
Өте қысқа уақыт ішінде ғылыми шығармашылықпен педагогикалық,ұйымдастырушылық және қоғамдық саяси қызметтерді үйлестіріп бірге алып жүре отыра үлкен істерді жүзеге асырып үлгерді.
С.Аспандияров ғалым ретінде қателіктер мен кемшіліктерге тіреле отыра қалыптасты.
С.Аспандияров исламның пайда болу тұрғысына зерттеулер жүргізіп,оны түсіндірушілердің алғашқы легі болды.Оны тосы мақырыптағы бірінші шағын «Исламның пайда болуы себептері» деген кітапшасы 1928 жылы басылып шықты.Бұл кітаптың бір қатар берілімдері Аспандияровтың «Ислам және көшпелі шаруашылық» деген мақаласында одан әрі дамытылып исламның шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан қарастырды.
С.Аспандияров көшпелі шаруашылықты тұрпайлықтың синонимі ретінде және дамудың төменгі сатысы,жүйесіз босып жүру деп қарастырғандарды қатаң түрде сынға алды(11).
С.Ж.Аспандияров пен өткеннің басқа да исламтанушылары исламның дамуының ішкі заңдылықтарын ашып көрсете алмады деп айтуымызға болады.Исламтану мәселесі бүгінгі күннің өзінде де нақты шешімдерін таппай отыр.
Ғалымның зерттеу аясына ұлттық қатынастардың проблемалалары да кірді.Ол «Ұлт мәселесі және тіл туралы жаңа білім»деген үлкен мақала жазыпғ»жаңа шығыс» деген журналда басып шығарылды.Бұл жұмыста автор бүгінгі күннің өзіне дейін шешімін таппай отырған бірқатар мәселелер көтерілді.Мақаланың басында көптеген шетел әдебиеттеріне сыни талдау берілген.
Қысқа,Мәскеудегі кезеңіндегі ғалымның шығармашылағына тоқтала отырып оның ғылыми-танымал жұмыстарына тоқталсақ,Қазақ ғалымының
көзқарастарының дамуын қарап және оның тарих ғылымына қосқан үлесіне баға берсек,20 жылдардағы тарихнамалық жағдайды сипаттауымыз
-12-
керек.Кеңестік дәуірдегі өткен шығыстың тарихы бұған қаралуы төмен болды.Оны объективті және шынайы түрде мәнін ашып берілген жоқ.
20 жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басында Қазақстан тарихын зерттеп тануда бір қатар ілгерлеушіліктер көрініс берді.1927 жылы Т.Рысқұловтың «Қазақстан, «1916 жылғы Орта Азия бұратаналарының көтерілісі» деген,Ғ.Тоғжановтың «қазақ ауылы туралы» (1927ж), «қазақ отарлаушы отарлаушы ауылы»және т.б. еңбектері шықты.Өте өткір пікір-таластар нәтижесінде революцияға дейінгі қазақ ауылдары туралы жаңа шешімдер қалыптасты.
Осы пікір-таластар барысында Т.Рысқұлов: «1920 жылдаға дейін отарлаудың күшейгеніне байланысты және сауда капиталының енуімен,рулық қайым ыдырауымен бірге феодалдық құрылыста ыдырай
бастады деп айтса да,Ғ.Тоғжанов сауда капиталының енуі көшпелі ауылдарға ешқандай өзгеріс әкелген жоқ деп тұжырымдады.(12).
Осындай жағдайда Мәскеуден ғылыми жұмыстарда үлкен тәжірибе жинақтаған тарихшы С.Аспандияровтың қайтып келуі,Қазақстанда тарих ғылымының дамуына маңызды орын алды.Осы уақыттан бастап елдің тарихы С.Аспандияровтың көқпқырлы шығармашылық қызметнің негізі болып қалды.
Келген күннен бастап Қазақстанда кірісіп кеткен көлемді жұмысты,ол әр саланың мамандарын тартуға тырысты. «Советская этнография»журналында П.Хохолко былай деп жазады: «ҰМҒЗКИ (Ұлттық мәдениетті ғылыми зерттеу қазақ институты)тарих секциясы профессор С.Аспандияровтың басшылығымен бірге КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімінің тарих секторы,Қазақ орталық архиві Қазақстан тарихы бойынша жұмысты жеделдете бастады».
1935 жылы профессор П.А.Кунтемен бірге С.Аспандияров алғашқы рет кеңестік деректеметануда құжаттар жинағын толық баспадан шығарады. «Прошлое Казахстана в источников и материалах»тың 2-ші томы 1936 жылы шықты.Осы деректер жинағын басып шығару Республиканың ғылыми өміріндегі үлкен оқиға болды.Бұл жинақ деректері Қазақстан тарихының этникалық саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерін сипаттады.
Деректері терең және тыңғылықты зерттеу,өзіне дйін жазылған тарихи жұмыстарға деген сыни көзқарас 1933 жылдың өзінде Қазақстан тарихының ежелден бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңің қарастыру мәселесін қойды.С.Аспандияров: «Бірінші рет біз қазақтардың тарихын қалыптастыруды бастадық деген сұрақ қоюға мәжбүрміз» деп жазды.Мақалада қазақтар тарихының зерттелуінің шешуі,маңызды тұстары қаралды.
Сонымен бірге қазақ тарихының кезеңделуі негізігі орындардың бірін алды,С.Аспандияров:- «Қазақстан тарихын мен 3 кезеңге бөліп
қарастырамын олар:1)капиталисттік дәуірге дейінгі даму (XVIII ғ.дейін); 2)отарлаушы ,Қазақстан патшалық Ресейдің отары ретінде және Қазақстандағы қазан төңкересінің алғы шарттары; 3) «Кеңестік кезең» деп жазды.(13).
-13-
Ғалым қазақтардың құлиеленушілік құрылысты өтпегендігі жөнінде дөп басып айтты.Феодалдық қатынастардың орнауы мәселесі жөнінде сөз
қозғаған кезде ол: «көшпелі халықтарда таптыққұрылым болды және ол рулықортада жасады» деп айтты.Қазақтарды феоалдық қоғамының өндіруші күштерінің дамуының ерекшелігін талдау саяси құрылымның өзіндік ерекшелігін ашуға көмектесті.Өндіруші күштердің төменгі деңгейі өсіп отырған халық пен шаруашылық жер көлемінің қажеттілігі арасында қайшылықтар туындатты.Осыдан тұрғындарыдң жиі көшуі мен орын ауыстыру пайда болды деді.
Осы жоғарыда қарастырылған мәселелерден көрінетіндей С.Аспандияровтың еңбектерінде қарапайым және схемалық қабылдауларымен бірге терең ғылыми ой-пікірлердің болғандығы анық.
Мақалада қазақтардың этногезі,ұлт-азаттық қозғалыстары,капиталстік дамудың ерекшеліктері туралы сұрақтарда қозғалды.Осылайша осы мақала болашақтағы жалпы қамтыған Қазақстан тарихының ғылыми жол көрсеткіші болды.
С.Ж.Аспандияровтың Қазақстан тарихының 1-ші томы 1935 жылы жарық көрді.Ол өте үлкен-б.з.б. III ғасырдан бастап 1917 жылға дейінгі уақыт аралағын қамтыды.Социализм дәуіріне арналған кітаптың 2-ші томын шығаруға дайындық жүргізген.Оның үлкен қоғамдық,мемлекеттік жұмыстары мен қайғылы қазасы бұл ойын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.Осы 1935 жылы Аспандияров мектепке қазақ тілінде «Қазақстан тарихының очерктерін» дайындап шығарды.1936 жылы «1916 жылдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісі» атты еңбектері шықты.
1934-1937 жылдары ол өте қызықты мақалалар және баяндамалар мен шығып,қазан төңкерісіне дейінгі және кеңестік дәуір сұрақтарын қарастырды.Тарихи жұмыстар мен мәселелері бойынша талқылап, редакциялап отырды.
С.Ж.Аспандияровтың Қазақстан тарихы саласындағы ғылыми мұрасына сыни көзқарассыз қарауға болмайды.Бірақ та сол кездегі тарихи кезеңді,заманды объективті және субъективті факторларды ұмытып тек қана жіберілген қателерге барлық назарды аудару дұрыс емес болар еді.
Кейбір зерттеушілер С.Аспандияровтың берген Қазақстан тарихындағы кезеңдеуін теріске шығарған зерттеушілер де болғандығын және олардың пікірлерінің қателік тұстары бар екендігін айтуға болды.(14)
С.Ж.Аспандияров жасаған қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихын кезеңге бөлуінің жетілмегендігі,екі үлкен этаптың:Қазақстанды патшалық Ресейдің жаулап алуына дейінгі (XVIII ғ.дейін) және Қазақстан Ресей импереализмінің отары ретінде (XVIIғ мен XXғ басы)бөлуін басқа
себептермен түсіндіріледі.С.Аспандияров бойынша 1-ші этап бұл феодалдық қатнастардың дамуымен пісіп жетілуі.2-ш этап-феодалдық қатынастардың дағдарысы мен капиталистік құрылыстың дамуы.Тарихи кезеңдерді осылайша тым қысқартуы ғалымның Қазақстан көшпелілерінде құлиенушілік қоғамның болғандығында және құрғақ жартылай шөлейтті аудандарда алғашқы қауымдық қоғам өмір сүре алмайды деген уәжбен алғашқы қауымдық құрылыстың болмағандығына сенімділігінен шығып отырды.
-14-
Ғалымның нақты дәлелесіз жасаған шешімі кітаптың өзінің кейбір материалдарына да қарсы шыққандығы,сол кездегі тарихшылардың деректерді аз білуі мен республиканың археологиялық тұрғыда аз зерттелгендігі болыеп отырды деп айтуға толық болады.Осымен бірге 50 жылдардың өзіне дейін Қазақстанды археологиялық тұрғыда зеттеудің перскпетивасы жоқ деген пікір оын алды. XXғасырдың 50-60 жылдарындағы археологтар,геолагтар,палеоботаниктердің ежелгі тас дәуірінің,неолит,қола және осылардан кейінгі дәуір ескерткіштерін көптеп табуы С.Аспандияров жасаған тарихи кезеңдеуді толықтырып нақтылауға мүмкіндік береді.
Аспандияров макстік-лениндік теориядағы Қазақстан тарихының жалпылама еңбегін жаза отырыпол өзінің ең басты мәселесі қылып маркстік
концепцияға қарсы пікірдегі еңбектерді сынап өтуден айналып өте алмады.Осыдан оның жұмысының пікір-таласты сипатқа ие болды.Ол өзінің еңбегінде принципті ғылыми пікір-таласты жүргізіп отырды.Ол барған сайын маркстік теорияны қойып көптеген ғылымға жат теориялардың қателерін анықтап отырады.
Осылайша М.Тынышпаевтың этногенетикалық теориясын сынай отырып,ол ішкі-сыртқы қанаушыларға қарсы күресте халықтың қызметін көрмей хандар,билер,батырлардың қызметін идеаландырып мәлімет беруінің дұрыс еместігін көрсетеді.Осы мәселелер бойынша С.Аспандияров,В.В.Бартольдты,Д.И.Иловайскийдің,В.О.Ключевскийді, В.В.
Вельяминов-Зерновты,А.П.Чулошниковты және басқаларын сынайды.Ғалым принціпті сипаттағы қателіктер жіберген кеңестік зерттеушілер мен (П.И.Кушнер,С.Сәдуақасов,Б.Салиев,А.Н.Самойлович және т.б.)пікір-таластар жүргізеді.
С.Аспандияров буржуазиялық-идеологиялық,ұлтшылдық,нәсілшілдік теорияларға қарсы Қазақстан тарихын өндірістің әдісінің дамуы объективті үрдіс ретінде қарастырады.
Бүгінгі күні Қазақстан ғылымында бекіген Түрік қағанаты,Қарлұқ,қарахандар және т.б. сияқты ерте феодалдық мемлекеттердің құрылымының көзқарастарына С.Аспандияров жақын келді.
Үлкен тарихи материалдарды талдау барысында «көшпелі мал шаруашылығының кері тартпалығы» көзқарасын теріске шығаруымен қатар ол көшпелі мал шаруашылығымен бірге жер өңдеушіліктің бар болғандығын
дәлелдейді.Сонымен бірге мал өсірудің әдісі болғандығын айтады.
С.Аспандияров қазақ қоғамының ерекшелігі мен қоғамдық-экономикалық және саяси құрылымын ашуда,осы құрылымды еуропалықтар феодализміенен ерекше екендігі жөнінде пікір ұсынды.
Осы кезде 30 жылдар басындағы Б.Я.Владимирцовтың көшпелі халықтардың қоғамдық құрылыстың феодалдық негізі туралы идеясы көптеген тарихшылар соның ішінде С.Аспандияров қолдап,таптық көзқараста қарастырды.
Бүгінгі күні сол кездерде негіздері қаланып жатқан таптық методологияның қате екендігі анық көрініс берді.
Бүгінгі күні тарихнамада көшпелілердің формациялық табиғаты жөнінде 10-ға жуық пікірлер мен көзқарастар бар.С.Ж.Аспандияров көшпелілер қоғамында таптық өндірістік қатынастар басымшылық жасады деп қарастырып,дәлелдеп шығуға тырысты.Ғалымның көптеген еңбектерінде соның ішінде жалпы Қазақстан тарихындағы орталық мәселе қазақтардың этногезі мәселесі болып табылады.Бүгінгі күні Аспандияровтың ұсынған пікірлерінің көбісі біздіңше сенім орната қоймайды,мысалы қазақтардың этногезінен наймандар сияқты тайпаны шығарып тастауы.Дегенмен де сол кезеңдегі қиын жағдайда ғалым қазақтардың шығу тегі мен қазақ жүздерінің құрылуы жөніндегі сұрақтары бойынша жасаған еңбегін көрмеу қателік болар еді.
-15-
Тарих ғылымының дамуы Аспандияровтың концептуалды ұстанымдарының дұрыстығын анықтап берді.
1)Қазақ халқының құрылуы-ұзақ уақытты қамтыған үрдіс,оның басы алғашқы ру-тайпалық , феодалдық мемлекеттердің құрылуымен байланысты.Бүгінгі күні этногездің бастама алған уақыт әлдеқайда ежелдендірілді,себебі Қазақстан археологиясы жөніндегі білім тереңдейді.
2)Осы үрдістік үлкейе түсуі өңдіргіш күштердің дамуы,ру-тайпалық ерекшеліктердің жойылуына, сауда-экономикалық, шаруашылық байланыстарының бекуі және ірі этносаяси,этномәдени бірлестіктердің құрылуы мен олардың территориялық-экономикалық және этномәдени тұтастыққа бірігуімен байланысыт.
3)Қазақ халқының құрылуы үрдісі негізінен XV-XVIIғғ ақталды.
4)Қазақ қоғамының жан-жақты және түпкілікті бірігуі қазақ ұлтының құрылуы үрдісімен байланысты.
С.Аспандияров қазақтарды көп санды «моңғол-түрік» тайпаларының ұрпақтары деп санады.Алғашқы кезеңде (моңғол жаулаушылығына дейін)халықтар өздерінің тұрақсыздығымен сипатталды ,олардың этникалық шекарасы анықсыз болып үнемі араласып,жоғалып кетіп отырды.Моңғол жаулаушылығынан кейін және Алтын Орданың құрылуынан кейін батыс пен шығыс далаларының бөлінуі жүреді.Онда:татарлар,қазақ-ноғай,өзбек одағы және түрікмендер батыста,моңғолдар,буряттар,ойраттар шығыста осының негізінде территория мен экономикада және тілде жаңа айырмашылықтар
пайда болды.
Халықтардың қайтадан топтасуында қазақтар ( XV-XVIғғ) Қазақстан далаларында қалып,ноғайлықтар мен өзбектер біріншілері солтүстік Кавказға,екіншілері Түркістан жеріне кетеді.Өкінішке орай автор бұл оқиғалардың басты себептерін ашып көрсете алмады.
Осы концепциядан шыға отыра автор көшпелілердің әлеуметтік құрылысының ерекшелігі мен көшпелі халықтардың қоғамының даму жолы тарихының сұрақтарын шешуге ұмтылды.С.Ж.Аспандияров көшпелі халықтардың феодализмінің ерекшелігі деп рулық құрылыс қалдықтарының кең көлемде қалуын есептейді.Бірақ рулық институттар таптық қанау мақсатында түрі өзгеріліп үлестірілгені қоғамның сыртқы қабатын қалыптастырады.Осыған орай ол көшпелі халықтарда тек рулық құрылыс немесе «тайпалық мемлекет» болғандығы жөніндегі тұжырымға қарсы болып,осыны жоққа шығарды.
Аспандияров көптеген жылдар бойында көптеген елдердің (Орта Азия,Қытай,Таяу Шығыс,Русь және т.с.с.)тарихында «көшпелі халықтардың ұлы рөлін бөліп көрсетеді».
Монографияның қазақ халқының шығу тегі жөніндегі бөлімде автор: «халық түсінігі-биологиялық емес әлеуметтік»деп ескертіп,оқырмандарды ежелгі үйсіндер мен наймандардың,қыпшақтардың және басқа тайпаларды бүгінгі күндегі қазақ халқымен араластыруда абайлауын сұрайды,бұл тайпалардың өкілдері қазақтар,өзбектер,ноғайлар,қарақалпақтар,башқұрттардың және т.б. этникалық компонентіне кірген деп айтады.
-16-
Сонымен бірге еңбекте М.Тынышпаев еңбектерін бағалауда шектен тыс бір жақтылық пен субъективтілік орын алады,автор өзі мойындағандай буржуазиялық шовинистік,сонымен бірге ұлтшылдық элементтерге соққы беру принципінен шығып отырады.
Грумм-Гржимайлонның нәсілдік,ұлы державалық идеологияның «ұсқынсыз рухын» әшкерлеп,қарама-қарсы тенденцияны алып жүруші нәсілдік теорияның қолдаушылары,бірақ түрік-моңғол нәсілінің «ұлы» рөлін бағалаушыларға З.Владидің,Ғубайдулинді және М.Тынышпаевты жатқызады.Автор:осылайша өткеннің негізінде тарихта ұлтшылдық буржуазиялық идеологияны-қайта жаңғарған панисламизм мен пантюрксизм жатыр деп жазды.
-17-
2.Тарау.С.Ж.Аспандияровтың Қазақстан тарихына қосқан үлесі мен еңбектерінің маңызы.
2.1.Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуі мен шығармашылығы.
Санжар Аспандияров 1919 жылдан бастап,1930 жылдарға дейін жоғарғы басшылық қызметтерде болды.Ол Түркістан Республикасының Мәскеудегі тұрақты өкілі,РСФСР ұлт өкілдері жөніндегі халық комиссариатының алқа мүшесі,ВКП (б) Орта Азиялық бюросының мүшесі,Түркістан компартиясы Орталық комитетінің жауапты хатшысы,Мәскеу университетінің профессоры және Мәскеу шығыстану институтының ректоры,қазақ педагогикалық институтының ректоры қызметтерін атқарды.
С.Аспандияровтың шығармашылық пен еңбек еткен жылдары 1930-1937 жылдарға дейінгі кезең.Бұл кезеңдерде С.Аспандияровтың Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеген бірнеше оқулықтары мен еңбектері дүниеге келді.(15)
С.Аспандияровтың – қазақ тарихын ғылыми негізде зерттеудің әрі бастаушысы,әрі оны жазушы да болған ғалым.Бұл пікіріміздің дәлелді болуы үшін ұлағатты ұзтаздың ғылыми еңбектерінің бірқатарын атап өткен де жөн шығар.1933 жылдың өзінде «Большевик Казахстана» журналында оның «Қазақстан тарихының кейбір мәселелері» деген мақаласы жарияланды.1935 жылы оның жазған Қазақстн тарихының 1-ші томы және мектепке арналған «Қазақстан тарихының очерктері» деген оқулығы қазақ тілінде жарық көрді.1935-1936 жылдары Аспандияров пен профессор Кунте екеуі бірге әзірлеген «Қазақстан тарихының өткені деректері мен материалдарда» атты екі томдық құжаттар жинағы басылып шықты.Бұл еңбек тарихшылар үшін аса құнды және керекті құрал еді.1936 жылы ғалымның «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» деген монографиясы жарияланды.Сол жылдары оның Қазақстан тарихының басқа мәселелері жөнінде де бірқатар ғылыми мақалалары жарияланып тұрды.
Республикамыздың ірі ғалымдары,әсіресе соңғы кезде,Санжар Аспандияровтың ғылыми еңбектеріне тереңірек үңіліп,объективті талдаулар жасап,олардың дұрыс жағын да,кем кетіктерін де әділ бағалаған пікірлер тұжырымдады.Осы орайда,ең алдымен,Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы,профессор Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтың үлкен жұмыс жүргізіп,жемісті еңбек еткенін атап айтқан орынды.Р.Б.Сүлейменовтың осыдан көп жыл бұрын сонау 1966 жылы «Вестник АН Каз ССР-де жарияланған первый казахский историк маркрист жеген,1988 жылы Социолистік Қазақстан газетінде басылған «Ардақты азамат» атты мақалаларында,басқа да хабарлама,баяндамалаларында, «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясы ұйымдастырған дөңгелек үстел басындағы «Тарихтың әр парағы» атты ғылыми әңгімеде С.Ж.Аспандияров жөнінде көпшіліктің ойында жүрген толғанысты
-18-
мәселелер өте орынды көтеріліп,ғылыми шындық айтылды.Мұнымен қатар,газет журнал беттерінде айтулы профессордың ғылыми еңбегі,қоғамдық саяси,қызметі туралы өзін жұлып жазылған мақалалар,мағлұматтар жарияланып тұратын.Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының 1988 жылы жаңартылып ашылған бір бөлме музейіндеС.Ж.Аспандияровтың өмірі мен қызметі,ғылыми мұрасы жайында біраз дерек,сурет ғылыми материалдар қойылыпты.
С.Аспандияров-аса білікті ғалым әрі қабілетті ұйымдастырушы да болған.Ол өзінің ғылыми еңбектерінде Қазақстан тарихын ғылыми тұрғыда дәуірлерге бөлу ісін бастады,қазақ халқының шығу тегі (этногез) жөнінде ғылыми пікір тұжырымдады,өлке халқының ұлт-азаттық қозғалысының және басқа да мәселелердің дұрыс шешілуі жолдарын көрсетті,қазақ тарихын бұрмалаушылықтарын қатты сынға алды.Сөйтіп халқымыздың тарихын зерттеуді ретке салудың бастаушысына айналды.Ол Қазақстанның 1917 жылдан бергі,қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәурін қазақ тарихының 2-ші томында баяндамақшы еді.Бұл томның материалдары жазба түрде дайын да болатын.Онымен қоса С.Ж.Аспандияровтың «Патша өкіметінің Қазақстанды әскери отарлауы» атты докторлық диссертациясының материалдары да көп тер төгуді қажет етті.Бұл екеуі де ғылыми жағынан аса құнды,көлемді еңбектер еді.
С.Аспандияров қоғамдық жұмыстардан да бастартып көрген емес.КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасының жұмысына белсене араласады.Бұл база КСРО Ғылым академиясының қазақстандық филиалы болып,қайта құрылғанда оның председателінің 1-ші орынбасарлығына сайланып филиалдың бүкіл ғылыми практикалық жұмысын басқарады.Филиал айналасына ғалымдарды топтастыру,жастарды ғылыми жұмысқа тәрбиелеуде зор іс жүргізді.Мұның өзі филиалдың Қазақ ССР Ғылым академиясына айналуына қосылған қомақты үлес болды,ғылыми орталықтың берік іргесі қаланды.
Санжар Аспандияров Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының және Алматы медицина академиясының алғашқы ректоры болып та қызмет істеді.Бұл екі институт Республикамыз үшін қаншама жоғары білімді жетік білікті мамандар даярлап шығарды.Қазақтың алғашқы педагогикалық институты республика тұрғындары арасындағы саутсыздықты жою ісінде үлкен роль атқарды.Осыдан білім ордасы қанат қақтырған мұғалімдер көбеюіне орай Қазақстанда орта білім беру ісі аяғына тік тұрғызылды.ҚазПИ республикамызда басқа да жоғары оқу орындарының ашылуына ықпал етсе,олардың алғашқы оқытушыларының көбі осы институт түлектері еді.
Профессор С.Аспандияров – Қазақстанда тарихшы кадрлар жинақтау және оларды жергілікті жерде даярлауда да елейлі іс жүргізе білді.КСРО Ғылым академиясы қазақстандық филиалының тарих секторын өзі басқарды. ҚазПИ де он шақты жылдай тарих кафедрасының меңгерушісі болды.Сол
жылдары ғылыми орталықтардан бірқатар ірі мамандар-профессорлар:П.А.Кунте,Н.Н.Розенталь,Н.И.Бороздин,Н.В.Кораблев,доцент-
тер: Х.М.Әділгереев,А.П.Чижов және басқалар келтірілді.Республиканың өз ішінде тарихшы кадрлар даярлауда көп жұмыс жүргізді.
-19-
Оның оқушыларының арасынан С.Е.Толыбеков,С.Б.Бәйішев,А.Н.Нүсіпбеков,Н.К.Киікбаев,Т.Е.Елеуов, М.А.Ақынжанов сияқты басқа да көптеген білікті тарихшылар өсіп шықты.
Санжар Аспандияров дарынды ғалым,көп қырлы талант иесі.Ол әскери дәрігер бола тұра қазақ азаматтары араснан тұңғыш тарих ғылымының прфессоры дәрежесіне жетіп,бұл атақты 1927 жылы Мәскеу университеттінде алған әрі сол езде Мәскеудегі Шығыстану университетінің директоры болған.Сонымен бірге Аспандияров өз халқын,бүкіл Орта Азия халықтарына адал қызмет етіп,дарын-қабілетін көптеген жакапты мемлекеттік-партиялық жұмыстарды атқаруға жұмсаған.
Жоғарыда айтып өткендей Аспандияровтың Қазақстан оқу орындарын,ғылымын,мәдениетін дамытудағы еңбегі бір төбе.Ол 1928-1931 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің іргетасын қаласты.1931 жылы ҚазМУ Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды.
С.Ж.Аспандияров – Қазақстан Ғылым академиясының негізін салушылардың бірі.1932 жылы КСРО Ғылым академиясының негізін салушылардың бірі.1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылған кезде Аспандияров академиктер А.Н.Самойловмч,Б.А.Келлермен қатар Президиум мүшелігіне кіріп,әрі төрағаның орынбасары болды.Ол тікелей тарихи-археологиялық комиссияны,сонымен бірге Ұлт мәдениетін ғылыми зерттеу институтының тарих секторын меңгерді.
Қазақ халқының тұңғыш атрихшы профессорының ғылымға қосқан үлесі өте өнімді және Қазақстан тарихымен тікелей айналысқан мерзімі оныің өмірінің тек соңғы 10 жылдығына ғана (1928-1937)тиесілі.Қыруар міндеттерді атқара жүріп,Аспандияров көлемді еңбектер жазып үлгерді.
Ол «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» деп аталатын құжаттар жинағының екі томын, «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»,«Қазақстан тарихы (1-ші томы)»монографияларының 1935-1936 жылы жарыққа шығарып үлгерді.
Профессор Аспандияров өз заманында теориялық-методологиялық дүниетенымы кең,ғылыми көзқарастары мен концепциялары толысқан ғалым болған. Ол ағылшын,француз,неміс және бірнеше шығыс тілдерін еркін меңгеріп,әлем тарихы проблемаларын терең білген,біліктілігімен өз тұстарын таң қалдырған ғұлама.
Мысалы,оның ислам тарихы,көшпелі халықтар проблемаларына байланысты айқан еңбектері мен айтқан ой-пікірлері жоғары ғылыми дәрежеде болғандығын айтуымыз орынды.
Профессор Аспандияров Қазақстан тарихының қалағандығын және оны
орта мектептер мен жоғары оқу орындарына оқыту ісін қолға алғанын ерекше атауымыз керек.Ол Қазақстан тарихын түгел қамтып,оны бір жүйеге келтірді:Тәуелсіз Қазақстан,Қазақстан-отар ел,Кеңестік Қазақстан.Ол «Қазақстан таризының «2-томын (Кеңес дәуірін жазып үлгермеді.1937 жылы Аспандияров халық жауы деген арнайы ұйымдастырлған жаламен заңсыз тұтқындалып,49 мүшел жасына қарағанда мерт болды.
-20-
Оның Қазақстан тарихы орыс тілінде жазылған)1933 жылы «Қазақ университеті» баспасында профессор Ә.Такеновтың редакциялығымен 2-ші рет басылып,оқушы қауыммен қайта табысқан болатын.
Бұдан басқа 1935 жылы қазақ тілінде орта мектеп оқушылары үшін жазылған оқулық « Қазақстан тарихыны очерктері» де қайта баспа көрді.Оның алдында Аспандияров Қазақстан тарихының бағдарламасын жасаған болатын.Кезінде профессор Аспандияровтың « Қазақстан тарихы» пәнін мектептерде оқыту идеясы тарихшының да,қазақтарихының да тоталитаризм дәуірінде қысымшақ көруі салдарынан іске аспай қалды.Аспандияров кейін тарих профессоры әрі тарих ғылымдарының докторы дәрежесіне жеткен.Е.Бекмаханов та жазықсыз қуғынға ұшырағаны белгілі.Қазақстан тарихы арада 20 жыл салып,1958-1959 оқу жылында КСРО тарихының бір бөлігі есебіне мектеп бағдарламасына ене бастаған.Тек Қазақстан тәуелсіз дербес мемлекет статусын алғаннан кейін,1992 жылдан бастап Қазақстан тарихы пәні ретінде оқылатын болды.
-21-
2.2.Қазақстан тарихы(ежелгі дәуірден бастап) еңбегі
С.Ж.Аспандияров «Қазақстан тарихы» еңбегіне келетін болса,бұл жұмыс социалистік құрылыс жылдары жазылды,социалим жолының белгісіздігі көптеген қателіктер мен қиыншылықтарға толы болды.Бұл сөз алдында социализм теориясы саласында соның ішінде ғалымда да көптеген келіспеушіліктер тудырды.
Ресейдің отарындағы елдерде соның ішінде,социализмге өту үшін қажетті материалды-экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары – жұмысшы табының жоқтығы рулық-феодалдық құрылыстың басымдылығы,тұрғындардың сауат деңгейінің төмендігі т.с.с. Қазақстанда социалистік құрылыс жүргізүлуі мүмкін бе деген сұрақ тікесінен тұрды.
Көптеген теориялық талас-тартыстар нәтижесінде дамуы бойынша артта қалған халықтардың,алдыңғы қатарлы елдердің,ал Қазақстан үшін Ресейдің жұмысшы табының көмегімен капитализмді айналып өтіп социализмге өтуі мүмкін деген лениндік теория негізге алынды.Социалистік дамуға байланысты әр түрлі пікірлер,ленин теориясынан басқа,20-30 жылдары қатаң түрде анти-лениншілдер,анти-социалистер деп жарияланса,қазақ зиялыларының пікірлерін-буржуазиялық-ұлтшылдық,панисламистік немесе тантуристік деп айыпталды.Бұның алдында 1917 жылы «Алаш» партиясына кірген-Ә.Бөкейханов,А. Байтұрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов және басқалары бар зиялылардың бір бөлігіне репрессияның алғашқы толқыны өтті.
Осындай саяси ахуал тарих ғылымына да әсер етпей қоймайды.С.Ж.Аспандияров та бұны айналып өте алған жоқ.Лениншіл-большевик ұстанымын белсенді түрде ұстанған адам,Қазақстанда жергілікті тұрғындардың пікірі мен мүдделердің есепке алмай,аяғына дейін ойластырмай жоғарыдан келген нұсқауға бой ұсынып социализмді орнату шараларының аяғы қандай қателік пен қауіп-қатерге соқтыратынын көре де,біле де алмады.Ол Қазақстандағы жаппай бұқаралық репрессиялардың нағыз себебін де түсіне алмады.Осы қарастырып отырған монография авторының кінәсы емес сорыт осында жатыр деп ойлаймын.(17).
С.Ж.Аспандияров нағыз ғалым ретінде қазан төңкерісіне дейінгі Қазақ халқының тарихын объективті ғылыми талдау салды.Әлі де болса толық жолға қойылмаған социализмнің нұсқасы мен схематизіміне қарамастан,С.Аспандияров жұмысында көне заманнан бастап 1917 жылға дейін алғашқы рет жүйелі түрде және мәселелерді қоя отырып қазақ халқының тарихы жалпылама берілді.
Ол қазақтар арасында капиталистік қоғамға дейінгі таптық қатынастардың шығуы мен дамуы,қазақ қоғамының ,сол даму сатыдағы экономикалық дамудың нақты ерекшеліктерімен байланысты бірқатар сұрақтарды қоя білді.Қазан төңкерісінен кейінгі маңызымен байланысты қазақтардағы рулық құрылыс мәселесі,қазақтардың тұрмыстық құқықты
және басқа да институттардың шығуы мен азақтардың шаруашылық тұрмысының тарихи проблемасы,қазақ халқының шығу тегі үлкен қызуғышылық тудырады.
-22-
Автор қазақтардың тарихын Орта және Орта Азия тарихымен,әлемдік тарихтағы маңызды орын алатын көшпелі халықтар мәселелерімен тығыз байланыста қарастырады.
С.Аспандияров қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихын шартты түрде 2 кезеңге бөліп қарастырады:
1)Патшалық Ресей жаулап алғанға дейінгі (XVIIғ дейінгі)қазақтар тарихы;
2)Ресей имперализмінің отарындағы Қазақстан (XVIII-XIXғғ).
Хронологиямен кезеңге бөлу сұрақтары жиі талас-тартыс тудыруда.Ал бізге көрінетін Аспандияров өзінің қалыптастырған концепциясының аясында шындыққа жанасады деп қарастыруға болады.Ол өзінің еңбегіне қазақтардың тәуелсіздігі кезіндегі өзінің таихын және отарлық жағдайдағы мен кеңестік кезең тарихын көрсетеді.Бұлай кезеңге бөлу 1943 жылы М.Әбдіхалықов пен А.Панкратованың редакциялығымен басылып шыққан «Ежелгі дәуірден біздің кезеңге дейінгі Қазақ ССР тарихында» қабылданды(18).
Еңбектің екінші бөлімінде Аспандияров «Қазақ қоғамының кейінгі кезеңдегі жаңа негіздегі таптық қайшылықтардың өсуіне,ұлттық-революциялық қозғалыстың империализімінен пролетарлық революция жағдайындағы,яғни Қазақстанда қазан төңкерісінің алғышарттарының дамуына қозғаушы күштердің қалыптасуына жаулап ашуы Ресей капитализмінің ықпалын»көрсетуге ұмтылды.
Автор қазақтардың және де басқа көрші халықтардың көшпелі шаруашылығының сипаты сұрағына айқын анықтауыш енгізеді.Сол кезде көптеген ғалымдар (Кушнер,Соколовский,Полочанский және т.б.)қазақтардың көшпелі қоғамын рулық қауыммен байланыстырып,Ф.Энгельс пен К.Маркс суреттеп берген таптық қоғамға дейінгі формацияға жататын,алғашқы қауымдық-коммунистік қоғамға жатады деп қарастырса,С.Аспандияров Орта және Орталық Азия халықтары алғашқы қауымдық құрылыстық дамуды ежелде өтіп кеткендігін ғылыми түрде дәлелдеп берді.Бұл кезеңде олар аңшылықпен,балық аулау мен тұрпайы жер өңдеушілік және жабайы жануарларды қолға үйретумен айналысқандығын айтады.
С.Аспандияров «Көшпелі шаруашылық қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде жер өңдеушілік пен мал өсірушілікке бөлінгенде қалыптасқан шаруашылық түрін көрсетеді.Ал бұл адам өңдірістік маңызды құралдары қолда бар деңгейдің өзінде де жүруі мүмкін»-деп жазды.
Осы концепциядан шыға отыра автор көшпелілердің әлеуметтікқұрылысынң ерекшелігі мен көшпелі халықтардың қоғамының даму жолы тарихының сұрақтарын шешуге ұмтылады.С.Ж.Аспандияров
көшпелі халықтардың феодализімінің ерекшелігі деп рулық құрылыс қалдықтарның кең көлемде қауын есептейді.Бірақ рулық институттар таптық қанау мақсатында түрі өзгеріліп үлестірілгені қоғамның сыртқы қабатын қалыптастырады.Осыған байланысты ол көшпелі халықтарды тек рулық құрылыс немесе «тайпалық мемлекет» болғандағы жөніндегі тұжырымға қарсы болып,оны жоққа шығарды(19).
-23-
С.Ж.Аспандияров көптеген жылдар бойында,көптеген елдердің (Орта Азия,Қытай,Таяу Шығыс,Русь және т.с.с.)тарихында «Көшпелі халықтардың ұлы ролін бөліп көрсетеді».
Монографияның қазақ халқының шығу тегі жөніндегі бөлігінде автор: «халық түсінігі-биологиялық емес әлеуметтік»деп ескертіп,оқырмандарды ежелгі үйсіндер мен наймандардың,қыпшақтардың және басқа тайпаларды бүгінгі күндегі қазақ халқымен араластыруда абайлауын сұрайды,бұл тайпалардың өкілдері қазақтар,өзбектер,ноғайлар,қарақалпақтар.Башқұрттардың және т.б. этникалық компонентіне кірген деп атайды.
Сонымен бірге еңбекте М.Тынышпаев еңбектерін бағалауда шектен тыс біржақтылық пен субъективтілік орын алады,автор өзі мойындағандай буржуазиялық шовинистік,сонымен бірге ұлтшылдық элементтерге соққы беру принципінен шығып отырады.
Грумм-Гржимайлованың нәсілдік,ұлы державалық идиологияның «ұсқынсыз рухын» әшкерлеп,қарама-қарсы тенденцияны алып жүруші нәсілдік теорияның теорияның қолдаушылары , бірақ түрік – моңғол нәсілінің «ұлы» ролін бағалаушыларға автор З.Валилді,Ғұбайдулинді және М.Тынышпаевті жатқызады.Автор:осылайша өткеннің негізінде тарихта ұлтшылдық буржуазиялық идиолгия-қайта жаңарған панисламизм мен пантюрксизм жатыр деп жазды.
«Тарих» мазмұнынан көрініс тапқаны бойынша Тынышпаевтың кінәсі тарихи деректер негізінде қазақ халқының шығу тегін өте ертелетуіне және этникалық шекараның көлемінің өте ұлғайтылғандығына келіспеушілігін білдіреді.
Еске алатын нәрсе С.Ж.Аспандияровтың Қазақстан тарихына сынға ілінген көптеген авторлар (М.Тынышпаев,Г.Сафаров,С.Сәдуақасов,А.Байтұрсынұлы және басқалары)бүгінгі күні ақталып,олардың еңбектері мен ғылыми болжамдары өмір сүруге құқық алды.Осы жоғарыда айтылғандардың барлығы оқырмандармен Қазақстан тарихында оқып танысу барысында ескергені қажет.Ал Қазақстан тарихы жалпы алғанда өте маңызды ғылыми зерттеу болып табылады.
«Қазақстан тарихын»бүгінгі күні жас оқырмандарға ұсына отыра төмендегі мынадай жерлеріне көңілдерін аударуын ұсынамыз:
1)Бұл Қазақстан тарихының очерктерін жасаудағы алғашқы тәжірибе,ол тарихи деректерді пайдалану мен талдау негізінде
жазылды.Автор «тарихты»жазуға бірден келе қойған жоқ.Бұған деректер бойынша үлкен және тыңғылықты жұмыс алдында жүрді.Бұның нәтижесі 1935 жылы Аспандияровтың редакциялауымен неміс коммунист-эмигранты профессор П.А.Кунте мен бірге «Қазақстанның өткені деректері мен материалдарда»деген жинақтың басылып шығуы болды.Оның екінші томы 1936 жылы шықты.
2)Кітапқа шыққаннан кейінгі екі жылдан соң тиымсалынып жарты ғасырдай уақыт бойы арнайы қоймада және елдің ірі кітапханаларының сирек кездесетін басылымдар қорында бір экземплярда жатты,сол себептенде көпшілік оқырмандарға таныс болмады.
-24-
3)Автордың өзінің ғылыми шынайлығы бойынша кітап өзінің ғылыми бағасын осы күнге дейін жойған жоқ тек уақыт өте келе бүгінгі күні тарих ғылымы жаңа деректер мен толығып кейбір мәселелердің қайта қаралуы мен дәлелденуі жүрді.С.Аспандияровтың бір қатар сұрақтар бойынша,мысалы,қазақ халқының рухани және экономикалық дамуының отарлық сипатының,ұлт-азаттық қозғалыстарын және т.б. ойлары,біздің күннің өзінде де өзектелігі мен таң қалдырды.
-25-
Қорытынды
Қазақстан мен Орта Азияның жарқырап жанған шоқ жұлдыздарының бірі Санжар Аспандияров 1889 жылы қазан айында Ташкент қаласында әскери тілмаш отбасында дүниеге келген.С.Аспандияров өзін мемлекет қайраткері ғана емес,қарымды қалам иесі,жүйрік журналист,терең білімді тарихшы ғалым екендігін таныта түседі.Ол социалистік құрылыс,денсаулық сақтау ісі,жер-су,табиғат,мәдени ағартушылық жұмыстары жөнінде мақалалар,аса ірі ғылыми еңбектер жазады.
Профессор Аспандияров-Өзбек,Тәжік,Түркімен,Қырғыз және Қазақстан көлемінде ғана емес,бүкіл одақ көлемінде экономика,саясат,мәдени,жоғары оқу орны,ғылыми мекемелердің ірге тасын қаласқан ірі ғалым,ұйымдастырушылардың бірі.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көбісінің ұйымдастыру тарихы С.Аспандияровтың есімімен тығыз байланысты.Ол Қазақтың педагогикалық және медициналық институттарын және КСРО Ғылым академиясы Қазақстандық базасы құрамында жүріп,тарих,археология ғылымдарын дамытуға қазақша сөздік құрастыруға,басқадай комиссия жұмысына жетекшілік етеді.Оның мақалаларынан,сөйлеген сөздерінен халқымыздың мәдениет саласындағы өзекті,түбегейлі мәселелерді қозғағанын аңғарамыз.
С.Аспандияровтың ең бағалы еңбегі- «Қазақстан тарихы»бұл еңбек б.з.д. III ғасырдан 1917 жылға дейінгі қазақ елінің тарихын қамтиды.Оның «Причины возникновения ислама»деген еңбегінен кейін 1935-1936 жылдары «Қазақстан тарихының очерктері», «Шығыстың ұлттық революциялық қозғалыстар тарихы»деген кітаптары жарық көрді.
С.Аспандияровтың тағы да бір құнды кітабы- «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі».Бұл ғылыми еңбектің ең негізгі маңызы-Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының бет-пердесін жеріне жеткізіп ашатындығында.
Профессор С.Ж.Аспандияров өзінің соншама аз,соншама қауырт тіршілігінде кеңес дәуірі кезіндегі «Комсомольская правда», «Лениншіл жас», «Ленинская смена» газеттеріне жастарға арнап мақалалар жазған.Ғалым ағартушының-педагогикалық мұрасы мол.Ол арнайы зерттеуді қажет етеді.
Елі үшін еңіреп,етегімен су кешкен,бойындағы бар асылын халқына,еліне,Отанына арнаған аяулы азамат,қайталанбас ірі талант иесі 1937 жылғы жеке басқа табынушылықтың құрбаны болды.Аспандияров сол нәубеттің құрбаны болып кеткенімен халыққа қалдырған мол мұрасы оның есімін қайта түлетті.
-26-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.С.Ж.Аспандияров(материалы к биобиблиографии)Составители:
Р.Б.Сүлейменов,Х.М.Абжанов.-Алма-Ата.изд.Наука,АН Каз ССР 1989г.
2.Аспандияров С.Д.История Казахстана (с древнейших времен),2-ое издание.Под.реф.проф.А.С.Такенова,учебное пособие.-Алма-ата,Қазақ университеті.-1993.-304стр.
3.Дінасылов Д.Дәрігер, тарихшы, ғылым қайраткері:профессор С.Ж. Аспандияповтың туғанына 100 жыл//Қазақ әдебиеті. – 1989 – 27 қазан.
4. Дінасылов Д. Қабілетті ұйымдастырушы: Профессор С.Ж. Аспандияпов туралы бірер сөз // Қазақстан мұғалімі. – 1990 -8 наурыз.
5.Жұмасейтов Т. Жарқырап өткен бір жұлдыз: (С.Ж. Аспандияпов туралы) // Қазақстан мектебі – 1989. № 1 -24 28 беттер.
6.Құсайынов Қ.Жазықсыз кеткен ғалым:( ғалым, мемлекет қайраткері
С.Ж. Аспандияповтың туғанына 100 жыл // зерде – 1989 - №9 -32 -33 беттер
7.Шойынбаев Ш.Білімдар тұлға: ( қоғам қайраткері, педагог, профессор С.Аспандияпов туралы) // Лениншіл жас – 1989 – 4 наурыз.
8.Сулейменов Р.Ардақты азамат: (С.Аспандияпов туралы) // Социалистік Қазақстан – 1989 – 30 қыркүйек.
9. Сулейменов Р С.Ж. Аспандияпов и остановление исторической науки в Казахстане // Великий Октябрь и социально – экономический прогресс Казахстана. А –А. – 1987. – с.155-183.
10.Шілдебаев С. Қазақстандағы тарих ғылымының өзекті мәселелері // Қазақ тарихы № 1 – 2005. – 65 – 69 беттер.
11.Сейіталиев Қ. Халел Досмұхамбетов және Санжар Аспандияпов // Қазақ тарихы №1. 2005. 69 -71 беттер.
12. Аспандияпов С. Қазақстан тарихының очерктері (оқу құралы). – Алматы, Санат, 1994. – 120 бет.
13. Аспандияпов С. Тарихтан үш тарау: (Моңғол дәуірі; Қазақтардың шығуы туралы; Патша үкіметінің Қазақстандағы отарлау саясаты) // Мәдениет және тұрмыс. - 1989. №4. – 4 – 12 беттер.
14.Әбжанов Х. Тұғыры биік тұлға (С.Ж. Аспандияпов туралы) // Қазақстан коммунисі №7. – 17 мамыр.
15. Бердігужин Л. Имя и забвения: 1997 год – год общенационального согласия и памяти жертв полит. Репрессий: ( Оталант. Ученом. Гос. И обществ. Деятеле С. Ж. Аспандиярове – историографе, историке) // Прикасп. Коммуна – 1997. – 17 май.
16.Сулейменов Р. Б. С.Ж. Аспандияпов и остановление исторической науки в Казахстане //// Великий Октябрь и социально – экономический прогресс Казахстана. А –А. – 1987. – с.155-183.
Достарыңызбен бөлісу: |