Ақтөбе қаласы,
№36 қазақ орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Сапарова Жадыра Муханбетқазықызы
Тақырыбы: Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары, таралып орналасуы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбаларымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер,интерактивті тақта,электронды оқулық, кескін карта, карта,слайд т.б.
Сабақтың жоспары: Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
IV.Жаңа сабақ
V. Бекіту тапсырмалары
VI. Қорытындылау. Бағалау
VII. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)
-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз?
ІIІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма
Лездік сұрақтар.
-
Жер ауданы үлкендігі жөнінде нешінші орында?
-
Ең ұзын әрі енді тау жүйесі?
-
Ең үлкен аралы?
-
Ең үлкен әрі терең каньоны?
-
Ең үзын жер асты үңгірі?
-
Ең биік ағашы?
-
Ең биік нүктесі?
-
Ең төмен нүктесі?
-
Ең суық жері?
-
Ең ыстық жері?
2-тапсырма
Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)
1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)
2 топ – Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)
3 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)
4 топ – Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
3-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)
Жылдар және ғасырлар
|
Зерттеушілердің
аты-жөні мен суреттері
|
Ашқан және зерттеген жерлері
|
1492 жылы
|
Хростофор Колумб
|
Материктің оңтүстік жағалауын ашты
|
ХV ғасырда
|
Джон Кабот
|
Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты
|
ХVІІ ғасырда
|
Генри Гудзон
Александр Макензи
|
Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты
|
1741 жылы
|
Витус Беринг
Алексей Чириков
|
Аляска жағалауын зерттеді
|
IV. Жаңа сабақ. 1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру. 5минут уақыт беріледі.
Топтастыру арқылы Солтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіндіру. Жаңа тақырыптың мағынасын тану.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Солтүстік Американың пайдалы қазбаларын түсіндіру.
Пайдалы қазбалары
Магмалық пайдалы қазбалар.
Шөгінді пайдалы қазбалар.
Солтүстіктегі жазықтарда темір, мыс, никель т.б. кездеседі.
Орталық және Ұлы жазықтарда, Кордильера тау жүйесінде мұнай, газ, тас көмір т.б. кездеседі.
V. Бекіту тапсырмалары.
1-тапсырма
Адасқан обьектілер
1. Гудзон тауы
-
Лабрадор үстірті
-
Аппалач тауы
-
Кордильер аралы
-
Гренландия тауы
-
Йеллоустон түбек
-
Мак-Кинли шығанақ
2-тапсырма
тест сұрақтары
-
Солтүстік Америка материгі жер бедерінің 1/3 бөлігін нелер алып жатыр?
а) жазықтар
ә) таулар
б) қыраттар
в) ойпаттар
2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.
а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары
б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі
3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.
а) Куба ә) Гаити
б) Баффин жері в) Гренландия
4. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.
а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м
5. Аппалач тауларында қандай пайдалы қазба кен орындары бар?
а) алтын б) уран,никель
ә) темір,тас көмір в) қалайы
VI. Қорытындылау, бағалау.
VІI. Үйге тапсырма беру.
Үйге: §30. Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Достарыңызбен бөлісу: |