Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық Ақтөбе қаласы №857 «21» қараша 2012 жыл



Дата04.03.2016
өлшемі44 Kb.
#36773
Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша
БҰЙРЫҚ
Ақтөбе қаласы №857 «21» қараша 2012 жыл

Қалалық байқау өткізу туралы
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, «Ақ желкен» аула клубының 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және қаланың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілетін байқаудың Ережесіне сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:


  1. 2012 жылдың 4-10 желтоқсанында ҚР Тәуелсізідік күні аясында қаланың қаланың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Елім-ай» атты сәндік қолданбалы өнер байқауы өткізілсін.

  2. Байқауды ұйымдастырып өткізу «Ақ желкен» аула клубының директоры Қ.Абдрахмановқа жүктелсін.

  3. Байқаудың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы бекітілсін. (1 қосымша)

  4. Білім беру мекемелері басшыларына: оқушылардың байқауға қатысуын қамтамасыз ету және оқушылардың жолда жүру өмір қауіпсіздігі жүктелсін.

  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ақтөбе қаласының білім бөлімі бастығының орынбасары Р.Тастанбаеваға жүктелсін.


Ақтөбе қаласының

білім бөлімі бастығы /қол қойылды/ Л.Уразбаева

1 қосымша

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Төрағасы : Абдрахманов К.С. «Ақ желкен» аула клубының директоры

Мүшелері: Бекешова А.К. «Ақ желкен» аула клубының педагог-ұйымдастырушысы

Утегалиева Ү.А. қосымша білім беру педагогы.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ ҚҰРАМЫ
Төрағасы: Иманғалиев Қ.С., ҚҒӘО әдіскері.

Мүшелері: Бекешова А.К., «Ақ желкен» аула клубы педагог-ұйымдастырушысы;

Байсингарова А.А., «СҚӨ» үйірмесінің жеткешісі;

Тарасенко С.В., қосымша білім беру педагогы.



ҚР Тәуелсіздігі күні аясында өткізілетін қалалық «Елім-ай!» атты сәндік қолданбалы өнер байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Байқауды ұйымдастырушы: «Ақ желкен» аула клубы
І. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1) Адамгершілікке, азаматтық көзқарас қалыптастыруға және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

2) Оқушылардың бойында көркемдік-эстетикалық сезім қалыптастыру.

3) Дарынды, талантты балаларды анықтау.


ІІ. Байқауға қатысушылар:

1) Қала мектептері, қосымша білім беретін мекеме оқушылары (жеке), балалар ұжымы.

2) Оқушылардың жас ерешеліктері: 10-нан 14 жасқа дейін.

3) бір мекемеден 3 бұйым қабылданады.


ІІІ. Өткізу мерзімі:

Өтініш пен жұмыс 2012 жылдың 4 желтоқсанына дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылады:

Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар к-сі 290/2 үй, «Ақ желкен» аула клубы (тел-факс: 95-36-70).
ІV. Байқау шарттары:

Ұсынылатын жұмыстар байқау тақырыбына, мақсатына сәйкес болуы тиіс.


V. Байқау номинациялары:

1) Балалардың ұжымдық жұмысы.

2) Оқушының жеке жұмысы.
VІ. Байқауды қорытындылау және марапаттау:

Қалалық байқау жеңімпаздары қалалық білім бөлімінің және «Ақ желкен» аула клубының 1, 2, 3 санатты дипломдарымен марапатталады.


Марапаттау рәсімі 2012 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Ақ желкен» аула клубында өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет