Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша
БҰЙРЫҚ
Ақтөбе қаласы №857 «21» қараша 2012 жыл
Қалалық байқау өткізу туралы
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, «Ақ желкен» аула клубының 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және қаланың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілетін байқаудың Ережесіне сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
-
2012 жылдың 4-10 желтоқсанында ҚР Тәуелсізідік күні аясында қаланың қаланың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Елім-ай» атты сәндік қолданбалы өнер байқауы өткізілсін.
-
Байқауды ұйымдастырып өткізу «Ақ желкен» аула клубының директоры Қ.Абдрахмановқа жүктелсін.
-
Байқаудың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы бекітілсін. (1 қосымша)
-
Білім беру мекемелері басшыларына: оқушылардың байқауға қатысуын қамтамасыз ету және оқушылардың жолда жүру өмір қауіпсіздігі жүктелсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ақтөбе қаласының білім бөлімі бастығының орынбасары Р.Тастанбаеваға жүктелсін.
Ақтөбе қаласының
білім бөлімі бастығы /қол қойылды/ Л.Уразбаева
1 қосымша
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Төрағасы : Абдрахманов К.С. «Ақ желкен» аула клубының директоры
Мүшелері: Бекешова А.К. «Ақ желкен» аула клубының педагог-ұйымдастырушысы
Утегалиева Ү.А. қосымша білім беру педагогы.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ ҚҰРАМЫ
Төрағасы: Иманғалиев Қ.С., ҚҒӘО әдіскері.
Мүшелері: Бекешова А.К., «Ақ желкен» аула клубы педагог-ұйымдастырушысы;
Байсингарова А.А., «СҚӨ» үйірмесінің жеткешісі;
Тарасенко С.В., қосымша білім беру педагогы.
ҚР Тәуелсіздігі күні аясында өткізілетін қалалық «Елім-ай!» атты сәндік қолданбалы өнер байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Байқауды ұйымдастырушы: «Ақ желкен» аула клубы
І. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1) Адамгершілікке, азаматтық көзқарас қалыптастыруға және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.
2) Оқушылардың бойында көркемдік-эстетикалық сезім қалыптастыру.
3) Дарынды, талантты балаларды анықтау.
ІІ. Байқауға қатысушылар:
1) Қала мектептері, қосымша білім беретін мекеме оқушылары (жеке), балалар ұжымы.
2) Оқушылардың жас ерешеліктері: 10-нан 14 жасқа дейін.
3) бір мекемеден 3 бұйым қабылданады.
ІІІ. Өткізу мерзімі:
Өтініш пен жұмыс 2012 жылдың 4 желтоқсанына дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылады:
Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар к-сі 290/2 үй, «Ақ желкен» аула клубы (тел-факс: 95-36-70).
ІV. Байқау шарттары:
Ұсынылатын жұмыстар байқау тақырыбына, мақсатына сәйкес болуы тиіс.
V. Байқау номинациялары:
1) Балалардың ұжымдық жұмысы.
2) Оқушының жеке жұмысы.
VІ. Байқауды қорытындылау және марапаттау:
Қалалық байқау жеңімпаздары қалалық білім бөлімінің және «Ақ желкен» аула клубының 1, 2, 3 санатты дипломдарымен марапатталады.
Марапаттау рәсімі 2012 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Ақ желкен» аула клубында өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |