Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының



бет1/23
Дата06.09.2022
өлшемі132.71 Kb.
#460327
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Эволюция негіздері


Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Шұбарқұдық гимназиясының
Биология пәні мұғалімі
Ермекова Жанаргүл Ержанқызының
11-сыныпқа арналған
«Эволюция негіздері» курсына
П І К І Р
Биологияны оқыту арқылы оқушылардың теориялық ойлауының, даму, мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұнының негізінде қалыптасады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту арқылы таным белсенділігін арттыру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Мұғалімнің ұсынылып отырған курс бағдарламасы оқушылардың базалық білімдерін дамытуға негізделіп жасалған. Курс бағдарламасында теориялық тақырыптар кең және ауқымды көлемде қамтылып, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың таным белсенділігін, білік дағдыларын арттыру көзделген. Сонымен қатар биологиялық құралдармен жұмыс жасау, семинарлар өткізу арқылы оқушылардың қызығушылығы, ойлау қабілеті артады. Оқушылардың жалпы дүниетанымын қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, заңдылықтарды негізге тірек ретінде пайдалана отырып, білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра алуға және жоғарғы оқу орнына түсуге көмектеседі деп сенемін.
Пікір жазған :
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті жаратылыстану
факультетінің декан орынбасары биология
кафедрасының оқытушыcы, магистр Б.А. Туралин


Түсінік хат

2018-2019 оқу жылы бойынша Шұбарқұдық гимназиясының оқу жұмыс жоспарының мектеп компоненті есебінен 11-сынып оқушыларына апталық 2 сағат, жылдық 68 сағат мөлшерінде «Эволюция негіздері» курсы енгізілді.


Курстың қысқаша сипаттамасы: Эволюциялық теория, биологияның методологиялық негізі болып табылады, барлық биологиялық пәндердің дамуына әсерін тигізеді: өз кезегінде жекелеген биологиялық ғылымдардың ашылуына, эволюциялық идеяның дамуына әсер етеді.
Эволюция ұғымы- жалпы термин, ол тек биологиялық эволюцияда ғана емес, сонымен қатар, физикалық және қоғамдық- мәдени эволюцияның даму заңдылықтарын сипаттау барысында да қолданылады.
Биология ғылымы жер бетінде тіршіліктің пайда болуын және олардың тарихи даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл биология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Тіршіліктің пайда болуы мен эволюциясын білу үшін алдымен тіршіліктің деңгейлерімен және негізгі қасиеттерімен танысу қажет. Тіршіліктің пайда болуы және оның тарихи даму кезеңдері туралы түрлі көзқарастар бар. Биология ғылымында бұл мәселе туралы ашылмаған сырлар көп. Тіршіліктің пайда болуы және оның тарихи даму заңдылықтарын білмей, тіршілік жайында дұрыс көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Тірі организмдердің тарихи даму кезеңдері Жер ғаламшарының геологиялық замандардағы тарихымен тығыз байланысты. Тіршілік эволюциясында тірі организмдерге тән табиғи сұрыпталу, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттер басты рөл атқарады. Тіршіліктің даму кезеңдерінің жасушаға дейінгі және жасушадан кейінгі эволюциясы- қарапайымнан бірте-бірте күрделенуі жүйелі түрде берілген.
Табиғатта тірі органимдердің көптүрлілігін сақтап қалу, оларды қорғау әрі тиімді пайдалану өзекті мәселелерге жатады. Табиғатта ең жоғары тіршілік деңгейі- биосфералық деңгей. Биосфералық деңгейдегі тіршілік процестері бүкіл Жер ғаламшарын қамтиды.
Курстың мақсаты: оқушыларға эволюциялық биологияның қалыптасу тарихын, әдістемесін, қазіргі бағыттарын және зерттеу объектілерін беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет