Ақтөбе облысында мал
шаруашылығын дамытуды
мемлекеттік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4, 5-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі сабақты, шырынды, құрама жем азықтары мен азық қоспаларын дайындау мен сатып алу шығындарын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі сабақты, шырынды, құрама жем азықтары мен азық қоспаларын дайындау мен сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптары;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;
4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. «Актөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
«____»__________ 2014 жыл
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы ____ ___________
№ _____ қаулысымен бекітілді
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі сабақты, шырынды, құрама жем азықтары мен азық қоспаларын дайындау мен сатып алу шығындарын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері
Р/н
№
|
Субсидиялау бағытының
атауы
|
Өлшем
бірлігі
|
1 басқа субсидия нормативі,
теңге
|
1.
|
Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
|
бас
|
5 000
|
2.
|
Ірі сабақты, шырынды, құрама жем азықтары мен азық қоспаларын дайындау мен сатып алуға:
|
бас
|
|
2.1.
|
ет бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
|
бас
|
12 000
|
2.2.
|
орташа жылдық сауымы 5000 литрден жоғары сүт бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
|
бас
|
30 000
|
2.3.
|
орташа жылдық сауымы 5000 литрге дейінгі сүт бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
|
бас
|
8 000
|
2.4.
|
тұқымын жақсартумен қамтылған ет бағыттағы мүйізді ірі қараның аналық мал басы
|
бас
|
5 000
|
2.5.
|
1 категориядағы бордақылау алаңдары
|
бас
|
5 000
|
2.6.
|
асыл тұқымды қойдың аналық мал басы
|
бас
|
1 200
|
2.7.
|
тұқымын жақсартумен қамтылған қойдың аналық мал басы
|
бас
|
1 000
|
2.8.
|
асыл тұқымды жылқының аналық мал басы
|
бас
|
2 000
|
2.9.
|
асыл тұқымды түйенің аналық мал басы
|
бас
|
3 000
|
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы ____ ___________
№ _____ қаулысымен бекітілді
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі сабақты, шырынды, құрама жем азықтары мен азық қоспаларын дайындау мен сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/н
№
|
Субсидиялау бағытының атауы
|
Өлшемдер мен талаптар
|
1.
|
Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
|
1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Қолдан ұрықтандыру бойынша арнайы дайындық курста өткен және тиісті құжаттары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушы маман-кадрлардың болуы.
|
2.
|
Ірі сабақты, шырынды, құрама жем азықтары мен азық қоспаларын дайындау мен сатып алу
|
1. Тұқымдық жақсартуға қатысу;
2. Мүйізді ірі қара мал мен қойдың аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесінде және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базында тіркеуде болуы;
3. Жылқы мен түйе аналық басы асыл тұқымды болуы;
4. Жеткілікті көлемде сапалы мал азының болуы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |