Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата22.06.2016
өлшемі54.08 Kb.
Ақтөбе облысында мал

шаруашылығын дамытудың

кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4, 5-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған:

1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;

2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптары;

3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;

4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері бекітілсін.

2. «Актөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
2
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Облыс әкімі А.Мұхамбетов

Келісілді:

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков

«____»__________ 2014 жыл
3
Облыс әкімдігінің

2014 жылғы ____ ___________

№ _____ қаулысымен бекітілді

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері




Субсидиялау бағытының атауы

Өлшем

бірлігі

1 басқа субсидия нормативі,

теңге

Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5 000

4
Облыс әкімдігінің

2014 жылғы ____ ___________

№ _____ қаулысымен бекітілді


Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын

өлшемдер мен талаптар
1) Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;

2) Қолдан ұрықтандыру бойынша арнайы дайындық курста өткен және тиісті құжаттары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушы маман-кадрлармен қамтамасыз етілуі;

3) Дистрибьютерлік орталықтармен аталық бұқалардың ұрықтарын сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартының болуы;

4) 400 бастан кем емес аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша жұмысты сапалы өткізуді қамтамасыз ету;



5) Аналық мал басын, жақсартатын тұқымдардың аталық бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыруды жүргізу.

«Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Әзірленуші мемлекетті органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4, 5-тармақтарына сәйкес қаулы жобасын қабылдау қажет.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Қаулының жобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

2014 жылға арналған бюджеттік бағдарламаға сәйкес 4 282 567,0 мың теңге

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары,күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Заңға тәуелді құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президеттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілерді және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ



Ақтөбе облысының

ауыл шаруашылығы

басқармасы басшысы М.Жұмағазиев
2014 жылдың 4 наурызы
Каталог: sites -> default -> files -> Node 31738
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Node 31738 -> Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Node 31738 -> Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет