Ақтөбе облысының
2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму
БОЛЖАМЫ
Ақтөбе, 2014 ж.
Кіріспе
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасау Ережелеріне сәйкес әзірленді.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес, Елбасының жыл сайынғы Жолдауы мен еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары ескеріле отырып дайындалған.
Құжатта облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, бетбұрыстары, басымдықтары, мақсатты көрсеткіштері, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттары, үш жылға арналған бюджеттік параметрлерінің негізгі көрсеткіштерінің болжамдары қамтылған.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы облыс бюджетін үш жыл мерзімге әзірлеуге және аумақты дамыту бағдарламасы үшін негіз болып табылады.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БЕТБҰРЫСТАРЫ
2013 жылы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң бетбұрыстары байқалады.
Өткен кезеңде экономикалық өсімнің негізгі себептері - ішкі сұраныстың өсуі, жоғары инвестициялық белсенділік, қызмет көрсету өндірісіндегі қарқынды өсім, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі, машина жасау саласы мен құрылыс индустриясындағы өсім қарқындарына байланысты болды.
2013 жыл қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) өткен жылға 4,6% немесе 1760,6 млрд. теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ - 2194,2 мың теңгеге жетті (14,3 мың АҚШ долл.).
Өңірдің экономикасын дамуына негізгі үлес қосқан өнеркәсіп, оның өсімі 102,5% құрады. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1285,7 млрд. теңгені құрады. Жалпы республикалық көлемде өнеркәсіптің үлес салмағы 7,2%.
Өнеркәсіп құрылымын құрайтын салалардың НКИ: кен өндіру өнеркәсібінде – 100,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 108,9%, электрмен қамтамасыз етуде, газ, бу беру және ауа баптау – 108,2%, сумен қамтамасыз етуде және кәріз– 101,0%.
Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдері (16,8%), өңделген мұнай өнімдері (9,5%), химия өнеркәсібі (2,0%), қағаз және қағаз өнімдері өндірісі (8,8 есе), басқа металдық емес минерал өнімдері (21,4 %), дайын метал өнімдері (58,6%) өндірісі өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 11,6 % өсті.
Сонымен қатар, 2013 жылы экономиканың бәсеңдетуі байқалады, бұл алдын ала мұнай өндіру көлемдері - 2,9%, темір рудасы -15,5% төмендеумен байланысты.
Хром тұздары мен ферроқорытпалар өндірісіне әлемдік нарықта металлургия өнімдеріне сұраныстың төмен болуы теріс ықпал жасады.
Аталған факторлар сыртқы сауда айналымының 9,0% (8,6 млрд. АҚШ долл.) төмендеуі себебін тигізуде, оның ішінде тауарлар экспорты 10,3% қысқартылды (7,3 млрд. АҚШ долл.). Сонымен қатар, тауарлар импорты 1,5% төмендеді.
2013 жылы өңірдің экономикасына инвестицияны тарту белсенділігі байқалады. 2013 жылдың қортындысы бойынша оның НКИ 11,9% өсті.
Жоғары инвестициялық белсенділік жаңа ферроқорытпа және рельстібөренелі зауыттар құрылысына, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын жандандыруға, яғни құрылысқа инвестиция көлемінің 37,0 % , машиналар мен құрал-жабдықтар алуға -21,8 % өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
Тұтынушылық белсенділіктің өсуімен қатар қызмет көрсету саласының көрсеткіштері жақсарды.
Жалпы қосымша құн өсімі ақпарат және байланыс (12,8 %), бөлшек сауда (10,8%), қаржылық және сақтандыру қызметі (11,3%), көңіл көтеру және демалыс (9,8%), көлік және қоймада сақтау (9,1%) қызметтері көлемінің елеулі өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі - 127,9 млрд.теңге өсуі экономикалық өсімге оң әсер еткен, немесе НКИ 2012 жылға – 100,3% құрады.
Есепті кезеңде өсімдік шаруашылығының нақты көлемінің индексі -110,2 %, мал шаруашылығында - 97,7% құрады.
212,6 мың тонна астық, 8,1 мың тонна майлы дақылдар, 87,0 мың тонна картоп өнімдері және 70,1 мың тонна көкөністер мен бақша өнімдері жиналды. 2,9 млрд. теңге субсидиялар игерілді.
Құрылыс секторында өткен жылдардың оң қарқыны сақталды.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі 2013 жылға 186,2 млрд.теңге немесе 2012 жыл кезеңімен салыстырғанда- 142,6 % құрады.
Көрсеткішке ірі өндіріс объектілірде (рельстібөренелі зауыт, жол құрылысы, темірбетон құрамаларын салу цехы, мұай құбырларын бұрғылау) құрылыс жұмыстарын орындау есебінен қол жеткізілді.
461,2 мың шаршы м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2012 жыл деңгейіне 110,8%.
Экономикадағы оң бетбұрыстар өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, тұрғындардың әл-ауқатының жоғары болуын қамтамасыз етті. 2013 жылы халықтың нақты табыстары 1,5 % өсті, нақты жалақы 100,4%, атаулы жалақы – 109,3% (121470 теңге) құрады. 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 0,2% төмендеді.
15649 жаңа жұмыс орындары ашылды, 10769 азаматтарға жұмысқа орналасуға ықпал етілді, 4740 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Халықтың табыстары өсуі, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі ішкі тұтынушылықтың өсуіне ықпал етті. Бөлшек сауда айналымының көлемі 335,7 млрд. теңге немесе 110,8% құрады.
Салықтар мен басқа да төлемдердің шоғырландырылған бюджетке түсуі 616,4 млрд. теңге құрады (Ұлттық қорды есептемегенде - 102,7%), оның ішінде жергілікті бюджетке – 75,0 млрд. теңге ( болжамға -115,3% ).
Шағын және орта бизнесте белсенді субъектілер саны 3,0% өсіп, адам саны 37,3 мың бірлікті құрады, жұмыспен қамтылғандар саны 120,2 мың адамға жетті (112,6%). Өндірілген өнім көлемі 3,3% өсіп, яғни 431,4 млрд. теңгені құрады.
Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен төлемдер 115,6 млрд. теңге құрады (107,3%).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы дүниежүзілік экономикада дамудың нәтижесінің белгісіздігі сақталуда. Қазақстанның негізгі сауда серіктестері- Ресей Федерациясы мен Қытай сияқты елдерде экономикалық өсім қарқындарының төмендеуі өңірдегі өндіріс өсіміне, атап айтсақ- мұнай газ өндірісіне, сондай-ақ отандық өнім мен қызметтердің экспортына теріс әсерін тигізді.
Ағымдағы жылғы 8 ай қорытындылары бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары 782,8 млрд. теңгеге немесе 2013 жыл деңгейіне 93,0% өнім шығарған.
Төмендеудің негізгі себебі өнім шығарудың НКИ 92,9% немесе 591,3 млрд. теңге құраған тау-кен өндіру секторы кәсіпорындары қызметімен байланысты. Ең алдымен бұл «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «ҚазақойлАқтөбе» ЖШС сияқты негізгі мұнай өндіруші кәсіпорындарда мұнай өндіру көлемінің 12,5% төмендеуі. Тиісінше, аталған фактор ілеспелі мұнай газ өндіру көлемдерінің 5,8% дейін төмендеуіне әсерін тигізді.
2013 жылы өңдеу өнеркәсібінде өнім өндірудің төмендеуі ағымдағы жылдың 8 айының қорытындылары бойынша да байқалып отыр, бұнда НКИ 94,0% немесе 146,6 млрд. теңге құрады. Оның ішінде, хром тұздарының - 4,9%, ферроқорытпалардың - 1,7% өндірілуі.
Ағымдағы жылы экономиканың біршама баяу дамуына қарамастан 2014 жылдың аяғына дейін еліміздегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша республикалық іс-шаралар Жоспарының экономикалық өсімі мен дамуды ынталандыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.
2014 жылы бағалау бойынша облыстың Жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) –өткен жылға 100,5% немесе 1770,0 млрд. теңгені құрайды. Жыл қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халықтың жұмыссыздық деңгейі 2013 жыл деңгейінде, яғни 4,9% бағалануда. Жыл қорытындысы бойынша құнсыздық 6,1-6,3% дәлізі аясында құралады, ол үшін жергілікті атқару органдарының жүйелестірілген құнсыздыққа қарсы жұмысы жалғаса береді.
2015–2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МАҚСАТЫ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
Облыс болжамын қалыптастыру кезінде жыл басынан бері орын алып отырған еліміздің экономикасының даму бетбұрыстарыстары мен дүниежүзілік экономикадағы жағдаятты ескере отырып, параметрлері ағымдағы күтілетін елеусіз ауытқуларымен бірге ең ықтимал болып табылатын республикалық болжамда қабылданған базалық нұсқа негізге алынды.
Негізгі даму сценарийлерін қалыптастыру үшін негізгі себептері ретінде дүниежүзілік экономиканың даму бетбұрыстарының, мұнайға дүниежүзілік бағалар деңгейінің және әлемдік қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістері қабылданды.
Базалық сценарийге сәйкес 2015 – 2019 жылдары өңір экономикасының баяу, бірақ қарқынды өсімі көзделуде.
2015 жылы ЖӨӨ 5,0% құрап, 2019 жылы 6,5 % дейін өседі. Мұнай және газ конденсатын өндіру бағалау бойынша жылына 8,0 млн. тонна деңгейінде құралады.
Жалпы өңірдің қарқынды дамуы оңтайлы әлеуметтік-экономикалық шаралар өткізу есебінен қамтамасыз етіледі.
Ақтөбе облысының 2015 - 2019жж. әлеуметтік-экономикалық дамуы Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айқындалған іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
Ақтөбе облысының орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі мақсаты – бұл дамудың жаңа курсын жүзеге асыруды жалғастыру, табыстар өсімінің, өндіріске және адам капиталына салынған инвестициялардың өсуі есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсімін қамтамасыз етуді жалғастыру.
Аталған мақсатқа қол жеткізуге және облыстың экономикалық әл-ауқатының қамтамасыздығына ықпал ететін - жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық саясат.
Орта мерзімді кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтары анықталған:
1)әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау;
2) экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік жаңғырту;
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау
Экономикалық саясат орта мерзімдік кезеңде инвестициялық белсенділік есебінен, экономиканы әрі қарай индустриализациялау, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, еңбек өнімділігін өсіру, іскерлік белсенділікті, салалардың инвестициялық тартымдылығын көтеру, транзиттік әлеуетті өсіру мен жаңа жұмыс орындарын құру қамтамасыз етуге бағытталады.
Облыс экономикасын әрі қарай инновациялық индустриализациялау өңірлік ерекшелікті ескере отырып белгілі басымды секторларда өңдеу өнеркәсібінің дамуына бағытталған индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдық аясында жүзеге асырылады.
Шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызу үшін және жергілікті мемлекеттік қолдау көрсету үшін жұмыс әрі қарай жалғастырылады.
Әлеуметтік жаңғырту
Әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету есебінен адам капиталын сапалы жаңарту және адам капиталын дамыту арқылы қоғамды әрі қарай жаңғыртуға бағытталады.
Әлеуметтік саланың басымдылықтарының бірі ретінде анықталып отырған- шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарға арнап әлеуметтік жағдай туғызу және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасау.
Өңірлік даму және урбанизация процесін басқару
Өңірлік саясат экономикалық әлеуетті өңірлік аумақтық ұйымдастыру жұмысын қалыптастыруға, урбанизация процесін ынталандыру және реттеу арқылы халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туғызуға және экономикалық өсімнің маңызды нүктесі болып табылатын Ақтөбе қаласында орталықпен бірге агломерацияны дамытуға, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар тірек ауылдық елді мекендері мен шекара аймағындағы елді мекендерді дамыту және қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру.
Әкімшілік реформа аясында азаматтардың, бизнестің және жалпы қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қанағттандыруға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыс жалғаса береді.
Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және мемлекет пен экономикадағы жеке бизнестің рөлінің нақты бөлінуін қамтамасыз ету үшін жекелеген мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жұмысы жалғасын табады.
Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
2015 – 2019 жылдары орта мерзімдік кезеңде құнсыздық аясы 5-7 % дейін төмендете отырып 6-8 % дәлізінде сақталуы күтілуде.
Қабылданып отырған шаралар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қол жеткізген оң позитивті нәтижелерін сақтау және әрі қарай экономиканың тұрақты және қарқынды өсімін қамтамасыз ету үшін теңгерімдік сипатта болады.
Құнсыздықты ұстап тұру мақсатында тұтынушылық нарығында бағалар өзгерісіне ықпал ететін факторлар жіті бақылауда болады.
Бағалардың алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу және маусымдық ауытқуларды реттеу мақсатында азық-түлік нарығын реттеу үшін құрылған өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану жұмысы жалғасады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында оларға бөлшек бағалардың шектік мәнін ұстап тұру тәжірибесі әрі қарай жалғастырылады.
Нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толтыру үшін отандық өндірушілерді қолдау ісі қамтамасыз етіледі.
Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары
Орта мерзімдік кезеңдегі жаңа бюджеттік саясаттың Тұжырымдамасына сәйкес бюджеттік саясат мемлекеттік қаржылардың теңгерімділігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтануына бағытталады.
Осыған байланысты бюджеттік саясаттың негізгі шешімдері болып табылады:
- әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған басымды бағыттардағы бюджеттік шығындарды шоғырландыру;
- бюджеттік қаржыларды пайдалану тиімділігін арттыру.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа шығындар бастамалары
Елбасының нұсқауларын ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттік және салалалық бағдарламаларды әрі қарай жүзеге асыруда 2015-2017 жылдарда облыс бюджетінің шығындарының жаңа бағыттары болып табылады :
-білім саласында - апат жағдайындағы мектептерді және 3 ауысымдық оқыту режимі бар мектептерді жабу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты ұлғайту үшін жаңа объектілер салу;
- денсаулық сақтау саласында - салауатты өмір салтын ынталандыру және сапалы, қолжетімді медициналық көмек ұсыну;
- «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында АӨК субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету;
- көлік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Жоспарлық кезеңге бюджеттік инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік инвестициялар) негізгі басымдылықтары
Бюджеттік инвестициялық саясат Елбасының 2014 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айқындалған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен нұсқаулардағы мақсаттар мен шешімдерді жүзеге асыруға бағытталады.
Бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары болып табылатын:
Өңірлік дамыту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту, халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін әрі қарай көтеруді қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және су қайтарғы жүйесін дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәскелестікке қабілетін көтеру арқылы.
Өңірлік дамытудың негізгі құралы болып табылатын- қалалық агломерацияларды, шағын қалаларды, моноқалаларды, елді мекендерді және шекараға жақын аумақтарды дамыту, инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу бойынша іс-шараларды қаржыландыру.
Аталған бағдарлама аясында “Өнімділік 2020”, “Жол бизнес картасы 2020” бағдарламалары мен көлікті қоса ҮИИДМБ жүзеге асыру бойынша қабылданған салалық бағдарламалар шараларына қаржы бөлінеді.
Әлеуметтік саланы жаңғырту
Әлеуметтік саланы жаңғырту білімге бәскелестік қабілетін көтеру арқылы, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында халықтың сапалы қызметке деген қажеттілігін қанағаттандыру, тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыссыздықты қысқарту.
Қазақстан Республикасында 2011 — 2020жж. білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша, 2011-2015жж. «Саламатты Қазақстан», 2010-2020жж. «Балапан» және «Жол жұмыспен қамту картасы 2020» бағдарламалары бойынша денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру ісі жалғастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау объектілері желісін кеңейтуді қаржыландыру апат жағдайындағы және үш ауысымды мектептерді жабу бойынша шешілуі тиіс мәселелерді бірінші орында шешу ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нәтижеге бағыт алған мемлекеттік жоспарды енгізу бойынша реформаларды тереңдету арқылы іске асырылады.
2015 – 2017 ж.ж. басымды бюджеттік инвестциялар тізілімдемесі 2 қосымшада берілген.
Экономика салаларын дамыту
Кен өндіру өнеркәсібінде барлық күш ішкі өңірде шикізатты жоғары деңгейде қайта өңдеуді қамтамасыз етуге және машина жасау, құрылыс индустриясы және т.б. өнеркәсіптің аралас салаларының дамуын қамтамасыз ететін жоғары өнім өндірісіне бағытталады.
Кен өндіру өнеркәсібінің бүгінгі таңдағы үлесі облыс өнеркәсібінің жалпы көлемінде 16,4% құрап отыр. Кен өндіру өнеркәсібі кешенінің тиімді қызметінің үлгісі болып табылатын «Казхром» ТҰҚ» АҚ жүзеге асырылған жылына қуаты 440 мың тоннаға дейін жоғарыкөміртекті феррохром шығаратын жаңа ферроқорытпа зауытын салу бойынша жоба.
Болашақта құны жылына қуаты 65 мың тоннаға дейін ортакөміртекті феррохром шығаратын конвертерлік цех және ферроқорытпа өндірісінің қалдық газдарымен қуаты 46 МВт утильдейтін электростансасын салу жоспарланып отыр.
Жоғары жылдамдықты қозалыс желілерінде және жоғары жүк қысымдылығымен пайдаланылатын қуаты жылына 200 мың тонна құрайтын жоғары сапалы термоберіктіктегі рельстер өндіруге мүмкіндік беретін ресльстібөренелі зауыт және 230 мың тонна сұрыптық прокат пайдалануға берілді.
Аталған өндірісті дамытуда барысында 2015 жылы қуаты жылына 533 мың тонна электрболатбалқытатын кешеннің құрылысын бастау, сондай-ақ стрелкалы сымдардың жаңа өндірісін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қуаты жылына 150 МВт электрстанциясының құрылысы жоспарлануда.
Тау-кен-металлургиялық кешенін дамытудың болашақтағы бағыттары да Хромтау ауданында Ақтөбе мыс компаниясымен бір қатар мыс-мырыш кен орындарын игеруіне байланысты, катодты мыс өндірісінің қуатын жылына 7,0 нан 10,0 мың тоннаға дейін кеңейтуді жоспарлайтын «KazCopper» компаниясымен, никель заводының құрылысы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу үстіндегі «Казцинк» компаниясымен.
«Юбилейное» кеніш орынында құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу бойынша Доре балқымасында 7,2 тонна алтын және 6 мың тонна мыс өндіретін кен байыту комбинатының құрылысының жобасын жүзеге асыру жалғасын табуда. 1,0 мың жұмыс орындарын құру жоспарда.
Облыстың мұнайгаз секторының дамуы мұнай мен газдың экспортын өсіруге, ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен газға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады. Алға қойылған шешімдерге қол жеткізуге ықпал жасайтын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ инвестициялық жобаларын жүзеге асыру, оның ішінде ағымдағы жылы ірі инвестициялық жобалардың бірі -Үшінші Жаңажол газды қайта өңдеу зауытының құрылысын аяқтау, ол өз алдына газ өндірісін 6 млрд.м3 дейін өсуіне мүмкіндік береді.
Компания өзінің дербес электр қуаттарын генерирлеу көздерін кеңітуде. Ағымдағы жылы қуаты 160 МВт газтурбиналы электрстансасын кеңейту жұмысы аяқталуда. Болжам жасап отырған кезеңде Компания, сондай-ақ қуаты жылына 500 мың тонналық битум зауытының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
Химия өнеркәібінде жоғары қосымша құнымен өнім шығаруға бағытталған жобаларды жүзеге асырылуда.
«ChilisaiChemicals» ЖШС компаниясы қуаты жылына 830 мың тонна моно- және диаммоний фосфатының (МАФ/ДАФ) күрделі минералдық тыңайтқыштарын өндіретін және әрі қарай жылына 1,7 млн. тоннаға дейін өсіретін зауыт құрылысының жобасымен жұмысты жалғастыруда.
«Батыс Калий» ЖШС стратегиялық инвестор болып табылатын «Sino-AgriMiningInvestmentCoLtd» (КХР) Компаниясымен бірге калий минерал тыңайтқыштарын шығару бойынша зауыт құрылысымен қатар «Жилянское» калий тұздарының ірі кеніш орындарын игеру бойынша жұмысты жалғастыруда. Зауыттың қуаты жылына 2,5 млн. тонна, әрі қарай жылына 5,0 млн.тоннаға кеңейту жоспарлануда.
Электр қуатындағы экономикалық саясаттың мақсаты — электр қуатына деген қажеттілікті және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Болжам бойынша электр қуатын өндіріп шығару 2015 жылы 85% жетеді.
«Энергосистема» ЖШС реконструкциялау мен энергия инфроқұрылымын қайта жарақтандырудың инвестициялық бағдарламасын орындауда, сондай-ақ облыстың энергия кәсіпорындарында АСКУЭ жүйесі енгізіліп, «Ақтөбе ОЭО» АҚ энергетикалық құрал-жабдықтарды реконструкциялау және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Экономиканың басымды секторларына отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін жағдайлар туғызу және заманауи өнеркәсіптік-өндірістік кешендер құру мақсатында Ақтөбе қаласында индустриальды аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған шараларға 5,4 млрд. теңге бөлінуде.
Индустриалды аймақ аумағында жаңа өндірістерді орналастыру бойынша инвесторлардың ұсыныстары қаралуда, оның ішінде металлқұрамаларын, сэндвич-панельдер, тіктігісті электр дәнекерлейтін дөңгелек құбырлар, полиэфирлі және эпоксидті смолалар шығаратын заводтар және басқа да өндірістер бар. Каталитикалық крекинг катализаторларын өндіру бойынша завод құрылысын бастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыстың Алға қ. бұрынғы химия заводының орнына индустриалды аумақ құрудың ТЭН әзірленуде.
Облыста әртүрлі шикізат қорларының болуы Қазақстанның батыс өңірлерін өнімнің көптеген түрлерімен қамтамасыз ете отырып, құрылыс материалдарын өндіру салаларының қарқынды дамуына ықпал етеді.
Облыстағы инновациялық жобалардың құрылысы 2015-2019 ж.ж. құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық өсімін 1,1% деңгейінде болжауға мүмкіндік береді.
Аталған салада «Үй құрылыс комбинаты» құны 2,2 млрд.теңге, қуаты жылына 50,0 мың шаршы м. заманауи үй құрылысы комбинатының құрылысын 2015 жылы аяқтайды.
Болашақта 2019 жылға дейін саланы дамыту бойынша жағдайды мемлекетпен тұрғын үй құрылысының барлық бағыттарын белсенді инвестициялау жоспарлануына байланысты қолайлы деп сипаттауға болады: тұрғын үй құрылысының әдеттегі түрлеріне республикалық бюджеттің трансферттері көзделген - тұрғынүйқұрылысжинақтау жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй, әкімшілікте кезекте тұрған азаматтарға арнап тұрғын үй беру, сондай-ақ жаңа бағыттарды дамыту - «КИК» АҚ арқылы жас отбасыларына әрі қарай сатып алу мүмкіншілігімен жалға тұрғын үй беру.
Сонымен қатар, «Самрұк–Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ инвестициялау арқылы коммерциялық тұрғын үй құрылысына қолдау көрсету көзделген. Қабылданған шаралар тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспардағы көрсеткіштерді орындауға мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы
Ауыл шаруашылығы саласы Қазақстан Республикасында 2013 – 2020 жылдары «Агробизнес – 2020», (әрі қарай – Бағдарлама) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Бағдарлама аясында дамиды.
Өсімдік шаруашылығында негізгі күштер дақылдарды өңдеудің дымқыл қорларын сақтайтын технологияларға көшу, ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерді оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық айналымдарына жаңа және осы кезге дейін пайдаланып келген жерлерді тарту арқылы ауыл шаруашылық өнімін өсіруге бағытталады.
Басымды ауыл шаруашылық дақылдарын (майлы, жем-шөп, бақша) егуге егіс алаңдарын кеңейту үшін егіс алаңдарын диверсификациялау жалғастырылады.
Саланың қолайсыз ауа-райына тәуелділігін төмендету мақсатында суарылатын жерлердің алаңдары қайта қалпына келтіріліп, ылғалды үнемдейтін технологияларды қолданумен қатар, инвестициялық субсидиялау механизмі іске қосылады.
2015-2019 жылдары өңірде жылыжай, ұн тартатын кешен және көкөніс сақтайтын жер құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Мал шаруашылығы саласында ірі мүйізді малдың экспорттық ет әлеуетін көтеру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ет шаруашылығын дамытуға ынталандыру үшін жұмыс жалғастырылады.
Жайлымдылық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығының дамуын ынталандыратын іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Сондай-ақ, отбасылық үлгідегі шағын және орта фермаларды құру бойынша жұмыс жандандырылады.
Орта мерзімдік кезеңде мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы кешендерінің, мал бордақыланатын база, сүт-тауарлы фермалар құрылысының, асыл тұқымды репродуктор мен жылқы фермаларын құру жобалары жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу саласында негізгі күштер өндірістің техникалық және технологиялық қайта жарақтануына, халықаралық сапа стандартына көшуге, КО бойынша серіктес елдермен бәсекелестік жүргізе алуда бірдей тең жағдайлар құру үшін азық-түлік тауарлары ассортиментін кеңейтуге бағытталады.
Болжамды кезеңде ет өнімдерін өндіру бойынша құрылыс кешенін, шұбат өндіру бойынша түйе фермаларын салу бойынша жобалар жүзеге асырылады.
Бірыңғай бизнес инфрақұрылымды қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы, инвесторларға арналған, басқаша айтқанда жүйелестіруші болып саналатын инвесторларға қызмет көрсету Орталығын құру жоспарланып отыр, оның қызметі- төмендегі өнімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады, атап айтсақ:
- инвестициялық жобаларды арзандату және оларды мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатыстыру арқылы инвсетициялық жобаларды жүзеге асыру;
- кәсіпкерлердің мемлекеттік бизнесті қолдаудың барлық құралдары туралы толық хабардар болуы;
- әрбір ауданда және қалада мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың бірыңғай мәліметтер базасын құру;
- «бір терезе» әдісімен кәсіпкерлерге консалтингтік қызметтің толық спектрін көрсету;
- мемлекеттік бизнесті қолдау шараларын насихаттаудың тиімділігін арттыру.
Орталық бірқатар әкімшілік кедергілерді жойып, инвестицияларды тарту арқылы өңір экономикасының даму қарқынын жеделдетеді, бұл болса өз кезегінде облыста кәсіпкерліктің дамуына қосымша импульс береді.
Орта мерзімде кезеңде ШОК белсенді субъектілерінің саны 2019 жылға 5,3% дейін өседі және 40,0 мың бірлік құрайды, аталған салада жұмыс жасайтындар саны орта есеппен 122,0 мың адамды құрайды.
ШОК субъектілерімен 2019 жылы өнім шығару 434,0 млрд. теңге бюджетке түсетін салықтар мен басқа төлемдер – 115,8 млрд. теңге құрайды.
Орта мерзімді кезеңге көлік инфрақұрылымының дамуында басымды бағыт болып табылатын - аудандардың облыс орталығымен сапалы көлік байланысын орнатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ облыс аудандары ішінде көлік инфрақұрылымының жағдайын дұрыстау.
Көлік саласында жүк және жолаушылар көлігі айналымының өсуі тұсында басқарудың тиімді механизмдерін, электронды қызметтерді, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу арқылы қайта құрулар өткізіледі.
Жоспарлы кезеңде автожолдардың жергілікті желісінің дамуына 14, 2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр , оның ішінде:Ақтөбе қ. АЗФ ауданында жол құбырының құрылысы; Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналымы, Ақтөбе қаласының «Сельмаш» ауданында Арынов атындағы көшеде жол құбыры құрылысы.
Жергілікті мәні бар автожолдардың күрделі, орта жөндеу жұмыстарына кем дегенде жалпы сомасы 6,3 млрд.теңгеге қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Облыстың жолаушылар көлігі бойынша 2015-2019 ж.ж. әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) хабарламалар бойынша жолаушылар тасымалына 1 284,0 млн. теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр. 1,0 млрд. астам жолаушыларды тасымалдау жоспарлануда.
Электронды форматта билет сататын маршруттар (рейстер, бағыттар) үлесі өседі, халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2019 жылы 60% жетеді.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту аясында қала мен ауыл тұрғындарының ақпараттық теңсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамыту және ақпараттық кеңістікті дамытудың сапалы жаңа мүмкіндіктерін ұсыну көзделген.
Сауда
Өңірдің сыртқы саудасы облыстың экономикалық мүдделерін алға жылжыту және қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құруға бағытталған.
Облыстың ішкі саудасын дамыту үшін жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған саясат жүргізіледі.
Осы мақсаттарда облыстың ірі сауда объектілерін реконструкциялау және инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту
Білім
Мемлекеттік және жеке балалар бақшаларын, мини-орталықтар салу және ашу, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін дамыту арқылы мектепке дейінгі білімнің инфрақұрылымын кеңейту жалғастырылады.
2015-2019 жылдары 30 астам балалар бақшаларының құрылысы (оның ішінде балалар бақшасына реконструкциялар жүргізу) жоспарланып отыр. Болжамды кезеңде мектепке дейінгі тәрбие жұмысымен қамту 85% жоғары болады.
Облыста апат жағдайларындағы мектептер мен үш ауысым бойынша оқытатын мектептер мәселесін шешу бойынша жұмыс жалғастырылады. 2014 жылы 11 мектептің құрылысына қаржы бөлінді, олардың ішінде 5 мектеп ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. 2015 жылы 6 орта мектептің құрылысы жалғастырылады.
Сондай-ақ болжамды кезеңде 10-нан кем емес мектептердің құрылысы жоспарланып отыр, оның ішінде 2015 жылы Ақтөбе қ. және облыстың ірі елді мекендерінде 320 орындық 3 мектеп құрылысы басталады.
Білім ұйымдарында дүниежүзілік деңгейдегі Холдинг «Кәсіпқор» НАО Назарбаев Университетінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және колледждерінің тәжірибесі кезеңмен енгізілетін болады.
Жыл сайын техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысының өсуі есебінен техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламалары экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағытталады.
Облыс бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды оқытып шығару көлемінің өсуі жоспарланатын кезеңде орташа біліммен- 3,3%, жоғары біліммен — 0,3% құрады.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында жұмыс сапалы, қолжетімді медициналық көмек ұсынуға және сапалы, қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бағытталады
Денсаулық сақтау желісін дамытудың болашақтағы бағыттарын дамыту мақсатында қала сыртындағы аймақта 300 керуеттік туберкулезге қарсы диспансер, Ақтөбе қ, жаңа шағын аудандарында 500 келушілері бар 2 поликлиника, 4 қосымша станциялары бар жедел жәрдем станциясы және т.б. объектілер құрылысы жоспарлануда.
Ақтөбе агломерациясының құрылып жатқан медициналық қызметтер орталығы облыс ұйымдарының жетекші медициналық ұйымдарын, оның ішінде БҚММУ біріктіруді , сонымен қатар жас балалар медицинасы, қауіпсіз ана, онкология, кардиология және кардиохирургия, трансплантология, жедел көмек және оңалту сияқты басымды салалардағы жоғары технологиялық қызметтердің толық циклін құруды көздеп отыр.
Жоғарыда аталған салаларды дамыту халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығын халықтың 1000 санына шаққанда халықтың жалпы өлімін 5,9% дейін төмендету арқылы, 2019 жылы 72,5 жасқа дейін өсіруге мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыздық
Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсімін төмендету және болдыртпау өздігімен жұмыс жасайтындарды, жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға ықпал жасаудың белсенді шараларына тартуды көздейтін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» (әрі қарай – Бағдарлама) бағдарламасын жүзеге асыру, кадрлық әлеуетті дамыту, мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру арқылы жалғастырылады.
Аталған Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2015 – 2017 жылдары 3,0 мың жұмыс орындары құрылады. Жаңадан құрылатын жұмыс орындарына облыстың жұмыспен қамту орталықтарымен Бағдарламаның 1,5 мың қатысушыларын жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Өз ісін ашуға және кеңейтуге 1,5 мың адамға микрокредиттер беріледі, кәсіпкерлік негіздеріне шамамен 700 адам оқытылады.
Кәсіби дайындыққа және қайта дайындыққа Бағдарламаның 900 қатысушылары жіберіледі, әлеуметтік жұмыс орындарына – 3,0 мың адам. Жастар практикасы оқу орындарының 3,0 түлектеріне арнап ұйымдастырылады.
Еңбек нарығына жүргізілген болжамның тиімділігін арттыру мақсатында өңірде жұмыспен қамту Картасы әзірленеді, соның нәтижесінде еңбек ресурстарының балансы қалыптастырылады (сұраныс және ұсыныс).
Ақтөбе облысы бойынша кадрларға қажеттілік барлығы болжам жасалып отырған кезеңде орташа есеппен 2,5 мың адамнан жоғары.
Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту
Халықты өмір сүрудің қолайлы жағдайымен, қолжетімді тұрғын үймен, сапалы ауыз сумен және су жүргізу қызметімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыру жалғастырылады: «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» және «Ақ бұлақ» 2011 – 2020 жылдар» осыларды біріктіру негізінде пайда болған «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүргізіледі.
Аталған Бағдарлама аясында тұрғын үйге қолжетімділікті көтеру мақсатында мемлекеттік қаржы есебінен тұрғын үйлерді енгізу көлемін өсіру мәселесі қаралады.
Озық технологияларды және типтік жобаларды пайдалану негізінде құрылыстың өзіндік құнын төмендету бойынша шаралар қабылданады.
Теңгерімді өңірлік даму және урбанизация процесін басқару
Өңірлік саясат Ақтөбе қ. орталықпен бірге агломерацияны басымды дамыту аясында өндірістік қуаттылықтарды, еңбек ресурстары мен инвестицияларды шоғырландыруға бағытталған.
Ақтөбелік агломерация металлургиялық кластер және өңірдің көліктік-логистикалық орталығы, химиялық өнеркәсіп пен құрылыс индустриясын қайта өңдеу орталығы ретінде дамиды. Ақтөбе қаласының-серіктестерінің ұзақмерзімді мамандандырылуын анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Урбанизацияланған аумақтар ЖӨӨ өсіміне ықпал етеді және оның негізгі қозғаушысы болып саналады.
2015 – 2019 ЖЫЛДАРҒА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Болжамдық кезеңде, яғни 2015 – 2019 жылдары экономиканың өсуі орташа есеппен 105,4 % құрайды.
Халықтың жан басына шаққандағы ІӨӨ болжамды кезеңде 12,0 – 14,6 мың АҚШ доллары шегінде құралады.
Экономика дүниежүзілік экономиканың өсімінің баяу қарқындары және шикізат тауарларына сұранысты қалпына келтіру жағдайында дамиды. Сонымен қатар, мемлекеттік инвестициялардың инфрақұрылымға және халықтың тұтынуына өсуі есебінен тұрақты және қарқынды экономикалық серпін күтіледі.
Экономика салаларының серпіні
2015 – 2019 жылдары экономиканың салалық құрылымы өткен кезеңдердің пропорцияларымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырамайды. Божамды кезеңде экономиканың әдетте экспортқа бағытталған салаларында өндірістің елеулі өсімі күтілмейді.
Өнеркәсіптің ЖҚҚ орташа есеппен 101,7% құрайды.
Кен өндіру өнеркәсібінің ЖҚҚ орташа қарқынмен 1,1 % өседі.
Болжам бойынша 2015 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 7,7 млн. тонна құрап, әрі қарай 2019 жылы 3,8% дейін өседі.
Индустриализация Бағдарламасының аясында өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізу болжамды кезеңде өңдеу өнеркәсібінде тұрақты және қарқынды өсімге ықпал жасайды. Өңдеу саласындағы ЖҚҚ орташа жылдық өсімі 3,8% құрайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің нақты көлем индексі 101,6 – 103,6% шегінде болады.
Металлургиялық өнеркәсіпте ЖҚҚ өсімінің серпіні 2015 – 2019 жылдары 100,5 % құрайды. Металлургияның дамуы экономиканың аралас салаларының (машина жасау, химиялық өнеркәсіп және т.б.), әлеуетін көтеруге және сыртқы сауданы диверсификациялауға мүмкіндік береді.
Химиялық өнеркәсіпте ЖҚҚ өсімі индустриализация бағдарламасы аясында бәсекелестікке қабілетті жаңа химиялық өндірістерді құру, техникалық қайта жарақтандыру және іс-әрекеттегі кәсіпорындарды жаңғырту есебінен орташа жылына 3,0 % дейін қамтамасыз етіледі.
Машина жасау саласындағы өнім өндірісінде ЖҚҚ өсімі орта есеппен 5,1% құрайды.
Құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық көлемі 2015-2019 жылдары 0,2 % деңгейінде.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсімі көлік және қоймалау қызметтерінің нақты көлем индексін 2015 жылы 102,5 -тен 2009 жылы 103,5 пайызға дейін өсіре отырып, жүк тасымалдау көлемдерін ұлғайтады.
Дүниежүзілік конъюктураның тұрақсыздығына байланысты қазақстандық экспортты құрайтын негізгі тауарларға дүниежүзілік сұраныстың төмендеуі, сонымен қатар сыртқы сауда саясатын жүзеге асыру бойынша қабылданатын шаралармен бірге ішкі сұраныстың күтілетін кеңейуі сыртқы сауда көлемдерінің өсуіне ықпал жасайды.
2015-2019 жылдарға сыртқы сауданың болжамды көрсеткіштері төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
2019 ж.
|
Сыртқы сауда айналымы, барлығы:
|
млн. долл.
|
8520,0
|
10760,0
|
11300,0
|
11900,0
|
12600,0
|
өткен жылға өсім қарқындары
|
%
|
134,0
|
126,3
|
105,0
|
105,3
|
105,9
|
-экспорт
|
-//-
|
6460,0
|
8600,0
|
9000,0
|
9500,0
|
10000,0
|
өткен жылға өсім қарқындары
|
%
|
101,6
|
104,9
|
104,7
|
105,6
|
105,3
|
- импорт
|
-//-
|
2060,0
|
2160,0
|
2300,0
|
2400,0
|
2600,0
|
өткен жылға өсім қарқындары
|
%
|
105,0
|
104,9
|
106,5
|
104,3
|
108,3
|
2015-2016 жылдары өткен жылдарға қарағанда экспорт өсімі Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жобалық қуатқа шығуына (№4 цех), Ақтөбе рельс балқыту зауытының қосылуына, «Казкупер» ЖШС (мыс өндірісі) кеңейтілуіне байланысты.
Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 4,9% деңгейінен 2019 жылы 4,7% дейін төмендейді.
2015 – 2019 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1 қосымшада көрсетілген.
Ақтөбе облысы бойынша 2015-2017 жылдарға жергілікті бюджет болжамдары
Базалық сценарий бойынша экономиканың дамуының сыртқы болжамдық шарттарын және экономика салаларының болжамды даму қарқындарын ескере отырып, 2015-2017 жж. жергілікті бюджет табыстарының (трансферттерсіз) өсімі болжаммен 2015 жылы 91,9 млрд. теңгеден 2017 жылы 112,9 млрд. теңгеге дейін өседі.
Жергілікті бюджет табыстарының болжамы (трансферттерсіз), млрд. теңге.
Атауы
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
Табыстар ( трансферттерсіз)
|
91,9
|
105,6
|
112,9
|
Салық түсімдері
|
88,3
|
100,7
|
107,8
|
Салықтық емес түсімдер
|
3,0
|
4,3
|
4,6
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
|
0,6
|
0,6
|
0,5
|
2015-2017 жылдарға жергілікті бюджет табыстарының болжамы Салық кодексінің ережелері мен басқа да нормативтік құқықтық актілер ескеріле отырып, орта мерзімдік кезеңге көрсеткіштер болжамы негізінде есептелген.
Бюджет табыстарының өсімі, негізінен, жергілікті бюджеттегі табыстардың 81% алып отырған салық түсімдерінің болжамды өсуімен қамтамасыз етіледі.
Салық түсімдерінің өсуіне болжам бойынша экономиканың , тауарлар импортының өсуі, оның ішінде индустриализациялау Картасының инвестициялық жобалары аясында жаңа өндірістерді енгізу ескеріле отырып, салалардағы өндірістің өсуі.
2015-2017жылдарға жергілікті бюджет параметрлерінің болжамы 1 қосымшада келтірілген.
2015-2017 жылдарға бюджет шығындарының басымдықтары
Әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойған шешімдерін ескере отырып, 2015-2017жж. облыс бюджетінің шығындарының негізгі басымдылықтары болып табылады :
1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
2) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
3) халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы және өмір сүру инфрақұрылымын сапалы жаңарту;
4) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру;
5) шағын және орта бизнесті қолдау;
6) құқықтық тәртіпті нығайту және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |