Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының және мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
Осы қаулыға және шешімге 1-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілсін.
-
Осы қаулыға және шешімге 2-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының және мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
Облыстық
мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы Л. ЖАЗЫҚОВА
2015 жылғы 11 желтоқсандағы №452/359
әкімдіктің қаулысына және мәслихаттың шешіміне
1-қосымша
Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер
1. «Хромтау ауданының селолық округтері мен селоларының аттарын өзгерту туралы» Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 1999 жылғы 17 қарашадағы №7 бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №329 тіркелген, 2000 жылғы 18 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селоларының», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылдарының», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. «Темір ауданының Боролин селосын Шығырлы ауылы деп өзгерту туралы» Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 1999 жылғы 17 қарашадағы №8 бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №327 тіркелген, 2000 жылғы 18 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында «Боролин» сөзі «Бородин» сөзімен ауыстырылсын, орыс тілінде ауылдың атауы өзгермейді;
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
3. «Қарғалы ауданының Батамша поселкелік округін құру туралы» Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 2000 жылғы 23 ақпандағы №2 бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №476 тіркелген, 2000 жылғы 27 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Батамша поселкелік», «Батамша поселкесі» сөздері «Бадамша ауылдық», «Бадамша ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
4. «Ырғыз ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы» Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 2000 жылғы 23 ақпандағы №3 бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №479 тіркелген, 2000 жылғы 27 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
5. «Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 2000 жылғы 23 ақпандағы №5 бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №481 тіркелген, 2000 жылғы 27 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» сөздері «ауылдық» «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
6. «Мұғалжар аудандық кейбір селолар мен мектептердің атауларын өзгерту туралы» Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 2000 жылғы 23 ақпандағы №7 бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №478 тіркелген, 2000 жылғы 27 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолар», «селосы» сөздері «ауылдар», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді.
7. «Мәртөк ауданындағы Нагорный селолық округін - Тәңірберген ауылдық округі, Нагорный селосын - Саржансай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы №85/238 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3176 тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
8. «Хромтау ауданы, Қопа селолық округінің «Молодежное» селосын -Тамды селосы деп өзгерту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы №87/240 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3177 тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
9. «Ырғыз ауданының, Қызылжар селолық округінің Жаңақұрылыс ауылын Жаныс би ауылы, Аманкөл селолық округі Коминтерн селосын - Құтикөл селосы, Ырғыз селолық округінің Қызылпартизан елді мекенін - Ақши ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы №89/242 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3178 тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
10. «Байғанин ауданының орталығы Байғанин селосын қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы №416/324 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3194 тіркелген, 2006 жылғы 28 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі мәтінде «Қарауылкелді селосы» сөздері «Қарауылкелді ауылы» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
11. «Ақтөбе қаласының Новостепановка селосын Кеңес Нокин ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №201/379 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3210 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
12. «Алға ауданының Березовка селосын Қайыңдысай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №202/380 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3211 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
13. «Қобда ауданының Пятигор селосын Бестау ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №204/382 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3213 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
14. «Қобда ауданының Қызылту ауылын Егіндібұлақ ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №205/383 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3214 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
15. «Мәртөк ауданының Новомихайловка селосын - Байнассай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №206/384 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3215 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
16. «Мәртөк ауданының Казанка селосын - Қазан ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №207/385 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3216 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
17. «Қарғалы ауданының Эрзерум селосын - Сарыбұлақ ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №208/386 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3217 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
18. «Қарғалы ауданының Бородиновка селосын - Қайрақты ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №209/387 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3218 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
19. «Қарғалы ауданының Александровка селосын - Шәмші Қалдаяқов ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №210/388 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3219 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
20. «Мұғалжар ауданының «Юбилейный» кентін - Алтынды ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №211/389 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3220 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
21. «Алға ауданының Ключевой селолық округін - Үшқұдық селолық округі деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №212/390 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3221 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Үшқұдық селолық» сөздері «Үшқұдық ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
22. «Қобда ауданының Белогор ауылдық округін – Бестау ауылдық округі деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі №213/391 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3222 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
23. «Хромтау ауданының Степное селосын Көкпекті ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы №398/32 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3233 тіркелген, 2007 жылғы 27 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
24. «Алға ауданының Прогресс селосын Маржанбұлақ ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы №77/54 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3242 тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
25. «Алға ауданының Петровка селосын Ақсазды ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы №78/55 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3243 тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
26. «Алға ауданының Луговое селосын Жерұйық ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы №79/56 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3244 тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
27. «Алға ауданының Павловка селосын Есет батыр Көкіұлы ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы №80/57 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3245 тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
28. «Мұғалжар ауданының Родники селосын Бұлақты ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы №213/95 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3259 тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
29. «Мұғалжар ауданының Кузнецовск селосын Көлденең Темір ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы №214/96 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3260 тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
30. «Мұғалжар ауданының Дмитриевск селосын Көбелей ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы №215/97 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3261 тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
31. «Алға ауданының Черноводск селосын Қарақұдық ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 18 сәуірдегі №119/186 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3290 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
32. «Алға ауданының Черноводск селолық округін Қарақұдық ауылдық округі деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 18 сәуірдегі №120/187 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3291 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
33. «Алға ауданының Новосергеевка селосын Құмсай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 18 сәуірдегі №121/188 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3292 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
34. «Алға ауданының Голубиновка селосын Көктоғай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №240/390 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3310 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
35. «Алға ауданының Ивановка селосын Тікқайын ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №241/391 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3311 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
36. «Алға ауданының Шибаевка селосын Нұрбұлақ ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №242/392 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3312 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
37. «Қобда ауданының Ропповка селосын Байтақ ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №243/393 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3313 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
38. «Мәртөк ауданының Андреевка селосын Қызылжар ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №244/394 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3314 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
39. «Мәртөк ауданының Студенческое селосын Бөрте ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №245/395 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3315 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
40. «Мәртөк ауданының Чайда селосын Шаңды ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №246/396 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3323 тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
41. «Мәртөк ауданының Коминтерн селосын Аққайың ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №247/397 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3322 тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
42. «Мәртөк ауданының Целинное селосын Көкпекті ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №248/398 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3316 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
43. «Мәртөк ауданының Рыбаковка селосын Жаңажол ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №249/399 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3317 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
44. «Ақтөбе қаласының Новый елді мекенін Жаңақоныс ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №250/400 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3325 тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
45. «Қарғалы ауданының Приозерное селосын Ақкөл ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №251/401 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3318 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
46. «Қарғалы ауданының Анастасьевка селосын Бозтөбе ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №252/402 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3319 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
47. «Қарғалы ауданының Григорьевка селосын Ащылысай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №253/403 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3320 тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
48. «Қарғалы ауданының Херсон селосын Ақжайық ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №254/404 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3305 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
49. «Қарғалы ауданының Нововведенка селосын Шандыаша ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №255/405 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3321 тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
50. «Ойыл ауданының Қаратал селолық округін Ш.Берсиев атындағы селолық округ деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №257/407 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №3324 тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ш.Берсиев атындағы селолық округ» сөздері «Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
51. «Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селосын Ақай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №387/339 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3350 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
52. «Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық селолық округінің Богословка селосын Үшқұдық ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №390/342 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3353 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Үшқұдық селолық» сөздері «Үшқұдық ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын.
53. «Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қалалық округінің Ленинское селосын Жамбыл ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №391/343 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3354 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе облысы Темір ауданының Ленинское селосын Жамбыл ауылы деп қайта атау туралы»;
1-тармақтағы «Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қалалық округінің Ленинское селосы Жамбыл ауылы» сөздері «Ақтөбе облысы Темір ауданының Ленинское селосы Жамбыл ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
54. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Черемушки селосын Торайғыр ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №77/368 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3363 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
55. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Новодонцы селосын Егізата ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №78/369 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3364 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
56. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет селолық округінің Березовка селосын Жездібай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №82/373 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3368 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Хазірет селолық» сөздері «Хазірет ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын.
57. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Степь селосын Қарабұлақ ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №83/374 қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3369 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2015 жылғы 11 желтоқсандағы №452/359
әкімдіктің қаулысына және мәслихаттың шешіміне
2-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының
күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының және шешімдерінің
тізбесі
1. «Әйтеке би ауданының Украинка елді мекенін Қайранкөл ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы №216/98 қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3262 тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
2. «Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селолық округінің Лохвицкое селосын Бұлақсай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №389/341 қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3352 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
3. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родниковка селолық округінің Калиновка селосын Ақбұлақ ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №76/367 қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3362 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
4. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Ефремовка селосын Қарағансай ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №79/370 қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3365 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
5. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай селолық округінің Линовицк селосын Қиялы ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №80/371 қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3366 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
6. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң селолық округінің Хозаул селосын Қозы ауылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы №81/372 қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3367 тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).
Достарыңызбен бөлісу: |