Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
автожол саласын реформалау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының келесідей заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, . 45-құжат; № 10, 52; 11-құжаттар, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 8-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы):
1) 479-1-баптың аты мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«479-1-бап. Ақылы автомобиль жолдары/учаскелері бойынша жүріп өту үшін төлемнен жалтару»;
2) 479-1-бап мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«479-1-бап. Ақылы автомобиль жолдары/учаскелері бойынша жүріп өту үшін төлемнен жалтару
Ақылы автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдалану үшін төлемдер талаптарын сақтамағаны үшін -
жеке тұлғаларға – беске дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге – бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бестен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»
3) 548-баптың екінші бөлімінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген баптардың әкімшілік құқық бұзушылықтары бойынша 247, 357-2 (бірінші бөлімі), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлімі), 455,456,459-460 (әуе көлігі кемесіндегі бұзушылықтардан басқа), 461 (6-1-бөлімі), 463 (бірінші бөлімі, егерде осы бұзушылықтар екінші және үшінші бөліміндегі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесінің бұзылуы болып табылады), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөлімдері), 479, 479-1, 480, 481 (әуе көлігі кемесіндегі бұзушылықтардан басқа), 483, 486 (бірінші бөлімі), 490 – көліктік бақылау органдардың лауазымдық тұлғаларының уәкілеттілігіне.».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29,32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32- құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94- құжат; №18-19, 119-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы):
41-баптың үшінші бөлімінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік тапсырманың орындалуы республикалық бюджеттік бағдарламалрдың әкімшіліктері мен орындаушысы немесе онда нәтижелерінің көрсеткіштері көрсетілген мемлекеттік тапсырманы орындаудың ұйымдастырушысы арасындағы азаматтық-құқықтық келісімдерді жасасу жолындағы бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Орындауды ұйымдастырушы ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға; Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдар; дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары болыт табылады.».
3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен, автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық операторды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес өзге де тұлғалар;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ақылы автомобиль жолдары – ақылы негізде пайдалануы және жүріп-өтуден ақыны төлеуі бойынша шешімнің қабылдануына байланысты автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері;»;
19-1) тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«19-1) сапаны бақылау саласындағы заңды тұлғалар – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органның басқарылуында болатын заңды тұлғалар, қызметінің негізгі мәні автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу болып табылады;»;
22) және 23) - тармақшалар мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«22) Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттің жарғылық капиталда жүз пайыз қатысатын (ұлттық компания), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын басқару бойынша қызметтерді жүзеге асырады, ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүріп-өткені үшін ақыны төлеу, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының/учаскелерінің құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыруы бойынша заңды тұлға.»;
23) Ғылыми-зерттеу ұйымы – қызметінің мәні жол қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылатын акциялардың бақылау пакеті мемлекетке жататын заңды тұлға.»
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақылы автомобиль жолдары келесі шарттарды орындау есебінен құрылады: жүріп өтудегі жоғары сапалы көлік қозғалысының жоғарғы, қауіпті жылдамдығын және оның ұзақтығына жоғарғы сервистік қызмет көрсету.»;
3) 5-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақылы негіздегі автомобиль жолдарын пайдалану бойынша шешімдері I-санаттағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына, II – санаттағы автомобиль жолдарының жеке учаскелеріне және республикалық маңызы бар астаналар мен қалалар көшелеріне байланысты қабылдануы мүмкін.»;
3-тармақтың 5) - тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жүріп өткені үшін төлем ставкасы»;
4) 5-2-баптың 1-тармағының 2)-тармақшасының бірінші абзацы алынып тасталсын;
5) 5-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-3-бап. Ақылы автомобиль жолдарын пайдалануды тоқтату, тоқтата тұру және пайдалану
1. Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өту Ұлттық оператордың немесе концессионердің автомобиль жолдарын пайдалану шартының негізінде жүзеге асырылады. Шартты жасасуы сәті тиісті жабдықтармен көрсетілген ақылы жолдарға/учаскелерге шығу пунктісінің қиылысуы сәті болып табылады. Автомобиль жолдарын басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың арасындағы ақылы автомобиль жолдарын пайдаланудың шарты бұқаралық болып табылады.
Ақылы автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдаланудың шартына осы Заңның және өтемелі қызмет көрсету шартының жалпы ережелері қолданылады.
2. Ақылы автомобиль жолдарын пайдалануды тоқтату, ақылы негіздегі автомобиль жолдарын пайдалануы бойынша көрсетілген шешімнің мерзімінің өтуі арқылы жүзеге асырылады;
3. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасынада белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды белгілі мерзімге тоқтата тұру жүзеге асырылады.
4. Автомобиль жолының иесі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәнжайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.»;
6) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жол бойындағы инфрақұрылымының құрылысы, күтіп ұстау және дамыту үшін жерді пайдаланушыларға жолақ бөлігі маңындағы жерлер және жобалық құжаттамаға сәйкес және жолдардың санаттарына байланысты белгіленген нормалар негізінде жол бойындағы белдеу учаскелері ұсынылады. Автомобиль жолдарын немесе оның учаскелерін қосқандағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына жерлердің қажеттілігі үшін, сондай-ақ берілген жол бойындағы белдеулер учаскелері. Ұлттық операторға немесе концессионерге, жол органдарына үнемі жерді пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолдардың құрылысын, қайта жаңартуын және жөндеуін жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушілерге – уақтылы жерді пайдалануға беріледі.»:
7) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі жерлер, сондай-ақ жобалық құжаттамада көзделген жол бойындағы белдеулердегі учаскелер Ұлттық оператордың немесе концессионердің пайдалануындағы жол органдарының иелігінде болып табылады және жол бойындағы сервис пен автомобиль жолдарын дамыту, жақсарту үшін арналған.»;
8) 11-бапта:
5-2), 5-3) және 5-4) - тармақшалары мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«5-2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қаржыландыру Ережесін бекіту;
5-3) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының орташа, ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, диагностика, паспорттандыру және аспаптық тексеру бойынша жұмыстарды іске асыру Ережесін бекіту;
5-4) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуын, күтіп ұстау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеулер бойынша жұмыстар барысындағы техникалық қадағалауды қаржыландыру нормативтерін бекіту;»;
8-1), 8-2), 8-3), 8-4) және 8-5) - тармақшалары мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«8-1) Ұлттық операторды құру және оның қызметінің Стратегиясын ұзақ мерзімді уақытқа бекіту, оның мәртебесін анықтау;
8-2) автомобиль жолдарын/учаскелерін сенімді басқармаға Ұлттық операторға беру, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін;
8-3) ақылы негіздегі автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдалануы бойынша шешімдер қабылдау;
8-4) ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін төлем ретінде түсетін ақша қаражаттарын жинау және жұмсау ережесін бекіту;
8-5) республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуі бойынша жобалардың басымдылық критерийлерін бекіту;»;
9) 12-баптың 2 - тармағы:
7) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) меншік нысанына тәуелсіз жол секторының қызмет істеу тәртібін анықтайтын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын, құрылыс, қайта жаңарту және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту бойынша жобалардың басымдылық критерийлер, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жобаларын әзірлеу;»;
«8-1 және 8-2)-тармақшалар мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақылы негіздегі автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдалану жөнінде ұсыныстарын енгізу;»;
8-2) Автомобиль жолдарын/учаскелерін сенімді басқармаға Ұлттық операторға беру туралы, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;»;
14)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Осы заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту бойынша жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру;»;
14-1-тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«14-1) автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органның заңды тұлғалары автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңартуы, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстардың және материалдардың сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;»;
10) 14-бапта:
2-1 – тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«2-1. Жол қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер уәкілетті органның ғылыми-зерттеу ұйымымен жүзеге асырылады және ол келесіні қамтиды:
1) автожол саласының нормативтік-техникалық базасын әзірлеу және жетілдіруін;
2) автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын салу, жөндеу, күтіп ұстау және жобалау саласындағы ғылыми зерттеулерін;
3) жаңа техникалық шешімдерді (материалдар, құрылымдар және технологиялар) енгізуді жүзеге асыру мақсатында автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша жобалық және жоба алдындағы құжаттаманың ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізуін;
4) зерттеу нәтижелерін енгізу кезінде ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
5) автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарының диагностикасын;
6) материалдар мен жұмыстардың сапасын, жолдар мен құрылыстардың техникалық жағдайының тәуелсіз сараптамасын.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуын және күрделі жөндеуі үшін әзірленген техникалық құжаттама мемлекеттікке, сонымен бірге экологиялық сараптамаға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ғылыми-техникалық сараптамаға, ал қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының орташа жөндеуі үшін – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіпте ведомствалық сараптамаға жатады»
11) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстардың өндірісі кезінде тапсырыс берушінің мемлекеттік бақылауымен, автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен және облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ авторлық қадағалау - орындаушы» деген сөзден кейін «және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын техникалық қадағалау - тиісті лицензиясы бар ұйымдармен (қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеулер, күтіп ұстау)» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 17-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуын және жөндеуді қаржыландыру мемлекеттік тапсырма негізінде қамтамасыз етіледі.»;
13) 17-1-бап мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«17-1-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері»
1. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар жол қозғалысының қатысушы ретінде құқығы бар:
1) жол органдарының лауазымдық тұлғаларынан, төтенше жағдайлар бойынша уәкілетті органнан немесе оның бөлімшелерінен, сондай-ақ жолдар бойынша қозғалысты тоқтату немесе шек қою себептері туралы жол полиция бөлімшелерінен түсініктеме алу;
2) қозғалыстың шарты туралы толық және нақты ақпаратты алу;
3) ақылы автомобиль жолдарының ұзақтығы және жүргенінің құны туралы, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланудың тәртібі туралы, жүріп өтуінің төлем ставкалары, төлем тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуінің төлемі бойынша жеңілдіктері мен басқа да талаптары туралы толық және нақты ақпаратты алу ;
4) осы заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдары бойынша тегін жүріп өтуі;
5) жол органдарындағы лауазымдық тұлғаларының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беру.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар міндетті:
1) жолдар мен жол құрылыстарының бүтіндігіне және олармен жүріп өтудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарамды көлік құралдарын пайдалану;
2) көлік құралдарымен габаритті көлемде, массасы немесе жол белгілерінде көрсетілген рұқсат етілген немесе артық астам асатын жүкпен немесе жүксіз белағашқа жүктеме болатын, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдардың арнайы рұқсатсыз жүріп өтуін болдырмау;
3) жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста үзілістің пайда болуына себепші болатын, көлік құралдарының жылдамдығының төмендеуіне, жолдардың сенімділігіне және құрылыстар, олардың қирауына әрекеттерді болдырмау;
4) қозғалыс қауіпсіздігіне қауіпті төндіріп түрған автомобиль жолдарында және жол құрылыстарында ақаулықты айқындаған кезде, өз күшімен ақаулықты жою бойынша олардан тәуелді болатын шараларды қабылдау немесе осы туралы жол органдарына немесе жол полициясының бөлімшесіне тез арада хабарлау керек;
5) заңнамада бекітілген өлшемдер мен тәртіппен ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуге төлемді орнату;
6) Ұлттық оператормен/концессионермен бекітілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібін сақтау, бекітілген ақпараттық тақтаға, төлем тәсілдері бойынша дифференциалды және/немесе көлік құралдарының техникалық сипатын, оператормен/концессионермен бекітілген жылдамдық режимді және бақылау-өткізу пунктісі арқылы жүріп өтудің дистанциясын сақтау;
7) асфальтбетонды және цементбетонды жамылғысы бар автомобиль жолдарына шығу кезінде көлік құралдарының ластанудан тазартуды және өзге де заттарды жүргінші бөлігіне түсуіне жол бермеуін қамтамасыз ету.»;
14) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор»
28-29-баптар мынадай мазмұнда толықтырылсын:
28-бап. Ұлттық оператордың құқықтық ережесі
1. Ұлттық оператор – автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық компания, халықаралық және республикалық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану, осындай жолдардың құрылысын ұйымдастыру мен қайта жаңарту, иелігі бойынша құзыретінің орындалуы мақсатында акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша құрылған, мемлекеттің жарғылық капиталға 100 пайыз қатысатын заңды тұлға болып табылады, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын/учакелерін басқару және олардан жүріп өтуіне төлемді алу. Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператордың толық және қысқартылған атауы, өзге де ережелері Үкіметпен бекітілген оның Жарғысында көрсетілген.
2. Ұлттық оператордың қызметі осы заңмен, басқа да заңдармен, оларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
3. Ұлттық оператордың қызметі мақсатының орындалуы, осы заңда көзделген қызметінің түрлерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметмен бекітілген ұзақ мерзімге даму Стратегиясы жүзеге асу жолында қамтамасыз етіледі.
4. Ұлттық оператордың мүлігі мемлекеттің мүліктік жарнасы; осы мүлікті пайдаланудан түскен түсімдерден және жарғылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ өзге де тыйым салынбаған заң көздері есебінен қалыптасады.
5. Жүріп өтуге төлемді алудан түскен түсімдер, Ұлттық оператордың жеке шотында болады.
29-бап. Ұлттық оператордың құзыреті
Ұлттық оператордың құзыретіне:
1) мемлекеттік тапсырма негізіндегі халықаралық және республикалық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің дамуы бойынша инвестициялық бюджеттік жобаларды іске асыру;
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру 2) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және күтіп ұстаудың сапасына бақылау;
3) ақылы автомобиль жолдарын пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын заңды және жеке тұлғалардың орындауына бақылау және ақылы автомобиль жолдарының қызметін ұйымдастыру;
4) ақылы автомобиль жолдарын пайдалануға төлемді алу бойынша, постылардың жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекіту;
5) жолдар элементтерін ластайтын немесе зақымдайтын көлік құралдарына бақылау, немесе ірі габаритті және (немесе) ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуге арнайы рұқсатысыз ауыр салмақты көлік құралдары;
6) сотқа дейінгі реттеу немесе сотқа жүгіну жолында ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуі үшін қарызды төлету;
7) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған қызметтердің өзге де түрлері.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |