Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мақашева Альмира Тюлегеновна



Дата20.06.2016
өлшемі108 Kb.
#149008
Ақтөбе облысы ,Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы,

М.Тәжин атындағы орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі Мақашева Альмира Тюлегеновна



Алтын қақпа.

Мақсаты:оқушылардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Оқушылардың өз ойын жете айта білуге жеке тұлғалық

қасиеттерін тыңдауға баулу.Сөздік қорын байыту.

Кіріспе бөлім:Ойынның шарты әр сыныптан 3оқушыдан қатысады.

Ойыншы ортаға шығып №1 №2 №3 сұрақтың біреуін тыңдайды,сол сұрақ қойылып,оның жауабын таба алса,келесі қақпаға өте алады.Ойыншы әр қақпаға байланысты сұраққа жауап бере алса тиісті сыйлығын алады.

Тас қақпаның сұрақтары:

1.Қазына деген не?

Қазына-дүние-мүлік,жиһаз,бағалы заттар т.б.

2.Қырат деген не?

Қырат-биіктен дөңес жер.

3.Өлке деген не?

Өлке-аймақ,өңір,атырап,дала.

КҮМІС ҚАҚПАНЫҢ СҰРАҚТАРЫ:

1.Келбет деген не?

Келбет-түрі,кескіні,түсі.

2.Игі деген не?

Игі-жақсы,ізгі,таза,адал.

3.Зиян деген не?

Зиян-залал,пайдасы жоқ.

АЛТЫН ҚАҚПА СҰРАҚТАРЫ:

1.Мағжан Жұмабаевтың»Қарағым»өлеңінің негізгі ойы не?

Оқу білімге шақыру.

2.І.Жансүгіровтың»Малта» өлеңіндегі малтаның жасалуын айт.

Қайнатады,сүзеді,кептіреді,құртты езіп бөктіреді.

3.Қабанбай батыр кімдермен соғысты?

Жоңғарлармен.

Сандық сұрақтар.

1.Жасақ деген не?-әскер.

2.Байлам деген не?-Шешім,тоқтам.

3.Мәміле деген не?-Келісім.

Сандықты шешкен адамға сыйлығын ұсынамын,ойын осылайша жалғаса береді.

Құлып сұрақтары:

1.Аяғы біреу,қолы жоқ.

Шиыр-шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді. (қалам)

2.Ине бас,қылқа мойын,қара батыр

Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа)

3.Өмірді өлшейді

Ешкімнен сұрамай

Тіліңді алмайды

Тетігін бұрамай. (сағат)

ТАС ҚАҚПАНЫҢ СҰРАҚТАРЫ:

1.Зеңгіттей-дардай,соқталдай,еңгезердей.

2.Кермек-қышқылтым,ащы дәм.

3.Күйлі-қоңды,семіз.

4.Нар-жалғыз өркешті,асыл тұқымды ірі түие.

5.Түк-жануарлардың денесіндегі нәзік майда жүн.

6.Шолпы-бұрынғы кезде қыздар сәндік үшін шашбауға таққан әшекей.

7.Суат-өзеннің,бұлақтың мал суаратын жері.

8.Мұрат-алға қойған арман,тілек.

9.Жөргек-жас нәрестені орап байлайтын және бөлегенде астына салатын жайалық.

10.Жұқат-түрлі-түсті,көгілдіржасыл лағыл тас.

КҮМІС ҚАҚПАНЫҢ СҰРАҚТАРЫ:

1.Өре деген не? –құрт,ірімшік,жеміс-жидек жаятын орын.

2.Сыбану-жеңіл жүру.

3.Елгезек-тіл алғыш.

4.Қамыр-нан пісіру үшін иленген ұн.

5.Күзек-қойды күзде қырқатын қоныс.

6.Торсық-теріден жасалған сусын құятын ыдыс.

7.Енжарлық-жалқаулану.

8.Ділда-алтын ақша.

9.Шәркей-киізден тігілген аяқ киім.(байпақ)

АЛТЫН ҚАҚПА СҰРАҚТАРЫ:

1.Көген-қозыларды байлайтын желі.

2.Үнді дыбыстарды ата. ( Р,л,м,н,ң,ү.)

3.Сөйлем мүшелеріне не жатады? ( Бастауыш,Баяндауыш.)

4.Зат есім сөйлем мүшелеріне қалай аталады? (Бастауыш.)

5.Мәтін түрлерін айт. ( Пайымдау,әңгімелеу,сыйпаттау.)

САНДЫҚТЫҢ СҰРАҚТАРЫ:

1.Қабанбай батырдың шын аты кім? (Ерасыл)

2.Амангелді сарбаздарының суреттерін салған кім? (Ә.Қастеев)

3.Абайдың»Қыс»өлеңіндеақсақалды,үсті-басы ақ қырау,сықырлап келген кім? (қыс)

4.Б.Момышұлы кім?Ол туралы не білесің? (батыр,жазушы,мақал-мәтелдер жазған)

Осымен біздің Алтын қақпа ойыны аяқталды.



Шешкен адамға сыйлығын ұсынамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет