Семья indd



Pdf көрінісі
бет1/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
балам сөйлесін десеңіз



Балам
сөйлесін десеңіз...

 Баланы уаытылы сөйлеуіне

 Сөйлеу тілі тежелгенде

 Дыбыстарды ате айтанда

 Т тыуа шалдыанда
олданылатын тәсілдер мен
ойындар жйесі
Шолпан Аянғалиқызы
2020 жылы


3
Балаңыздың сөйлеуіне көмектескіңіз келеді, бірақ оның жолын 
білмейсіз бе? Сізді мазалаған сұрақтардың жауабын «Балам сөйлесін 
десеңіз...» кітабынан таба аласыз. Кітапта ерте жастағы баланың 
сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері мен тежелу белгілері, оны түзету 
жолдарының қарапайым тәсілдері көрсетілген. Тілдік дамыту ойындары 
мен жаттығулары баланы белсенді сөйлеуге ынталандырып, тіл 
кешеуілдеуінің алдын алуға көмектеседі. 
Кітап ата-аналарға, логопед мамандарына, балабақша тәрбие-
шілеріне, болашақ педагог студенттерге және сөйлеу тілі тақырыбы 
қызықтыратын адамдарға арналған.
ЭОЖ 373
КБЖ 74.102.
А99
ЭОЖ 373
КБЖ 74.102.
© Шолпан Аянғалиқызы, 2020
© Zialy baspasy, 2020
Шолпан Аянғалиқызы. Балам сөйлесін десеңіз.... - 112 б.
ISBN 978-601-312-615-9
ISBN 978-601-312-615-9
АЛҒЫ СӨЗ
«Балам сөйлесін десеңіз...» кітабы бүгінгі таңның өзекті 
мәселесі – бала тілінің тежелуін шешу жолдарына арналған. 
Барлық ата-ана көз қуаныштарының уақытылы сөйлеп, 
жетілуін қалайды. Оның алғашқы былдыры, күн санап қосып 
жатқан буын сөздері – ата-ана үшін мол бақыт. Ал, егер бала 
сөйлемегенде немесе сөйлеу тілі баяу дамып, өз қатарластарынан 
қалып жатқанда не істеу керек?
Кітаптың басты мақсаты – әлемдегі е мыты логопед – 
ол баланы анасы екенін көрсетіп, баланың дұрыс сөйлеуіне 
түрткі болатын ойындар, жаттығулар мен тәсілдерді ұсыну. 
Кітапта баланың ерте жастағы даму ерекшеліктері мен сөйлеу 
тілі тежелгенде қолданылатын жұмыс әдістері көрсетілген. 
Баланың дамуына ат салысу – тәжірибе мен төзімділікті қажет 
ететін үлкен жұмыс. Сондықтан бұл күнделікті қарапайым 
ойындар ойнап, ата-ананың шаршамай балаға түсіндіре алу 
қабілетін жетілдіретін құрал. Нәтижеге қол жеткізу үшін 
сапалы, әрі қарапайым тәсілдер мен ойындар таңдалған.
«Балам сөйлесін десеңіз...» кітабы практикалық бағытта 
жазылған. Тілі әлі шықпаған баламен де, сөйлейтін бірақ, 
дыбыстарды дұрыс айта алмайтын немесе тұтығып сөйлейтін 
балалармен жүргізілетін нақты жұмыс тәсілдерін таба аласыздар. 
Бала тілінің кеш дамып келе жатқанын ерте аңғарып, оның алдын 
алуы үшін көмектеседі. Ересек адамның көмегі арқылы ғана 
баланы сөйлете аламыз. Сондықтан алдымен оқытушыларымызды 
«қаруландыруымыз» керек. Бұл кітапты оқыған соң, Сіз баламен 
қалай дұрыс сөйлесуді, оның пассивті сөздік қорын дамытып, 
белсенді сөйлеуге ынталандыруды үйренесіз.
«Балам сөйлесін десеңіз...» кітабы – ата-аналар үшін, логопед 
мамандары мен педагогтарға арналған керемет құрал:
• 
Қолдануға ыңғайлы ойындар мен тәсілдер жинақталған;
• Күрделі теориялық терминдерсіз, қарапайым тілмен 
жеткізілген;
• 
Тіл тежелуінің белгілері мен түзету жолдары сатылай 
көрсетілген;
• Сонымен қатар логопедтің құнды кеңестерін таба 
аласыздар.
Бала тілін жетілдіру үшін қолайлы уақыт 1 жас пен 5 жас 
аралығы. Осы аралықта балаға барынша көмектесейік!
Н рахметова Шолпан Аяналиызы
логопед-дефектолог


5
4
БАЛА ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дыбыс – баланың шыр етіп өмірге келген сәтінен бастап 
бойына беріліп қойған қабілет. Осы дыбыстар арқылы баланың 
ойы, тілі, танымы дами бастайды. Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі 
кезеңде дауыс реакцияларын ғана байқаймыз. Олар айқайлау 
мен жылау. Оншақты күннен кейін бала сөйлеген адамның 
дауысына назар аудара бастайды, жылауын қойып, өзіне 
сөйлегенде тыңдайды. Кейін интонацияға реакция қайтара 
бастайды, жылы және қатты сөйлегенді сезеді. 
Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар: «а», «о», 
«у», «э». Содан кейін еріндік дыбыстар: «б», «п», «м» пайда 
бола бастайды. Балада 6-7 айынан аса былдыр пайда бола 
бастайды: «ба-ба-ба», «ма-ма-ма», «па-па-па». 8-9 айдан аса 
бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді, заттарды, қимыл-
қозғалысты дыбыс тіркестерімен айтады: «ав-ав», «ням-ням», 
«бум-бум». Ал 1 жасқа қарай бала сөздің өзіне реакция беріп, 
аталған затты тани алатын болады. Бірінші жылдың аяғында 
балада бірінші сөздер пайда бола бастайды. Осы кезге дейін 
ересектің дауыс ырғағымен оның эмоцияларын (ашуланғанын, 
еркелеткенін) ажыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет