Ақтөбе облыстық мәслихатының шешім І ақтөбе қаласы №18 2012 жылғы 18 сәуір



Дата23.02.2016
өлшемі55.16 Kb.
#9590


Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №18 2012 жылғы 18 сәуір
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы С.Ш.Орынбаевтың, бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры С.Е.Аманбаевтың баяндамаларын тыңдап және талқылай келіп, жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асыру және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша облыста жүйелі жұмыстардың атқарылып жатқандығын облыстық мәслихат атап көрсетеді.

2011 жылы облыста 19072 жаңа жұмыс орындары құрылды, жоспардың 157,6% құрайды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз тұрғындар ішінен 4150 адам қатысты.

Жұмыссыздар үшін облыстың мекемелері мен кәсіпорындарында 2777 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды (2011 жылғы жоспардың 155,5%), соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 1210 жұмыс орны.

Қоғамдық жұмыстарға 5091 адам қатысты немесе 2011 жылғы жоспардың 115,7%.

Жастар арасында жұмыссыздықты қысқарту мақсатында «Жастар тәжірибесіне» 2315 адам жіберілді (жоспардың 135,2%), соның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы бойынша - 866 адам.

Құрамында 1123 адам бар аз қамтылған 342 отбасыға 25,8 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.



Тұрғын үй көмегі 4949 отбасыға 196,1 млн. теңгеге, соның ішінде телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң көтерiлу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы 1122 отбасыға 2,1 млн. теңге мөлшерінде тағайындалды.

Табыстары азық-түлік себеті құңынан төмен 9618 отбасындағы 18-жасқа дейінгі 25079 балаға 317,4 млн.теңгеге жәрдемақы тағайындалды. Балалар жәрдемақысын алушылардың негізгі үлесін ауылдық жерлер алып отыр (16562 бала немес 66%).

2011 жылы жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімдері бойынша облыстағы тұрғындардың әлеуметтік осал топтары 124,5 мың азаматқа 1958,9 млн.теңге көлемінде жеңілдіктер, өтемақылар және басқа да қосымша төлемдер көрсетілді.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде табыстары кедейшілік шегінен төмен азаматтардың үлесі облыстың халық санының 2012 жылдың 1 қаңтарына 0,1 пайызын құрады, 2011 жылдың сәйкес уақытына 0,3 пайыз, ал табыстары күнкөріс денгейінен төмен тұрғындардың үлесі 2011 жылдың үшінші тоқсанында 2,2 % құрады, жылдың басында 6,0 %.

Облыста мүгедектерді әлеуметтік қорғау бағытында ересектер арасында алғашқы мүгедектіктің азаюы бойынша оң қозғалысқа қол жеткізілді. (2009 жылы – 1414 адам, 2010 жылы – 1351 адам, 2011 жылы – 1300 адам).

Сонымен қатар, облыста балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің өсуінің тұрақты үрдісі байқалады. Мүгедектіктің пайда болуына себепші болатын, негізгі аурулардың түрлері, 42,1% (161 бала) туа бітті қалыпты дамудан ауытқу, 22,2% (85 бала) жүйке аурулары, 10,9% (42 бала) психикалық ауруға шалдығу болып табылады.

Одан басқа, облыс бойынша қатерлі ісік ауруларының салдарынан болатын алғашқы мүгедектіктің 10,3% өсуі байқалады.

Мүгедектерді уақытында медициналық оңалту жүргізу үшін облыста оңалту орталығы жоқ. Әлеуметтік оңалту бойынша орындалу пайызы төмен, санаторлы-курорттық емдеу - 42,7% және протездеу – 66,4% .

Кәсіптік оңалту бойынша мүгедектерді оқыту және қайта оқыту, жұмысқа орналастыру мәселелері бар. 2011 жылы мүгедектердің 38,6% ғана жұмысқа орналастырылған.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қазіргі бар квоталар жұмыс берушілер тарапынан орындалмайды. Жалпы облыс бойынша квота белгіленген мекемелерде тек 513 мүгедек жұмыс жасайды, бұл жалпы жұмыс жасаушылар санының 1,1 пайызын құрайды.

Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы шеңберінде қайта даярлаудан өткен азаматтарды жұмысқа орналастыру жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмей отыр.

Ақтөбе қаласында және барлық аудандарда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың есебінен, кәсіптік даярлауға жіберілген жұмыссыздар саны төмендеді.


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабына сәйкес облыстық мәслихат Ш Е Ш І М Е Т Т І:
1. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бастығы С.Ш.Орынбаевтың, «Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» ММ директоры С.Е.Аманбаевтың баяндамалары назарға алынсын.
2. Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне:

1) жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асыру мәселелерін тұрақты бақылау;

2) жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы кәсіптік қайта даярлаудан өткен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;

3) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 2012 жылға белгіленген жоспарларды орындау, осы мақсатқа бөлінген қаражатты уақытында игеру үшін шаралар қабылдау;

4) өз-өзін қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері жоқ, жұмысқа жарамды аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша белсенді шаралар қолдану және халықтын осал санаттарына әлеуметтік колдау көрсету жолдары арқылы, кедейшілікті төмендету бойынша жұмыстарды жалғастыру;

5) мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру бойынша ұтымды шаралар қабылдау ұсынылсын.

3. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ (С.Ш.Орынбаев) тиісті уәкілді органдармен бірге:

1) жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын барлық бағыттары бойынша іске асыру және бөлінген қаражаттарды толық игеру;

2) әзірленген жеке оңалту бағдарламалары негізінде мүгедектерді жұмысқа орналастырудың тұрақты мониторингін жүргізу;

3) мүгедектерге, жалғызбастыларға және өмірде қиын жағдайларға тап болған тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды күшейту;

4) мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеуге және протезбен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемінің көбеюіне қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.

4. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ (С.Ш.Орынбаев) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қ.Қ.Сабыр), «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ (Қ.Қ.Нұршин), «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Қ.М.Әлімов) бірге облыстағы оңалту орталығының құрылысы бойынша ұсыныс енгізсін.

5. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ (Ж.Б.Самұратова) «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Қ.М.Әлімов), «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ (С.Еңсегенұлы) және «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қ.Қ.Сабыр) бірге 2012 жылдың бюджетің нақтылау және 2013-2015 жылдарға бюджетті қалыптастыру барысында мыналарға қаражат бөлуді қарастырсын:

1) мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған аралас үлгідегі мектеп-интернат құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға;

2) Хромтау қаласында және Қандыағаш қаласында 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ашуға;

3) Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Мәртөк және Ойыл аудандарында 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашу үшін.

6. «Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» ММ (С.Е.Аманбаев):

1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау;

2) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қ.Қ.Сабыр) бірге:

- балалар арасында мүгедектікті төмендету мақсатында алдын алу, ерте диагностика жасау және туа бітті қалыпты дамудан ауытқуды түзету бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу;

- тиісті медициналық мамандарды даярлап, отбасын жоспарлау қызметін жетілдіру және болашақ ата-аналарға медициналық-генетикалық кеңестер беру қызметтерін дамыту ұсынылсын.

7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарына (С.Қ.Нұрқатова) және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ғ.Ж.Нұрышев) жүктелсін.



Облыстық мәслихаттың Облыстық

сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы

Қ.ЕЛУБАЕВ С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет