Ақтоғай аудандық мәслихаты
23 сессиясының №216 ШЕШІМІ
27 маусым 2014 жыл.
Ақтоғай селосы
ҚР Әділет Министрлігі Қарағанды облысы әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 11.07.2014 жылы №2681 болып енгізілді.
Шығындарды
өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы А.Мукенов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М.Оңғарқұлов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Т. Жармағанбетов
27 маусым 2014 жыл
Ақтоғай аудандық мәслихаты
23 сессиясының №216 ШЕШІМІ
27 маусым 2014 жыл.
Ақтоғай селосы
ҚР Әділет Министрлігі Қарағанды облысы әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 11.07.2014 жылы №2681 болып енгізілді.
О возмещении
затрат
В соответствии с Законами Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», от 11 июля 2002 года «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями», от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» районный маслихат РЕШИЛ:
1. Возместить затраты на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в размере четырех месячных расчетных показателей в квартал на каждого ребенка-инвалида.
2. Определить следующий порядок:
1) возмещение затрат на детей-инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении и детей-инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся на дому, независимо от дохода семьи;
2) возмещение затрат предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении «Управление образования Карагандинской области»;
3) возмещение затрат производится за истекший месяц по мере поступления финансирования. При наличии обстоятельств, повлекших прекращение возмещение затрат (достижение ребенком-инвалидом возраста 18 лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Председатель сессии А.Мукенов
Секретарь районного
маслихата М.Онгаркулов
СОГЛАСОВАНО:
Руководитель государственного
учреждения «Отдела занятости
и социальных программ
Актогайского района» Т.Жармаганбетов
27 июня 2014 года
Достарыңызбен бөлісу: |