Ән: Айзере, «Ұстаз - ана»
Алдияр : Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Қайсар: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Айару : Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Айзере : Ендеше алғашқы ұстазымыз Қанат Қауашевна туралы неге айтпасқа !
Нұрым : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Алижан: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Диляра: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Алдияр:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
Ерасыл: 4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден
Ел таңқалар азамат бір – бір мықты.
Аруна: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Данара:Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Қайсар:Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
5 оқушы шығады:
Ұ – ұлағатты Балғындарға баянды, Айзере
Достарыңызбен бөлісу: |