Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады



Дата02.01.2022
өлшемі18.23 Kb.
#452775
екі дос


Екі дос.

Әдеби мәтіні

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

Бірде әскер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малдарын тартып алып, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басыға апаруын өтінеді. Ол жаудың қолбасшысына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол-өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,-дейді.

-Ол не?-дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерің керек?-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын.

-Ол да болсын! Көзімді ал да, досымды тезірек босат! - дейді

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген қолбасы: «мынандай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрысты жеңу қиынға соғады»,- деп ой түйді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

«Екі дос» мәтіні бойынша сұрақтар

1. Екі жауынгердің дос болу әрекеттері қалай сипатталады?

А) қол алысып

В) серттесіп

С) төс қағысып



2. Әскер өз қостарын қайда тікті?

А) жайлауға

Ә) өзеннің бойына

Б) тау етегіне

В) егістікке

3. Жігіттің досының құнын немен төлемек болды? Сипаттап жаз.

Өзінің өмірімен







4. Әскерге тұтқиылдан қандай қауіп төнді?

А) Қар жауып кетті

Ә) Тасқын су шайды

Б) Жаудың қолы шабуыл жасады

В) Жұқпалы ауру келді

5. Жау қандай әрекеттер жасады?

А) Сарайларын қиратты

В) Малдарын тартып алып, азаматтарын айдап әкетті.

С) Ауласындағы талдарына өрт қойды



6. Жаудың қолындағы досын іздеуге шыққан жігіттің қандай қиындықтардан өткенін жаз.

Күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп жау жағасына келеді


7. Жау қолындағы азаматтарды іздеуге кім шықты?

А) Ауылдың ақсақалдары

В) Жігіттің анасы

С) Жігіттің досы

Д) Жігіттің жары

8. Досын іздеген жігіт жылдың қай мезгілінде шықты?

А) күздің қара суығында

В) қар қалың қыста

С) шілденің ыстық күнінде

Д) қар еріп жатқанда

9. Адал достық туралы мақал-мәтел жаз.

100 досың болғанша 100 досың болсың

Адал дос пен дос болғанына шаттан, дұшпан мен дос болғанына шаттан




10. Жігітті жау әскерлері қалай қабылдады?

А) керней тартып

В) зеңбірек атып қорқытты

С) жау әскері оны тапра бас салды



11. Жауынгер жау әскеріне қандай өтініш жасады?

А) өзін елдің қазынасыа апаруын өтінді

В) өзін еліне қайтаруын сұрады

С) жау елінде қызмет жасауға сұранды

Д) өзін қолбасына апаруын өтінеді

12. Досы үшін зағип болған жігіттің, еліне қайтып келе жатқан сәттегі көңіл-күйін сипаттап жаз.

Ол досы үшін бәріне дайын болды.

Ол достыққа адал еді.





13. Қолбасы жігітті қалай сынады?

А) өмірінің бір бөлшегі көзін сұрады

В) жүйрік атын сұрады

С) елінің егістік жерін, жайлауын сұрады



14. Адал дос қолбасының шартын қалай қабылдады?

А) қолбасына жалынды

В) көзін беріп зағип болуға келісті

С) мал мүлік төледі

Д) жарын берге келісті

15. Жаунгер қол басына не дейді?

А) Досының жанына қалдыруды сұранады

В) Досына құн төлеп сатып алуға келгенін айтты

С)Досына мәңгіе бас тартаннын жайялады



16. Жігіт досының құнын немен төлемек болды?

А) Ауылның бүкіл малын



В) Өзінің жиған мал-мүлкін

С) Өзінің өмірін

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет