Атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция келесі бағыттар (секциялар) бойынша өтеді



Дата27.06.2016
өлшемі46.81 Kb.
#160770



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШҚО МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2015 жылдың 22 сәуірінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Мемлекеттік мұрағатымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы және заманауи түсінігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция келесі бағыттар (секциялар) бойынша өтеді:

1. Ұлы Отан соғысының әлемдік-тарихи мәні. Әдіснамасы және зерттеу әдістері.

2. Соғыс сабақтары және қазіргі таңдағы әлемге төнетін қауіп-қатерлер.

3. Соғыс туралы естеліктер және тарихтың объективті көрінісі; тәжірибе және құндылықтар. Жеңіс мұрасы және ұрпақтар сабақтастығы.

4. Ұрыс майданы мен тыл бірлігі – Ұлы Отан соғысындағы (1941 - 1945 жж.) Жеңістің кепілі.

5. Арнайы және жеке дерек көздеріндегі соғыс туралы естеліктер.

6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы экономика, білім және мәдениет.

7. Қазақстандықтардың әскери және еңбек даңқы тарихын зерттеудегі мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалардың рөлі және жас ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеудегі олардың үлесі.


Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 31 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:



  • белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;

  • төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес келетін мақала.


МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ
Баяндамалар мақала түрінде көлемі суреттер, графиктер, кестелерді қоса санағанда 12 беттен аспайтын қағаз нұсқасында А4 (210-297 мм) форматта қабылданады. Мақала Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен теріледі: негізгі мәтін – 14 шрифтпен (кестелер, суреттер, графиктер атаулары 10 шрифтпен), аралық интервалы – 1, азат жол – 0,7 см. Жиектері: сол жағы – 20 мм, оң жағы – 17 мм, үстіңгі мен төменгі жақтары – 20 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін майлы (жуан) кіші әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы, e-mail жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып баяндама мәтіні көрсетіледі. Баяндама ішінде тек сызықша ретіндегі маркерлер, ал нөмірлеу тек жақшасы бар араб сандары түрінде қолданылады. Әдебиеттер тізімін міндетті түрде көрсету қажет (оларға сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек), мысалы [2, 45 б.]. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырылып жазылады.

Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.



МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ


ӘӨЖ

РОДИОНОВА С.П.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,

Өскемен қ., Қазақстан

ukkz@mail.ru
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ БОЙЫНША ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН МАТЕРИАЛДАР
Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні ...
Әдебиеттерге сілтемелерді мәтінде көрсету қажет: тік жақша ішіне әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және беті, мысалы: [1, 25 б.]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» деген атаумен) мақала соңында дәйектелу реті бойынша беріледі.





Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы және заманауи түсінігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының

САУАЛНАМА – ӨТІНІМІ






Автор

Тегі




Аты




Әкесінің аты




Жұмыс орны, қызметі




Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




Индекс, қала, көшесі, үй, пәтер (материалдар жинағын жіберу үшін)




Байланыс телефоны




E–mail




Баяндама атауы




Бағыт атауы




Конференцияға қатысуы (іштей, сырттай)




Материалды демонстрациялау үшін қажетті техникалық құралдар




Қонақ үйде бөлмені жалдау қажеттілігі (иә/жоқ)



Әрбір тармақ міндетті түрде толтырылуы қажет.


Жұмыстарды қабылдау:

Басқа ұйымдар ғалымдары үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына konfer_70@mail.ru жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Назаров ҚазҰУ өтінім; Назаров ҚазҰУ мақала.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары үшін: мақала мәтінінің қағаз нұсқасының бір данасы (бет саны көрсетілмейді) және CD дискідегі электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Мақалалардың қағаздағы және электрондық нұсқасы бір-біріне сәйкес болуы керек.

Ұйымдастыру комитеті материалдар жинағын конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлайды.



ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары:

8 (7232) 241-401 – ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет